Мал өcipy. Алматы:Қайнар, 1995



бет20/24
Дата18.02.2017
өлшемі5,89 Mb.
#9897
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

265

да олар организмдеріне қажетті қоректік заттар мөлшерінің 90— 95 процентін өсімдік азықтарымен қамтамасыз етө алады.



НУТРИЯЛАРДЫ КӨБЕЙТШ ӨСІРУ

 

Нутриялар адамға тез үйір болады. Әсіресе жас төлі азықтан-дырып, баққан адамға тез арада үйренеді. Оларды ұстау үшін бір қолмен құйрық түбінен көтереді де, екінші қолды алдыңғы аяқтары арасынан өткізіп, кеуде терісінен ұстайды. Екі қолды теңе стіріп басын тұлғасынан жоғары көтеріп ұстауға мүмкіншілік ту-



ғызады.

Нутриялар жынысын сыртқы жыныс органдарына қарап ажы-ратады. Ұрғашыларының жыныстық жарыгы артқы тесік (анус) жанынан басталса, еркектерінің жыныстық қамшысы анустан 3— 5 сантиметр қашықтықта орналасқан. Жұмыртқаларын көбіне тері астынан сипап анықтауға болады. Жақсы азықтандырылып, ба-ғылып күтілген жағдайда жас нутриялар тез өсіп-жетіліп 3—4 айлығында жыныстық қабілеті жетіледі. 6—7 айлық нутриялар барлық уақытта жыныстық белсенділік көрсетіп, ұрғашыларын ұрықтандыруға жарайды.

Нутриялар жыл мезгіліне қарамай ұрықтанып, төлдей береді. Жыныстық циклдары 24—30 тәуліктен соң қайталанып келіп тұ-рады. Бұл циклдың ұзақтығы 36—40 сағат. Төлдегеннен'кейігі 2—4 күндікте қайта күйлей берөді. Күйек белгілерін сыртынан байқау қиын. Оны тек үрғашы нутриялардың еркектерінің әрекеттеріне қайтарған “жауабы”, яғни қимыл-қозғалыстарынан анықтайды.

Күйек кезінде ұрғашы нутриялар еркектерін қарсыласпай жа-қындатады. Арасына аз уақыт үзіліс жасап, 5—6 рет шағылысады. Әдетте жас нутрияларды топтап шағылыстырады. Ол үшін бір топтары 5—15 нутрияға бір еркек нутрия қосады. Топты 2—3 ай-лық ұрғашы нутрияларды әрқайсысына 0,3—0,5 шаршы метр еден аумағы тиетіндей етіп бір клеткада өсіреді де, 6—7 айға жеткенде туысқандыры жоқ еркек нутрия қосады.

50—60 күн өткеннен кейін ұрықтанған буаз нутрияларды жеке клеткаларға ауыстырады. Сөйтіп топтағы барлық нутрия буаз болғаннан кейін еркек нутрияны екінші топқа қосуға болады. Сақа нутриялар бір-бірімен жиі қақтығысатындықтан олардан топ құрғанда әрқайсысына кемінде 2—3 шаршы метр жер болуын қамтамасыз етеді. Оның үстіне бір топқа жинар алдында оларды қатты иісті креолин, формалин сияқты сұйықтар ерітіндісіне салып алуға болады. Бәрін бір уақытта соларға арналған топтық клеткаға салып, дереу еркек нутрия жібереді.

Дербес шаруашылықтарда сақа нутрияларды қолдан ұрықтан-дырған ыңғайлы. Ол үшін төлдеген ұрғашы нутрияға 3-ші күннен бастап күніне 0,5—1,5 сағатқа еркек нутрия жіберіп тұрады. Сөйтіп 7—10 күн қатарынан әр 24 күн сайын қайталап тұрады.



266

Осылайша қашырылған нутрияға ертеңіне тағы да еркек нутрия салады. Егер ұрғашы нутрия қарсыласып шайнаса бастаса басқа оңаша жеке клеткаға ауыстырады. Семьялық шағылыстыру тәсілі бойынша әдетте бір-біріне туысқан 2—4 ұрғашы нутрияны оларға туысқандық жақындығы жоқ еркек нутриямен бір клеткада ұстап өсіреді. Олар күшіктегенде де'бірге болады. Күшіктерін екі айдан соң бөледі. Оңай болған соң бұл тәсіл дербес шаруашылықтарда кеңінен қолданылады. Бірақ жас нутрияларды сақалары таптап тастамас үшін сақ болу керек. Сондай-ақ асылдандыру жұмысын жүргізсе жас төлді (енесінің белгісіндей етіп) белгілеп отырады.

Қай шағылыстыру әдісі болмасын пайдаланылған еркек нут-рияны апта сайын тексеріп, олардың жігерлілігіне көз жеткізіп тұру қажет. Әлсіреп, баяу қимылдағандарын ауыстырып тұрады. Еркектерінің қамшысына жүн өсіп кеткен жағдайда, оларды та-зартып тұрады. Шағылыстыру дұрыс ұйымдастырылған жағдайда 2—3 ай ішінде клеткадағы ұрғашы нутриялардың 70—80% ұрық,-танады.

Алғашқы шағылыстыруға ұрғашы нутриялар 6—7 айлығында, тірілей салмақтары 3,7—4,0 килограмға жеткенде түссе, еркектері олардан 2—3 айдай сақа және 1—2 кг ауыр болуы шарт. Дұрыс күтіп баққанда нутриялар 3—4 жыл бойы төлдейді.

Қолдағы нутрияларды шағылыстыруды дербес шаруашылық өз жащайына қарап шешеді. Жыл он екі ай бойы піагылыстырып күшіктету үшін жылыланған қорада ұстау қажет. Жетілген жас нутрияларды Інетінен еті мен терісін дайындау үшін 4,5 кг сал-маңқа жеткенде сойып тұрады.

Жылыланған қора болмаған жағдайда оларды белгілі бір кезеңде шағылыстырады. Мысалы, оңтүстік облыстарда тамыз-қараша және ақпан-көкекте шағылыстырса, нутриялар жылына екі кезең — алғашқысы бірінші тоқсанда, екіншісі жылдың үшінші тоқсанында төлдейді. Алғашқы тоқсанда туылған төлді жазғы арзан көк азықтармен азықтандырып өсіреді. Ал үшінші тоқсанда туылған төлдің үштен бір бөлігін жылдың суық мезгілінде өсіруге тура келеді. Алғашқы тоқсанның төлі қараша-желтоқсанда сойылса, екінші кезекте (жылдың үшінші тоқсанында) туылған төл келесі жылдың наурыз-тамызында сойылады.

Нутриялар буаздығы 132 тәуліккө созылады. Буаздықты нут-рияның ішінің ұлғайып, емшектерінің сыздағанына қарап, ішіндегі төлін еппен сипап біледі. Нутрия емшектері 4—5 жұп, ол қарнында емес, екі жақ бүйірінде, арқасына қарай орналасқан.

Әдетте нутриялар түнде жарты сағаттан бастап, үш-төрт сағат аралығында төлдейді. Төл саны 1-ден 17-ге дейін, ал салмақтары 80 грамнан 380 грамға дейін ауытқуы мүмкін. Бірақ әдетте орташа саны 4—6, салмағы 200 грамдай төл туады. Туып болған соң бүкіл шуын енелері өзі жеп қояды. Туылған төлді енесі қатты Қарсыласпаса қарап көру қажет. Олар көзі ашылып, үстінде қысқа жүн өсіп туылады. Нутрия қатты қарсыласып, күшіктерін көр-



267

сетпесе, келесі күні қарау керек. Күшіктейтін үйшіктің температу-расы 12 градустан салқын болып, төсеніш төселмесе оларды жылытылған бөлмеде төлдеткен жөн.

Жаңа туылған төлдің жұлқу, яғни күрек тістері мен алғашқы азу тістері жетілген. Дұрыс азықтандырылса бір жылда салмақтарын 10—12 есе ұлғайтады. Тіршілігінің алғашқы күндерінде ене сүтімен қоректенеді.

Емшектерде сүт төлдегеннен кейінгі бірнеше сағаттан/ кейін пайда болып, төлі бірінші күннен-ақ еме бастайды. Содан' 1,5—2 айдай емеді. Егер емшектерінен сүт шықпай олар бос болатын бол-са, сүтке жарымаған төлді басқа сүтті нутрияға телу қажет.

Кеуіп, жүре бастаған күшіктер бір-екі күннен соң-ақ анау-мынау аяздардан қорықпай, қыста қар үстіне шыға береді. Жазда суға жүзеді. Үй қоянының көжектеріне қарағанда нутрия төлі баяу, ұзақ жетіледі. Әсіресе 5—6 айлықтарында олардың өсуі баяулайды. Жақсы жетілдіріп, 1,5—2 жасына дейін салмақ қостыру үшін дұрыс, толық деңгейде азықтандыру қажет. 45—60 күннен кейін енесінен айырып, бөлек өсіре бастайды, Оларды жынысы бойынша сорттап, алдыңғы саусақтары арасындағы терісін кесіп белгілейді де, одан әрі өсірілетін топтарға бөледі. Үйшіктен нутрияның өзін шығарып, төлін үйренген жерлерінде өсіре беруге де болады. Жынысы бойынша бөлінген топтарда төлді үш айдан асқан соң қайта топтастыруға болмайды, олар бір-бірімен төбелесіп, шайнасады.

Төлдің өсіп-жетілуін ай сайын өлшеп бақылайды. Ұрғашы төл жақсы жетілгенде 10 күндігінде 350 г, 20 күндігінде 500 г, 30 күн-дігінде 750 г, 45 күндігінде 1 кг, 2 айлығында 1,4 кг, 3 айлығында 2 кг, 4 айлығында 2,6 кг, 5 айлығында 3,3 кг, 6 айлығында 4 кг, 7 айлығында 4,5 кг, 8 айлығында 5,0 кг, 9 айлығында 5,3 кг салмақ тартса, жақсы жетілген еркек төл тиісінше 400 г, 600 г, 850 г, 1,2; 1,55; 2,0; 2,30; 3,20; 4,00; 4,8; 6,0; 6,3 тартады. Ал нашар жетілген ұрғашы төл бір айлығында 600 г, 2 айлығында 1,1 кг, 6 айлығында 3,0 кг, 9 айлығында —4,0 кг, еркек төл осы жаста 650 г, 1,2 кг, 3,5 кг және 4,5 г ғана тартады. 3—4 жасында нутриялардың төлшілдігі кеми бастайды. Оларды жаңа, жас нутриялармен ауыстырады. Түсік тастаған, жарты жыл бойы ұрыңтанбаған нутрияларды да басқалармен алмастырады. Жақсы, сапалы тері дайындау үшін әр дербес шарушылықтарда нутрияларды ұрықтандыру мезгілі белгіленіп, календарь жасалады. Ол календарь бойынша негізгі төлдеу мерзімін одан әрі (өсірілетш төлдің 70—75 процентін) келесі жылдың бірінші тоқсанына келтіру нутрияларды тамыздың 20-нан қарашаның 20-на дейінгі аралықта ұрықтандыруды белгілейді. Төлдің қалған 20—25 процентін алғашқы төлді емізуді аяқтағанда, наурыз-мамырда ұрықтандырады.

Сапалы тері өндіру үшін әр дербес шаруашылықта асылдандыру жұмысы үшін алғашқы зоотехникалық есеп жүргізіледі. Соның арқасында қолдағы нутрияларды сұрыптап, тұқымдыққа тек

268

жақсы жетілген, көп күшіктеген, сүтті нутриялар қалдырып оты-рады. ,

Нутриялар өнімділігі жоғары болуы ең алдымен — тұқым қуалау қасиеттеріне байланысты. Сол қасиеттерінің жақсы жетілуі азықтандыру, күту сияқты сыртқы орта жағдайларына да байла-нысты болып келеді. Асылдандыру жұмыстарының осы екі жағын ұштастыра отырып нутриялардан мол да сапалы өнім өндіреді.

Нутрия өсіруші әуесқойлардың дербес шаруашылықтарында стандартты нутриялармен қатар түр өзгерту жолымен шығарылған Ір түрлі түсті және соларды шағылыстыру арқылы алынған құрама түсті нутриялар өсіріледі. Жалпы стандартты нутриялардың жүні қоңыр сұр түсті. Арқа және жота жүндерінің қарын, бүйір жүндеріне қарағанда бояуы қанық. Көздері ңоңыр. Түрлі түсті боялған нутрияларды шағылыстырғанда жүндерінің қара, алтын түстес түрлері басым болып шығады.

Тұқымға әдетте қазан-желтоқсанда алты айдан асқан ірі де жүнді нутриялардың жақсы жетілген төлін сұрыптап қалдырады. Сатуға арналған күшіктерді 2—7 айлығында сұрыптайды. Тұқымдық нутриялар жүнінің қалың, түсінің де, ұзындығының да бір-келкі болғанын қадағалайды. Әрбір тұқымдық нутрия бір төлдегенде кемінде 5 төл тауып, содан кейін екі ай аралығында ұрықтанатын болуға тиіс.

НУТРИЯЛАРДЫ СОЙЫП, ӨҢДЕУ

 

Нутрия терісі көлеміне, жүнінің мықтыльнына, түсіне, ұзындығы мен тығыздығына байланысты бағаланады. Бұл көрсеткіштер олардың тұқым қуалаушылық қасиеттері, азықтандыру, күтіп-бағу жағдайларына қоса қай мезгілде, неше айлығында сойылғанына да байланысты мәселе. Сойылған нутрияның терісін дұрыс сыпырып, өңдеу де оның сапасына әсер етеді.



Нутриялар жыл бойы біркелкі түлейтін болғандықтан, олардың жүнінде түсетін де, жаңадан өсетін де қылшықтар кездеседі. Сондықтан жылдың әр мезгілінде дайындалған терілердің айырма-шылығы аз болады. Тек қысқы аяздарда ғана түлеп түсетін қыл-шықтар біршама азаяды. Сондай-ақ шілде-тамызда немесе қараша-ақпан аралығында нутриялардың түлеуі тежеліп, жаңа қылшық,-тардың өсуі, ескі қылшықтардың түсуі кемиді. Бірақ жазғы жүні нәзік, қысқа, әлсіз және сирек келеді. Сондықтан шілде-тамызда нутриялардың терісі нашарлайды. Жақсы азықтандырьш өсірген жағдайда көп шығын шығармау үшін нутрияларды 6—7 айлықта-рында сойса болады. Алты айлықтарынан бастап нутриялардың өсіп-жетілуі тежеліп, азық шығыны көбейеді. 9—11 айлық, нут-риялардың терісінің көлемі ұлғайғанмен, кейінгі 3—4 айда жұм-салған азық шығынын өтемейді.

Үлкен тері дайындау үшін нутриялардың тірілей салмағы 4 кг,



269

денесінің ұзындығы 50 сантиметрден көп болатындай етіп 16—18 айлықтарына дейін өсіруге болады. Ондай терілердің 60—70 про-центі бірінші сортпен өтеді. Мөлшері орташа терілерді тірілеу I салмағы 1 кг дейін, денесінің ұзындығы 40—50 сантиметр нут/ риялардан дайындайды. Үш айға толмаған төлін союға болмайды. Олардың терісінің қылшықтары нашар, дайындауға жарамайды. I

Сойып, терісін дайындауға арналған нутрияларды іріктеп,/те-рісінің жарақатсыздығын, жүнінің жағдайын байқап, салмағын өлшейді. Тірілей салмағының 4,5 килограмнан асқаны жөн. Жүні былғаныш, ұйпаланған нутрияны сояр алдында жуып, тарайды Соярдың алдында 12—16 сағат бойы азықтандырмай, суармай, суға түсірмей ұстайды. Содан кейін сойылатын нутрияны құйрығынан көтеріп тұрып, шүйдесінен не маңдайынан жуан ағашпен (ұзындығы 50—80 см, қалыңдығы —4—5 см) қатты соғып өлтіреді. Ұрғанда бас сүйегін сақтап қалған жөн. Сөйтіп артқы аяқтарынан салбыратып іледі. Аққан қан құлақ-мұрнынан кетіп, жүнді былғамайды. Немесе өткір пышақты астыңғы күрек тістер мен астыңғы ерін арасынан тығып, мойын тамырларын кесіп қанын ағызады. Қан ағып болғаннан кейін теріні құйрықты және сирақ ұштарынан, жүн өсе бастаған жерден айналдыра тіледі де, құйрығын кесіп тастайды. Артқы сандарының сыртынан теріні тілер-текке дейін тіледі. Теріні бағалы жүндерді сақтайтындай етіп ішке қарай қиғаштап тіледі. Сол қолмен тілінген тері пұшпақтарын ұстап, оң қолмен біраз реп алады да тік ішекті кеседі. Терінің шетінен ұстап жоғарыдан төмен еппен сыпырып алады. Күшпен сыпырып теріні созып алуға немесе шел қалдырып сыпыруға да болмайды. Көз, құлақ, ауыз айналасын пышақпен тіліп босатьш алады.

Өлтірілген нутриялар терісін бір сағат ішінде сыпыру керек. Етін дайындаған жағдайда денеден бүкіл ішек-қарнын, өтін алып, басы мен сирақтарын кесіп тастайды. Сыпырылған теріні қалың (көлденеңі 14—15 см, ұзындығы 75—100 см, қалыңдығы 3 см) таңтайға жүнін ішіне келтіре тарта кигізіп, ішкі жағының майын өткір пышақпен қырады. Бірақ қатты қырып, қылшық тамырларын босатуға болмайды. Қырылған терілерді қыздырылған құрғақ шүберекпен сүртіп, терінің кесіліп не жыртылып қалған жерлері болса оныншы ақ жіппен мықтап тігеді. Сөйтіп арнайы да-йындалған айыр айшықтарға кигізіп 15—30 градус жылылықта, 40—60 проценттік ылғалдылықта кептіреді. Жылу көзінен 1,5—2 метрдей алыс болуға тиіс. Жазда төбесі жабылған көлеңкелі алаң да кептіруге болады. Көлөмі әр түрлі терілерді мөлшері әр түрлі айыр-айшықтарға керіп кептіреді. Орташа тұсында үлкен терілерге арналған айыр-айшықтар кеңдігі 20—22 см, орташа терілердікі 16—18 см, ұсақтарынікі 12—14 см болуға тиіс. Айыр-айшықтар қалыңдығы 1—2 см тақтайдан, 7—10 мм фанерден, 5—8 миллиметрлік тотықпайтын сымнан дайындалады. Айыр-айшық-



270 -

тарға терілерді жүнін ішіне қаратып кигізеді. Қыртыс қалдырмай түзетіп, айшыққа үш шегемен қағып кереді. Шегелердің біреуін танау, екеуін алдыңғы аяқтар терісіне қағазға орап барып қағады Содан көлденеңінен жайып кептіреді. Кептіру кезінде тері ылғалдылығы 65—70 проценттен 12—16 процентке дейін құрғай-ды.\Әбден құрғаған терілердің сыртына шыққан май тамшыларын таза шүберекпен сүртеді. Нашар кепкен жерлерін жоғары қаратып, қыртыстарын жазады. Терісінің әбден кепкендігін құрғап, қатайғанынан біледі. Шегелерден босатып, кептірілген терілерді айшықтардан босатады. Ет және май қалдықтарынан тазартып құрғақ салқын бөлмеде 20—25 данадан топтап жинайды.

Терілерді сортқа бөліп жинауға болады. Ол үшін оларды үл-кендігін түр-түсіне қарап бөледі. Сорттау алдында жонынан теріні бөліп тілуге болады. Жыртылып, тілінген терілерді бөлек жинайды. Түрлі-түсті терілердің бағасы 15- процентке артық бағалалады. Қалған терілерді көлемі бойынша сорттайды.

Тері көлемін шығару үшін ұзындығын екі рет өлшенген көлденең еніне көбейтіп табады. Өте үлкен болып көлемі 2400 шаршы сантиметрден асатын, үлкен болып —2001—2400 шаршы санти-метрлік, орташа болып —1201—2000 шаршы сантиметрлік, ұсақ болып—800—1200 шаршы сантиметрлік терілер саналады.

Терілерімен қатар нутриялардың еті де пайдалы, диеталық өнім. Қоректілігі жағынан құс және қоян етінен кем түспейді. 6— 7 айлық жас нутриялардан 1,6—2,0 кг, ал сақа нутриялардан — 2,5—3,0 кг ет алады. Сойыс шығымы 6—7 айлықта — 52%, 8—10 айлықта — 55,5%, 1—2жаста — 61,3%. Әр 100 г нутрия етінде — 66,3% су, 20,7% протеин, 6,5—9,5% май, 4,2% күл (минералды заттар), 0,7% углеводтар (гликоген) болады. 100 г еттің қоректілігі 765—903 килоджоуль энергияға тең. Нутрия майы 28—30 градус жылылықта ериді. Құрамындағы бағалы азоттық заттар тәбетті жақсартып, ас қорыту бездерінің жұмысына әсер етеді.

Сойылған жасына қарамай, нутрия етінің бәрі бір қоңдылықтағы категорияға кіреді. Тоңазытылған ұшасы 1,3 килограмнан кем болмауға тиіс. Салқындатылған ( —4°С) нутрия еті 2 тәуліккө дейін, тоңазытылғаны — (—1,5—3°С) 5 тәулікке дейін қатты мұз-датылғаны ( — 6 градустан төмен)—2 айға дейін бүлінбей сақта-лады. Дайындалған нутрия етін сатушылардың мал дәрігерлік куәліктері болуға тиіс. Сатуға арналған ұшаларда мал дәрігерлік “нутрия” деген мөрі басылады.

Нутрия етін тұздап, сүрлеуге де болады. Ол үшін ағаш жәшік немесе ағаш бөшкені марганец ерітіндісімен не сутегінің асқын тотығымен мұқият тазалап, жуады да түбіне тұздық жаяды. Тұздың құрамы әр кг етке есептегенде 1 кг ас тұзы, 160 г қант, үгітілген сарымсақ, қара жәнө хош иісті бұрыш, лавр жапырағынан тұрады. Тұздың үстіне осындай тұздық жағылган етті нығыздап салады да, үстіне таза тақтай қойып әр 10 кг етке 2—3 кг есебі-

271

нен ауыр салмақпен (тастармен) бастырып қояды. Сөйтіп 6-тәулік ұстайды. Еттің тұздалғанын саусақты батырып біледі.Тұздың сіңген етке саусақ батады, яғни із қалады.

Тұздалган етті суық сумен жуып, жайып, желдетіп, құрғақ күндері 6—10 сағат, ал жауынды күндері 2—3 тәулік бойы тіреді. Сүрлеудің басқа мал етін сүрлегеннен айырмашылығы жоқ.

ҚОЯН ӨСІРУ

Үй қояндары басқа малмөн салыстырғанда әлдеқай-да өсімтал. Сақа ұрғашы қоян бір жазда 6—9 рет (30 күнде) көжектеп, 40-қа дейін көжек туады. Демек, әр туғанда 6-дан, 9-ға, кейде -14-ке дейін көжек табады. Көжектері тез жетіліп 4—5 айлыгында шағылысады. Сөйтіп бір ғана ұрғашы қояннан жылына 60—70 килограмм ет алуға болады. Қояндардың еті дәмді, оларды тез қорытылатын ет ретінде балаларға, жасы келген кісілерге сол сияқты асқазаны, бауыры (және тағы басқа) ауыратын адамдарға жеген де өте пайдалы. Қоян етінің құрамында белок көп, ал су шошқа етімен салыстырғанда қоян етінде әлдеқайда аз болады. Адам ірі қара етінің 62 процент белогын сіңірсе, қоян етінің 90 процентін сіңіреді. Олардың май мен ерігіштік қасиеті ірі қара мен қой майларын былай қойғанда шошқаныкінен асып түседі. Қоян етінде тауық етімен салыстырғанда натрий мөлшері аз. Ал холестериннің мөлшері 2,7 есе кем болады.

Үй қояндарының етімен тамақтың неше түрін жасауға болады. Олардың еттерін қақтап кептіргенде де, консервілегенде де сапасын жоймайды.

Бес ұрғашы қоян мен бір еркегінен жылына 400 килограмнан артық дәмді ет алынады, ад ол еттерді сатқанда он мың теңгеден астам кіріс кіргізетін болады. Тіпті шағын дербес шаруашылықтың өзі әр адам күніне 200 грамнан ет жегеннің өзінде, семьядағы төрт адамды етпен толық қамтамасыз етеді.

Үй қоянын өсірудің тағы бір тиімділігі бар. Ол — сапалы тері, түбіт. Терісі жылы, жеңіл, әдемі. Өнеркәсіпте көп пайдаланылады. Тері өнеркәсібінде қоян терісі сол қалпында, кейде теңіз мы-сығының, бұғының, қабыланның терісіне ұқсатылып боялады да, көп мөлшерде пайдаланылады. Олардың иленген терілерінен арзан, жеңіл және сәнді галантерия бұйымдары, әйелдерге манто, жакеттер, балаларра ішік, ерлерге жаға және құлақшын тігіледі. Түбітті тұқымынан жіңішке, жұмсақ түбіт алынады. Ол жылу өткізгіштігі жағынан меринос қойының ең жақсы жүнінен кем түспейді. Одан әрі түрлі тоқыма бұйымдар дайындайды. Халық тұрмысы жақсарған сайын олардың терілерінен тігілетін киімдерге сұраныс та өсе түсуде. Ол қоянның үлпілдек жүнді терісі фетр өнеркәсібіне өте қажет. Түбіті әр алуан трикотаж бұйымдар, сви-терлер, орамалдар, биялайлар т. б. тоқуға қолданылады. Мысалы бір ұрғашы қояннан жылдық төлімен қоса есептегенде 1—1,5 ки-лограмм түбіт алынады. Ол түбіттен көптеген тұрмысқа қажетті бұйымдар дайындалады.



273

Үй қоянын өсіру басқа мал сияқты күрделі құрылысты қажет етпейді. Қояндар күй талғамайды, ауа райының өзгерістеріне тез көндігіп, тез өседі. Міне, жоғарыда көрсетілген деректер қоянының тиімді сала екендігін көрсетеді.

1917 жылға дейін үй қояндарын жеке әуесқойлар өсірген: олар жылына 200 мың тері дайындаған, ал жеке сала болып тек Кеңес үкіметі кезінде ғана қалыптасты. Үй қоянын өсіру Кеңес елінде 1927—29жылдан бастап кең өріс алды. Осы жылдардан бастап тұқымдық қоян өсіретін колхоздар мен совхоздар ұйымдастырыл-ды. Соғыстан соңғы жылдары қоян өсіру бұрынғы қалпына келті-рілді, әсіресе жеке әуесқойлардың қоян өсіруі кең өріс алды. Жеке әуесқойлардың қоян өсіруінің саласын жетілдіре түсуіне қояннан алынатын өнімдердің сатып алу бағасының арттырылуы, оларды қажетті құрал-жабдықтармен, азықтармен қамтамасыз ету қажет деген 1970 жылғы қаулының жарық көруі зор әсерін тигізді. 1970 жылдары қоян өсіруші әуесқойлар ұйымдары, секторлары құрылды. Бұл ұйымдар жеке адамдарға тұқымға қоян алуына, жем алуына, зоотехникалық-мал дәрігерлік жұмыстарды ұйымдастыруына көмектесті. Қазіргі жағдайда мемлекетке қоян өнімдерін тапсыру жұмыстарымен түтынушылар кооперациялары және ет өнеркәсібі орындары айналысады.

"Қазақстанда мал шаруашылығымен бірге жыл сайын үй қоянын өсіру шаруашылығы да дамуда. Қазіргі уақытта республикамызда үй қоянын өсіретін 17 ферма жұмыс істейді. 1981 жылдың бірінші январында Қазақстанда небәрі 75,2 мың қоян болған. Жеті мыңнан артық адам республикалық өрікті жеке әуесқойлардың қоян өсіру ұйымдарына тіркеліп 28—30 мыңға жуық/ұрғашы қоян мен шамамен 400 мың көжектерін асырап отыр. Қоян асырайтын жеке әуесқойлар мемлекетке жыл сайын 70 мың үй қоянын тапсырады, бұл орта есеппен 140 тонна дәмді ет және 70 мың тері. Қазақстанда үй қояндарын өсіру жұмысы Қостанай және Павлодар облыстарында дұрыс жолға қойылған.

Дербес шаруашылықта қоян өсіру өте тиімді. Мысалы бройлер қояндарын сапалы азықтандырып, жақсы жағдайда 60 тәулікке дейін ұстаса, олардың салмақтары 900 грамнан 1 килограмға дейін артады. Ұқыпты қоян асыраушылар жылына бір ұрғашы қояннан көжектерімен есептегенде 60—100 килограмнан бағалы, дәмді ет алады.

Республикамызда аң терілерін мол өндірудің тиімді жолы — терісі құнды кейбір аң түрлерін арнаулы фермаларда өсіру. Со-нымен бірге үлпілдек әдемі жүні мен жұғымды жөңіл етіне бола өте өсімтал үй қоянын өсіру көп пайда келтіреді. Әрине, бұл бағытта бізде едәуір жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл игілікті істі келешекте де дамыта беру мәселесіне қазір үлкен мән беріліп отыр. Бұл тұрғыда кезінде Республика үкіметі “Терісіне бола ауланатын аңдарды, аң өсіру шаруашылығын, үй қоянын өсіру шаруашылығын және аң терілерін өндіруді дамытудың мәселелері туралы” арнаулы қаулы қабылдады. Мұнда терісі ба-



274 -

ғалы аңдардың қорын тимді пайдалану мен көбейту жәнө өсірілетін аңдардың терілерін молырақ дайындау жөнінде көптеген нақты шараларды жүргізу белгіленді.

 

ҮЙ ҚОЯНДАРЫНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ

Үй қояндары зоологиялық тәртіппен жіктегенде олар сүтқо-ректілер класына, қоян тәрізділер отрядына, қояндар тұқымдасына, үй қояндарының туысына және түріне жатады. Көп уақытка дейін үй қояндарының биологиясын жете түсінбей, үй қояндары дала қояндарымен бірге қосып, кеміргіштер отрядына жатқызып келді. Адайда, үй қояны мен дала қоянының сыртқы пішінінің ұқсастығына қарамастан, олардан гибридтер алуға болмайды. Мұ. ның өзі олардың биологиялық ерекшелігі бір қояндардың екітүр-

лі туысына жататындығын көрсетеді.

Үй қояндары сыртқы пішіні ұқсас тұз қоянына туыстас. Шын мәнінде үй қояндары мен тұз қояндарының арасында үлкен айырмашылық бар. Үй қояндары ешуақытта да қояндармен ша-ғылыспайды. Қояндар 50—52 күннен кейін көжектесе, үй қояндары 28—30 күннен кейін көжектейді. Қояндардың көжектері көзі ашық, үлпілдек жүнді болып туады, енесінің сүтін бар болғаны бірнеше күн ғана еміп, өз бетшіне тіршілік ете бастайды. Қояндар өздерінің көжектеріне ін қазбайды. Ал үй қояндарының көжектері соқыр, қызыл шақа, әлсіз болып туады. 18—20 күн тек енесінің сүтімен ғана қоректенеді. Үй қояндарының тегі жабайы қояндар топтанып, індерде тіршілік етеді, қояндар болса інсіз жер бетінде тіршілік етеді.

Үй қояндары мен жабайы қояндар (дикий кролик) шағылысқанда табиғи ортаға бейімделген және жақсы өсімтал ұрпаң шығады. Ұзақ жылдар бойғы системаның нәтижесі үй қояндарының, өздерінің ата-тегі жабайы қояндардың ірі, көжекті көбірек табатын, өсімтал, түбіті мен терісі өте сапалы болып шығуына мүмкіндік берді. Жабайы қояндар үй қоянынан әлдеқайда кіші, денө тұрқы 40—50 см, тірілей массасы 1,5—2 кг болса, үй қояндарының дене тұрқы 80 см, тірілей массасы 5—6 кг. Жабайы үй қояндарының түсі мекендеген аймақтарына байланысты әр түрлі болады. Үй қояндарының түсі әр түрлі болып келеді: қара, сары, қоңыр, көкшіл, күміс тәрізді аң т. б. Үлпілдек жүнді терісі де ерекше болады. Қысқа жүнді үй қояндары тұқымы жүнінің ұзындығы 15—20 мм, ұзын жүнділерінікі 60—70 мм, ал түбітті тұқымдыкі 85—100 мм.

Үй қояндарының ең құндысы сол олар жыл бойы, ал жабайылар тек жазда ғана көжектейді. Үй қояндары орта есеппен 3—8 көжек тапса, жабайылары әрі кеткендө 5 қана көжек туады.

Жабайы үй қояндарының отаны — Оңтүстік Европа (Испания, Оңтүстік Франция). Сол жерден олар түгелдей Европаға, Солтүстік Америкаға, Африкаға, сол сияқты шығыс елдеріне, соның

275.

ішінде Жапонияға, Қытайға Жаңа Зеландияға, Австралияға та ралған. Австралияда жабайы қояндар шамадан тыс көбейіп кетіп ауыл шаруашылығына әсіресе жайылымға үлкен шығын келтір-генін айта кеткен орынды.

Үй қояндарының екі түрі белгілі. Олар кәдімгі және майкұйрық үй қояндары. Кәдімгі үй қояны дүние жүзіне кең тараған. Оның себебі ол табиғи және үй жағдайларында өсіруге өте бейім келеді. '

Майқұйрық үй қояны Оңтүстік Африканың-кейбір аудандарында, онда да тек табиғатта тек жабайы түрінде кездеседі. Жабайы үй қоянның отаны Европаның оңтүстік және орталық бөлігі деп есептеледі, ендеше үй қояндарының барлық тұқымы осыдан 2 мың жыл бұрын оңтүстік европалық жабайы қояндардан келіп шыққан.

Қазіргі уақытта үй қояндарын дүние жүзінің барлық елдерінде қолда өсіреді. Оған олардың өсімталдығы, жылдың барлық маусымында өсіп-өнуі, тез арада өсіп-жетілуі т. б. жағдайлар себеп больш отыр.

Біздің елімізге үй ңояндарының X немесе XI ғасырларда келуі ықтимал. Жабайы үй қояндары қазіргі уақытта Украинаның оң-түстік-батысында. Молдовада, Каспий теңізінің кейбір аралдағында және тағы басқа тіршілікке қолайлы жерлерде кездеседі. Жабайы үй қояндары қолға тез үйренетін көрінеді.

Россияға үй қояндарының кейбір тұқымдарын XX гасырдың басында шекарадан алып келген. Әрине, ол кезде қоян өсірумен аздаған әуесқойлар ғана айналысқан. Соның өзінде жылына 200 мың қоян терісін дайындаған. Тарихи деректерге қарағанда жеке адамдар Россияда қоян өсірумен ежелден айналысып келген. Әсіресе Киев Русі шаруалағының қоян өсіріп, олардың түбітінен жылы қолғап, бөрік, орамал т. б. заттар тоқығаны жайлы мағлұматтар бар.

ТМД-да қоян өсіру 1927—1929 жылдардан бастап дамыды. Елімізде осы жылдары колхоздарды, совхоздарды және әуесқой қоян өсірушілерді жоғары сапалы асыл тұқымды көжектермен қамтамасыз ету үшін асыл тұқымды қоян өсіретін арнайы ша-руашылықтар ұйымдастырылды. 1972 жылы мұнда шет елдерден 15 мың үй қоянының тұқымы әкелінді. Олар: вена көгілдір үй қояны (венский голубой), шиншила, вена ақ қояны (венский белый), шамнань, бельгиялық үй қояны (фландр), үй ақ қояны (белый великан) және басқалары. Алдағы уақытта елімізде үй қояндарын өсіріп жетілдіруде негізінде осы тұқымдар себепші болады.

Сонымен қоян өсірушілерге, жұмысшыларға, колхозшыларға, қызметкерлерге жасалынатын жеңілдіктің арқасында үй қоянда-рының саны жылдам өсті. Әсіресе үй қоянын өсіру жұмысы со-ғыстан кейінгі жылдары жоғары дәрежеде дамыды. Кеңес елінде үй қояндары тұқымдарының санын көбейту үшін' бар тұқымды жақсарту және жергілікті мол өнімді жаңа тұқымдар шығару үшін

276

50 жылдары 17 ірі асыл түқымды үй қояндарын өсіретін совхоздар және мемлскеттік асыл тұқымды қоян өсіретін 7 орын ұйым-дастырды. Осы уақытта мұнда үй қояндарының шиншилла, вена көгілдір үй қояны, үй ақ қояны, т. б. тұқымдары көпшілік жерлерде өсіріліп жатқан болатын. Мысалы, 1961 жылы шамамен 57 миллион қоян терісі, 40 мың тонна диеталық қоян еті дайындалды. Қазақстанда 1981 жылгы 1 январдағы санақ, бойынша 114 мың үй қояны үйшікте ұсталған. Оның 30 мыңы дербес шаруашылықта, 83,7 мыңы қоғамдық болған.

Қазіргі уақытта асыл тұқымды үй қоянын өсіретін фермалардың да саны артуда. Соның нәтижесінде ТМД-да қоян өсіретін шаруашылық жыл сайын 200—300 мың тонна ет тапсырады. Бұл 10 миллион қой өсіргенмен тең түседі. Жыл сайын 80 миллионға жақын қоян терісі дайындалып, олардан ерлердің бөркі, әйелдер мен балаларға пальто тігіледі. Тігуге жарамайтындары ұсақ-түйек дайындауға, былғары бұйымдар өндірісіне жіберіледі.

Қоян өсіретін қазіргі фермалардың көпшілігінде олар етті ба-ғытта өсірілсе, дербес шаруашылықта етті, ал кейбіреулерінде тү-бітті үй қояндары өсіріледі. Фермаларда және дербес шаруашы-лықта еттері бағытында ұсталған әр ұрғашы үй қояны жылына төрт рет көжектейді. Олардан орта есеппен 8—10 көжек алуға болады. Демек, бір ұрғашы қояннан өзінің көжектерімен 20 килограмға тарта ет өндіріледі. Егер түбітті қоян өсірсек онда әрбір үлкен қояннан жылына 350—400 грамм түбіт алынады.

Міне, үй қояндарының тұқымдарын қолда өсіру қай жағынан болсын тиімді. Тек колхоздар мен совхоздардағы үй қояндарының сапасын арттыру гана емес, дөрбес шаруашылықтаны аса сапалы қоян санын көбейтуге де жақсы жағдайлар жасалынды. Қоян өсіру саласының дамуына, олардан алынған өнім құнының бірнеше рет жоғарылауы да себепкер болды.

Үй қояндарын өсіретін асыл тұқымды фермаларда жыл сайын дене құрылысына, өнімділігіне, терісінің құндылығына қарай бо-нитировка жұмысы жүргізіледі және оларды элита, бірінші, екінші, үшінші кластарға бөледі. Сайып келгенде өсімтал, аурудан сау қояндарды алдағы уақытта тұқымдық сапасын жақсарту үшін алып қалады да, қалғандарын өнім алуға өткізіп жібереді. Асыл тұқымды шаруашылықтарда жоғары сапалы жаңа .тұқымдар шығару үшін неше түрлі ғылыми әдістер пайдаланады. Мысалы, әр түрлі түқымдарды шағылыстыру арқылы жаңа бағыттағы қояндар алу т. б. Тұқымның жаңа бағыттарын шығару мәселесі әлі де зерттеліп келеді. Алдағы уақытта да үй қояндарының жаңа тұқымдары шығарыла бермек.



ҮЙ ҚОЯНДАРЫНЫҢ Т¥ҚЫМДАРЫ

Түз жануарлары үй жануарлары сияқты тұқымға жіктелмейді. Тұқым деген ұғым тек үй жануарларына ғана тән. Қазіргі



277

дайдағы неше түрлі мал тұқымы — адамдардың қажымай-талмай жасаған еңбегінің нәтижесі. Қазіргі уақытта дүние жүзінде ірі қараның—363, қойдың—160, жылқының—60, шошқаның —150, құстың —230, үй қоянының 60-қа жуық әр түрлі тұқымы бар.

Дүние жүзінде үй қоянының 60-тан астам тұқымы белгілі болса, соның ТМД-да шамамен 15-тей тұқымы өсіріледі. Сол кездегі әлі асылданбаған үй қояны тұқымдарының салмағы бар болғаны 1,6—2,1 килограмм ғана болатын. Қолға үйрету процесі кезінде түрлі жолмен азықтандырып, бағудың әсерінен жабайы қояндар елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазір әрбір тұқымның дене құрылысы мен тұлғасы, жүнінің құрылысы, өсімталдығы мен өнімділігі жағынан елеулі айырмашылықтары бар.

Шет елден әкелінген қояндардың тұқымдарын жақсарту негізінде Кеңес елінің мамандары, біздің жерге төзімді жергілікті жер азықтарына тез көндігетін мол өнімді қоянның жаңа тұқымдарын шығарды. Мысалы көп жылғы жұмыстың нәтижесінде қоянның фландр тұқымын пайдаланып, ірі сүр қоянның (серый великан) шампань тұқымынан күміс түсті үй қоянын (серебристый), ал ақ үй қояны (белый великан) тұқымынан советтік шиншила (советская шиншила) мен қара қоңыр түсті үй қояны (черно-бурый) ангор қоянының түбітті тұқымынан (ангорские пуховые) түбітті ақ қоян (белый пуховый) тұқымын шығарды.

Қазақстанда да асыл тұқымды үй қояндарын шаруашылық фермаларында, питомниктерде, дербес шаруашылықтарда өсіруге болады.

Шаруашылыққа пайдалы белгілеріне қарай үй қояны тұқымдары: етті-терілі, етті, терілі, түбітті үй қояндары болып төртке бөлінеді. Бұдан басқа үй қоянының шаруашылық экономикасы үшін ерекше маңызы жоқ тұқымдары да бар. Олар сәндік үшін өсіріледі.



Етті-терілі тұқымдарға Совет мардері, шиншилла, шампань т. б. жатады. Бұл тұқымдарға жататын үй қояндарының тұлғасы орташа, жүн-терісі ұнамды, әдемі болады. Етті тұқымдарға ақ үй қояны, сұр үй қояны, күміс түсті үй қояны, қара-қоңыр түсті үй қояны т. б. тұқымдар жатады. Бұл тұқымдарға жататын үй қояндары ірі келеді. Олардың кейбіреулерінің салмағы 7—8 килограмм тартады.

•Терілі тұқымдарға ақ қалақ, үй қояны, аляска, рекс тұқымдары жатады. Бұл тұқымдарға жататын үй қояндарының тірілей салмағы жёңіл (2—3,5 кг) келеді, жүн тёрісі әдемі, тегіс болады. Үй қоянының терісі әдетте боялмастан және қырқылмастан табиғи күйінде пайдаланылады.

Түбітті үй қояндарына татардың түбітті қояны және ангор қояны жатады. Олардың жүнінің 90—92 проценті түбіт болады. Қылшығы аз, бірақ түбіттен сәл салалырақ болады. Үй қоянының түсі ақ, қара және көк болып келеді.

Советтік шиншилла. Шиншилла ТМД мен дүние жүзінің көп-теген елдерінде ең көп тараған үй қояны. Жүнінін; түсіне қарасақ

278

I

Оңтүстік Америка мен Анд тауларында тіршілік ететін шиншилла деген кеміргішке ұқсайды. Сол ұқсастығына сәйкес шиншилла атанған.



Советтік шиншилла еті үшін көбейтіліп жатқан отандық тұқым. Терісінің түсі көгілдір, көмістей жылтыр. Жүнінің түп жағы көгілдір де, жоғары ұшына қарай қаралау тартқан. Егер ақырындап қылшықтарын үрлесе, олардың арасынан бірнеше түсті (көкшіл, ақшыл, қара, ақ, қаралау) көруге болады. Қылшықтарының тұсындағы қара түс пен сақина тәрізді ақ белдеу, терінің көгілдір-сұр реңіне ерекше бір сұлулық пен әсемдік береді. Үй қояны көзінің айналасында, желкесіндегі ақ дағы, бауыры мен құйрығының асты ақ, құлағының жиегі мен құйрығының үсті қара болып келуі бұл тұқымға тән қасиет.

Көжөктерінің құрсағы ғана ақ, тіпті қара болып туады. Туғаннан соң екі жетіден кейін сол тұқымға тән түске айнала бастайды. Сөйтіп 4—6 айлығында нағыз шиншаланың түсіне көшіп болады.

Қоянның советтік шиншилла тұқымы ТМД-ның әр түрлі аудан-дарының климаттық және азықтық жағдайларына жақсы көндіккен. Сақа қояндардың орташа тірілей салмағы 5,1 кг, ең жақсылары 6—7 килограмға дейін тартады. Денесінің ұзындығы 62—70 сантиметр, кеудө орамы 37—44 см.

Шиншилла басқа үй қояндарына қарағанда өзінің терісі мен етінің сапасына, тез жетілгіштігі мен өсімталдығына байланысты айрықша көзге түседі. 60 тәуліктік көжектердің орташа салмағы 1,8, ал 90 тәулікте 2,8 килограмға жеткен. Ұрғашы қоян өсімтал, сүтті, көжектерін сүтпен жақсы тойындырады. Олар орта есеппен 7—8, ал кейбіреулері 13—14 көжек табады.

Советтік шиншилла тұқымы мол өнімді.және ашық немесе жа-бық қоян өсірілетін жерлердің жағдайында өсімтал келеді. Қоян-дардың бұл тұқымын 1963 жылы Бүкілодақтық аңшылық шаруа-шылығы мен қоян шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шы-ғарған.

Шиншилла үй қояндарының өзге тұқымдары арасында тёрісінің түсі жағынан теңдесі жоқ, нағыз шаруашылыққа пайдалы қоян тұқымы және олар ыстық пен суыққа төзімді келеді. Сондықтан да бұл тұқымның қояндарын Қазақстанның барлық облыстары мен аудандарында өсіруге болады.



Сұр үй қояны — еті мен терісі үшін өсіріліп жатқан отандық тұқым. Түқым ретінде 1952 жылы бекітілген. Бельгиядан әкелінген фландр тұқымының қоянымен будандастыру нәтижесінде белгілі мақсатқа сәйкес таңдап-сұрыптау және бағып-күту, азықтандыру арқылы шығарылған. Оның; дене пішіні дөңгеленіп келген, кеудесі жұмыр, жақсы жетілген/ жотасы кең және жазық, аяқтары қысқа мықты, етті болып келеді. Зоотехникалық жүмыстың жолға дұрыс қойылуының нәтижесінде фландр тұқымының жақсы қасиеттері сақталынып қалған.

Сақа қояндардың тірілей салмағы 4,5 килограмм тартады. Кей-



279

де 7,5 килолограмм тартатындары да бар. Үй қоянның бұл тұқымы ТМД-да кеңінен тараған.

Денесінің ұзындығы 61 см, кеуде орамы 38 см, 9 айлық, элита класына жататын қоян салмағы 5,3 кг болса, 4 айлық жас көжек-тердің салмағы 3,2 кг. Күтімі жақсы, күйлі қояндардан 55—60 процентке дейін дәмді ет түседі. Ұрғашысы 7—8 көжек туады. Олар сүтті және көжектерін жақсы тойындырады. Басқа қояндардың тұқымына қарағанда сұр үй қояндарының жүні онша қалың емес, бірақ терісінің сапасы жоғары болады.

Бұл тұқым қояндарының жүнінің түсіне қарай сұр, сұрғылт қара және қара болып үшке бөлінеді.



Сұр үй қоянының кеудесі сарғыш, сұр-түсті қылшық жүндері әр түрлі, яғни жүнінің түп жағы ақшыл болып, ұшына қарай барған сайын қара қоңыр тартады да ұштары ақырында қараяды.

Сұрғылт-қара үй қоянынъң жүні қара қоңыр келеді. Қылшық жүнінің түбі көкшіл болады. Біртіндеп қараяды, содан соң сарғыш тартады, ұшы қап-қара болады. Түбіт қылшықтары көк, сәл сарғыш түстілері де бар. Ол түбіне қарай ағарып кетеді. Бауыры мен құйрығының ұшы сұрғылт түсті.

Қара үй қояны біркелкі қара, қоңырлау келеді. Түбіт қылшық-тары көк, түбіне қарай ағарып кетеді.

Сұр қояннъң атына түсінің ұқсас болатын себебі, қылшығы мен түбіті түстерінің қосылу сәйкестігінен туатын құбылыс. Денесіндегі түкті үрлеген кезде түрлі түсті ажыратуға болады. Жүннің түп жағы көкшіл, ортасы сарғыштау, ұшы қара болып келеді. Қылшығының ұшы қара болғандықтан денесінің түгі де қара болады. Ақ түсі де кездеседі, бірақ ол бүкіл денесінің түгімен араласып кетеді.

Күміс түсті үй қояны ірі, мол өнімді, еттері үшін өсіріліп жатқан үй қоянының отандық тұқымы. Бұт тұқым 1952 жылы бекітілген. Ол Украинаның жергілікті қара үй қоянын шампань тұқымына жататын үй қояндарымен шағылыстырылып, жақсы бағып-күту, азықтандыру, сондай-ақ тұқымдық қоянды таңдау-сұрыптау арқылы шығарылды.

Күміс түсті үй қояндарының шампань тұқымының қояндары сияқты қалың жүнді сұлу терісі болады, тез өсіп-жетіледі, тез се-міреді, еті дәмді келеді. Сұрыптау жұмысының нәтижесінде олар-дың салмағы, тіршілікке бейімділігі, өсімталдығы және сүттілігі артты. Олар климаттық және азықтық жағдайға тез көндіге алады.

Бұл тұқым қояндарының орташа тірілей салмағы 4,5 кг, ал кейде 6 килограмға дейін барады. Денесінің ұзындығы 57 см. Кеуде орамы 36 см. Үш айлық көжектің орташа ет өнімі 48,9 процент, 9 айдан асқан үлкен элита класының салмағы 5,3 кг, ал 4 айлық көжектерінің салмағы 3,2 кг тарту керек. Жақсы семіртілген қояндар аса сапасы етімен көзге түседі.

Ұрғашысы орта есеппен 7—8 көжек туады. Сүтті болады, кө-жектерін жақсы жарытады. Бір айлығында күміс түсті белгілері пайда бола бастайды, ал 4 айлығында толық күміс түске айнала-



280

ды. Жасының өсуіне қарай жалпы түсі бірте-бірте ағарады. Жас қояндар тез жетіледі. Алғашқы уақытта көжектер орта есепен тәулігіне 20—23, 2 г салмақ қосады.

Бұл қояндардың дене тұрқы тығыз, басы орташа, құлақтары кішкентай және тік тұрады. Омыраулы болып келеді. Күміс түсті үй қояндарының жалпы түсі көкшіл, күмістей жылтырайды. Қылшық жүндері таза ақ және қара, ал түбіттері таза көгілдір немесе сүр түсті болады. Мұрнының ұшы, құлақтары, аяқтары, құйрығының үсті денесінің түрімен салыстырғанда әлдеқайда қоңырлау болып келеді.

Қара қоңыр үй қоянының тұқымы ірі, түсі ерекше, тез өсіп-жетіледі, етті, континентальды ауа райына жақсы бейімделген. Дене бітімі мықты, ауруларға төзімді келеді. Дене тұлғасы келісті әрі шаруашылыққа пайдалы. Қоянның бұл тұқымының қанында шаруашылыққа тиімділігі жағынан шиншилла, вена көгілдір үй қояны тұқымдары басым. Ол өсімталдығы жөнінен ақ қояннан да жоғары тұрады.

Қоянның бұл тұқымының орташа тірілей салмағы 5 килограмм тартады. Жақсылары 6,5 килограмға дейін жетеді, денесінің ұзындығы 61 см, кеуде орамы 37 см. 9 айдан асқан элита класына жататындарының салмағы 5,3 кг ал төрт айлық көжектерінің сал-мағы 3,2 кг тартады.

Ұрғашы қояны сүтті, өскелең болады, көжектерін жақсы жа-рытады. 7—8 көжек туады, бір тәулікте көжектері 18,3 г салмақ қосады. Көжектерінің түсі туғанда қара болады да тек 7—8 айдан кейін ғана сақа қояндардай қара-қоңыр түске ауысады. Бұл қоян-ның дене бітімі мықты, тұрқы ұзынша келген, сүйектері ірі. Олар-дың әсіресе ұрғашылары төсінің астында жақсы жетілген, қыр-тыстанған терілері болады. Олар қоянның жасы өскен сайын кө-бейіп отырады. Басы үлкен, құлақтары ұзын және жалпақ, аяқтары жуан, ұзын, өте ыңғайлы, арқасы түзу және жалпаң, бөксесі үлкен, жұмыр.

Денесінің түгі өте қалың, қара қоңыр түсті болып келеді. Не-гізінде қылшықтары мен қоңыр түбіттерінің жылтыр ұштары жи-нақталып, қара-қоңыр түс береді. Олардың көжектері төрт айға дейін, яғни екінші рет түлегенге дейін қара болады да, содан кейін қоңырлана бастайды. Түлегеннен кейін жүні қара-қоңыр тартып, сырттан қарағанда қоңыр түс, жылтыраған әдемі қалың қара матаға ұқсап, теріні құлпыртып жібереді. Терісі боялмастан сол күйінде пайдаланылады.



Ақ қоян — еті мен терісі үшін өсіріліп жатқан ірі тұқым. Ол XIX ғасырда Бельгия мен Германияда еті дәмді, сүйегі жұқа фландр тұқымынан таңдалып, іріктеліп алыну нәтижесінде шығарылған. Бұрығы одаққа 1927—29 жылдар аралығында әкелінген. Сөйтіп жүйелі іріктеу, терең түрде жүргізілген тұңымдық сұрыптау жұмысының нәтижесінде бұл тұқымның өзгерген мол өнімді, өсімтал ірі тұқымы шықты. Кейінгі жылдары бұл қоянды сұр үй қояны мен шиншилла тұқымымен шағылыстыру жолымен

281

одан әрі жетілдіре түсті. Соның нәтижесінде бұл тұқымды асыл-дандыру, дұрыс азықтандыру, күтіп-бағу едәуір жақсарды. Бұл тұқымның орташа тірілей салмағы 5,6 кг, ал таңдаулылары 7,5 кг тартады. Денесінің тұрқы 67 см, кеуде орамы 37 см. 9 айлық элита класына жататындарының ең аз салмағы 5,5 кг, 1 кластылары 4,8 кг тартады, ал 4 айлық көжектерінің салмағы 3,3 және 3,0 кг болады.

Бұл тұқымның ұрғашы қояны 7—8 көжек туады. Олар сүтті, көжектерін жақсы жарытады.

Ақ үй қояндары тұқымының дене бітімі мықты болып келеді, Сүйектері жұқа, берік болады, басы домалақ, онша үлкен емес, ұзын да жеңіл, тік тұратын жалпақ құлақтары бар. Қан тамырларының көрініп тұруына байланысты көздері қызыл сияқты болып көрінеді. Бұлардың еттілігі орташа, аз уақыттың ішінде жетіліп, жақсы өнім береді.

Үй қояндарының бұл тұқымы басқа қоян тұқымын жақсартуда, тірілей салмағын арттыруда жиі пайдаланылады, Дене түгі бірыңғай ақ, ешқандай қара қылшықтар араласпаған. Олардың түктері сәнді, жылтыр, мықты және қалың болып келеді. Терісін табиғи күйінде де және боялған күйінде де пайдалануға болады.

Совет мардері — терісіне бола өсірілетін тұқым. Бұл тұқым 1940 жылы бекітілген. Қоянның бұл тұқымы Армения мал шаруа-шылығы ғылыми-зерттеу институтының эксперименттік базасында орыс ақ қояны тәрізді үй қоянын шиншилла және жергілікті көгілдір түсті қоянмен будандастыру жолымен шығарылған. Совет мардерінің тірілей салмағы 3,8—4,5 кг. Дене тұрқы 45—57 см, кеуде орамы —34 см. 9 айдан асқан элита класты үй қояндарының салмағы 4,9 кг. 1 кластарынікі 4,4 кг. 4 айлық көжектерінің салмағы 2,9 кг, 1 класынікі 2,5 кг. Сүттілігі жақсы, көжектерін жақсы жарытады. Олардың әрқайсысы 7 көжек, ал жақсылары 8—12 көжекке дейін туады.

Бұл үй қояны етті, тығыз, қысқа аяқтары мықты болып келеді. Денесінің жүні үлпілдек, қалың, жұмсақ жылтырап тұрады. Негізгі түсі бұлғынның түсіне ұқсас қоңыр, қара қоңыр және кейбіреулері сусардың түсіндей ақшыл қызыл болып келеді. Совет мардерінің сусар болып та аталуының өзі терісінің сусар терісіне ұқсас болғандығынан. Басы, құлақтары, құйрығы және табандары денесінің түгіне қарағанда әлдеқайда қаралау. Қылшықтары мен түбіттерінде түсі жағынан айырма жоқ. Көжектері туғанда сұрғылт түсті немесе одан да қаралау болып келеді де, 50—60 күндігінде аздап қоңырлана бастайды. Көжектері 4 айлығында түлеп, сақаларының түсіндей түске енеді.

Қоянның бүл тұқымы еліміздің оңтүстік аудандарына жақсы бейімделген. Қазіргі уақытта негізгі таралған жері және дербес шаруашылықта көптен өсірілетін аймағы — Армения. Қоянның бұл тұқымын Қазақстанның оңтүстігінде өсіруге әбден болады.

Тубітті ақ қояндары. Ақ үй қояны мен фландр тұқымын бу-дандастыру жолымен шығарылған. Орташа салмағы 4—4,6 кг, де-

282

не тұрқы 54 см, кеуде орамы 34 см. Олар аз уақыттың ішінде же-тіліп, мол өнім алынады. Бұл тұқымды азықтандыруға қаржы аз жұмсалады. Ұрғашысы 7 көжектен туады, сүттілігімен ерекше бағаланады. Көжектері бір тәулік' ішінде 19,5 г салмақ қосады. 9 айдан асқан элита кластыларының салмағы 4,6 кг. 1 класынікі 3,9 кг тартады. Осындай 3 айлық көжектерінің салмағы 2,1 және 1,9, ал,4 айлықтарынікі 2,7 және 2,4 кг болады.

Дейесінің түсі ақ, оның жүнінің 94—96 проценті түбіттен тұ-рады. Орта есеппен жылына еркектерінен 485 г, ал ұрЕашылары-нан 420 г тубіт алынады. Бір ңояннан (көжектерін ңоса есепте-генде) бір жылда 1326 г түбіт алынған.

Кировтың тубітті үй қояны тұлғасы орташа тұқымдардың қатарына жатады. Дене бітімі мыңты, сүйегі ірі, басы үлкен. Құ-лақтары ұзын, жалпақ, қалың түбітпен жабылған. Құлақтарының ұшына жүн шықпайды. Кеудесі кең, жақсы жетілген. Арқасы түзу, жалпақ. Аяқтары онша ұзын да, қысқа да емес, жуан болып келеді, сыртын түбіт қаптаған. Жүні ақ, кейде көк болады.

Ұрғашы қоянының салмағы орта есеппен 3,7 кг, еркегінікі — 3,8 кг тартады. Тұқымдық топқа жататындардың салмағы 4,5— 5 кг жетеді. Ұрғашысының дене тұрқы 54 сантиметр, еркегінікі — 55 сантиметр, кеуде орамы —35—36 сантиметр.

Ұрғашысы 6—7 көжектен, аса төлшілдері 7—9 тіпті одан да көп көжек туады. Олар сүтті, көжектерін жақсы жарытады.

Асыл тұқымды фермаларда бір түбітті үй қоянынан орта есеппен 300 грамм, ал одан тәуірлерінен 400—500 грамнан түбіт түседі. 3—3,5 айға толмаған көжектердің әрқайсысынан өкі рет түбіт-тегенде 35—40 грамм түбіт алынады.

Кировтың түбітті үй қояны түбітінің құрамында 3,5 процент қылшық жүн болады. Түбіт жақсы басылады, бірақ ұйыспайды, әдетте мұны велсор фётрін жасауға пайдаланады.

Бұл тұқымның сақа қояндарының салмағы 4—4,6 килограмм, дене тұрқы 53—67 см, кеуде орамы 34 см, өскелең, сүтті, көжектерін жақсы жарытады. Сақаларынан орта есеппен 400 грамға тарта түбіт алынады. Тұқым жылдан-жылға жақсартыуда. Кеудесіне шоқ-шоң болып ақ жүн шықса, саны мен бүйіріндегі жүннің түсі сарғыш болса, мұны жүннің ақауы деп білу керек. Ал жүні қоңырланып, оның үстінде аң дақтар болса бұл үлкен кемістік болып саналады.

Бұл тұқымның қояндары аштыққа төзімді, әр түрлі климат жағдайын да өтө жақсы көтереді. Сондай-ақ тез жетілгіш, жемдеп семіртуге, ал 5—6 айлығында шағылыстыруға дайын болады. Қа-зақстанда қоянның бұл тұқымы кез-келген ауданның климат жағ-дайына өте жақсы бейімделеді, соған сай оларды барлық облыс-тарда өсіруге әбден болады.

Орыстың ақ қалақ қояны. Терілік бағытта өсірілетін ұсақ тұ-қымдардың қатарына жатады. Ол 1928 жылы Англиядан әкелінген ақ қалаң қоянының негізінде шығарылған. Бұлардың орташа тірілей салмағы 2,5—3,8 кг дене тұрқы 57 см, кеуде орамы 35 см.

283

Өсімталдығы жақсы. Ұрғашылары бір туғанда орта есеппен 8 кө-жек туады. Тіпті одан да көп көжек тауып, жарыта алады. Көжек-тері аппақ болып туады. 3—4 жетіден кейін тұмсығы мен аяқтары қарая бастайды. Бес ай болғанда олардың түсі осы тұқымның сақа қояндарына ұқсайды.

Қояндардың бұл тұқымының арқасы жалпақ, денесі тығыз келеді. Аяқтары мықты болады. Денесінің жүні қалың, қысқа, түсі ақ, жылтылдап тұрады, ал тұмсығының ұшы, құлақтары мен құй-рықтары қара немесе қоңыр болып келеді. Көжектері туғанда ақ болады, бірақ, 28—30 күннен кейін мұрнында, құлағында содан кейін тағы бір апта өткеннен кейін аяқтарында және құйрығында сұр жүндер пайда бола бастайды. Түсінің қара болуы, яғни ақ, қара түстің араласып^кетуі үй қоянын өте сүйкімді етіп көрсетеді.

Орыстың аң қалақ, қояндары тіршілікке өте төзімді және олар біздің еліміздің климаттық жағдайларына жақсы бейімделген. Өте көнбіс, қатты аяздың өзінде тоңа қоймайды. Ауруларға да төзімді. Қояндардың бұл тұқымының жүні өте қалың, жұмсақ, денесінің жүні қысқа болады.

Біздің елімізде осы бір бағалы тұқым қоянының саны өте аз. Өйткені бұлар тек дербес шаруашылықта ғана өсіріліп жүр. Қазіргі жағдайда қоян өсірушілердің алдында тұрган негізгі міндет осы қоян тұқымын қайткен күнде де көбейту керек. Жүйелі түрде жүргізілген селекциялық жұмыстың нәтижесінде олардың жақсы сапалы жүнін сақтап, салмағын арттыру керек.

Терісі өте сапалы. Сондықтан да оны аң терісі өндірісінде ақ тышқан терісімен араластырып, ішік тігу үшін пайдалануға болады. Бұл тұқым тез жетілгіш, 5—6 айлығында толық жетіліп болады. Қазақстанның барлық облысында да жақсы өседі.

ҮЙ ҚОЯНДАРЫНЫҢ ДЕНЕ Қ¥РЫЛЫСЫ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Басқа малмен салыстырғанда үй қояндарының дене құрылысы да, тіршілік әрекеті де ерекше. Бұл ерекшеліктер және оларда өтіп жатқан тіршілік процестері — қоян анатомиясы мен физиологиясы негізінде жүріп жатқан құбылыстар. Ендеше, үй қояндарын қолда дұрыс өсіру үшін, олардың анатомиясы мен физиологиясын жете білу қажет.

Қоян организмі басқа жануарлар организмі сияқты, әрқайсысы белгілі бір тіршілік қызметін орындап, сыртқы ортамен байла-ныстыратын әр түрлі органдар мен тканьдерден, клеткалардан тұ-рады.

Қозғалу органдары. Сүйек, шеміршек және буын байланыстары паесивті қозғалу органдарына, ал бұлшық еттер активті қозғалу органдарына жатады. Еттер жиырылып, босаңсып сүйектерді қозғайды. Соның нәтижесінде жануарды қозғалысқа келтіреді.

Үй қоянының қаңқасы 212 сүйектен тұрады. Жаңа туған кө-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет