Мал өcipy. Алматы:Қайнар, 1995


Құстың айлық жұмыртқалағыштығы



бет18/24
Дата18.02.2017
өлшемі5,89 Mb.
#9897
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24

3. Құстың айлық жұмыртқалағыштығы

 

 

 



Мекиен сапалылығын қауырсынынан да байқауға болады. Жақсы жұмыртқалағыш, мол өнімді мекиендердің қауырсындары тығыз, мықты, жылтыр келеді. Нашар құстың қауырсыны босг жылтырамайды. Мол өнімді құсты қауырсын ауыстыруынан-ақ байқауға болады. Сақа тауықтардың қауырсыны алдымен мойны-нан, содан соң арқасынан және тұлғасынан түседі. Қанаттың қа-гатын қауырсындары қолтығынан бастап, одан қанат ортасынан сыртына қарай жұптасып түсіп ауысады. Жұптағы қауырсынның бір талы сол, соған пара-пар талы оң қанаттан түседі. Олардьщ орнына жаңа қауырсындар 42—56 тәулікте өседі.

Мол өнімді мекиендер ұзағырақ жұмыртқалап, күзде — қараша-қазанда қауырсынын өзгертеді. Сондықтан да күзде тұқымдық құс таңдайтын кезде сыртқы түрі жұлмаланып, қауырсындары түсіп жатады. Осыны естен шығаруға болмайды. Нашар құстың ұсқынсыз, жұлмаланған, кір жұққан түрінен оларды ажырата білу қажет. Өнімі нашар мекиендер жазда шілдеде қауырсынын ауыстырып, бұл процесс 120 күнге созылады. Бірақ күзде-жақсы мекиендермен салыстырранда қауырсындарын біршама бүтіндеп үлгереді. Олардың сыртқы түрі бағалаушыны алдап соқпауы керек. Оның үстіне мекиендер нашар азықтандыру салдарынан, күтімнен ерте түлей бастауы мүмкін. Мұны да ескерген жөн.

Сақа үйректер жылына екі мезгіл: алғашқы рет тамыз-шілде-де/екінші рет қыркүйек-қазанда түлейді. Жазғы түлеу 60 күнге

238

созылады. Үйректер бұл уақытта құйрық және қанат қауырсын- дарын, жапқыш ұсақ қауырсындарын ауыстырады. Тауықтарға \ қарағанда үйректердің қанатындағы қаққыш қауырсындары тез \арада 10—15 тәулік аралығында түсіп үлгереді. Сондықтан олар-дың түлеу барысын тоғыз жұп құйрық қауырсындарының түсіп-.ауысуынан бақылаған жөн. Түлеудің барысында құйрық қауыр-сындарының ең ішкі, бірінші жұбы түседі. Содан 6—8 тәулік өт-кенде дене қауырсындары түсе бастайды. 50—55 күнге созылатын күзгі түлеу мезгіліндө тек құйрық қауырсындары мен дене қа-уырсындары ғана ауысады. Содан соң қаққыш қанат қауырсын-

дары түлейді.

Қаз да жаз бен күзде түлейді. Алғашқы жазғы түлеу 60—80 күнге созылады. Содан соң үйрек түлегендей ретпен қауырсындары ауысады. Құйрық қауырсындарымен қоса біртіндеп мойын, кеуде, арқа, жамбас қауырсындары түседі. Қаққыш қанат қауыр-сындарының түлеуі құйрық қауырсындары түскеннен кейінгі 10 күннен кейін басталып, 15—20 тәулікке созылады.

Қаз қауырсынын осы кезде жұлу керек. Жұлардан бір күн ;бұрын қазды таза суға жүздіртіп алады. Қауырсынды тек дені сау, терісі бүтін қаздардан ғана жұлады. Терісін жарақаттамас үшін қауырсындарды аз-аздап жұлады. Алдымен қарын жүнін кеудеден құйрыққа дейін, содан арқаны артынан бастап екі жағына қарай жұлады. Соңынан арқадан мойынға қарай ауыса отырып, мойын жүнін жұлады. Қауырсындарды түгелдей жұлмай, денені жаба тұратындай мөлшерде қалдыру керек. Қанаттардың, құйрықтың, мойынның жоғарғы жағының, иық пен жамбастың қауырсынын жұлмайды. Бір жұлғанда әр қаздан 120—150 грамм қауырсын жинайды. Оңтүстікте қаздарды екі рет жұлуға болады. Құс қауырсынын екінші рет бірінші жұлғаннан кейін өсе сальш (қыркүйек-қарашада) жұлады.

Жүнін жұлған немесе түлеген құсқа қауырсынының өсуін жетілдіретін органикалық күкірткө бай азықтарды береді. Оларға капуста, сүт қалдықтары жатады. Түлеу кезеңіндегі жарық мерзі-мінің тәулігіне 8 сағаттан аспаганы жөн. Түлеу кезеңінде құс енімділігі күрт төмендейді. Соны қысқартып, сапалы қауырсынды мол жинау үшін құсты күштеп түлетеді. Жұмыртқалағыш тауық-тардың жұмыртқа салуының 10—11 айлығында, етті тауықтардың 8—9 айлықтарында, күркетауық, және мысыр тауықтарының 5—6 айлығында, үйректердің 6—7 айлығында жұмыртқалағыштықтары 30—40% кемігенде түлеткен дұрыс. Ол үшін жарық, суару және азықтандыру режимін бұзып, құс организміндегі зат алмасу барысына әсер етеді. Айталық құсқа су, азық бермей қараңғы бөлмеде тәулік бойы ұстап, ертесінде тек су беріп, “жүрек жалғатып” қана қоюға болады.



239

Ж¥МЫРТҚА ШАЙҚАУ

Шайқалып, балапан шығарылатын жұмыртқаларды қораздарымен бірге ұсталған, жұмыртқалары ұрықтанған тұқымдық мекиендерден жинайды. Шайқалатын жұмыртқалар ірі, қабығы мықты, сырты таза, жақын арада жиналған болуға тиіс. Ол үшін жұмыртқалаған мекиендер ұясынан оларды дер кезінде жинап тұру қажет.

Ұяда ұзақ жатып қалған жұмыртқа құс аяғымен жарақаттанып немесе шоқылып, тесілуі мүмкін. Көктемгі уақытта олар қатты тоңазып, ал жаздың аптабында — ыстыққа шалдығып, балапан шығару қабілетін төмендетеді. Ұяда жиналып қалган жұмыртқа мекиендердің күрік болып, оларды басуына себеп болады.

Шайқалатын жұмыртқаларды тәулігіне екі рет жинап тұрған жөн. Жиналған жұмыртқаны таза, құрғақ, салқын бөлмеде көлденеңінен жатңызып сақтайды. Бөлме ауасының температурасы 12 градустан төмен, салыстырмалы ылгалдылығы 70—80%. Жұмыртқалардың инкубациялық қасиеттерін жоғары сақтау үшін шайқауға салу мерзімін бөдене жұмыртқалары үшін 3—5 күннен, тауық пен күркетауық жұмыртқалары үшін 5—7 күннен, үйрек жұмыртқалары үшін 7—10 күннен, ңаз жұмыртқалары үшін 15 күннен асырмаған жөн.

Ұзақ сақталса жұмыртқалардың инкубациялың, балапан шығару қабілеті төмендейді. Өйткені жаңа жүмыртңалағанда олардың температурасы құс денесінің температурасындай болса (37— 38°С) сыртқы ортада тоңази бастайды да ішіндегі заттардың (сарысы мен агы) аумаіы тарылып кішірейөді. Ал қатты қабығы өз аумағын сақтайды. Осыдан барып жұмыртқа қабығының ішінде теріс қысым туады. Соның салдарынан жұмыртқаның жалпақ басына ауа толып камера пайда болады. Оған жұмыртқа қабығының тесіктері арқылы сыртқы ауа кіреді. Егер қора ауасы, бөлме іші, жұмыртқалайтын ұя таза болмаса, ауа камерасына ауамен бірге түрлі микробтар еніп, жұмыртқаның сақталу мерзімін қысқартып, оның тез бұзылуына себеп болады.

Сақтау мерзіміне қарай жұмыртқалардан балапан мына көлемде азаяды. 5 күннен кейін тауың жұмыртқаларынан 91,6%, үйрек жұмыртқаларынан 85,7%, күркетауық жұмыртқаларынан 84,8%, қаз жұмыртқаларынан 79,8% болса, 10 күннен кейін бұл көрсеткіштер осы құстардың жүмыртқалары үшін, келтірілген ретпен 82,5%, 80,0%,73,3% және 72,7%, 15 күннен кейін 70,3%, 3,5%, 82,2 және 53,7% болады да, ал 20 күннен соң тіпті 23,5%, 47,2%, 54,3% және'32,5% көлемінө дейін төмендейді. Сондықтан балапан шығарымы жоғары болу үшін жұмыртңаларды қысқа мерзім ішінде жинап, төздетіп шайқайды.

Жұмыртқалардың балапан шығару қабілетін ұзарту үшін оларды 5 сағатқа инкубаторға салып, 70 процөнттік ылғалдылықта және 38 градус жылылықта ұстап, салқын бөлмеге жинап қой-

240

 

са олар 15 тәулікке дейін сапасын төмендетпейді. Инкубаторда жұмыртқаларды 2—4 күндері жылытады.



Шайқалатын жұмыртқалардың балапан шығару қабілетін жақ-сарту үшін, оларды сынапты-кварцты қондырылармен сәулелен-діруге болады. Ол үшін жұмыртқаларды қатар салып сынап-кварп шамын 40 сантиметрдей биіктікте 2,5 сағат жағып қояды. Шамнан шыққан ультракүлгін сәулелер микробтарды жоюмен қатар, жұ-мыртқада зат алмасуға өте қажет, сондай-ақ Д витаминінің түзілуін тездетеді.

Құс тәуліктің кез-келген уақытында жұмыртқалайды. Әдетте тауықтар, күркетауықтар және мысыр тауықтары ертеңгі және күндізгі уақытта, бөденелер — түс ауа, ал үйректер — түнде жұ-қыртқалайды. Балапан шығаруға ерте таң сәріде (сағат 8-ге дейінгі) табылған жұмыртқаларды жинаған жөн.

Жиналған жұмыртқалардың сырты таза, формасы дұрыс болуға

тиіс. Дөңгелек немесе сопаң, сонымен қатар өте ірі немесе ұсақ жұмыртқалар жарамайды. Жиналған жұмыртқалардың қабығын тексеріп, дұрыс болмаған жағдайда алып тастайды. Әсіресе қабығы шытынаған жұмыртқалар жарамсыз. Өйткені шайқалған кезде ұрықтың су және газ алмасуын дұрыс қамтамасыз ете алмайды.

Жұмыртқалардың ұзақ мерзім жатып қалғанын қабығына қарап анықтауға болады. Бұзыла бастаған жұмыртқа қабығының сыртында көгерген, жасылданған, қызарған қоқаттар біліне бастайды. Сақталу мерзімін дәлірек анықтау үшін жұмыртқаларды жарықтандыратын аппарат — овоскоп керек. Оны қолдан жасауға да болады. Ол үшін жан-жағы қараңғыланган фанер жәшіктің ішіне электр шамын қояды. Жәшіктің төбесінен жұмыртқаның көлеміндей тесік теседі. Соған жұмыртқаларды біртіндеп қойьш, жанған шам жарығымен үстінен қарайды. Сол кезде жұмыртқаның жалпаң басындағы ауа камерасы көрінеді. Жаңа жиналған жұмыртқалардың ішінде ауа көлемі аз, дәлірек айтқанда 10 тиынның көлемінен аспайды. Ал жұмыртқаның сарысы қозғалмай дәл ортасында жатуға тиіс. Ұзақ жатып қалған жұмыртқаларда ауа көлемі ұлғаяды. Сарысы бір жағына шығып кеткен, не сонысы қимылдайтын жұмыртқаларды шайқауға болмайды.

Қажетті жағдайда, әсіресе қатты лайланатын қаз жұмыртқаларын шайқау алдында жуып тазартуға болады. Бірақ ол лажсыздан ғана жасалатын шара. Жұмыртқаларды жуу үшін сутегі асқын тотығының 1—1,5 проценттік ерітіндісі қолданылады. Ол болмаған жағдайда қайнатылған таза суға салып (оның температурасы жұмыртқаныкінен 5—6° жоғары болуға тиіс) алып, сыртына марганец қышқылды калийдің (перманганат) әлсіз қызғылт ерітіндісін құяды.

Балапан шығару үшін жиналған жүмыртқаларды екі түрлі шайқауға болады. Оның біріншісінде табиғи түрде — күрік болған мекиендерге бастырып, ал екіншісінде жасанды түрде — арнайы жасалатын инкубаторларда шайқайды.

Күріктік түрлі құстарда әр түрлі байқалады. Күріктіктің жал-



241

пы белгісі — күрік болған мекиен жұмыртқалауын тоқтатып, ұяда ұзақ жатып алады. Жан-жағындағы шөп-шалаңды тұмсығымен жанына жинайды. Ұядан тұрғызып жіберсең қарсыласып, нара-зылық білдіреді. Мысалы тауықтар күркілдеп (“күрік” деген осы-дан шыққан), қаз бен үйрек ысылдайды, тістеуге тырысады.

Мекиендер күрік болмаған жағдайда бөлек, аузы бекітілетін ұяға бірнеше жұмыртқа салып, қарын жүні біраз жұлынған мекиенді үстіне жатқызып қамап қояды да, тек азықтандыруға шығарып тұрады. Азықты да ұядан шықпай жеуге ыңғайландырып салады. Әдетте сақа мекиендер 3—4 күнде жұмыртқаларды баса бастайды. Оны адам жақындағанда ұядан тұрмай, айбат шегіп қауырсынын үрпиткенінен білуге болады. Ал жас мекиендерді* тіпті 2—3 күн күрік болғанның өзінде онысы тарап кетуі мүмкін Оларды тексеру үшін ағаштан жұмыртқа ойып соған жатқызып байқайды.|

Күрік болған мекиенге шайқалатын жұмыртқаларды салады. Ол үшін кешке қарай оны ептеп көтеріп, ұясына дайындалған жұмыртқаларды орналастырады. Құс астында дұрыс жатуы үшін жұмыртқа саны тақ болуы керек. Жұмыртқа саны мекиен денесімен түгел жабылуға тиіс. Әдетте бір тауыққа өзінің 11—13 жұ-мыртқасын немесе 7—9 күркетауық жұмыртқасын, 3—5 қаз жұ-мыртқасын, 7—9 үйрек жұмыртқасын бастыруға болады. Сондай-ақ жақсы күріктенетін күркетауық, мекиеніне өзінің 15—17 жұ-мыртқасын, 17—19 тауық жұмыртқасын 9—11 қаз жұмыртқасын, 15—17 үйрек жұмыртқасын бастыруға болады. Күрік болған қаз мекиеніне 9—11, үйрек мекиеніне 11—13, өз жұмыртқасын бас-

тырады.

Күрік болған мекиендерді бұрынғы жұмыртқалаған бөлмеле-рінде, жәшік немесе корзинадан жасалған ұяларға 10—15 санти-метрдей етіп таза сабап не пішен салып отырғызады. Бірден бір-неше мекиен отырғызу қажет болса араларын фанер не картонмен бөліп қояды. Ұя ортасын сәл ойық жасайды. Бірақ салынған жұ-мыртқалар сыртқа не ұя ортасына домалайтындай етіп істейді. Ұя алдына мекиеннің басы жететіндей етіп азық салғыш және суарғыш ыдыстар бекітіп тастайды. Денелерін кене және қауырсын жегіштерден қорғау үшін ұя табанына арнайы дәрі араластырған күл төгіп қояды.



Жұмыртқаға отырған күрік мекиендер өздерінің астыңғы қа-уырсындарын жұлып, оларды да ұяға салады. Жалаңаштанған же-рінен жұмыртңаларға жылу жақсы беріледі. Денесіне тиген жағы әбден жылыған кезде мекиен астындағы жүмыртқаларды қозғап, орнын ауыстырып, салқын жағын жылыта бастайды.

Қатты күрік болған кейбір мекиендер алғашқы 2—3 тәулік ұядан шықпай жатып алады. Оларды әлсіретпеу үшін оң қолды астынан өткізіп, бас бармақ және шынтақпен қанаттарын ығыстырып, сол қолмен үстінен демеп көтереді де, азық салынған ыдысты жанына апарады. Азықтанғаннан кейін ұяға қайтуға асықпаса сол ретпен ұстап орнына апарады.



242

\ Қалған күндері мекиен ұясынан тәулігіне 2—3 рет 10—15 ми- нутқа шығып азықтанып, суарылады. Осы кезде денесін тазартып алу үшін жақын маңға бөлек жәшікке таза күл салып қояды. Ме-киен тұрған кезде ұядағы жүмыртқаларды бақылап, жарылғаны болса алып тастап, төсенішті дұрыстап жаңалайды. Тауық жұмыртқаларын басылғаннан кейінгі 5—6 күнде, қаздар мен күркетауықтардікін 7—8 күн овоскопен қарап тексереді. Ұрықтанбаған және ұрық дамымай қалған жұмыртқаларды алып тастайды. Ұрықтанбаған жұмыртқаларда ешқандай өзгеріс бол-майды. Ал ұрықтанған жұмыртқаларда бұл мерзімде дамыған қан жүйесі, қара нүкте түрінде ұрық көрінеді. Жетілуі тоқталған жұ-мыртқаларда қан жүйесі тармақталмай, сақиналанып не үтірленіп ұйып қалады. Осы ретпен жұмыртқаларды балапан жарылар алдында — тауықтардікін 19, үйрек пен күркетауықтардікін 26, қаздардікін 27—28 тәулікте овоскопен тағы да бақылайды. Қан тамырлары білінбей біркелкі қара ноқаттанған, жетілмеген ұрық-тарды алып тастайды.

Басылғанына 20—21 күн өткенде тауық жүмыртқаларынан,

27—28 күн өткенде үйрек және күркетауық жұмыртқаларынан,

28—30 күн өткенде қаз жұмыртқаларынан балапан жарып шыға-ды. Олар жұмыртқа қабығын осыған дейінгі тәулік бойы тесе бастайды. Егер осы кезде жұмыртқаны құлаққа тақап тыңдаса, балапанның қабықты тесуге талаптанған тұмсығының тықылын естуге болады. Осы дыбыстарды естіген мекиен мазасызданып, қозғалақтайды да, жұмыртқадан жарылған балапандарды астынан шығарады.

Шыққан балапандарды кептіріп, басқа жәшікке салып, жылы бөлмеге қояды. Сонда ғана мекиен алаң болмай, ұя'дағы жарыл-маған жұмыртқаларды тастап кетпейді. Барлық жұмыртқалар жарылып болғаннан кейін балапандарды мекиен жанына алып ке-леді. Егер инкубаторда шығарылған балапандар болса оларды ме-киенге кешке қосады.

Әдетте мекиендер балапандарын 35—45 күн алып жүріп, өсіреді. Содан кейін ғана оларды тастап өзінше азықтанады. Барлық жұмыртқа басқан мекиендер балапан бағып, уақыт өткізбес үшін екі мекиен балапандарын біріктіріп, біреуіне бақтыруға болады. Ал, екінші босаған мекиендеріне басқа жұмыртқаларды бастырып, күріктігін тарқатып жүмыртқалауға пайдаланадьі. Өйткені күрік болған мекиендердің жылдың жұмыртқалағыштығы 10—20 процентке “кемиді.

Мекиен күріктігін тарқату үшін оларды клеткаға отырғызып, оны қүс көрінетіндей етіп 80—90 сантиметр биіктікке орналастырады. Осындай клеткада 3—4 күн ұсталған тауықтар —1—2 аптадан кейін жұмыртқалай бастайды. Клеткадан шығарған тауықтар қайта күркілдеп жататын ұя іздесе біраз қуалап мазасыздандыру керек. Күрік болған күркетауықтарды өте жарық, салқын жерге қойып, қораздарын жібереді.; Олар әбден мазасыздандырып күріктігін тарқатады.



243

4. Үй құстарының жұмыртқаларын инкубаторда шайқау режимі

 

Күріктігін тарқатқан кезде мекиендерді жұмыртқалайтын мез-гіліндей деңгейде азықтандырады. Өйткені жұмыртқа таппағаны-мен олардың аналық органдары өз қызметін атқара береді де, нашар азықтандырылған жағдайда пайда болған жұмыртқа сарысы тарап кетіп, жүмыртқа салынуына кедергі туғызады.

Қолдағы құс мекиендері кейде нашар күріктеніп, немесө олар күрік болған уақытта шайқауға қажетті жұмыртқалар болмай, немесе шажңаура қажет жұмыртқаның саны көп болган жағдайларда жұмыртқалағыштығын бәсеңдетпес үшін күріктігін тарқатып жі-беріп, жұмыртқаларды қолдан жасанды түрде шайқаған дұрыс. Ол үшін өндіріс дербес шаруашылықтарға арналған арнайы ин-кубаторлар шығарады. Соның бірі үй құстарының барлық түрінің жұмыртқсын шайқауға арналған “Наседка” инкубаторы. Оған

244

(ір салғанда 48 тауың, 32 үйрек не күркетауық, 24 қаз жұмыртқасын шайқауға болады. Кернеуі 220 вольттың электр жүйесінен іске қосылады. Қуаттылығы 190 ватт. Жұмыртқаларды шайқаған кезде инкубатор ішінде құс мекиені басқандай жағдай туғызыады.

Шайқау кезінде түрлі құс жұмыртқаларының өзіндік ерекшелік-ерін ескеру қажет. Мысалы, қаз бен үйрек жұмыртқаларында май көп болғандықтан инкубация кезінде ұрықтың жетілуіне отегі тауық жұмыртқаларымен салыстырғанда 4 есе көп қажет. Осыдан барып оларды шайқау кезеңіндө көмір қышқылды газ да көп бөлінеді. Мұндай алмасу жұмыртқалардан шыққан энергияда (жылуды) ұлғайтып, олар қатты қызбас үшін соңғы апталарда жұмыртқаларға бу бүркіп, салқындатып тұрады.

Шыққан балапандарды алғашқы 3—5 тәулік инкубатор ішінде бағып-өсіреді. Кейде шайқалып шығарылған балапандардың жынысын анықтау қажет болады. Ондағы мақсат — жұмыртқала-йтын әтештерді ертерек бөліп, оларға азық шығындамай, борда-ылауға өткізуге болады. Немесе базарға апарып сатқанда, не құс атып алғанда да олардың жыныстың арақатынасын білу қажет. Ол үшін әр құс терісінің жыныстық белгілерін білу жөн.

Көбіне құстардың жыныстық белгілері сыртқы түріне, пішініне, құйрығына, қауырсын түсіне, мінез-құлқына қатты байланысты келеді. Одан кейінгі көрсеткіш тірілсй салмақтары. Мәселен әтештердің салмағы мекиендердікінен анагұрлым асып түседі. сондықтан сақа құстардың еркек, ұрғашы екенін ажырату оңай.Ал енді жаңа жарылған балапандардың жынысын сыртқы түр-тұлғасына, салмағына, қауырсынына, құйрығына қарап ажыратуға келмейді. Сондықтан тәуліктік балапандардың жынысын ажырату үшін олардың артқы тесігін ашып тексереді. Үйрек пен қаз балапандарын жұмыртқадан жарылғанда, тауық пен күркетауық балапандарын 15 сағаттан соң тексерген жөн. Ол үшін 100—150 ваттық рефлокторлы электр шамымен артқы тесікке жарық түсіріп, жыныс төмпешігін іздейді. Артқы тесік ортасында әтештер-ің жыныс төмпешіктері анық байқалады.

 

ҚҰС АЗЫҚТАНДЫРУ

Қолда өсіретін басқа малға қарағанда үй құстарының өсімталдығы мен өнімділігінің анағұрлым басым екенін жоғарыда айтып өткенбіз. Оны қосқан әрбір килограмм салмағына шығындалған азық көлемімен өлшеуге болады. Егер өз тірілей салмағына бір килограмм қосымша салмақ қосу үшін ірі қара 8—12 азық өлшемін, қой 7—9 азық өлшемін, шошқа —5—7 азық өлшемін шығындайтын болса, құс балапандары небәрі 2—3 кг азық өлшемін немесе құрама жем жұмсайды, Былайша айтқанда әрбір килограмм ет өндіру үшін ңұсқа басқа малға қарағанда азық, 5—6 есе аз шығындалады. Әрине бұл дербөс шаруашылыңтың эконо-

245

микасына оңды әсер етеді. Өйткені құс өнімдерін өндірудегі шы-рындардың жартысынан астамы азықтың үлесіне тиеді. Сондық- , < тан әрбір өнім бірлігіне негұрлым азық көлемі аз шығындалса, соғұрлым оған шыққан жалпы шығын азайып, өзіндік құны ар-зандайды.

Құстың ас қорыту барысының ерекшеліктеріне жоғарыда тоқ-талып өткенбіз. Қолдағы құс түрлерін сол өзіндік физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып азықтандыру қажет. Тек дұрыс қо-ректік заттармен жан-жақты толықтырылған рациондармен азық-тандырғанда ғана құстың бойындағы өнімділік қасиеттері толық іске қосылып, мол да сапалы өнім өндіріледі.

Басқа мал сияқты құсты толықтырылған, қоректі организм қа-жеттілігін толығымен қамтамасыз ететіндей етіп азықтандыруды ұйымдастыру үшін ең алдымен организм мұқтаждығын дәл анық-тау қажет. Организмнің азықпен жеткізілетін энергия және қоректік заттарға деген мұқтаждығы құстың түріне, жасына, жынысына, өнімділік бағытына, физиологиялық жағдайына, тірілей салмағына, өнімділік мөлшеріне байланысты келеді. Сондықтан оларды азықтандыратын азықтар құрамында алмасатын энергия, протеин, минералды заттар және витаминдер сол мұқтаждыққа сәйкес нормалық көрсеткіштерге пара-пар келулері керек. Ондай құстың нормалық талаптарына сай азықтарға өндіріс арнайы шығаратын ңұрама жем жатады. Құсты азықтандыруға арналған құрама жем олардың түріне, өсіру мерзіміне, өнім бағытына қарай арнайы шығарылады. Ондай құрама жемді сатып алуға мүмкіншілік болса, оның жолдама қағазында (рецептурасында) көрсетілген құстың әрқайсысына берілетін мөлшерін сақтап азықтандырса жетіп жатыр. Құрамында энергия мен организмге қажетті қоректік заттар нормалық мұқтаждықтарға сәйкес келетіндіктен, олар толық рациондық құрама жемдер деп аталады.

Толық рационды құрама жеммен қамтамасыз етуге мүмкіншілік болмаған жағдайда құсты қолда бар түрлі азықтармен рацион құрастырып азықтандырады. Рационға кіретін азықтар әр түрлі, сапалы, құнарлы болуға тиіс. Азықтандыру рациондарының құрамы құс түріне, ас қорыту ерекшеліктеріне,,алынатын өнімге бай-ланысты келеді. Жалпы алғанда тауықтар және мысыр тауықта-рының рациондары массасының 70 проценті 3—4 түрлі дәнді азықтар жармасынан, 10 проценті жануар тектес азықтардан, 15 проценті көк азық және тамыржемістілерден, 5 проценті минералды азықтардан құралса, үйректердікі 65 проценті дәнді азықтардан, 10 проценті жануар тектес азықтардан, 20 проценті көк азық және тамыржемістілерден, 5 проценті минералды азықтардан құралады. Жақсы жайылып, көк азықты жоғары қорыта алатындықтан күркетауық, әсіресе қаз рационында көк азықтар көлемін неғұрлым жоғарылатады. Күркетауық рационының 63 проценті дәнді азықтардан, 8 проценті жануар тектес азықтардан, 25 проценті көк азық пен тамыржемістілерден, 4 проценті минералды азықтардан тұратын болса, қаз рационында көк азықтар мен



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет