Мал өcipy. Алматы:Қайнар, 1995



бет16/24
Дата18.02.2017
өлшемі5,89 Mb.
#9897
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24

209

Аруаналар денесінің орташа өлшемдері,см



 

 

сымы ішінде әр інгеннен Монғолияда 319 кг (орта есеппен м|айлы-лығы 5,65 процент) сүт сауылған. Гоби шөлінде көктем-жаз мау-сымында піштірілген атаншалар тәулігіне 240 г, ал күз айларында 434—658 г салмақ, қосады. Түйенің қоңдылығына сәйкес сойыс шығымы 51,9—64,1 процент. Монағол түйелерінің тұқымы көбей- ту және жақсарту үшін оның таза тұқымын өсірген тиімді, сондайІ -ак, қалмақтың және қазақтың қос өркешті түйелерінің бураларымен шағылыстыруға болады.



Аруана тұқымы. Бір өркешті түйелердің барлығын елімізде аруана тұқымына жатқызады. Олар ғасырлар бойы халықтық се-лекция жолымен алынып өсірілген. Жаздың аңызақ ыстығы мен құргақшылық жағдайларына көнбіс. Оның тағы басқа бағалы да пайдалы қасиеттері көп. ТМД-да барлық түйелердің үштен бірі аруана. Бұл тұқымның ең көп өсірілетін жері Түрікменстанда, ішінара Өзбекстанда, сондай-ақ Азербайжан мен Қазақстанда кездеседі, ал шет елде Иранда өсіріледі.

Аруана ірі, мүсінді, конституциясы берік, өте жақсы жетілген, басы етсіз, жеңіл, епті, ширақ, және үстіңгі ерні ортасынан жырық болып біткен, мұрны сәл дөңес, мойны ұзын, қуатты және бұлшық етті, кеудесі биік және кең, тұрқы ұзын және жұмыр, жалғыз өркеші тұтасып біткен, артқа қарай сәлшығыңқы, алдыңғы аяқтарының табандары артқы аяқтарының табандарына қарағанда жалпақтау, терісі жұқа, созылмалы, жеңіл. Түсі — көбінесе ақшыл және қара қоңыр болып келеді, қуқыл сарғылт, қызыл сарғыш, таш басқа түстері де кездеседі. Аруананың аталығы — үлектердің орташа тірілей салмағы 680 кг, кейбіреулері 933 кг, ал інгендердің орташа тірілей салмағы 550—660 кг тартады. Аруана інгендері 12—15 ай сауылады да, осы маусым ішінде орташа майлылығы 4 процент жәнө одан да жоғары 2000— 2500 кг сүт шығады. Орта есеппен 2 килограмнан 4 килограмға дейін, ал ең жақсы үлектерінен 6 килограмға дейін жүн қырқылады.

Аруана түйесі өте өсімтал түлік. Олардың төлі 3 жасқа толғанда 350—400 кг тартады немесе енесі салмағының 70—75 процентіне жетеді. Қоңдылығы жоғары аруана түйелерінің өркешіндегі майдың салмағы 100—150 килограмға жетеді және 1 кг май жинау үшін олар 7,4 кг азық өлшемін жұмсайды. Үлектерді түйе тұқымын асылдандыру үшін шағылысқа 4 жасынан бастап 15

210

жыл уақыт пайдалануға болады. Осы кезең ішінде әр үлектен 200—300 бота алынады. Інгендерді 18—20 жасқа дейін, ал жекелеген түрлерін одан да көп пайдаланады, осы уақыт ішінде әр інгеннен 8—10 ботаға дейін алынады. Аруананың таза тұқымын өсіу бір өркешті түйелердің тұқымын жетілдіру мен өнімділік сапасын жақсартудың тиімді жолы больш табылады.



ТҮЙЕ ӨСІРУ ӘДІСТЕРІ

Мал өсіру әдістері деп шағылыстырылатын малдың тұқымдық және түрлік тегін ескере отырьш, жүргізген жұп таңдау жүйесін айтады. Негізінен түйе өсіру ісінде оны өсіріп шығарудың мынадай әдістері қолданылады: таза тұқым өсіру, қайыту, түраралық будандастыру.

Бұлардың әрқайсысы мал тұқымын асылдандыуда нақтылы бір селекциялқ мәселені шешуге бағытталан. Олардың биологиялық мәні, генетикалық әсері әр түрлі. Дегенмен де мал өсіру әдістерін бір-біріне қарсы қоюға болмайды. Себебі, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Шындығында таза тұқым өсіру әдістерінсіз жеке мал тұқымы болмайды. Әр түрлі мал тұқымдары болмайынша, будандастыруды жүргізе алмаймыз. Екінші жағынан будандастыру әдісін қолданбай жаңа мал тұқымын шығаруа және болмайды.

Таза тұқым алу үшін тек қана бірыңғай тұқымның буралары мен інгендері шағылыстырылады. Таза тұқым өсірудің мақсаты — түйенің бағалы тұқымдық және өнімділік сапаларын сақтау және оны одан әрі жетілдіру. Таза тұқым өсіріп шығаруға түйелердің таза тұқым қуалаушылық сапаларын жақсартудың ең тиімді әдістерінің бірі — ұрпақтары бойынша өсіру болып табылады. Мәселен қалмақ түйелерінің тұқымын ұрпағы бойынша өсіріп шығару жүзеге асырылды. Ол малдың бағалы ерекшеліктерін, сапасын бүкіл ұрпағына орнықтыруға мүмкіндік береді. Таза тұқым өсіру әдісінің табысты болуы мынадай басты шарттарға байланысты:

өнімі шаруашылықтың бағытына, биологиялық қасиеттері жергілікті жер жағдайына, ауа райына сәйкес келетін мал тұқымын таңдай білу;

өнімділік және тұқымдық қасиеттері жағынан мал өсіруде алға қойған мақсатқа сай келетін түйенің ең жақсыларын жүйелі түрде сұрыптап өсіру;

іріктеліп алынған түйелерді бір-біріне неғұрлым лайық жұп таңдау;

түйе тұқымының биологиялық ерекшеліктері мен өнімділік қасиетінің толық дамуына қолайлы мал азықтандыру, бағып-күту жағдайын жасау. Таза тұқым өсіру әдісі арқылы алынған малды таза тұдымдьг (таза қанды) дед атайды. Малдың таза қандылығын әдетте жазылған ататегіне, экстерьерінө қарап анықтай-

211

ды. Күмәнді немесе даулы жағдайда қанының құрамын тексеру арқылы анықтайды. 1

Таза тұқым өсірудің жоғары дәрежелі күрделі түрі, мал тұқымы ішінде өзіндік ерекшеліктері бар топтар — аталық ізбен аналық ұялар құру және оларды мал тұқымын жетілдіру, жақсарту бағытында тиімді пайдалану.

Аталық із және аналық ұя құру арқылы таза тұқым өсіру осы екі топтың малын бір-бірімен шағылыстыруды талап етеді. Туыстық шағылыстыруды қолданғанда өте-мөте сақ болу қажет.; Ондай шағылыстыруды дұрыс пайдалана білмеушілік ұрпақтың тіршілік қабілетін төмендетеді, боталар нашар жетіледі. Туыс емес шағылыстыру әдісін түйелердің тұқымдық сапасын жақсарту үшін қолданады.



Түйе қайыту малдың тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттеріне тікелей әсер ететін, адамзаттың ертеден қолданып жүрген тәсілі. Осы әдіс арқылы жаңа нәсілдік қасиеті бар, не белгілі бір қасиеті жетік дамыған, немесе әр түрлі өнімдік қасиеттердің жаңа жиынтығы бар будан алынады. Оларды мұқият сұрыптау және белгілі уақытта жұп құру арқылы жаңа түйе тұқымы шығарылады.

Қайыту арқылы алынған ұрпақта, гетерозиготалықтың күшеюі, соның нәтижесінде белгілердің комбинативтік өзгергіштігінің кө-беюі жатыр. Қайытқан уақытта гетерозиготтықтың күшеюіне бай-ланысты, будандарда гетерозис атты биологиялық құбылыс жиі кездеседі. Түйе шаруашылығында оның тұқымдық сапасын жақ,-сарту және өнімділігін арттыру үшін сіңіру әдісін, өндіре және өнеркәсіптік шағылыстыру әдісін қолданады.



Шалғай будандастыру деп екі түрге жататын малды өзара шағылыетыруды айтады. Бұл әдіс түйе шаруашылығында қос өр-кешті түйелерді аруаналармен шағылыстырғанда кеңінен қолда-нылады. Олардан алынған ұрпақты будандар деп атайды. Екі түр өкілінің будандарын өсіру түйе шаруашылығы өнімдерін молайтып, оны кез-келген жерге шоғырландыруда маңызы зор. Атап айтқанда олардың тіршілік қабілетінің жоғарылығы яғни ата-енесінің тұқым қуалаушылық қасиеттерінің жақсы немесе нашар болуынан емес, ол шағылыстырылған малдың ұрық клеткаларының биологиялық айырмашылығында. Гетерозис құбылысына тән басты ерекшеліктің біріне, оның жоғары дәрежеде тек бірінші ұрпақ будандарында (гибридтерінде) кездесетіні жатады. Әдетте гетерозисті жалпы және жеке деп екі түрге бөледі.

Жалпы гетерозис болғанда организмде жалпы зат алмасу про-цесінің интенсиві (қарқынды) жүруіне байланысты мал мол өнімді болып шығады.

Жеке гетерозис болғанда организмде тек жекелеген қасиеттері: жаксы жетілгенімен басқа белгілердің бірқалыпты болуы немесе тіпті кейбір белгілердің төмендеп не жойылып кетуі мүмкін. Тү-рарлық будандар: нар-мая (енесі — айыр інген, атасы — үлек) — бірінші ұрпақ, қоспақ (енесі — нар-мая, атасы — бура), — екінші

212.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

ұрпақ, күрт (енесі — нар-мая, атасы — үлек) — екінші ұрпақ, кезнар енесі — қоспақ, атасы — үлек) және күрт-нар (енесі — •күрт, атасы — бура). Айыр түйені аруанамен шағылыстырған кезде нардың I ұрпағының будандарында гетерозис жоғары дәрежеде көрінеді. Ол тұқымның тұқымың ұзындығымен және дене құрылысының кесектігімен көзге түседі. Сондай-ақ ол жұмысқа өте төзімді келеді. Сүтті, етті және жүндес болады. Мұны нар-мая мен ұрғашы қоспақтың I ұрпақтары буданының көрсеткіштерімен салыстырғанда айқын көруге болады.



Нар-маяның бірінші ұрпақ буданы ұрғашы қоспаққа қарағанда бойы 30,7 сантиметр биік, кеудесі—19,0, кеуде орамы —41,8 және жіліншік орамы — 2,6 сантиметр ұзын, салмағы 160,3 килограмм ауыр және 858,5 литр (сауылатын жеті ай ішінде) сүті артық шығады. Олар таза салмағы мен сүтінің және жүнінің құны бойынша ұрғашы қоспаққа қарағанда 386 теңге 78 тиын артық пайда келтіреді. Нар-мая өзінің енесіне қарағанда әр түрлі климат және қоректік жағдайларға да төзімді келеді.

Бірінші ұрпақтар буданын “өз ішінде” (нар-мая X нар) ша-ғылыстырған кезде ұсаң, өнімділігі де, тіршілік ету қабілеті де төмен екінші ұрпаң буданы алынды. Кейде тіпті ұрпақтар кеудесінің ұзындығы 11,6, кеудесінің тереңдігі 36,8, кеуде орамы — 2,0 сантиметр қысқа, сүті 486,1 литр және жүні 1,7 килограмм кем шықты. Өнімділік және дене өлшемдері көрсеткіштерінің мы-надай күрт төмендеуін II ұрпақ буданында гетерозис жағынан деп түсінуге болады.

Сөйтіп, түр аралық будандарды өсірудің бірден-бір мүмкін әдісі ұрғашы будан түйлерді басқа тұқымның бірімен (қазақы айыр түйемен немесе аруанамен) қандары толық араласқанша сіңіре шағылыстыру деп табылады.

Қоспақпен сіңіре шағылыстырылған айыр түйе будандары бал қоспақ, (II ұрпақ) және мырза қоспаққа (III ұрпақ) бөлінеді. Қоспақтың буданы қоспақпен сіңіре шағылыстырған кезде гете-розистікті белгілі дәрежеде саңтайды, өйткені IV ұрпақтың айыр түйе будандары барлық негізгі төрт өлшем бойынша II ұрпақтың қоспақтарынан жоғары.

И. К. Жұмағұловтың (1969) деректері бойынша I ұрпақ бу-дандарын — нар-мая мен инер-мая алу үшін қолданылатын өнер-кәсіптік шағылыстыру әдісінен басқа гетөрозисті жоғары дәрежеде шығаруға жағдай жасайтын будандарды өсіру әдісін іздеу олардың ғылыми ізденістерінің басты міндеті болды. Бұл ғалым № 125 түйе заводында “Кез-нар буданын алу схемасы” бойынша бұдан ұрғашы қоспақтың әр ұрпағын аруананың бурасымен шағылыстырып, іздестіру тәжірибесін жасады.

Ұрғашы қоспақ пен аруананың бурасын шағылыстыру жөніндегі іздестіру тәжірибесі жақсы нәтиже берді. Сөйтіп кез-нар типіндегі мол өнімді будандар алынды.

Кез-нар буданы жалпы сыртқы мүсіні жағынан I ұрпак, буданына — нар-маяға ұқсас. Басы мен мойнының орналасуына қарай

213

ол айыр түйеге ұқсайды. Кез-нарда доға тәрізді болып иілген бір өркеш болады, өркештің ортасында тік бұрышты ойық — “кез” бар. Сондықтан да-ол “кез-нар” деп аталады. Бас, мойын және алдыңғы сан шудасының қалың болуы оларға айыр түйеден дарыған. Кез-нар буданының айырықша белгісі — олардың аяғы ұзын және жалпы жүні тықыр болып келеді.



ТҮЙЕНІ ӨЗ ТӨЛІ ЕСЕБШЕН КӨБЕЙТУ

Түйе санын көбейту үшін және төл алу науқандарын дұрыс ұйымдастырып, төл басын аман сақтауға және оны бағьш-күту мәселелеріне жете мән беру керек. Қайыту науқаны түйе шаруа-шылығындағы ең жауапты кезең болғандықтан, бура мен үлектің, және інген мен аруананың күйіті қай уақыттан бастап және қашан келетінін білу қажет. Түйелердің жыныстық жетілуі екі жасынан бастап алты жасына дейін аяқталады. Ал физиологиялық жағынан жақсы жетілген інгендерді шағылысқа үш жасынан, буралар мен үлектерді 4—5 жасынан бастап түсіреді. Сондықтан да шағылыстырылатын інген мен аруананың 3 жасынан 20 жасқа дейін, ал бура мен үлекті 5 жастан 18 жасқа дейін пайдаланған тиімді. Ет-жүн бағытындағы ұрғашы түйе қаңтар айының басынан бастап наурыз айының біріне дейін, ал сүт бағытындағылар сәуір айының аяқ кезінде қолдан шағылыстырылады. Бураның жыныстық қозуы желтоқсан айының ортасында басталып мамыр айының басында жуасиды. Осы кезде бураның мінез-құлқы өзгереді. Аяғымен жер тарпып, қар боратып, тіпті малшыларға айбат шегеді. Бура шағылыстыру кезінде аузынан көбік шашып, тісін шақырлатып, басын артына қайырады, артқы аяқтарын талтайтып сариды. Жыныстық қозу кезінде лөктің жоғарыда айтылған белгілеріне қосымша, оның таңдайы ісініп, қатты боздағанда аузынан дөңгелініп шарана шығады, таңертең күн шығар кезде бура мен лөктің шабыты жыныстық бәсеңдейді.

Бураның эякуляті онша білінбейді. Оның саусақпен ұстап жыныс мүшесінің төменгі тұсындары несеп-жыныс түтігінің бүлкілдеуінен ажыратады. Эякуляция рефлексі буралардың бәрінде бірдей болмайды. Ол 5—9 жаста бураларда басым, ал , 15—18 жастағы бураларда бәсең келеді. Ұрығын жібермеген бура қайта шөгуге ұмтылады, ал шөгіп болған соң інгенге қарамай өз бетімен жүріп кетеді. Бура үрығының мөлшері 0,6 —1,3 миллионнан 50 миллионға дейін болады. Ұрықтың құрамында орта есеппен 512 мл шәует болады. Ол інгеннің жыныс жолдарында сағатына 18 сантиметрге дейін жылжиды, Інгенге шөккен бураның жыныс мүшесін тез қынапқа енгізуге көмектескен жөн. Бураның шағылысу рефлекстері денесінің қозуына сәйкес 8—15 минутқа созылады. Соңғы жылдары көптеген зерттеулер нәтижелері бойынша бураның ұрығын жасанды қынаппен алып, оның сапасы мен мөлшерін анықтауға болады.

214

 

Түйенің жыныстық белсенділігі қаңтар-наурыз айларында ар- ' тады. Осы кезде інген 1—3 рет күйлейді, оның әрбір күйіті орта есештен 8 күнге созылады. Күйіті келгенде інген, маялар үлек, бураларға жақындайды, ыңырсып, дыбыс шығарады. Олардың жанына шөге кетеді. Ал алғашқы шағылыстыруға қосыльш отырған інгеннің күйіті тәжірибесі аз түйе өсірушілерге нашар байқалады. Сондықтан күйіті келген інгенді көбінесе күйіттеуші бура арқылы табады.



Ал, кейбір інгендер мен аруаналар тіпті тоқтамай қояды. Мұндай жағдайларда олардың сарпайының ішкі жағындағы жұқа қабатты дәрігерлік жолмен сылып тастау керек. Оған дәрігер шақырған дұрыс. Тәжірибесі аз кейбір түйе өсірушілердің кейде інген, аруаналардың тоқтап-тоқтамаранын дәл басып біле алмайтын сәттері болады. Сондықтан келедегі үлек бураларды үнемі назарда ұстап, ооларды төңіректеген інген, маялардан көз жазбаған абзал.

Қалай болғанда да, шағылыс кезінде түйе өсірушілер өтө сергек, ыждағатты болуға тиіс.

Інгендердің күйіті келген белгілері байқалысымен оларға ке-шіктірмей бура шөктіру қажет. Егер, малдың күйігі 2—3 күнге созылса, оны қайта шегереді. Бура шөгеріп күйіті қайтқан інген-дерді, шарылыстың ең соңғы күнінен есептеп 9 және 1.2 күннен кей-ін, оларға күйіттеуші салып, күйлеу белгілерін қосымша анықтай-ды. Егер інгендердің күйіті ұзаққа созылса, оларға әрбір үш күнде бура шөгеріп тұрады.

Маддың күрделі жыныс рефлекстерінің дамуы әсерінен інгеннің денесі қызып тынышсызданады. Жыныс мүшелерідің қызметі нашарлайды, олардың құрамындағы қан тамырлары кеңейіп, тканьдері ісінеді, кілегейлі қабаттары қызарады. Жатырдың көлемі ұлғайып, қабырғасы жұқарады. Нерв талшықтарының сезім қабылдауы басыңқы болып, тканьдерде сулы заттар мен без сек-рөттері мол жиналады, ол сұйық заттар жыныс клеткаларының ұрық түтігі жолына өтіп, ұрықтануына әсер етеді.

Жатыр мен қынаптың кілегейлі қабатынан созылған мөлдір кілегейді секрет ағады. Оның құрамында, жел мен ауаға тарайтын ерекше ұшқыш химиялық заттар болады. Сондықтан күйлеген інгенді, жынысының рефлекстері қозған бура иіскеп жүріп тауып інгенге шөгеді. Әрине түйе қайытудың ең тиімді жолы — қолдан шөгеру. Бұл әдіс бойынша бура мен інген таңдальш, іріктеліп алынып шағылыстырылады. Түйенің қайыған, яғни тоқтаған кезі дәл есепке алынады. Соған орай боталайтын мерзімі айқындалады.

Қайыту кезіндө түйені мазалауға, үркітіп, ақырып-жекіруге болмайды. Бұл кездерде үлек, буралар негізінен жылы қорада ұс-талады, жабуланады. Тойғанынша азықтандырып, тәулігіне бір рет суару керек. Бура, үлектерді кейде қораға шығарып бой жаздырған жөн. Шағылысқа жиі пайдаланылатын бураларға күнінө 6 кг дейін жем, 5 кг дейін пішен беріп тұру қажет.



215

Буаз түйелерді бағып-күту өте жауапты жұмыс. Бұған нем-құрайды, жүрдім-бардым қарауға болмайды. Өйткені енді бір түйе ғана емес, оның ішіндегі болашақ төл туралы ойлауға да тура келеді.

Түйе төрт түліктің ішінде буаздық кезеңі ұзаққа созылатын бірден-бір жануар. Тоқтағаннан кейін қос өркешті інгендер орта есеппен ботаны 415 күн, аруана —390, нар-мая 410, қоспақ —390,| кез-нар —385, күрт-нар —387 күн көтереді. Бұл түйенің қай кезде боталайтынын білуге мүмкіндік береді.

Түйе қысы-жазы сауыла береді. Бірақ боталайтын мерзім таяғанда сауу тоқтатылады. Содан соң бота қарақұлақтанғаннан кейін қайтадан сауыла бастайды.

Бошалау қарсаңында түйе организмінде айтарлықтай өзгерістер болады. Мүның негізгі сыртқы белгілері мыналар: желіні ұлғайып, оған уыз жинала бастайды. Мінез-құлқы күрт өзгереді. Құйрығын көтеріп, аңырап тұрады. Мазасызданып, байыз таппай жүре береді. Көбінесе бошалаған түйе басы ауған жаққа кетеді. Бұл кезде түйе иесінің аса сақ болуы керек.

Түйелер боталайтынын шамамен 2—3 тәулік бұрын байқатады. Мұндай інгенді өріске шығармай қорада ұстаған жөн.

Түйе боталуға жақын қалғанда аунай бастайды, ерінін шүйіреді, безектеп, бір орында тұра алмайды.

Толғақ басталуына 13 сағаттай қалғанда жатыр айрығындағы төл созылып, денесінің омыртқалары жоғары қарай бағыталады. Жатырдың етті қабаты бәсең жиырыла бастайды, Сөйтіп жатыр айрығы мен мойнына еніп, келе-келе қынапқа өтеді. Жатырдың етті қабаты мен құрсақ еттері қалыпты жиырыльш, малдың тол-гагы одан әрі күшейе береді. Ңынаптан еаріыштау сүйық зат (1,5—2 л) агады. Төлдің шыгар кезінде шаранадагы жүда қабат (амнион) жарылады. Ол төлді қоршаған ішкі сулы, жылтыр, сыр-ты сырғанақ қабат. Оның тканадері төл кіндігінің қабырғасын құрайды. Туған ботаның кіндігі құрсақ қабырғасынан 10—15 см аралықта, кейде түбінен үзіледі. Кіндіктің үзындығы 60—80 см, оның орта бөлігін тегіс амнион қабаты қоршайды.

Кіндіктің құрамындағы төрт қан тамыры — екі артерия, екі вөнадан тұрады. Олардың ортасында урахус, яғни төлдің несеп шығаратын түтігі өтеді. Кіндікті жүп артериясы мен венасы ал-лантонс пен хроион қабырғасына таралып, қапиляр тамырларымен бітеді. Олар хорион бүрлеріне кіреді.

Кейде бота шарана қабаттарымен бірге де туады.

Түйе қиналып боталайтын жануар. Көзі жасаурап, ыңыранып,! жанын қоярға жер таппайды. Сондықтан үй иесінің үнемі жанында болуы керек. Өйткені боталау кезінде көмектесуге тура келеді, алдымен екі аяғы, басы, төстабаны шығады. Сол кезде ептеп төлдің аяғынан тартып көмектессе жетіп жатыр. Жас бота тынысының кеңуі үшін туған бойда кеңсірігін жарады.

Інген не аруана туғаннан кейін біраз әлсіреп қалады. Буындары босап, бүкіл денесі дірілдеп, көздері үлкеніңкірегендей бо-



216

лады. Оның ботасын иіскеуіне мүмкіндік берген жөн. Әсіресе, тұмса түйелердің төлдеріне үйренуіне жағдай жасау керек. Жаңа туған түйелерді суық желдің өтіне шығаруға, ретсіз мазалауға, ретсіз үркітуге болмайды. Дербес шаруашылық иелерінің есінде болатын бір жайт боталаған түйелер біраз уақыт жабық қорада ұсталуы тиіс. Кейін аулаға шығарылады. Содан соң бірте-бірте өріске ШЫРЫП, қалыпты жағдайға келеді.



БОТА ӨСІРУ

Басқа тәуліктердің төлдерімен салыстырғанда — бота өте нәзік келеді. Олардың туғандағы орташа салмақтары 35—45 кг болады. Бұл енесі салмағының 5—7 процонтіне тең.

Туған ботаның ауыз-мұрнын, құлақтарын, танаудан аққан кілегей заттардан тазартып, денесін сабан не жұмсақ шөп бұрамы-мен сүртін қүргатады. Оның кіндігін сүртіп, құрсаңтан 10 см жақын аралықта кесіп, таза да жіңішке кендір жіппен байлап, 5 проценттік йод жағады. Енесінің желінін жуып, сүртіп, одан алғашқы қара уызды бөлек сауып, бота аяқтанғаннан кейін сүйемелдеп ауыздандыру керек. Ботаның денсаулығы үшін, енесінің алғашқы уызын емген өте қажет. Оның құрамында белок, май, витамин және иммунды заттар т. б. болады. Алғашқы жұмада уыздың құрамындағы құрғақ заттар, белоктар азаяды, қышқыл бөлшектері де бастапқыдан екі есе төмендеп, майлылығы 6,0 процентке жуық жоғарылайды. ;

Бота суыққа тез тоңғыш, түрлі иіс-қонысқа, ласқа төзімсіз болады. Сондықтан төлге арналған қора таза болуы керек. Оның үстінё еркек бота сыз жерге жатып қалса, немесе суық жел өтінде көп жүрсе қоскіндік ауруы бірден нышан береді. Осы себепті жас ботаны жылы жерде қымтап ұстау керек. Алғашқы айларда боталар тәулік бойы әрбір 3 сағат сайын емізіледі. Ал ауа райы қолайлы болса оларды далаға шығарьш енесімен бірге жақын жайылымға жаяды. Денсаулығы жақсы боталар туғаннан кейін үш аптаға жетпей отыға бастайды. Түйелердің төлдеуі көбіне көп көктем айларына сәйкес келгендіктен бұл кезде жердің шөбі әлі де қысқа болады. Жас боталар — мортық, беде, ақ қайың, еркек шөп, тараңбоз тағы басқа шөптерге жайылады. Идіріп сауып жүрген түйелердің боталарын 6 айдан кейін енесінен айырып, жеммен және шөппен бағады. Жас боталардың тез жетілуі үшін, денсаулықтарының мықты болуы үшін қатаң режим ұсталған жөн. Төлді белгілі бір уақытта емізуге, жаюға, жемге байлауға ерекше маңыз беру керек. Режим сақталмайтын болса, төл түрлі ауруларға, әсіресе іш ауруларына шалдыққыш келеді. Ботаның өсіп-жетілуін үнемі бақылап отыру керек. Оның тірілей салмақтарының және өлшемдерінің өзгеруін білу үшін туған кезде, бір айлығында, алты айлығында, бір жасында, екі жасында, дене салмағы мен өлшемдерін алып отырады. Осылардың нәтижелеріне қарап бота-



217

лардың әрбір өсу кезеңінде қандай өзгерістер болатынын байқауға болады. Бота туғанда ірі болса, оның ана құрсағында дұрыс дамығандығын көрсетеді. Оның туғандығы тірілей салмағына буаз інгеннің күтімі, ата-енесінің тұқымдық өзгешеліктері, т. б. әсер етеді. Ботаның салмағы туғандағы салмағына үш айда 2,5 ссе, 6 айда 3,5 есе, бір жасында 5 есе артса, оның өсу дәрежесінің дұрыс екенін дәлелдейді. Түйе төлінің тірілей салмағы 3,5 жасқа дейін өседі. Мүмкіндігіне қарай түйе иесі інгеннің биологиясы мен фи-зиологиясын жете білуге, малды жақсылап бағып-күтуге және ша-ғылыс науқанын ойдағыдай өткізуге күш салуы керек. Боталарды енесінен айырғаннан кейін зооинженермен кеңесіп, ботаны әрі қарай өсіруге бола ма, жоқ па соны білуге тиіс.



ІНГЕНДЕРДІҢ СҮТ ӨНІМІ

 

Інгендірдің сүті өнімі таза тұқымға жатпайтын жергілікті сиырлардан көп болады. Сүт және сүттен жасалатын тағамдар — көшпелі халықтың негізгі тағамы болып, жалпы ішілетін астық 80—90 процентін құраған. Ертеде еліміз сиырды да, биені де, қой ды да, ешкіні де, түйені де сауған, бірақ шөл және шөлейт аймақтарда түйе сүті тиімді саналған.



Інгендерді сауа жүріп шөл аймақтардың тұрғындары оларды сүтейту жөнінде табиғи сұрыптау жүргізіп отырған. Сөйтіп сауу үшін ең жақсыларын, сүттілерін таңдап альш, одан жақсы тұқым алуга әрекет жасаған.

Осындай шаралардың арқасында жалғыз өркеш інгендердің аса сүтті болып өсуіне қолайлы жағдай туған.

Інгендердің сүттілігін дәл анықтау қиынға түседі, өйткені оларды идіру үшін ботасын емізіп сауады және түнгі уақытта енесімен бірге жайылады да еміп қояды. Сондықтан нақты сауылғган сүт інгеннің сүттілігін толық көрсетпейді. Демек оны білу үшін ботаның емген сүтін де есепке алу керек.

Сондай-ақ жалғыз өркешті түйелерге қарағанда қос өркешті түйелердің сүті аздау, бірақ олардың сүтінде май мен белок мөл-шері көп болады.

Біздең зерттеулеріміз бойынша Қызылорда облысы “Қараөзек” совхозының түйе фермасында аруана тұқымының інгендерінен орта есеппен 1987 литр, қазақтың екі өркешті түйесінен 726, будан нарлардан—1295, қоспақтардан 893 литрден сүт сауылады. Ін-гендерді сүтейту үшін байлап күтіп-бағып және жақсылап азық-тандырған жөн. Мысалы, Қазақ машина жасау станциясының- түйе фермасында төрт мезгіл сауғанда сауылуының екінші, үшінші айында қазақтың қос өркешті түйесінің інгендерінен сүт орта есеппен 5,4 литрден, ал кейбіреулерінен 8,0—9,5 литрден артық сауылды.

А. Баймұқанов сүт өнімінің көп ауытқуы оларға бұл көрсет-



218

кіштің інгендердің тұқымына, жасына, азықтандыру, күтіп-бағу әдісіне және есептеу тәсіліне байланысты болуы деп санайды.

Інгенді сауып болғаннан кейін оның емшектері босап, көлемі кішірейіп, терілері аздан жиырылып қалады.

Кейінгі кезгс дейін інгендер көбінесе тек қана қолмен сауылып келеді. Түйелердің сауу техникасы олардың биологиялық' ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Бұл жануар өте қиындықпен сауылады, неге десеңіз олардың енелік инстинкті жақсы дамыған Иію процесі тек ботасы емгенде ғана басталады. Бірақ бұл кезде көру және есіту органдарынан гөрі иіскеу органы шешуші роль атқарады.



ІНГЕН ЖЕЛІНІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Түйе желінінің анатомиялық құрылысының және сүт шығару физиологиясының басқа малға қарағанда көп ерекшеліктері бар.

Қос өркешті түйелер інгендерінің желіні онша үлкен емес. Шөккен кезде желіні жерге тимейді және оның формасы трапеция сияқты.

Желінді сырт жағынан жұмсақ серпінді тері жауып тұрады. Оны қысқа қарай жүн басады, ал көктемде тақырланып қалады. Түйенің желіні бөлек-бөлек сегіз жү'йеден тұрады және парлы көлемі бірдей төрт бөлікке бөлінген. Алдыңғы бөліктері артқы бөліктеріне қарағанда бір деңгейде немесе олардан бірсыпыра биігірек орналасады. Желінінің іші оң және сол жартыға бөлінеді де олар да алдыңғы және артқы бөліктерден тұрады.

Сиырдың желінімен салыстырғанда інген желінінің көлемі үлкен емес, бес ай сауылғанда 3 килограмға жетеді. Сонда да желінінің құрылысы және ондағы сүт түзілу процесінің ерекшеліктеріне қарай інгендер едәуір сүтті болады. Інген иіген бойда ботаны тартып, енесінің қасына ноқтасынан ұстап тұрады, сауыншы болса емшектің төрт бөлігіндегі сүтті де сауын алады. Ал егер мұндай әдіспен сауған кезде інгеннін сүт шықпаса, оны ботасы еміп жатқан кезде сауады.

Інгеннің желіні жерден 1 метрден астам жоғарыда болғандықтан оны түрегеліп тұрып сауады. Сауған адам оң аяғын тік ұстап, ал сол аяғының тізесін бүгіп, онымен шелекті демеп тұрады. Шелектің тұтқасы сол қолға ілінеді де, інген екі қолмен немесе тек оң қолмен ғана сауылады.

Жаңадан саууға үйретілген інген болса, сауған кезде абай болған жөн. Өйткені оның теуіп жіберуі мүмкін. Ол тепкенде артқы аяғымен қабырғасына қарай орап тебеді, сондықтан асау інгенді артқы тірсектен тұсап сауу керек.

Інгенді саууға жас кезінде үйреткен дүрыс, ал сауылмай кеткен саңа інгендер саууға көпке дейін көндікпейді.



219

ТҮЙЕНІҢ ЖҮН ӨНІМІ

Түйеден өндірілетін жүн өз сапасына байланысты өте жоғары бағаланады. Түйе жүні өнеркәсіп үшін таптырмайтын шикізат болып табылады. Бұл жүннен тоқылған матаға деген сұраныс та көп. Оның мықтылығына, жеңілдігіне және жұмсақтығына ешқандай жүн жетпейді. Түйе жүнінен тоқыған орамал, кеудеше шұлық суық өткізбейді, ал одан дайындалған күпілер жиырылып қалмайды. Бағалы кілем тоқу үшін де түйе жүні пайдаланылады. Халқымыз атам заманнан түйе жүнін өте жоғары бағалап, киімдер мен үй мүліктерін жасаған.

Түйе жүні мынанадай түрлерге бөлінеді: түбіт, аралық қылшық, жай қылшық, шуда. Айта кететін бір жайт — түйе жүнінде өлі қылшық және шайыр болмайды. Оның созылымдылығы мен таза жүн түсімі бойынша жүнінің барлық түрінен артық ал түбітінің жіңішкелігі 15,5—17,4 мкм. Сондықтан да ол тоқыма өнеркәсібі үшін таптырмайтын шикізат.

Түйенің жүн өніміне баға бергенде оның физикалық және тех-никалық, қасиетін анықтайтын ұзындығы, жіңішкелігі, біркелкілігі, серпінділігі, созылымдылығы сияқты сапалық көрееткіштеріне үлкен мән беріледі.

Қос өркешті түйеден жүн көп алынады. Олардан бір рет қы-рықанда 5—6 кг жүн алуға болады. Ал, аса ірі буралардан 16— 18 кг жүн қырқылады.

И. Н. Чашкиннің деректері бойынша қазақы інгендерден орта есеппен 5,89 кг, тайлақтардан 3,55 кг жүн қырқылған.

И. К. Жұмағүловтың жүргізген зерттеулері бойынша қос өркешті қазақы түйе мен монғол түйесін будандастыру жолымен алынған түйе жүндес келетінін байқаймыз. 5—9 жастағы інгендерден орта есеппен 6,75 кг, таңдаулы дегендерінен 12 килограмға дейін, ал буралардан 18,6 килограмға дейін жүн түскен.

I

 



ҚҰС ӨСІРУ

Қолда өсірілетін үй құстарының түрі көп. Оларға тауық, үйрек, қаз, күркетауықтармен қатар бөдене, кекілік және тағы басқалары жатады. Дербес шаруашылық жагдайында құс өсіру өте ыңгайлы да тиімді. Өйткені құс басқа мал сияқты жа-йылып, ірі азықтарды қажетсінбейді. Аула ішінде, арнайы қора-лардан шығармай өсіруге бейім. Оның үстіне өсу, жетілу, көбею қабілеті де басқа малмен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Ал өнімге азық жұмсауы әлдеқайда төмен. Мысалы, қосқан әрбір килограмм салмағына ірі қара 10—12, қой —8—10, шошқа —6— 8 азық өлшемін жұмсайтын болса, құс 3—5, ал тез жетілгіш етті бағыттағы балапандар (бройлерлер)—1,5—2 азық өлшемін жұм-сайды.

Қазіргі уақытта елімізде өндірілетін құс еті мен. жұмыртқасы-ның 1/3 бөлігі дербес шаруашылықта өндіріліп отыр. Бұл азық-түлік программасын орындауға елеулі септігін тигізеді. Медициналық нормалар бойынша адамды жылдық ет және ет өнімдерімен қамтамасыз етуде, олардың біршама бөлігін жеңіл қорытылатын, диеталық, емдік қасиеті жоғары құс еті толықтыруы қажет. Құс жұмыртқасы да тіршілікке қажеті барлық амин қышқыл-

дарымен толықтырылған өте құнарлы тағам.

Дербес шаруашылықта құс өсірудің тиімділігі — оларды азық-тандыруда асхана, бақша және қорық қалдықтарын толығымен пайдалануға болады. Ауыл маңындағы басңа малды жаюға кел-мейтін көлшіктердің, бұлақтардың жагалауын пайдаланып, қүс өнімін негұрлым арзандатура болады.

Құстың дәмді де шипалы етімен және жүмыртқасымен қоса олардан өте жеңіл де жылы қауырсын, ал қалдықтарынан қорыққа өте құнды органикалық тыңайтқьпп алынатынын ескерсек — үй құстарының дербес шаруашылықта өсіруге өте қажетті де, пайдалы екеніне көзіміз әбден жетеді. Сонымен қатар оларды өсіретін қораны да жеңіл, қолда бар құрылыс материаддарынан-ақ тез тұрғызуға болады. Күтімі де күрделі емес. Бала-шаға-ақ күте береді. Басқа малдай өнімін де жылдың белгілі мерзіміне қарамай, жыл бойы біркелкі альш тұруға болады.

221

ҮЙ ҚҰСТАРЫНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҢ ЖӘНЕ ШАРУАШЫЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Құстың азық қорыту барысының басқа малға қарағанда едәуір ерекшеліктері бар. Оның еріні мен тістері жоқ. Қатты мүйіз тұмсықтары дәнді азықтарды шоқып, бірден көмекейге тастауға ықшамдалған. Азық ауыз қуысында аз уақыт болғандықтан онда бөлінетін сілекей мен ферменттер мөлшері де төмен. Көмейден өткен азық кеуде қуысына кірер алдындағы жұтқыншақтың ке-ңейтілген тұсы — белтірікте (зоб) жиналады. Тауық күркетауық бөлтіріктері жақсы, ал суда жүзгіш құстар қаз, үйректер бөлті-ріктері нашар жетілген. Бөлтірікте жиналған азық арнайы шы-ғарылатын сөлдермен ылғалдандырылып, жұмсартылып, аралас-тырылады да, сілекей азықтардың өзімен бірге түскен және басқа да ферменттер ықпалынан ыдырап, қорытыла бастайды.

Бөлтіріктен ылғалданьш, жұмсартылған азық қапшық тәріздес сөлді қарынға өтеді. Онда ас қорыту сөлдерімен араласып, химия-лық өңдеуден өтеді. Қарын сөліне қаныққан азық құстың екінші қарны — бұлшық етті қарынға түседі. Дән шоқитын тауық, күрке-тауықтардың бұлшық ет қарыны, шалғын және балдыр жейтін су құстары қаз бен үйректерге қарағанда анагұрлым жақсы жетілген. Тауықтың бұлшық етті қарыны 30—50 г, күркетауықтың бұлшық етті қарыны 60—130 г, үйректің ондай қарыны 70— 100 г, қаздың бұлшық етті қарыны 60—120 г, тартады. Оның қарама-қарсы орналасқан бұлшық еттері жиырыльш, түскен азықты ұсақтайды.

Осылай өңделген азық ішектерге өтеді де, онда ыдырауы аяқ-талып, қанға сіңіріледі (қорытылады). Ішек ұзындығы тауықтар денесінің ұзындығынан 5—7 есе ұзын немесе 160—170 см болса, күркетауықтар ішегі 250—300 см, үйректер ішегі 150—270 см, қаз ішегі 240—270 см. Азық құстың ас қорыту жолдарын 2—4 сағат ішінде өтеді.

Азықтандыру барысы сияқты құс организмдеріндегі зат алмасу барысы да өте жылдам, жедел түрде өтеді. Осыған барып олардың өсіп-өну қабілеті де жоғары. Етті бағыттағы балапандар 56—60 тәулік ішінде 1,5—1,8 кг салмақ қосьш, өздерінің бірінші тәуліктегі (жұмыртқадан шыққан кезіндегі) тірілей салмағын (50 г) 30—36 есе үлғайтады. Етті бағыттағы сақа тауықтар 3,0— 3,5 кг тартып, жылына 150—185 жұмыртқа, жұмыртқалағыш тауықтар 1,3—1,5 кг тартып, 210—250 жұмыртқа, үйректер 3,0— 4,0 кг, тартып, 100—160 жұмыртқа, күркетауықтар 4,0—7,0 кг тартып, 80—120 жұмыртқа, қаз 5,0—6,0 кг тартып, 40—60 жұмыртқа туады. Алгашқы жұмыртқаны тауықтар мен үйректер 5— 6 айлығында, күркетауықтар 7—8 айлықтарында, қаз 8—10 айлығында таба бастайды. Шайқауға салған етті бағыттағы тауық, үйрек жұмыртқаларынан 70%, күркетауың, қаз жұмыртқаларынан 65% балапан шығарылады. Шыққан балапандар тез жетіліп, тауық балапандары 9 аптада 1,3—1,4 кг, күркетауықтар ба-

222

лапапдары 8—10 аптада 1,8—2,2 кг, ал 16—20 аптада 4,0—5,0 кг, үйрек балапандары 8 аптада 2,0—2,4 кг, қаз балапандары 9 апта-да 4,0 кг тартып союға әбден жарайды. Егер бір тауықтан жүзге тарта балапан өсіруге болатынын ескерсеңіз, шаруашылықта әр бастан 140 килограмдай жоғары сапалы, диеталық ет өндіруге болатынына көзіңіз әбден жетеді.

Құс етінде 16 проценттен (үйрек, қаз) 20 процентке (тауық, күркетауық) дейін, ал жұмыртқаларында 13—14 процент құнды белок болады. Сонымен қатар жұмыртқа құрамына барлық дерлік алмастыруға келмейтін амин қышқылдары, 30-ға жуық минералды элементтер кіреді. Белок қорытылымы өте жоғары —97 процентке жетеді. Жұмыртқа құрамындағы темір мен Д витамині сиыр сүтіндегіден де жоғары. Ал таза тығыз қабығы жұмыртқаларды ұзақ уақыт бұзбай сақтайды. Қаз майы дәрігерлік мақсатта қолданылып, бауыры диеталық тағам болып табылады.

Жұмыртқасы мен етін былай қойғанда құстардан бағалы қауырсын өндіріледі. Қауырсын шығымы құстың тірілей салмағынан 6—8% жетеді. Қауырсыннан жастық, мамық, бас киім және жылы киім дайындалады. Арнайы өңдеуден кейін олардан азықтық ұн дайындап, мал азығына белокты қосынды ретінде қолдануға болады. Құс қорасындағы төсеніш пен саңғырықты азотқа және фосфорға бай тыңайтқыш ретінде қолданады.



ҚҰС ТҰҚЫМДАРЫ

Құс түқымдары негізгі өндірілетін өнім түрі бойынша жұ-мыртқалағыш, етті-жұмыртқалағыш, етті, өсімдік және спорттық бағыттарға бөлінеді. Дербес шаруашылықта әдетте тауықтардың жұмыртқалағыш және етті-жұмыртқалағыш тұқымдарын, үйрек, қаз және күркетауықтардың етті тұқымдарын өсіреді.



Тауық тұқымдары. Жұмыртқалағыш тауық тұқымдары шап-шаң, жеңіл сүйекті, тығыз қауырсынды келеді. Әдетте 4—5 айлық-тарында мекендері сақа тауықтардың тірілей салмағының 75 процентіне жетіп, жұмыртқалай бастайды. Ең көп тарағаны леггорн және орыстың ақ тауығы.

Леггорн, Тауықтарының тұлғасы үш бұрыштанып келеді. Түсі негізінен ақ. Басы орташа, мойны ұзын, қайқы, қораздарының мойын қауырсыны өскен. Кеудесі шығыңқы, дөңгелектеніп келген. Жотасы ұзын, қайқы, сирақтары жүнсіз, тік келеді.

Мекиендері 4,5—5 айлығында жұмыртқалай бастап, жыл бойы 200-дей аппақ жұмыртқа табады. Жұмыртқадан балапан шығымы жоғары (80—90%). Мекиендерінің тірілей салмағы 1,2— 1,8 кг, қораздарының тірілей салмағы 2,0—2.5 кг. Жұмыртқасының салмағы 50—60 г.



Орыстың ақ тауығы. Жергілікті тауықтарды леггорн тұқымымен шағылыстыру арқылы шығарылған. Леггорндарға қарағанда ауыр салмақты, етті келеді. Мекиендер 5—5,5 айлығында жұ-

223

мыртқалай бастап, ақ түсті жұмыртқалар табады. Күріктенуге бейім. Сыртқы түр-түсі леггорндарға үқсаған, тек бастары олардікінен үлкен болады.

Е т т і-ж ұ м ы р т қ а л а ғ ы ш тұқымдарға мекиендердің тірілей салмағы 2,0—2,6 кг, қораздарынікі —3,0—3,6 кг, жылына әрқайсысы 56—60 г тартатын 160—180 жұмыртқа табатын тұ- қымдар жатады. Олар роз-айленд, нью-гемпшир, плимутрок, сус-секс және оларды жергілікті тауықтармен шағылыстыру жолы- мен шығарылған москва, бірінші май, ливен, юрлов тұқымдары жатады.

Плимутрок түқымы 6 айлығынан бастап жұмыртқалап, ашық қоңыр түсті жұмыртқа табады. Балапан шығымы 75—80%. Т.ауық түстері ақ және ала болып келеді. Салмақты, күріктенуге бейім.

Москва тауықтары ұзын тұлғалы, кеудесі шығыңқы келеді.

Етті тұқымдарға корниш тұқымы жатады. Ол ірі, төртбақ, келеді. Жуас, сирақтары қысқа, қауырсындары сирек. Кеуде бұлшық еттері өте жетілген. Мекиендерінің тірілей салмағы 3,0—3,5 кг, қораздарінікі 4,0—4,5 кг. Жұмыртқасының әрқайсысы 38—60 грамм тартады, жылына 130—150 жұмыртқа табады. Түсі қоңыр. Балапан шығымы 70%.



Сойыстық тұқымдарға Өзбекстанда есірілетін құланғы тұқымы жатады. Түсі бурыл, қара, қызғылт келеді. Мекиендерінің орташа салмағы 3,2 кг, қораздарынікі 4,3 кг, Жылына әрқайсысы 61 грамм тартатын 90—100 жұмыртқа табады

Көркемдік тауықтарды әуесқой құс өсірушілер әсем қауырсыны немесе түрлі дене құрылысы үшін өсіреді. Мысалы, өте ұсақ, яғни жұдырықтай, ергежейлі тауықтар, ұзын немесе керісінше құйрықсыз, қауырсыны бұйра немесе жібектей жылтыр тауықтар болады. Ұсақ, ергежейлі тауықтардан әдетте әуесқой құс өсірушілер бентамок тұқымын өсіреді. Олардың мекендері-нің тірілей салмағы 6,8—1,1 кг, жылына әрқайсысы 42—45 грамм тарататын 50—70 жұмыртқа табады.

Үйрек тұқымдары. Дербес шаруашылықта үйрек өсіру өте тиімді. Әсіресе оларды бағатын кішкене көлшік болса, үйректер көп уақытын сонда өткізіп, азықтанып, берілетін жемді біршама үнемдейді. Үйрек балапандары жұмыртқадан жарыла салып, жаңа ортаға тез бейімделеді, оның үстіне өте тез өсіп-жетіледі. Үйрек ұстау үшін ең арзан материалдан қалқа тұрғызса жетіп жатыр. Негізінен етті болып келеді. Өйткені үйрек жүмыртқалары, басқа да суда жүзгіш құстардікі сияқты, дәмсіз болады да, пісіріп жеуге жарамайды.

Ең көп тараган п е к и н т ұқ ы м ы суыққа өте төзімді. Бастары үлкен, жалпаң, маңдайы шығыңқы. Тұмсығы қызғылт-сары, сәл имектеліп бітеді. Мойнының жалпақтығы орташа. Кеудесі кең де қайқы. Арқасы кең, шоқтырына қарай биіктей береді. Қанаттары шағын. Тұлғасы кең де ұзын. Сирақтары қысқа да жуан. Қауырсыны ак, өзі сарғылт түсті. Еліміздегі бүкіл үйректің 98



224

проценті осы пекин тұқымының түрлі жалғасушы топтарынан тұрады.

Еттілік қасиеттері өте жоғары. Сақа мекиендерінің тірілөй салмағы 3,0 кг, әтештерінікі 3,5 кг, 9 апталық балапандары 2,5 кг тартады. Оларды осы салмақтан асырмай 65—70 күндігінде сойған жөн. Өйткені содан кейінгі уақытта олардың уақытша қауырсыны түпкілікті қауырсындармен алмаса бастайды да, екі ай бойы салмақ қосымы күрт төмендейді. Ал жаңадан өсе бастаған түпкілікті қауырсындардың түбірі жұлып тазартуға кедергі туғызады.

Пекин үйректері 6—8 айлығында жұмыртқалай бастап, 7—8 ай ішінде 80—120 жұмыртқа табады. Жұмыртқасының салмағы 85 г, қабағы ақ немесе ашық сары түсті. Балапан шығымы 75%. Бірақ өз мекиендері көбіне күрік больш, жұмыртқа баспайды. Сондықтан дербес шаруашылықтар олардың жүмыртқаларын күрік болған тауықтарға бастырады.

Бұрынғы одақ 1971 жылдан бастап Англиядан пекин үйрек-терінің екі линиялық “Черри-Велли” атты кроссын сатып альш, өсіре бастады. Қазақстан құс шаруашылықтары да осы кроспен шұғылдануда. Еттілік қасиеттері өте жоғары. Салмағы 9 аптада 3 килограмға жетіп, дене тұлғасының ерекше қомақтылығымен көзге түседі.

ТМД-да шығарылған үйрек тұқымдарына москваның ақ үйрегі жатады. Дене құрылысы, сыртқы тұлғасы жағынан пекин үй-ректеріне ұқсайды. Қауырсыны жылтыр ақ түсті. Жұмыртқалағыш (100 жұмыртқаға дейін) қасиетін екі жыл сақтайды. Жұмыртқасы ірі (90 г.) Балапан шығымы жоғары. Сыртқы ортаға тез бейімделгіш, өте жедел жетіледі.

Үйрек етінде май көп болғандықтан (балапандарының етінде 26—28%, саңа үйрек етінде 36—38%) соңғы кезде оған деген сұраныс төмендеп барады. Қазіргі уақытта майлылығы төмен, нәзік те дәмді ет өндіру қажет. Бұл мақсатта елімізде мускусты үйректер және олардың жергілікті тұқымдарымен шағалыстырылып алынған будандары — мулардтар өсіріледі.

Мускусты үйректер 6—9 айлығында жұмыртқалай бастап, жы-лына әрқайсысы 70—80 г тартатын 60—120 жұмыртңа табады. Мекиендерінің тірілей салмағы 2,5—3 кг, әтештерінікі —4,5—5 кг. Арнайы бордаңылаудан кейін бауыр өндіруге болады. Денелері кең де ұзын. Қанаттары ұзын (30 см) болгандықтан жақсы ұшады. Қауырсыны қара, қара-ақ түстерге боялған. Басқа тұқымдармен шағылыстыру жолымен алынған будандары мулард деп аталады. Бұл үйректердің денесінде таза ет көп те, ал майы аз бола-ды. Әбден бордақыласа тірілей салмагы 6—7 килограмга жетіп, бауырының өзі 350—550 грамм тартады.

Жұмыртқалағыш тұқымдардан елімізде үндінің жүйрік үйрегі өсіріледі. Үзын денелі, ұзын мойынды, ұзын сирақты, ұзын құлақты құс. Жылына әрқайсысы 70—80 грамдық 200 жұмыртқа табады. Жұмыртқасы дәмді. Тауық жұмыртқасының дәміне ұқсас.

225

Көптеген дербес шаруашылықтарда қаз өсіріледі. Қаз қолда өсіруге ыңғайлы, үйреншікті тәртіпті қатаң сақтайтын құс. Сон-дықтан да оларды күнделікті бір тәртіпке үйретіп қойса, өздері соған дағдыланып, қайта-қайта қайыруға уақыт бөлмей өсіругө жайлы. Өздеріне ерекше бағып-күтімді қажет етпейді. Ауа райына төзімді, басқа үй құстарымен салыстырғанда жайылымда өте жақсы жайылатын құс. Сондықтан да жемді барынша үнемдеуге болады. Қыс айларында пішен жапырағын, картоп, тамыржемістілер, асхана қалдықтарын жей береді.

Басқа үй құстарымен салыстырғанда шаруашылықта өсіру мерзімі де ұзақ. Екінші және үшінші жылдары жұмыртқалағыштығы 15—20 процентке ұлгаяды. Бірақ жалпы жұмыртқа саны аз. Таза етті бағыттағы құс. Кейбір тұқымдарын арнайы бордақылаудан кейін жеңсік тағам — майлы бауыр өндіріледі. Басқа құспен салыстырғанда ұзақ жетіледі. Алғашқы жұмыртқасын 8— 10 айында табады, Күрік болғыш. Осы қасиеті және қауырсынының жылына екі мезгіл — жазда және күзде алмасуы жұмыртқалағыштығына кедергі келтіреді.

ТМД шаруашылықтарында ең көп тарағандары ірі боз (40%) тұқым мен қытай (30%) тұқымы. Олармен қатар кубан, горький, рейн және италия түқымдары (әрқайсысы 6—10%) да өсіріледі.

Ірі боз қаз өте кең тараған, сыртқы ортаға бейімделгіш құс. Денесі мықты. Қимылы шалт. 290—310 күндігінен бастап жұ-мыртқалайды. Тірілей салмақтары 6,0—6,5 кг. Маусымына 30— 35 жұмыртқа табады да күрік болып, балапан шайқайды. Балапан шығымы 60%, 9 айлықтарында 3,5—4,5 кг тартады.

Қытай қаздары жақсы жұмыртқалағыш. Жұмыртқалауды 270 тәулігінде бастап, 45—70 жұмыртқа табады. Тірілей салмақтары—4,0—5,0 кг. Балапан шығымы 75%. 9 айлың балапандары 3,0—3,5 кг тартады. Мекиендері нашар күріктенеді. Көзге түсетін ерекшеліктері — тұмсықтарының үстінде шоғырланып мүйізденген қатпар болады.

Қолда өсірілетін құстар ішіндегі ең ірісі — үнді тауығы, яғни күркетауықтар. Тірілей салмақтары 15—18 кг жетеді. Өсімталдығы жағынан үйрек, тауық, қаздан асып түседі. Еті қолда өсірілетін құс етінің ішінде ең дәмдісі. Диеталық қасиеттеріне орай балалар, қарттар және семіруге бейім адамдар мәзірінен тұрғылықты орын алғаны жөн.

Еліміздің суық аудандарынан басқа жерлерде күркетауықтарды дербес шаруашылықтарда өсіруге әбден болады. Олар өздігінен жайылып, шыбын-шіркейлерді көптеп шоқитындықтан азық-тандырылуы арзандап, қорық-бақшаны түрлі зиянды насекомдар-дан арылтуға септігі тиеді. Күркетауық, өсірудегі ең жауапты шақ — балапандарын өсіп-жетілдіру кезеңі. Жануар ішінде боталар нәзік болса, құс ішінде күркетауық, балапандары нәзік. Оларға жақсы күтім, жайлы да жақсы орын, тез қорытылатын қоректі жем қажет. Суық пен ылғалдылықты көтермейді. Ал сақайған



226

соң суыққа төзімді. Жақсы азықтандырып, күйін жетілдіргенде 30 градустық аяздың өзіне төтеп бере алады.

Дербес шаруашылықтарда күркетауықтардың келесі тұқымдарын өсіруге болады.

Солтүстік кавказ күркетауығы. Жайылым отына бейімделген отандық, бағалы тұқым. Мекиендері 9—10 айлығынан бастап жұ-мыртқалап, 5—6 ай ішінде 60—80 жүмыртқа салады. Қабығының сырты ашық-қоңыр, бурыл ноқаттары болады. Әрбір жұмыртқасы 80—100 грамм тартады. Сақа мекиендер салмағы 6—7 кг, әтеш-терінікі —12—14 кг. 4 айлық балапандарының тірілей салмағы 4 килограмга жетеді.

Тұлғасы кең де шығыңқы. Солтүстік кавказ күркетауығын қауырсынының түсіне қарап жез түсті және ақ түсті деп екіге бөледі. Ақ түсті күркетауықтардың жұмыртқалағыштығы жоғары, ұшасы да тәуір, товарлық сапасы жақсы. Жез түсті күркетауықтар ұшасының товарлық сапасын қауырсындарының қара түбірі бұзады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет