Мал өcipy. Алматы:Қайнар, 1995



бет24/24
Дата18.02.2017
өлшемі5,89 Mb.
#9897
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

339

тегістеп, ақтап, ал сыртқы жағынан жылу өткізбейтін заттар салып, сылап тастайды.

Қораның төбесін шатырлап, үстін су өткізбейтін материалдармен жабады. Қысы қатты аудандарда шатырдың ішкі бетін жылу сақтайтын заттармен қаптап, сылап тастаған жөн.

Қораның есігін, әдетте оңтүстіктен немесе оңтүстік шығыстан шығарады. Себебі қораның кіре беріс жағына күн сәулесі үнемі түсіп тұрса, онда оның алдында қыс кезінде қар мен мұз қатпайды, еріп кетөді. Есік пен терезелер арасында ауа қозғалысы болмас үшін қора терезёлерін де есік түскен қабырғадан жасайды. Терезелер еден деңгейінен 1,5 метр жоғары салынады. Олардың жалпы көлемі қора еденінің көлеміне байланысты және осы екеуінің өзара қатынасы әр түрлі мал ,үшін түрліше болып келеді. Ғылыми түрде осы қатынас көрсеткішін жарық, коэффициенті деп атайды.

Ғылыми тұрғыдан алғанда жарық коэффициенті, яғни терезелер мен еден көлемінің ара қатынасы құс қорасында 1:10-ға, қой мен ешкі қорасында 1:20-ға, ірі қара қорасында — 1:16-ға тең.

Мал мен үй құстарын түрлі аурудан сақтандырудың негізгі жолдарының бірі — қораны таза ұстау және оның ішінде бірқа-лыпты микроклимат сақтау. қора ішіндегі микроклимат көбіне еденге байланысты болады. Әдетте, қой мен ешкі қораларының еденін тапталған саз балшықтан, ал ірі қора қорасының еденін ағаш тақтайдай жасайды. Еден жасағанда қай малдың тәулігіне қанша зәр шығаратынын ескеру керек. Мысалы ірі қара орта есеппен тәулігіне 20 л, ал бұзау 2 литрге дөйін зәр шыгарады екен. Сондықтан ірі қара тұратын қора еденінің малдың артқы жағына қарай сәл ойыстау келгені дұрыс және зәр ағатын сайлары болуы керек.

Мал қораларын салғанда оның ішіндегі ауаның дер кезіндө тазартыльш тұруын ескерген жөн. Сөбебі ауасы тазартылмаған қорада зәр мен нәжістің ыдырауынан найда болатын организмгө зиянды көптеген газдар жиналып, малдың денсаулығына, оның өнімділігіне әсер етеді. Осындай себептердің салдарынан сиыр сүттілігінің 18%, құс жұмыртқалағыштығының 10—15% кемитін-дігі ғылыми түрде дәлелденген. Сондықтан қора ішіндегі ауаның тұрақты түрде алмасып тұруы үшін зәр мен нәжіс жиналатын жердің төбесіне шатыр арқылы құбыр орнатады. Бұл құбырдың ашылып-жабылып тұратын қақпағы болғаны дұрыс.

Сонымен қатар мал қорасының микроклиматына әсер етуші негізгі факторлар— қора ішіндегі ауаның қозғалу жылдамдығы, температурасы, ылғалдылығы. Әринө, қора ішіндегі микроклимат-тың өзгеруіне жергілікті жердің бедері (рельефі), ауа райы мен жыл маусымдарының әсер ететіндігі болса да белгілі. Микроклиматтың қалыпты болмай, үнемі өзгеріп отыруы мал мен құс орга-низмдерінде жүретін физиологиялық процестерге ықпалын тигізіп, олардың өнімділігін 20 проценттен 40 процентке дейін кеміте-



340

ді екен. Әсіресе өсіп келе жатқан жас төл организміне қатты әсер

етеді.

Енді қора микроклиматының өзгеруіне ықпалын тигізуші негізгі факторларға және олардың мал мен қүс организмдеріне тигізетін әсері мен зардаптарына тоқтала кетейік.



Температура. Мал мен құс организмдерінде ұдайы жүретін зат алйасу процесі сыртқы орта, яғни қора ішіндегі ауа температура-сының көрсеткішімен тікелей байланысты. Жануарлар организм-дерінде температураның тұрақты екендігі баршамызға мәлім және дені сау мал мен құста дененің тұрақты температурасы сыртқы" ортаға байланысты өзгермейді.

Қора ішіндегі ауа температурасының қалыпты жағдайдан тө-мендеп, сууы организмге жемшөп арқылы әкелінген химиялық энергияның едәуір бөлігі дене температурасының тұрақты деңгейде ұсталуына шығындалады. Демек, желінген жемшөптің тиімділігі төмендейді. Осының салдарынан мал мен құстың өнімділігі өз дәрежесінде болмайды, азаяды. Бұған қоса қора ішінің сууы жас төлдердің әр түрлі ауру-сырқауға шалдығуына да әсерін тигізеді.

Керісінше, қора ішіндегі ауа температурасының қалыпты жағ-дайдан жоғары болуы да мал мен құстың жемшөпке деген тәбетін төмендетеді де, олардың өнімділігінің кемуіне әкеп соқтырады. Сондықтан қора ішіндегі ауа температурасының бірқалыпты болуы мал организмінің өнімділігіне, денсаулығына қолайлы жағдай туғызады. Бірақ мал мен құстың түріне, тұқымына, өнім алу ба-ғытына қарай қора ішіндегі ауа температурасының көрсеткіші әр түрлі болып келеді. Түрлі мал түліктеріне байланысты қора ішіндегі ауа температурасының қалыпты көрсеткіші ғылым жүзінде анықталған. Мысалы ірі қара қорасының ауа температурасы қыс кезінде 8—12°С, бұзаулайтын қорада бұдан сәл жоғарырақ 14— 18°С, ал жас бұзауларға арналған қораның температурасы 16— 20°С болғаны жөн. Сондай-ақ марқа бұзаулар тұратын қораның темпёратурасын 12—18 градустық деңгейде ұстау керек. Қой мен ешкіге арналған қораньщ температурасы 3—6°С болғаны жөн. Бі-рақ төлдету кезінде қораны жылылап, 12—15 градусқа дейін көтеру қажет.

Құс қораларының температурасын 13—17°С, балапандар тұ-ратын бөлімдердің температурасын 30—32°С дейін жылытқан дұ-рыс Қарақұлақтанған балапандарға 18—20°С болса да жетеді.



Ылғалдылық. Қора ішінің микроклиматына ауа ылғалдылығы-ның тигізетін әсері зор. Сондықтан қора ішіндегі ауа ылғалды-лынының қалыпты жағдайдағы көрсеткішін білген жөн. Ол 60— 70 процентке тең. Бірақ ауаның ылғалдылығы оның температурасына тікелей байланысты келеді.

Қорадаға ауа қозғалысы. Малды сыртқа шығарғанда қораның есігі мен терезелерін ашып, оның ішіндегі ауаны желдетіп тазартып отырады. Ал жауын-шашынды күндері малды сыртқа шығара алмайсыз. Дегенмен қораның ауасын желдету керек. Бірақ осы желдету кезіндегі ауаның қозғалу жылдамдырының да мал орга-

341

низміне әсер ететіндігін айтпай кетуге болмайды. Ауа қозғалысы жылдамдығының қалыптағыдан күштірек болуы, яғни өкпек жел малды, соның ішінде жас төлді әр түрлі суық тиюден өршитін ау- руларға, мысалы тыныс жолдары ауруларына шалдықтыруы мүм-кін. Сондықтан төл қора ішіндегі ауа қозғалысының жылдамдығы қыста 0,1—0,2 м/секундтан, жазда 0,3—0,5 м/секундтан, ал сақа мал қораларында— қыста 0,3—0,5 м/секундтан, жазда 0,8—1,0 м/секундтан аспауы керек.

Көмір қышқыл газы. Суық күндері мал қораларын толық жел-детпеуге байланысты көмір қышқыл газы көп жиналып, малдың денсаулығына, өнімділігіне әсер етеді. Сондықтан да ауада шоғыр-ланған көмір қышқыл газының қалыпты көрсеткішін білу керек. Оның ірі қара үшін 0,25 проценттен, төл үшін 0,2 проценттен. ал құс үшін 0,15—0,18 проценттен аспағаны абзал.

Аммиак. Мал денесінің сыртқы кілегей қабықтарына әсер ететін газдардың бірі — аммиак. Аммиак қора ішіндегі нәжіс пен зәрдің ыдырауынан пайда болады. Ол қора ішіндегі ауада көптеп жи-налып, малдың тыныс алу жолдарын қабындыруы мүмкін. Тыныс алу органдары арқылы аммиак қанға өтіп, оның құрамындағы эритроциттер санының, соның ішінде темоглобин мөлшерінің аза-юына әкеліп соқтырады. Сондай-ақ аммиактың әсерінен нерв жү-йесінің қызметі де бұзылады. Мал тынышсызданады. Осы өзгеріс-тер оның өнімділігінің нашарлауына әкеліп соқтырады. Амиакқа әсіресө құс тым сезімтал келеді. Қора ауасындағы аммиактың қа лыпты шоғырлануы сақа мал үшін 20 мг/м3, ал төл үшін 10 мг/м? аспағаны дұрыс.

Мал мен құс суару. Организм үшін судың маңызы зор. Себебі организм құрамының 60—70 проценті судан тұрады және ондағы үздіксіз жүретін химиялық реакциялар тек су ерітіндісінде ғана жүреді. Сондықтан малдың ауруға шалдықпауы және одан мол өнім алу үшін құнарлы жемшөппен азықтандырумен қатар оны уақтылы суарып тұру керек. 4—5 күн су ішпеген малдың (түйеден басқалары) өлуі мүмкін. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда денедегі судың 10% азаюы организмді ауыр, кері қайтпайтын әр түрлі органикалық өзгерістерге ұшыратады екен, ал 20% кемуі, тіпті өлім-жітімге әкеліп сықтырады.

Малдың қоңды да өнімді болуына қалыпты температурадағы таза сумен суарудың тигізетін әсері көп. Сақа мал мен құсқа бе-рілетін судың көптеген қалыпты температурасының 10—12 градус-тан төмен болмағаны дұрыс. Буаз малға берілетін суды 12—15 градусқа дейін, ал жас төлдерге берілетін суды 15—20 градусқа дейін жылытып берген жөн.

Ірі қараны күніне 3 рет, ал сауын сиырды 4—5 рет суаруға болады. Қой мен ешкіні 1—2 рет, ал шілдеде 3 ретке дейін суарады. Орта есеппен ірі қара бір тәулікте 60,0—70,0 л, 6 айға дейінгі жас бұзау 10,0 л, қой мен ешкі 8,0 л, қозы мен лақ 4,0, қоян 3,0 л. ірі Тауықтар 0,3 л, күркетауықтар 0,8—1,0 л, ірі үйректер 0,5— 0,7 л, ірі қаздар 0,9—І,3 су ішеді.



342

ДЕРБЕС ШАРУАШЫЛЫҚТАРДАҒЫ ЖҮРГІЗІЛУГЕ ТИІСТІ МАЛ ДӘРІГЕРЛІК-САНИТАРЛЫҚ ШАРАЛАР

Сапалы өнімдерді — етті, сүтті, жұмыртқаны, тері шикізаттарын, өлтіріні, жүнді, тағы да басқаларын тек дені сау мал мен құстан ғана өндіруге болатыны баршаға мәлім. Демек, дербес шаруашылықтағы Мал мен қүстың өсіп-өнуіне керекті де қажетті жағдайларды мал дәрігерлік және санитарлық талапқа сай жасау әрбір азаматтың борышы болып саналады. Сондықтан мал мен құс өсіруші азаматтардың жиі кездесетін аурулар жайлы жалпы түсінігі болуы керек. Бұл аурулардың қандай себептерге байланысты өршитінін, аурудың белгілерін, ауруға шалдықтырмау үшін қолданылатын сақтық шараларын, ал керек бола қалған жағдайда кейбір емдеу тәсілдерін де білу әрбір мал өсіруші азаматқа ауадай қажет. Соған орай енді мал мен құста жиі кездесетін аурулар және оларды болдырмас үшін жүргізілетін тиісті мал дәрігерлік-санитарлық шараларды сөз етейік.



МАЛ МЕН ҚҰСТА ЖИІ КЕЗДЕСЕТШ АУРУЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ

Жануарлар организмінің қоршаған сыртқы ортамен өте тығыз байланыста болатындығы бәрімізге мәлім. Организм өзін қоршаған сыртқы ортадан керекті қоректі заттарды қабылдап, керексіз ыдырау өнімдерін, керісінше, осы ортаға шығарып отырады, яғни зат алмасу процесі үздіксіз жүреді. Сонымен қатар организмге қоршаған ортаның әр түрлі қолайсыз факторлары да өз кезегінде әсерін тигізбей қоймайды. Осы қолайсыз факторлардың ықпалынан организмдегі зат алмасу процесі бұзылады да, онда жүріп жатқан қалыпты физиологиялық құбылыстардың өзгеруіне әкеліп соқтырады. Соның салдарынан организмде әр түрлі аурулардың өршуі мүмкін. Сондықтан да бірінші кезекте сыртқы ортаның ауру тудырушы қолайсыз факторларының түрлеріне тоқтала кетелік. Аталған факторлар бірнеше топқа бөлінеді.

1. Механикалық факторларға әр түрлі үшкір, өткір, ауыр, қатты заттар жатады. Солардың әсерінен организмге түрліше (кесілген, жыртылған, мыжылған, үңгіп кіру салдарынан тесілген) жарақаттар пайда болады.

2. Физикалық факторлар. Оларға ыстық, суық (температуралық факторлар), әр түрлі сәулелі энергия, электр энергиясы, ат-мосфералың құбылыстар жатады. Солардың әсерінен организм не-мөсе оның органдары күйіп, үсікке шалдығады, тағы басқадай за-қымданады.

3. Химиялық факторлар. Бұл қазіргі таңда тым көп тараған топ. Оларға сыртқы ортадан организмге түсетін әр түрлі улы химиялық қосылыстар мен минералдық заттар жатады. Мысал үшін

343

әр түрлі қышқылдар, сілтілер, ауыр металл тұздары және тағы басқаларын айтуға болады. Улы өсімдіктерде болатын түрлі алко-лоидтар мен глюкозидтерді, зат алмасу процесінің бұзылуы сал-дарынан организмнің өзі ішінде түзілетін әр түрлі улы заттарды да осы топқа жатқызуға болады. Аталған химиялық заттардың зардабынан мал мен құс организмдері уланып, көптеген аурулар-дың өршуіне себеп болады.

4. Биологиялық факторлар. Оларға жануарлар организміндегі паразиттік тіршілік ететін жануар және өсімдік тектес ірі орга-низмдер (микробтар, вирустар, қарапайымдылар, құрттар, тағы басқалар) жатады. Паразйттік тіршілікке бейімделгендіктен бұл организмдёр өздері орналасқан органдар мен тканьдердің құрылы-сы мен қызметінде үлкен өзгерістер тудырып, мал мен құс орга-низмдерін түрліше ауруларға ұшыратады.

Мал мен құста кездесетін ауруларды тудырушы себептеріне, залалдығына және таралуына қарай бірнешө улкен топқа бөледі:

1. Жарақаттар;

2. Жұқпайтын ішкі аурулар;

3. Жұқпалы (инфекциялық) аурулар — індет;

4. Паразиттік (инвазиялық) аурулар,

Осы топтарға жататын және мал мөн құста жиі кездесетін негізгі ауруларға тоқталып өтейік.

ЖАРАҚАТТАР, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАРАҚАТТАНҒАН МАЛҒА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ

Дененің жабынды ткандерінің зақымдалуына байланысты жарақаттарды жабық және ашық жарақаттар деп екі топқа бөледі.



ЖАБЫҚ ЖАРАҚАТТАР

Соғылу, Дененің тері астындағы жұмсақ тканьдерінің қатты заттарға ұрылуынан, мыжылуынан пайда болатын жарақат.

Себептері. Бұл жарақат мал денесінің доғал, қатты заттарға соқтығуынан, малдың бір-бірімен тебісу мен сүзісуінен, олардың кенеттен қатты еденге, мұзға, тасты жерлерге құлауынан, ал жылқы түлігінің ер-тұрмандарының қажауынан, сондай-ақ бақташылардың малды қатты заттармен ұруынан өршиді.

Белгілері. Дененің соғылған жері ісініп тұрады, саусақпен басқанда мал ауырсынады. Ұрылған жер қызарып тұрады да, біраздан соң көгере бастайды. Соғылу нәтижесінде қан тамырлары зақымдалады, қан тканьдерге ағады. Міне, осыған байланысты соғылган жері көгереді, ісінеді. Соғылған жердің беті ашылып, сырттан микробтар түскен жағайда, жарақат іріңдеп асқынады.

Алғашқы көмек. Соғылған, ісінген жердің жүнін қыр-



344

қып, ластанған тұсты тазалайды да йод тұпбасын немесе 5 про-центтік марганец қышқылды калий ерітіндісін жағады. Тері ас-тындағы зақымданған кан тамырларынан аққан қанды тоқтату мақсатымен суық (қар, мұз т. б.), ал 2—3 күннен соң бұл жерге жылы компресс басады.

Қанталау. Қатты соғылған жердің тері астындағы жүмсақ, ткані мен қан тамырларының зақымдалуынан қанның қоршаған тканьге өтіп жиналуын қанталау деп атайды.

Себептері соғылу кезіндегідей.

•Белгілері. Жарақаттанған орын бірден көзге ұрады. Саусақпен басқанда мал ауырсынады, былқылдап, сұйық қанның жиналғаны сезіледі. Біршама уақыт өткен соң басқанда сықырлайды. Яғни бұл жиналған қанның ұйығандығын аңғартады. Қанталаған аумақтың қызуы дененің басқа тұстарына қарағанда ыстықтау келеді. Бірнеше күннен соң қанталаған жер тығыздалады.

А л ғ а ш қ ы к ө м е к. Қанталауды байқаған бойда оған мұз, қар, тағы басқа суық заттар салған таңғышпен қысып таңып тастайды. Бұдан 2—3 күн өткен соң, керісінше ол жерді жылы компресс басып қыздырады, бетіне йод жағады. Қанталау асқынып іріңдеген жағдайда, оны ашық жара ретінде емдейді.



АЦІЫҚ ЖАРАҚАТТАР

 

Асептика және антисептика туралы түсінік. Тірі организмдерді қоршаған сыртқы ортада микробтардың пайдалы да, зиянды да көптеген түрлері кездеседі. Солардың ішінде тірі организмге түскен бойда іріңдететін микробтар да бар. Олар әсіресе малдың тері қатпарлары арасында, май мен тері бездері өзектерінде, ауыздың, тік ішектің, ұрғашы малдың жыныс мүшесінің ішкі кілегей қабығында, сондай-ақ сыртқы ортамен тікелей қатынаста болатын немесе жанасатын көптеген дене мүшелерінің сыртқы беттерінде ор-наласып алады.

Әдетте зақымдалмаған тері мен кілегей қабықтары арқылы микробтар организмге өте алмайды. Тек соғылу, қанталау, сынық, күйік, үсік, тағы да басқа кездейсоқ жарақаттардың салдарынан ғана микробтар тері мен кілегей қабықтарының зақымдалған өлі-тканьдерімен қабаттары арқылы осылардың астында орналасқан тканьдерге өтеді. Олар жарақаттанған жердің ұйыған қанымен, зақымданған өлі тканьдерімен қоректеніп, көбейеді. Сөйтіп іріңдетеді. Жарақаттың одан әрі іріңдеп, асқынуы дер кезінде көмек көрсетілмесе малды өлім-жітімге душар етуі мүмкін.

Ашық жарақаттарға микробтар мал иесінің қолынан да, көмек көрсетуші мал дәрігерінің әр түрлі аспаптарынан да, сондай-ақ қора ішіндегі заттар мен ауадан да түсуі ықтимал. Сондықтан әрбір мал иесініц ашық жарақаттарды асқындырмаудың жолдарын білгені жөн. Осы ретте асептика және антисептика ережелерін дұрыс меңгеріп, малды әр түрлі жарақаттан сақтандырған жөн.



345

Асептика деп ашық жарақатқа микробтарды түсірмеу тәсілдерін айтады. Ол әдістер негізінен мал денесіндегі ашық жарақаттар мен жанасатын заттардағы микробтарды жою бағытталады.

Антисептика деп ашық жарақатқа түскен іріңдейтін микробтарды дәрі-дәрмектердің көмегімен жою әдістерін айтады.

Жарақаттанған малға көмек көрсету кезінде асептика мен антисептика әдістерін қатар пайдаланады.

Мал денесіндегі жарақатқа көрсетілетін көмекті бастардан бұрын алдымен сол көмекті көрсетуші мал маманы, яки мал иесі жарақатқа микроб түсірмеу маңсатымен өз қолын зарарсыздап-дыруға тиіс. Қол зарарсыздандырудың екі түрлі әдісі бар.

1. Қолды сабындайды, щеткамен ысқылай отырып, жылы сумен 5 минуттай жуады. Содан соң зарарсыздандырған сүлгімен қолды құрғатып, йодтың спирттегі (1:3000) ерітіндісі сіңірілген тампонмен 3 минуттай сүртеді. Тырнақтарға йод тұнбасының 5 проценттік ерітіндісін жағады.

2. Қолды мүсәтір спиртінің 5 проценттік ерітіндісімен 5 минуттай жуып, стирильденген сүлгімен сүртеді. Содан кейін йодтың спирттегі 70% ерітшдісімен 5 минуттай сүртеді де соңынан тырнақтарға иод тұнбасының 5 проценттік ерітіндісін жағады.

Жарақатқа көмек көрсету мақсатымен пайдаланылатын хи-рургиялық, мал дәрігерлік аспаптар, мысалы, әр түрлі пышақтар, қандауырлар, қайшылар, іскектер, шприцтер, инелвр, тағы басқа шыны аспаптар дистилденген таза суға салып 30 минут қайнату жолымен зарарсыздандырылады. Кесу үшін пайдаланылатын ас-паптардың өткір жүзін қайнатардан бұрын дәкемен орап қойған дұрыс.

Жаңадан сатылып алынған аспаптарды былай дайындау керек. Хирургиялық металл аспаптарды майынан тазартып, өткір жүздерін дәкемен орайды. Көмірқышқыл содасының 2% ерітіндісінде немесе күйдіргіш натрдың 0,25% ерітіндісінде 15—20 минуттай қайнатады. Содан соң емдеу жұмысына пайдалана беруге болады. Оларды келесі емдеу жүмыстарына да осылайша дайындаған дұрыс. Іріңді жарақаттарды емдеуге қолданылған аспаптарды келесі жүмысқа дайындау үшін жоғарыда аталған екі ерітіндінің біріне лизолдың 0,5% ерітіндісін қосып, кемінде 30 минут қайнату керек.

'Резина қолгаптарды, тартқыштарды автоклавта зарарсыздан-дырады. Ал автоклав болмаған жағдайда суға салып, 20—30 ми-нуттай қайнатып алады.

Таңғыш материалдарды, мысалы, дәкені, бинттерді, мақтаны, тампондарды, халаттарды, сүлгілерді автоклавта 1,5 атмосфералық қысыммен 30 минуттай, ал 2 атмосфералық қысыммен 20 минуттай зарарсыздандырады. Автоклав болмаса, су шашып үтіктеуге де болады.

Жарақаттарды тігуге арналған тігіс жіптерін сабындап ыстық сумен 2 минуттай жуады да, шыны таяқшаларға орап, мүсәтір спиртінің 0,5% ерітіндісіне 15 минуттай салын қояды. Бұдан соң



346

ерітіндіден шығарады да, 70% спиртте ерітілген формалипнің 2% брітіндісіне 15 минуттай салып алады. Тегіс жіптерін автоклавта да зарарсыздандыруға болады. Ішектен жасалған тартқышты (жгутты) формалиннің, 4% ерітіндісінде 72 сағат үстаса да болады.

Жарақаттарға көмек көрсетуге керекті аспап-құралдарды, таңғыш және тігіс материалдарын қазіргі кезде зарарсыздандырылған дайын күйінде мал дәрігерлігі дәріханаларынан сатып алуға болады.

Ашьқ жара. Әр түрлі сыртқы әсерлерден тері мен организмнің кілегей қабықтарының зақымдануына байланысты өршіген жара-қатты ашық жара дейді. Ашық жараның сыртқы түрі жарақаттанған заттардың формасына сәйкес келеді. Соған орай әр түрлі аталынады. Мысалы, тілінген жара — өткір жүзді заттардың (пышақтың, шыны сынықтарының т. б.) тіліп кетуінен, тесілген жара — үшкір іскекті заттардың тесуіпен, кесілтен жара — балта, жүрек жүздерінің денеге даруынан, мыжылған жара — таяқпен, таспен т. б. ауыр заттармен сорудан, жыртылған жара — ілгектің, шегенің, ағаштың қураған бұтағының т. б. ілгіш заттардың іліп кетуінен, тістелген жара — жыртқыштардың тістеуінен пайда болады. Аталған жаралардың ішінде тезірек жазылатындары — кесілген, тесілген жаралар. Жараның жазылуына әсер етуші факторлардың ең негізгілерінің бірі — жедел көмек көрсету. Мал денесіндегі жарақатқа көмек неғүрлым жедел көрсетілсе, ол соғұрлым тез жазылады. Уақыт озған сайын жарақатқа әр түрлі зиянды микробтар түсіп, жараны асқындыра береді. Тым лас заттардың әсерінен өршіген жаралар көбіне іріңдеу жолымен асқынады.

Белгілері. Жаңа пайда болған жараның аузы ашылып, қан ағып тұрады. Жараға қолды жақындатқанда мал ауырсынады.

А л ғ а ш қ ы к ө м е к. Бірінші кезекте ағьш жатқан қанды тоқтату керек. Осы мақсатпен қанның қандай қан тамырларынан ағып жатқанын анықтаған жөн. Капилляр тамырларынан қан тамшылап, веналардан бірқалыпты үздіксіз, ал артерия тамырларынан алқызыл қан үлкен қысыммен әлсін-әлсін (жүректің соғуынаа сәйкес) шаншып ағады. Осылайша аққан қанға зарарсызданған дәке немесе тампон басып сыртынан бинтпен қысып таңып тастайды. Қан тамырларынан үздіксіз ағып жатқан қанды тоқтату мақсатымен іскек (пинцет) пайдалануға болады. Іскекпен қан ағып жатқан тамырдың ұшын 1—2 сағат қысьш "қояды. Ал жіңішке тамырлардың ұштарын бірнеше рет бұрап тастаса да қан тоқтайды. Диаметрі жуандау қан тамырларынан аңңан қанды тоқта-ту үшін бұлардың зақымдалған ұштарын немесе қабырғаларын зарарсыздандырылған жібек жіппен байлап тастайды. Ал аяқтар-дағы жуан қан тамырлары зақымдалған жағдайда қан аққан жерден жоғарырақ резина тартқышпен тартын байлап, дереу мал дәрігерін шақыру керек.

Жараны қан тоқтаған соң ғана емдеуге кіріседі. Кішігірім жа-



347

рақаттарды мал иесінің өзі де емдей алады. Ол үшін емдеу әдісін меңгерген дұрыс. Көмекті жарақаттанған жердің айналасындағы жүнді, қылшықты тықырлап қырқудан немесе ұстарамен қырудан бастаған жөн. Жараның бетін сутегі асқын тотығына малынған стерильді дәкемен немесе тампонмен тазартып сүртеді. Микробтар түсіп, әлі жетіле қоймаған таза жаралардың ернеулеріне йодтың 5% ерітіндісін жағып, содан соң стерилді жібек жіппен бірнеше жерден іліп тігеді де, сыртынан таңғыш салып тартып тастайды. Мұндай жаралар 7—12 күн арасында тігіс бойынша толық байланысып жазылады. Әрине, кейде жара асқынып та кетіп жатады. Мұндайда алғашқы көмек көрсетілген соң, мысалы, қан тоқтату, болмаса жараның бетін өңдеу сияқты жұмыстардан кейін, мал дәрігерін шақырту керек. Жарақатты емдегеннен кейін, одан әрі ауру малға қалай қарау керек екендігі жөнінде мал дәрігері кеңес береді. Мал иесі бұл кеңесті бұлжытпай орындауға тиіс.



Күйік деп мал денесінің жоғары температурадан немесе хи-миялық күйдіргіш заттардан күйіп, жарақаттануын айтады. Де- недегі күйікті өршу белгілеріне қарай төрт сатыға бөледі.

Күйіктің бірінші сатысында күйген жер сәл қызарып, ісінеді. Бұл жерді саусақпен басқанда мал ауырсынады.

Екінші сатысында күйтен жердің терісі шел қабатына дейін зақымданып, ісінеді. Тері бетінде күлдіреуіктер пайда болады.

Ал үшінші сатысында терімен қатар оның астында жатқан жұмсақ тканьдер де зақымдалады. Қатты күйген жердің ткандері өледі. Сыртынан басып қарағанда жарақаттанған аумақтың терісі құргап тұрады. Қатаяды, бірақ ауырмайды. Күйген жердің өлі тканьдерін алған бойда ол ашық жараға айналады.

Күйіктің төртінші сатысында жарақаттанған жердің тканьдері күйіп, көмірге айналады, ол терең зақымдалады.

А л ғ а ш қ ы к ө м е к. Күйіктің алгашқы екі сатысында мал иесінің өзі-ақ көмек көрсете алады. Көмек көрсетілетін тұстың жүнін, қылшығын қырқып, спиртке немесе бензинге малынған дәкемен сол жердің бетін сүртіп, тазартады. Бұдан соң күйіктің бетіне марганец қышқылды калийдің 3—5% немесе бриллиант жасылының 1—2% спирттегі ерітіндісін, болмаса йодтың 5% ері-тіндісінің бірін жағады.

Химиялық күйіктерді бірінші кезекте жылы сумен жуып, жүнін қырқады да, күйген жерді соданың 5—10% ерітіндісімен, ал сіл-тімен күйген жерді сірке қышқылының 2% ерітіндісімен бейта-раптайды.

Күйіктің үшінші және төртінші сатыларында малдың дене қызуы көтеріледі, тыныс алуы мен қан тамырының соғуы жиілейді. Малдың күйі төмендей бастайды. Емдеу жұмыстарын жургізу үшін дереу мал дәрігерін шақырту керек.



Үсік кезінде мал тканьдері төменгі темиератураның әсерінен зақымдалады. Оған негізінен мал құлағының ұшы, желіні, еркек

348

малдың қамшысы, ұмасы, құстың айдары, сырғасы, аяқтары шал-

дығады.

Үсікті өршу белгілеріне қарай үш сатыға бөледі. Бірінші сатысында тері мен оның шел қабаты ісінеді, ауырады және көгілдір тартады. Екінші сатысында үсіктің көлемі тым ұлғайып, тері бетінде іші қанды сұйыққа толған күлдіруіктер пайда болады. Күлдіреуіктер көп кешікпей жарылады да, олардың орындарында сулы жаралар өршиді. Ал үшінші сатысында үсікке шалдыққан тканьдер өледі де өлі тканьдердің орындарында уытты жаралар пайда болады.

Емдеу үшін дереу мал дәрігерін шақыру керек.

.

 

ЖИВОТНОВОДСТВО



(на казахском языке)

Рөдактор А. Отарбаев



Художественный редактор Б. Р. Жапаров

Технический редактор Т. Суранова

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет