Құнарлы азықтардың 1кг құрғақ затында 0,5кг-нан жоғары қорытылатын қоректік заттар шоғырланған клетчаткасы 19-дан, ылғалдылығы 40-дан аспайды. Бұларға дәндер мен техникалық өндіріс құнарлы қалдықтары жатады. Кептірілген қант, крахмал, спирт өндіріс қалдықтары да кіреді. Химиялық құрамы бойынша құнарлы азықтар энергетикалық (астық тұқымдастар дәні) және протеиндік (бұршақ тұқымдастар дәні, май өндірісінің қалдықтары) топқа бөледі. Протеиндік құнарлы азықтарға жануар тектес азықтарды ет, ет-сүйек, балық ұны және зауыттарда түрлі азық қосындысынан құрастырылған құрама жемді де жатқызуға болады. Олар толық минералды қосындылар, премикстер және арнайы дайындалған құрама жемдер ретінде дайындалады.