Мал шаруашылығының өркендеп өсуі малды толықты азықтандыру мен құнарлы азықпен қамтамасыз ету және азық қорының жеткілікті болуын қажет етеді. Қазіргі қолданып жүрген азықтардың құрамы, құнарлылығы, технологиялық қасиеттері өте айрықша. Осы жағдайды ескере отырып, шаруашылықтардағы азықтарды топтастыру, ал олардың ұқсас көрсеткіштерін азық дайындаған кездегі қолданған технологияға байланысты, құрамына, қоректілігіне, малдың ағзасына тигізген әсеріне назар аудару керек. Азықтар өсімдік және жануартектес азықтар мен азықтық қоспаларға бөлінеді. Өсімдіктектес азықтар ірі, шырынды, құнарлы азықтарға бөлінеді.
Ірі азық құрғақ затында 19-дан астам клетчатка болады. Оларға барлық пішен түрлері, сабан, қырман (топан, диірмен дән қабығы) қалдықтары жатады. Бұларда қорытылмайтын заттар көп болғандықтан, малға берер алдында арнайы дайындықтан өтеді.
Ылғалды азық құрамында 40-дан астам ылғал болады. Шырынды азықтарда бұл ылғал негізінен протоплазма және өсімдік сөлі құрамында химиялық байланыста болады. Оларға көк балауса шөп, тамыр-түйнек жемістілері, сүрлем, пішендеме, химиялық жолмен сақталған көк азықтар кіреді. Ылғалды азықтарға техникалық өндіріс, крахмал, спирт және қант өндірістерінің қалдықтары жатады.