«Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі



бет10/10
Дата22.08.2017
өлшемі2,37 Mb.
#24730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Шәмші Қалдаяқов


Қалдаяқов, Шәмші — қазақ композиторы. (15.8. 1930, Шымкент обл., Отырар ауд., — 29.2.1992, Алматы) Отырар ауданы, Қарақоңыр ауылында туған.

«Қазақ вальсінің королі» деп атанған.

Ол Шымкент облысы Отырар ауданында 1930 жылы 15 тамызда дүниеге келген. Оның әндері республикамыздың қай өңірі болмасын жиі айтылып, ән сүйер қауым арасына барынша кең тараған. Ән өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша із қалдырған Ш.Қалдаяқов күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы сазгердің серісі. Біз ес білгелі бері еліміздің кең байтақ даласымен аспанында қалықтаған, махаббат пен сағыныш сезіміне толық қайталанбас Шәмші әуендері енді ХХІғасыр әлеміне бет алып әуелей беретіні ақиқат. Табиғат ерекше дарын иесі еткен дара тұлға Шәмші Қалдаяқовты қазақ баласы есінен шығармас.Шәмші ағамыздың «Қорлан» әнін шырқаудағы өзіне ішкі сырын ашып айтпай сөз шешендігіне салып бұра тартып кететіні де бар. Кең жүрегімен табиғат берген дархан, дарынды Шәмші ағамыз өзінің жүрек тербейтін, қиял қозғайтын, терең ойға шомылдыратын ғажап әндерімен халқын байытатын, олардың өмір сүруге құштарлығын арттыратынШәмші Қалдаяқов пиониноны да, домбыраны да жосылта тартатын еді. Бірақ, домбыраны екпіндете, төпелеп тартқанын көрген емеспіз. Бір әсем әуенді шерте бастайтын да қоңырлата былқылдата ала жөнелетін. Қысқаша айтқанда тұла бойы тұнған өнер болатын.

Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше 300-ге жуық әні бар Ш.Қалдаяқов кеудесін қағып, мен атақты композитормын деп бір сәтте мақтанған жан емес. Қашанда өзінің қарапйымдылығымен ізгілігі мол адам ретінде бүкіл қазақ халқының жүрегінен мәңгі орын алды. Өзінің шығарған өлеңінің бірі «Тамды аруы». Шәмші ағаның қалың жұртқа махабатты жырлаған композитор ретінде белгілі. Тамды аруы махаббат жайлы болғанымен ол махаббат бостандығын аңсап жазылған ән. Яғни, жас жігіттің басынан өткен қайғылы оқиғаға себеп болған. Бұл махаббат бостандығын аңсаған әнді Шәмші ағамыз өзінің шеберлігімен дүниеге әкелді. Ал, «Сағынышым менің» әнінде ерекше аңсау , терең толғау бар. Айта берсек әр әннің өзіндік тарихи сыры бар. Ең бір көшпелі тарих - ән тарихы. Кешегі Кәрібаевтың Жамбыл вальсімен қанағаттанған лектің рухани көші небір аймаңдай дарындармен дараланып, сән салтанаты асқан келешектің көркем келбетін көз алдымызға келтіре білген нұрлы көші еді.

Көш жуан ортасынан ойып орын алған композитордың бірі әрі бірегейі де Шәмші Қалдаяқов болатын. Шәмшінің тағдырын да біртуар тұтас бір тағдыр иесінің 18 жыл соңғы жылдарында осы топырақта ғажайып шығармашылық ғұмыр кешкі «Мойынқұмда ауылым», «Дүнген қызы», «Фосфорлы Жамбыл» секілді атақты әндері осында дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге тарады. Әу баста Шымкент өңірінде атақты әндері осында дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге тарады. Әу баста Шымкент өңірінде басталған Шәмші Қалдаяқов атындағы Халықаралық ән фестивалі Жамбылда жалғасын тауып, талай таланттардың тұсауын кесті. Шын таланттың ғажайып дарынның шапағаты тиді деген осы. Дарыны иісі қазаққа ортақ Шәмшідей аяулы жанның ән ғұмыры әлі талай ұрпақтың ой білімімен, парасатымен жаңаша жаңғырып жалғасын таба берері сөзсіз. Бұл еңбекті сол төккен тердің төл басы Тараз тойына тарту деп қабылдауымыз ләміз.

Қазақ өнері орны толмас қазаға душар болды. 1992 жылы 29 ақпанда жасы 62 ге қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан, көрнекті халық әртісі Ш.Қалдаяқов көз жұмды. Шығармашылық жұмыспен 1950 жылдардан бастап айналысқан 1956-1962 жылдарда Алматы консерваториясында оқыды. Шәмшінің тұнып тұрған сыр шындығымен, шынайылылығымен және сезімге терең бойлауымен ерекшеленетін алғашқы әндерінің өзі композитордың атын елге жайып, халықтың сүйікті перзентіне айналдырды. 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Ш.Қалдаяқовтың 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Олардың дені ән жанрында Ш.Қалдаяқовтың өзінің қайталанбас қол таңбасы халықтың бояуы қанық талантымен қазақ халқының қазіргі әнін, өнерін биік белеске көтерді. Қазақ даласын әнмен тербеткен Ш. Қалдаяқовтың тағдыры мен ғұмырына осы төрт жол өлең түгелімен арналғандай. Оның әндерінсіз ешбір мереке де, ешбір той-думан да өтпейді. Оның әндерін еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін шырқайды. Ал «Шәмші аға» деген сөз «Ән аға» деген сөзбен тұтасып, синоним болып кеткелі қашан...


Ол Шымкент облысы Отырар ауданында 1930 жылы 15 тамызда дүниеге келген. Оның әндері республикамыздың қай өңірі болмасын жиі айтылып, ән сүйер қауым арасына барынша кең тараған. Ән өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша із қалдырған Ш.Қалдаяқов күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы сазгердің серісі. Біз ес білгелі бері еліміздің кең байтақ даласымен аспанында қалықтаған, махаббат пен сағыныш сезіміне толық қайталанбас Шәмші әуендері енді ХХІғасыр әлеміне бет алып әуелей беретіні ақиқат. Табиғат ерекше дарын иесі еткен дара тұлға Шәмші Қалдаяқовты қазақ баласы есінен шығармас.Шәмші ағамыздың «Қорлан» әнін шырқаудағы өзіне ішкі сырын ашып айтпай сөз шешендігіне салып бұра тартып кететіні де бар. Кең жүрегімен табиғат берген дархан, дарынды Шәмші ағамыз өзінің жүрек тербейтін, қиял қозғайтын, терең ойға шомылдыратын ғажап әндерімен халқын байытатын, олардың өмір сүруге құштарлығын арттыратынШәмші Қалдаяқов пиониноны да, домбыраны да жосылта тартатын еді. Бірақ, домбыраны екпіндете, төпелеп тартқанын көрген емеспіз. Бір әсем әуенді шерте бастайтын да қоңырлата былқылдата ала жөнелетін. Қысқаша айтқанда тұла бойы тұнған өнер болатын.

Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше 300-ге жуық әні бар Ш.Қалдаяқов кеудесін қағып, мен атақты композитормын деп бір сәтте мақтанған жан емес. Қашанда өзінің қарапйымдылығымен ізгілігі мол адам ретінде бүкіл қазақ халқының жүрегінен мәңгі орын алды. Өзінің шығарған өлеңінің бірі «Тамды аруы». Шәмші ағаның қалың жұртқа махабатты жырлаған композитор ретінде белгілі. Тамды аруы махаббат жайлы болғанымен ол махаббат бостандығын аңсап жазылған ән. Яғни, жас жігіттің басынан өткен қайғылы оқиғаға себеп болған. Бұл махаббат бостандығын аңсаған әнді Шәмші ағамыз өзінің шеберлігімен дүниеге әкелді. Ал, «Сағынышым менің» әнінде ерекше аңсау , терең толғау бар. Айта берсек әр әннің өзіндік тарихи сыры бар. Ең бір көшпелі тарих - ән тарихы. Кешегі Кәрібаевтың Жамбыл вальсімен қанағаттанған лектің рухани көші небір аймаңдай дарындармен дараланып, сән салтанаты асқан келешектің көркем келбетін көз алдымызға келтіре білген нұрлы көші еді.

Көш жуан ортасынан ойып орын алған композитордың бірі әрі бірегейі де Шәмші Қалдаяқов болатын. Шәмшінің тағдырын да біртуар тұтас бір тағдыр иесінің 18 жыл соңғы жылдарында осы топырақта ғажайып шығармашылық ғұмыр кешкі «Мойынқұмда ауылым», «Дүнген қызы», «Фосфорлы Жамбыл» секілді атақты әндері осында дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге тарады. Әу баста Шымкент өңірінде атақты әндері осында дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге тарады. Әу баста Шымкент өңірінде басталған Шәмші Қалдаяқов атындағы Халықаралық ән фестивалі Жамбылда жалғасын тауып, талай таланттардың тұсауын кесті. Шын таланттың ғажайып дарынның шапағаты тиді деген осы. Дарыны иісі қазаққа ортақ Шәмшідей аяулы жанның ән ғұмыры әлі талай ұрпақтың ой білімімен, парасатымен жаңаша жаңғырып жалғасын таба берері сөзсіз. Бұл еңбекті сол төккен тердің төл басы Тараз тойына тарту деп қабылдауымыз ләміз.

Қазақ өнері орны толмас қазаға душар болды. 1992 жылы 29 ақпанда жасы 62 ге қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан, көрнекті халық әртісі Ш.Қалдаяқов көз жұмды. Шығармашылық жұмыспен 1950 жылдардан бастап айналысқан 1956-1962 жылдарда Алматы консерваториясында оқыды. Шәмшінің тұнып тұрған сыр шындығымен, шынайылылығымен және сезімге терең бойлауымен ерекшеленетін алғашқы әндерінің өзі композитордың атын елге жайып, халықтың сүйікті перзентіне айналдырды. 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Ш.Қалдаяқовтың 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Олардың дені ән жанрында Ш.Қалдаяқовтың өзінің қайталанбас қол таңбасы халықтың бояуы қанық талантымен қазақ халқының қазіргі әнін, өнерін биік белеске көтерді. Оның ғажап шығармашылығы ұлттық мәдениеттің тамаша көрінісінің бірі.

Танымал әндер жазудағы табысы үшін композитор 1965 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығын алды. Ал, 1991 жылы оған Қазақстан Республикасының Халық әрітісі
Мұқан Төлебаев

Төлебаев, Мұқан (1913—1960) — қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі (1959), КСРо мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1949), Қазақстан Республикасы әнұраны ауторларының бірі.

Туып-өскен жері — Алматы облысының Бөрлітөбе ауданындағы Қарашыған ауылы. Топырақ бұйырған жері - Алматы қаласы.

Орта мектеп бітірген соң Алматы педагогикалық училищесінде оқиды (1933). Осы кезде аудандық «Жұмысшы жастар» театрын ұйымдастырады. Алматыда өткен халық өнерпаздарының бүкіл қазақстандық 1- слетіне қатысып (1934), әнші ретінде көзге түседі. Москва консерваторяисы жанынан ашылған Қазақ студиясына оқуға түседі (1936). Қазақтың халық аспаптар оркестрінің дирижері қызметін атқарады (1942-1944). Москва консерваториясын (Маяковский мен Ференнің композициясы класы бойынша) бітіріп шығады (1951). КСРО Композиторлар одағының мүшесі (1942). Қазақстан Композиторлар одағы басқарма мүшесі (1948). Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы (1956-1960).

Мұқанның анасы Тәжібала мен туған нағашысы Апырбай ақындық, әншілік, күйшілік өнерімен төңірегіне танылған адамдар. Бұл болашақ композитордың өнерге жастайынан бейімделіп, бойындағы бұла дарынның қанаттануына себепші болған. Жалпы М. Төлебаев шығармаларындағы музыкалық – эпикалық үрдістің бел алып жататыны, оның ұдайы халық өнеріне табан тіреп, халықтың бай музыкалық қазынасынан шабыт алып отыратынын аңғартады.

М.Төлебаев туындатқан опералардың, оркестрлік немесе вокальды-симфониялық шығармалардың, камералық-аспаптық пьесалардың, әндер мен романстардың қай-қайсысы да терең сезімталдығымен, музыкалық тілінің шыншылдығымен, өзіндік қолтаңбасымен дараланып отырады. Оның шығармаларының көркемдік қуаты тегеурінді, парасат-пайымы өрелі, көркемдік-идеялық бағыты айқын, ұлттық-төлтумалық бояуы қанық. М.Төлебаев қысқа ғана ғұмырында жүзден астам музыкалық шығармалар туындатып үлгерген. Бұлардың ішінде опералық, контаталық-ораториялық және ән-романстық шығармалары айрықша ден қойдырады.

Әсіресе, «Біржан-Сара» операсы оның композиторлық дарынының шырқау шыңы ғана емес, сонымен бірге қазақтың ХХ ғасырдағы музыкалық мәдениетінің ең көрнекті табыыстарының бірі. «Біржан-Сара» операсы өзінің полифониялық болмысына қарамастан, ұлттық нәрі құнарлы туынды. Нағыз өнердің табиғатына тән төлтумалық «Біржан-Сара» операсының өнбойынан айқын аңғарылып отырады.

М.Төлебаев қазақтың кәсіпқой музыкалық мәдениетін қалыптастырып, орнықтырушы хас дарындардың бірі.

Ғазиза Жұбанова

Ғазиза ЖҰБАНОВА (1927-1993 жж.) Белгілі композитор, Кеңес Одағының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ғазиза Ахметқызы Жұбанова 1927 жьлдың 2 желтоқсанында заманымыздың заңғар композиторы, академик Жұбанов Ахмет Қуанұлының отбасында дүниеге келді- Мәскеуде білім алды. Музыка училищесін, одан соң консерваторияны үздік аяқтады, докторантурада оқыды. Ғазиза Жұбанова Қазақстан Композиторлар Одағының Төрағасы, Кеңес Одағы композиторлар Одағының хатшысы, көп жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметтерінде болды. Ол еліміздің қоғамдық өміріне, Совет әйелдері комитетінің жұмысына белсене араласты. Ғазиза Ахметқызы Құрманғазы атыңдағы Қазақ ұлттық консерваториясыңда еңбек етіп жүрген кезіңде жастарға білікті ұстаз, сонымен қатар, олардың өнер шыңына жетуіне қамқор бола білді. Бүгінгі әлемжұртшылығы мойыңдаған Ж. Әубәкірова, Г. Мырзабекова, А. Мұсаходжаева, Ә. Дінішев және де басқа көптеген енер шеберлері еліміздің мақтанышы. Ғазиза Жұбанованың негізгі мұрасы - оның музыкасы. Композитордың туыңдылары қазақ музыка өнерінде жаңа дәуірге есік ашты. Ол - "Еңлік-Кебек", "Жиырма сегіз", "Құрманғазы" және "Ғасырдан да ұзақ күн" опералары, "Легенда о белой птице", "Хиросима", "Қаракөз", "Мадам Баттерфляй" балеттері, үш симфониясы, ораториялары, хор мен камералық шығармалары, пьесаларға, кинофильмдерге арнап жазған музыкалары. Бұл шығармалар еліміздің алтын қорынан мәңгілік орын алған туындылар. Композитордың шығармалары әлем сахналарында да кеңінен орындалуда. Әсіресе, Ресей, Чехия, Германия, Италия, Франция, Болгария, Япония, Финляндия және де басқа көптеген шет елдерде өз тыңдармаңдарын табуда. Ғазиза Жұбанова - әлемдік музыка саласында өзіндік орны бар композитор, әр шығармасыңда халқымыздың ұлттық құңдылықтарын қалыптастыра білген, тыңдарманының жүрегіне жол таба білген танымал сазгер. Соңғы жылдары композитордың мұрасы кеңінен зерттелуде. Оған Ғазиза Жұбанованың қызы, Астанадағы Казак Ұлттык музыка академиясының доценті Дина Мәмбетова көп еңбек сіңіруде.


Сыдық Мұхамеджанов

(1924 - 1991)

       Сыдық Мұхамеджанов талантты композиторлардың бірі, оның тамаша әуендері әр қырлы шығармашылығы, аға буын композиторлар мектебінің негізін қалаушы және 60-шы жылдары шыққан композиторлардың арасында байланыс түйін болып табылады.

      С. Мұхамеджанов 1924 жылы, Қарағанды облысындағы Шет ауданының Үлкен бұлақ деген жерінде дүниеге келді. Оның балалық шағы дарынды адамдардың ортасында өтті, туған өлкесінен шыққан атақты Тәттімбеттің, Ақанның, Естайдың әндері мен күйлерінің әсем үндері балаға үлкен әсер қалдырды. Оның музыкаға деген әуестігі өзінің анасынан дарыған.1947 жылы ол киноактерлер мектебін бітіріп, музыка училищесінің тарихи – теориялық бөліміне оқуға түсті. Денсаулығына байланысты училищедегі оқуын тоқтатып, мектептерде, музыкалық үйірмелерде жұмыс істейді.Тек Алматы консерваториясына түскеннен кейін композициямен шұғылданып, профессор Е. Брусиловскийдің класында оқиды.

       Оқу жылдарында композитордың негізгі көркемдік ерекшелігі –тамаша әуендік дарындылығы және ұлтымызға тән үнділігі байқалды. Консерваторияны бітірмей-ақ, талай шығармалар жазды: скрипка, мен фортепианоға арналған соната, қобызға, фортепианоға  арналған пьесалар, хорлар, драмалы қойылымдарға музыка, әндер мен романстар.Бұл жылдары қазақтың халық оркестріне арналған музыкасы мен осы ұжыммен тығыз байланысының шығармашылығында мәні зор болды. Оркестрге арнап «Балқадиша» әніне Вариациялар, «Қыз қуу» симфониялық суреттемесін және «Домбыра туралы баллада» поэмасын жазды. Сонымен қатар, осы кезеңдегі тамаша шығармаларының бірі- «Қуаныш Отаны» атты симфониялық поэмасы. Бұл туынды жастар мен студенттерінің Бухаресте өткен Бүкіл әлемдік фестивалінде орындалып, Қазақ ССР-інің Жамбыл атындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Бұл шығарма С. Мұхамеджановтың есімін тыңдаушы қауымға әйгілі етті.

       50-60-шы жылдары, консерваторияны бітірген соң С.Мұхамеджановтың шығармалары тыңдаушы қауымды өзіне тарта түседі. Оқып жүрген кезінен тың жанрларды меңгерген композитор ірі-ірі шығармалар жазуға кіріседі. 1964 жылы «Айсұлу» атты қойылған күлдіргі операсы Қазақстанның опера өнерінің дамуындағы маңызды оқиға болды.

       С. Мұхамеджановқа вокалды жанрлар жақын. Бұл жылдары ол адамның дауыс мүмкіндігін толығынан пайдалануға тырысады. Ол Қазақстанның қазіргі өмірін, революция жетістігін, Советтік өмірді ашатын тақырыптарға көбірек жүгінеді. Сондықтан, осы кезеңде шыққан туындылары көбінесе вокалды-симфониялық жанр болды. Олар: М. Мақатаевтың өлеңіне жазылған «Ленин туралы» кантата, Н. Шакеновтың өлеңіне жазылған «Ленин туралы поэма». Вокалды-симфониялық жанрда жазылған ірі туындыларына «Ғасырлар үні» ораториясы жатады.

       «Ғасырлар үні» ораториясы 1960 жылы жазылып, сол жылы орындалды. Поэтикалық тексін Қ. Шаңғытбаев жазған және де ол С.Мұхамеджановтың көптеген вокалды шығармаларының өлеңдерінің авторы. Ораторияны орындаушылар құрамына – дауыстар, аралас хор және симфониялық оркестр кіреді. Оратория сегіз бөлімнен тұрады. Мұнда қазақ халқының өмір тарихын, негізгі тарихи оқиғаларды және ұлттық бейнелерді суреттейді:

        I бөлім – Жырау балладасы

       II бөлім – Шабуыл

       III бөлім – Ұлы апат жылдары

       IV бөлім – Октябрь әні

       V бөлім – Бесік жыры

       VI бөлім – Жас қазақ

       VII бөлім – Еңбек мейрамы

       VIII бөлім – Отан ұраны

       Барлық бөлімдер арқылы, халық атынан түрлі оқиғаларды баяндап отырған ғасырлар үні тәрізді лейтмотив өтеді.

        Кіріспенің өзінен-ақ лейтмотив басында салтанатты түрде, одан кейін екінші бөлімнен алынған күңгірт әуен сарынымен алмасады. Мұнда дыбыс қатайып, тағдыр үні тәрізді өтеді және көбінесе фа минор әуезділігінен сақтайды (I – IV және VI бөлімдерінде). Кейбір бөлімдерінде лейтмотив естілмейді. Оның кварта көлемінде төмен қарай жылжыған әуені қарама – қарсы бейнелеуге негіз тудырады. Бесінші бөлімінде сопрано және тенор хордың сүйеме ерекшелігі арқылы, басында жеке одан кейін қосылып, ұлына арнаған бесік жырын айтады. «Әлди - әлди» деген тербелмелі сөздерінде лейтмотивпен байланысы байқалады.


Еркеғали Рахмадиев
Рахмадиев Еркеғали - - композитор, ССРО халыҚ артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор. 1932 ж. Семей облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор Е. Г. Брусиловскийдің композиция класы бойынша бітірген. Ол қазақ музыкасының ұлттық ерекшелігі болып табылатын симфониялық күй жанрына негіз салушылардың бірі. Оның көркемдік тәсілі халықтық - әндік материалды қазіргі замандық музыка тілімен үндестірумен ұтады. Рахмадиевтің шығармалары: “Қамар сұлу”,“Дала таңы”,“Алпамыс” опералары, “Дайрабай”,“Құдаша-думан” симфониялық күйлері, “Аманкелді”, “Толғау” симфониялық поэмалары, “Аястан” кантатасы, “Балқаштағы кеш” хорлық поэмасы Қазақстанда және шетелдерде жақсы танымал. Еркеғали Рахмадиевтің ерекше қасиеттерінің біріне аспаптық үн табиғатын терең сезінуі жатады. Бұл қасиеті өзгеше білінеді. Композитор симфония жазған жоқ. Ертеректе жазылған симфониялық поэмалары негізгі шығармаларға жатпайды. Оның шығармашылығының көрсеткіштеріне симфониялық күйлері жатады, Тек осы туындыларында оның аспаптық табиғатын байқауға болады. Композитор домбыра күйлерін симфониялық оркестрдің үні арқылы жаңа жағынан таныта білді.
Кішкентай кезінен домбырада ойнаған композитор, екі ішекті қарапайым аспапқа арналып жазылған музыканың мәнерлігін, көркемдігін, әсемдігін керемет білген. Ол қазақ күйлерінің рухани бай тереңдігі еуропалық жанрларға сыймайтындығын сезінді. Алайда, жауап өздігінен келді – күй материалдарын басқа жанрларда тек қолдана ғана қоймай, жаңадан күй шығару керек. Еркеғали Рахмадиев Қазақстан композиторларының ішідегі әйгілі халық күйлерінің авторлық нұсқаларын шығарған бірінші композитор болды. Осылайша,оның шығармашылығында ерекше оркестрлік күйлердің бірнеше түрлері пайда болды: «Дайрабай», «Құдаша-Думан», «Орытпа», «Серпер».
Рахмадиевтің жаңашылдығы келесіде болды: композитор «дәстүрлі күйді күй жанрында көрсетті ». Рахмадиев күйі концерттік орындалуға арналған симфониялық шығарма болып өзгертілді.
Өзінің «симфониялық күй» деген атауында да дәстүрлі домбыралық пьесаға автордың өзіндік көзқарасы мен ойы көрініп тұр. Оның мәні – әртүрлі мәдениеттерге жататын жанрлардың жақындасуы: жазбаша және ауызша, батыс және шығыс. Бұл идея өте жемісті болды, және де бірінші күй өзінше аса жетілген болып шықты. Ол, симфония тәріздес аспаптық дамудың нақ логикасы бар музыка болып табылды. Және срншалықты нақ логикасы тек симфониялық процесспен ғана ассоциациялар тудырады.
Сөйтіп, күй симфоонизмі туралы ой пайда болды. Бұл ойды ең бірінші болып Асафьев айтқан-ды. «Әндердің де, аспаптық импровизациялардың (домбырада – А.Б.) да құрылысында симфонимялық дамудың көптеген мүмкіндіктері қалыптасықан...» .
Еркеғали Рахмадиев күйді өзіндік жанр ретінде бөле отырып, бастапқы материалдың органикасын бұзған жоқ. Алайда, музыка домбыралық пьесаның бай үндік табиғатын барынша көрсетті. Бастапқы екідауыстылық симфониялық оркестр құралдарың көмегімен көпдауыстылыққа өтті. Бұл шығарманың оркестрлік нұсқасының арқасында бүкіл регистрлерді және барлық жоғарылықтағы дыбыстарды бір уақытта қолдануға кең мүмкіндіктер пайда болды.
Осы негізде халық күйінің авторизацияланған нұсқасы құрылды. Композитор оны пьесаны өзіндің «оркестрге арналған интермеццо» ретінде үлкен симфониялық оркестрдің құрамына арнап жазған. Оның музыкасы көптеген оркестрдің тутти ретінде берілген керемет сололарыне толы.
Рахмадиев фактуралық-тақырыптық гомофондық бөлу принципін көптеп қолданған, олрады сололық және фондық деп бөлген.
Нағыз күй табиғатын соншалықты терең түсінген Рахмадиев ритм сферасына көп көңіл бөледі. Оның музыкасында халық пьесасының қайталанбастығын білдіретін ритмикалық түрлердің «концентрациясы» (советтік музыкатанушылықта кеңінен таралған термин) байқалады.
Еркеғали Рахмадиевтің шығармаларының симфониялық нұсқаларының негізіне айналған халық күйлері, әртүрлі стильдерге жатады. Мысалы, әйгілі «Дайрабай» - Шығыс қазақстанның музыкалық дәстүрінің үлгісі. Күй, оны шығарған композитордың атымен аталған. Дайрабай 19 ғасырда өмір сүрген және үлкен физиологиялық күшімен белгілі болған. Дайрабай колониалдық жүйеге қарсы күрескер ретінде атағы шыққан, және бірнеше рет түрмеге жабылған.
Күйдің симфониялық нұсқасын шығара отырып Еркеғали Рахмадиев «бас буын» материалына сүйенген
Бақытжан Байқадамов

Бақытжан Байқадамов аға ұрпақтардың ішіндегі талантты композиторлардың бірі. Ол тамаша әндер шығарған және хор өнерін қалыптастыруға зор үлесін қосқан, сонымен қатар, өнерпаздардың музыкалық шығармашылығын дамытуға еңбегін сіңірген. Композитор, ұстаз және музыка ұжымдарын ұйымдастырушы ретінде Октябрь революциясы жеңіп алған өмірді қолдап, жаңа қоғамды құруға қатысты. Өмірге қатысты негізгі ойын Б.Байқадамов жеке әндер мен хорлар арқылы жеткізуге тырысты, өйткені бұл жанр кең қауымға түсінікті. Ән туралы композитор былай деген: «Өмір дегеніміз ән, ән дегеніміз өмір».Композитордың бұл сөздері шығармашылығының өзегі болып табылады.



Өмірі мен шығармашылығы.
Б.Байқадамов 1917 жылы Торғай облысының Торғай селосында дүниеге келді. Оның әке-шешесі дарынды адамдар болған, анасы өзі ән шығарып, ән шырқайтын, ал әкесі домбырада ойнайтын. Музыкаға деген әуестік болашақ композиторда бала кезінен-ақ пайда болды. Ол ән айтып, домбырада ойнады.
1920-1930-шы жылдары қазақ халқы үшін жаңа өмір құру үшін ғана емес, халыққа ауыр сын әкелген – аштық, қоныс аудару, жазалау жылдары болды. Осы ауыр жағдайға Байқадамовтардыңда жанұясы ұшырады. 1930 жылы әкесін ату жазасына кесті. Б.Байқадамов интернатта тәрбиеленді. Мұнда да ол музыка өміріне араласып, көркемөнерпаздардың үрмелі оркестрінде ойнады. Бірақ музыка оның өмірінің бірден, негізгі кәсібі болған жоқ. Мектепте оқып жүрген жылдары баланың математикаға деген қабілеті кейінгі тағдырын шешті және бұл әуестік 40-шы жылдардың соңына дейін созылды.
1937 жылы Бақытжан, Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының механико-математикалық факультетін бітірді. Одан кейін орта мектепте математика мұғалімі болып жұмыс істейді. Бұл жылдары музыкаға деген ынтасы арта түседі.

КҮЙДІҢ АЙМАҚТЫҚ ДАМУЫ
Қазақ күйшілерінің орындау мәнері аймақтық күй ұяларына байланысты дамиды. Күй әуені интонациялы саз ретінде әуелде бір түбірлі болғанмен орындаушылық мәдениеттің тезіне түскен кезде әртүрлі арнаға түседі. Қазақтың күй өнері негізінен төкпе, шертпе деп айдарланған екі машыққа бөлінеді, соған орай олардың жерге, топыраққа тартып тұратын айшықты мінездемелері де бар. Төкпе және шертпе деген анықтама күйдің тәсілді тартысына байланысты туындаған кейінгі аттар, А.Жұбановтың «Ғасырлар пернесі» кітабындағы Тәттімбет жайлы зерттеуде шертпе күй деген сөз кездеспейді, мұндай атау У.Бекенов кітаптарынан кейін енген (Шертпе күй шеберлері.). Күйлердің қазіргі оқытудағы аймақтарға қарай ұялық бөліністері жеті мектепті құрайды:
1)Алтай күйшілік ұясы, аймағы –Шығыс Қазақстан ;
2)Арқа күйшілік ұясы, аймағы –Орталық Қазақстан ;
3)Жетісу күйшілік ұясы, аймағы –Оңтүстік Шығыс Қазақстан;
4)Қаратау күйшілік ұясы, аймағы –Оңтүстік Қазақстан;
5)Жиделі Байсын күйшілік ұясы, аймағы –Сырдария, Арал өңірі;
6)Орда күйшілік ұясы, аймағы –Батыс Қазақстан;
7)Түбек күйшілік ұясы, аймағы -Маңғыстау.
Күйшілік ұялардың бұлай бөлінуінің жүйесін алғаш жасаған А.Сейдімбек, оған дейін мұндай мектеби жіктеу жасалған емес. Бұл күй тарихы мен орындалу мәдениетіне дұрыс бағдар бере алатын нақты әрі дәл анықтама болды. Қазақ күйлерінің аймақтық ұяларының мұнан да басқа әлі айқындала қоймаған күйшілік мектептері бар, олардың көбісі өзінше төбелі мәнер болғанымен аз ескеріледі. Алтай күйшілік мектебінде – Тарбағайлық, Арқада – Тоқырауындық, Жаңа арқалық, Жетісуда – Таластық, Қаратауда –Күнгейлік, Жиделібайсында – Аралдық, Ордада – Оралдық, Түбекте –Үстірттік (Түркіменше шалу мәнері) мектептер қалыптасқан, және олар жеке күйшілік ұя болуға әбден ылайықты. Бұлардан өзге Іле, Шығыс Түркістан мен Байөлке жеріндегі күйшілік те өзінше төрге шығуға тұрарлық мәнерлі мектептер. Осы мектеп өкілдері – Аққыз, Тоқа, Байсерке, Үсен төре, Мәмен, Әренжан, Есір сияқты күйшілер орындаушылықтың шыңына шығып, артына із қалдырған домбырашылар. Бұл мектептер тәжірибеде орындаушылығы бөлек домбырашылық өнер болып бағаланғанымен жоғарыдағы мектептердің атына жалпылама телініп жүр. Осыларды қомақтай айтқанда қазақтың күйшілік ұяларының жалпы саны он сегіз болар еді:
Алтай, Тарбағатай, Арқа, Жаңа арқа, Тоқырауын, Жетісу, Талас, Қаратау, Қаратаудың күнгейі, Жиделібайсын, Арал, Орда, Орал, Түбек, Үстірт, Іле, Шығыс Түркістан, Байөлке.
Күйшілік ұялардан басқа үлгілік мектептер де бар. Әрбір күйшілік ұяның басында сол саладағы орындау мәнерін жасаған тұлғалар бар. Байжігіт, Тәттімбет, Қожеке, Сүгір, Қазанғап, Құрманғазы, Абыл сияқты күйшілер өз мектебінің іргетасын қалағандар және шығармашылығы ерен жасампаз (реформатор) сазгерлер. Олардың үлгілерін ары қарай дамытқан замандық күйшілеріміз солардың шәкірттерінің қолынан күй алғандар, әрі сол күйлерді тарту барысында өз орындаушылық мектептерін де қалыптастырған домбырашылар. Осы күні Ә.Хасенов, М.Хамзин, Н.Тілендиев, Ж.Қаламбаев, Т.Момбеков, С.Балмағамбетов, Б.Басығараев, Қ.Жантілеуов, Р.Ғабдиев, С.Шәкіратов сияқты күйшілердің орындаушылық мәнерлері де өз кезегінде жалғасын тауып, жеке мектеп болып қалыптасқан үрдіс саналады.
Қазақ күйлерінің шығуы, құрылымы мен тегі бір. Алайда, аймақтық мектептерге бөлініп, жеке орындаушылық үлгілердің өз алдына отау тігетін заңдылығы және бар, бұл үрдіс күй табиғатын тануға әсте бөгет болмайды, керісінше, аспаптық музыкамыздың байлығы мен кемелдігін айшықтайды. Аймақтық факторларды ескергеннің өзінде, күйдің шертпе, төкпе деп бөлінуін тек қана тарту техникасының өзгешелігімен түсіндірген абзал. Күйлердің әуелде бір сарынды болып (көне күйлер, аңыз күйлер) кейіннен әрқалай мақамда дамуы – кезеңдену процессіне байланысты.
Қазақ даласының шығыс аймағына кең тарап, ғасырлар бойы дамыған күйдің ұлы арнасы - шертпе, күй атасы – Кетбұғыдан басталып Байжігітке, одан Тәттімбет пен Бежеңе (Бейсенбі) ауысқан шертпе өнері ұлттық музыка мәдениетінің классикалық мұрасы болып табылады.

ШЕРТПЕ КҮЙДІҢ АЙМАҚТЫҚ ҰЯЛАРЫ

Қазақтың күйшілік өнерінің үлкен екі арнасы – төкпе және шертпе болып бөлінетінін жоғарыда айтып кеттік. Біздің әңгімеміздің өзегі осы арнаның бірегей түрі - шертпе күй туралы болмақ.


Шертпе күй - аты айтып тұрғандай шертіліп тартылатын күй, мұндағы сөздің түбірі - «шерту» етістігі, музыкалық сөздікке кейіннен енген атау (ертеде күйді бөле атау үрдісі жанрлық ерекшелігіне байланысты болған, мысалы – жыр күйлер, би күйлер, ойын күйлер т.б.). Кейбір зерттеулердегі «шер» сөзінен шыққан, іштегі шерді қозғайтын күй деген анықтаманың көңілге қонуы қиын, төкпе болсын, шертпе болсын, қазақта шер қозғамайтын күй бар ма?
Қысқасы, шертпе - тарту техникасы көбінесе бір ішекті саумалай шерту әдісіне құралған күйлер. Мінезіне келсек – жалпы ұлтық күйшілік дәстүрге ортақ қарекеттің барлық белгілері бар, біржақты «жуас» деу жаңсақ ұғым, себебі – шертпе мектебінен шыққан екпіні төкпеге барабар әбжіл күйлер толып жатыр (мысал үшін - «Салкүрең», «Дайрабай», «Ыңғай төкпе», «Көкбалақ» т.б.). Сондықтан, шертпе күйдің табиғатын танудың бір амалы – аймақтық мектептерін анықтау.
Қазақтың тамаша күйшілік мектептерін орнықтырып кеткен ұлы күйшілердің шығармашылығын барлағанда - әуені мен тартысына қарап қай өлкенің тумасы екенін анықтауға әбден болады, өйткені, ғасырлар бойы қалыптасқан белгілі бір сарындар тобы сол топырақтың ғана меншікті мақамына айналып кеткен, күй қай аймақта, қай уақытта туса да қазақтың құлағы оны жазбай танитыны содан. Әрбір аймақтың тілінде, киімінде, қолөнері мен тұтынатын заттарында сол жерді мекендеген елдің қауымдық ерекшелігіне тән айырмашылықтар болатынын этнографтар да жоққа шығармайды, алайда, бұл факторлардың ұлт мұрасының тұтастығына нұқсаны жоқ, керісінше, мәдениетіміздің байлығы мен байтақтығы болып саналады.
Қазақ тарихын түркі заманынан бастап зерттеген орыс ғұламасы – Л.Н.Гумилев шығыс өркениетінің Алтай жерінен бастау алғанын жазады, қазіргі кезеңге дейін жетіп отырған алтайлық әндер мен күйлерді тыңдағанда олардың көне түркілік сазға құрылғанын аңғару оңай. Музыкатанушы-ғалым П.Шегебаев бұл мектеп туралы мынадай пікір айтады: «...Шығыс аймақта дамыған аспаптық үлгі қазақ музыка мәдениетіндегі ерекше құбылыс. Мұны тарихи тағдыры бір түркі-мұңғұл халықтарынан қалған мәдениет деп тануға әбден болады. Аспаптық шығармаларының обертонға бай, тембрлік бояуларының қою (қоңыр) болатыны соның әсерінен». (Шығысқазақстандық аспаптық музыканың стильдік ерекшеліктері. Мақала. Музыкальное искусство: Наука и образование. Ғылыми еңбектер жинағы, Астана-2004.) Шертпе өнерінің белді өкілі - Байжігіттің күйлерінен тек Шығыс өлке емес қазақтың барлық күй мектептеріне ортақ қайырымдарды кездестіруге болады. Айтпағымыз, қазіргі шертпе күй мектептерінің қалыптасуының басы - қасиетті Алтай жерінен бастау алады деген тұжырым.
Қазақтың шертпе күйлерінің аймақтық ұяларын былайша тарқатуға болады:
1.Шығыс Қазақстандық (Алтай-Тарбағатай) күйшілік мектеп;
2.Арқа күйшілік мектебі;
3.Жетісу күйшілік мектебі;
4.Қаратау күйшілік мектебі.
Жеке тұлғалардың орындаушылық мектептері:
1.Байжігіт мектебі;
2.Тәттімбет мектебі;
3.Қожеке мектебі;
4.Сүгір мектебі;
Өнерде ерекше ізі қалған күйшілердің мәнерлік мектептері:
1.Әбікен мектебі;
2.Жаппас мектебі;
3.Мағауия мектебі;
4.Төлеген мектебі;
5.Нұрғиса мектебі;
6.Уәли мектебі.
Әлбетте, осы аттары аталған күйшілердің тартыс үлгілері қазақ музыкасының алтын қорында сақтаулы, сондықтан кейінгі орындаушылардың шертпелік өнерде бірден-бір бағыт алар бағдары болып отыр. Оның үстіне осы үлгілерге еліктеп өскен бір қауым күйшілер буыны өсіп жетілді.
Қазіргі уақытта шертпе дәстүрін дамытып, аймақтық күйшілік мектептердің салтын сақтап жүрген домбырашылардан – Боранқұл Қошмағамбетов (марқұм), Мұхаметжан Тілеуханов, Таласбек Әсемқұлов, Дәулетбек Садуақасов, Білал Ысқақов, Секен Тұрысбеков, Рымхан Әбілханов, Базарәлі Мүптекеев, Саян Ақмолда, Сәрсенғали Жүзбаев, Мұрат Әбуғазин, Қайрат Айтбаев, Арман Қадырбектердің есімдерін атауға болады.
Шертпе күй туралы арнайы кітаптар жазып, ғылыми зерттеу жүргізген ғалымдарымыз – А.Жұбанов, У.Бекенов, М.Айтқалиев, А.Сейдімбек, Ә.Мұхамбетова, П.Шегебаев, Р.Малдыбаева, Т.Әсемқұлов.
Шертпе күйшілердің өмірі жайлы әдеби деректер қалдырған жазушыларымыз – Т.Әлімқұлов, С.Бегалин, М.Мағауин, Ж.Алтайбаев, К.Салықов, І.Жақанов, Т.Әсемқұлов, К.Жүнісов, Ө.Кәріпұлы, Я.Амандықовтар.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН КҮЙШІЛІК МЕКТЕБІ

Қазақ күйлерінің архаикалық (байырғы) түрлері Алтай-Тарбағатай жерінде мейлінше мол сақталған. Күйлердің орындалу машығы көнеден келе жатқан дәстүр екендігін айғақтайды, шығыс сарындарын тыңдаған жан оның барша түркі-мұңғұл (ғұндар деген ұғымда. Ж.Ж.) нәсіліне ортақ әуен екендігін бағамдай алады. Күйлердің аттары тотемдік наным-сенімдерге құрылған, мысалы, «Самұрық», «Ақсақ марал», «Боз інген», «Бұлғын мен Сусар», «Ағаш ат», «Жорға аю», тағы басқалар. Алтай күйлерінің өзге мектептерден ерекшелігінің бірден-бір белгісі - олардың әуелден домбыра, шертер, сыбызғы, шаңқобыз, жетіген аспаптарына ортақ саз ретінде туғандығы (музыкатанушы П.Шегебаевтың пікірі). Сондықтан, домбыра күйлері осы аспаптардағы бояулар арқылы аса байытылғаны айдан анық көрініп тұрады. Қыпшақ-Оғыз заманынан қалған көмекей ғырыл (бурдон) дыбысты аспапта сақтай отырып күй толғау қазақ жерінде тек шығыста ғана сақталған, (көмекеймен жыр айту үрдісі Сыр өңірінде жақсы дамыған десек те, ол жердің аспаптық шығармаларында бурдондық тәсіл қолдану жоқ) ол тек сыбызғыда емес, домбыра күйлерінде де кең қолданылады, әсіресе теріс бұраудағы шертісте көп.


Күйлердің құрылысы қайырмалы ән формасымен өрілген, сағаны қуып дамыту, тондық тұғырды (тональность) ауыстыру, ладты өзгерту мүлде жоқтың қасы. Кез келген алтайлық шығарма тұтастай екі немесе үш рет қайталанып орындалады, финалында бастапқы тақырып еміс еске түсіріле шолақ қайырылып аяқталады.
Күй мінезі асқақ, соған сәйкес ырғақтары да біркелкі – жүрдек, қайғылы күйлердің өзінде мажордағы салтанат тәкәппарланып тұратыны бізден басқа ұлттың ұғымына түсініксіз де шығар («Аңшының зары», «Бөкен жарғақ» т.б.). Шығысқазақстандық күйшілік мектептің тағы бір қыры - жоғарыда айтылған тотемдік нанымнан туған күйлер орындалғанда домбырашы белгілі бір аңның немесе жануардың мінез-құлығын аспапта суреттеуге ұмтыла қоймайтыны, керісінше, тақырыптағы мақұлық пен күйшінің ортасында құпия тілдесу (диолог) үрдісі пайда болады, нәтижесінде - біз бейнелеуден бөтен, тұтас екеуара сұхбатқа құрылған жораның (ритуал) куәсі боламыз.
Шертпе күйлердің ішінде орындалуы, техникалық жағынан меңгерілуі ауыры - осы мектеп, себебі, мұнда ілме қағыс, терме (шектерді термелеу) қағыс, сол қолда кездесетін тайғанақ әдіс, ысырма әдістерді айтпағанның өзінде күйдің аңыздық, программалық ізі дәстүрлі методиканың дәрістерін керек етеді. Шығыс Қазақстаннан шыққан дәстүрлі күйшілер – Байжігіт, Бейсембі, Жүнісбай Стамбайұлы, Шақабай Шалап батыр, Сақбике, Терістаңбалы Мүкей, Раздық, Шотайбай, Масығұт, Бейісбай, Әшім, Бағаналы Саятөлекұлы, Ғабдылхақ Барлықов, Таласбек Әсемқұлов, Жарқын Шәкәрімов, Білал Ысқақов, Тұрсынғазы Баяқов, Қазен Әбуғазин, Қабікей Ақмерұлы.
Қазіргі кезде бұл мектептің ізін жалғастырып жүрген азаматтар ретінде - Секен Тұрысбеков, Мұрат Әбуғазин, Мұқаш Таңғыт, Еркін Ерген, Ертай Барлықов, Әсет Дәненов, Анар Кітапова сияқты дарынды күйшілерді атай аламыз.
Шығыс күйшілік мектебін алғаш зерттеген - Уәли Бекенов. Ол «Күй табиғаты», «Шертпе күй шеберлері» атты кітаптар жазып шығыстық күй мектебінің ерекшеліктерін ашып көрсетті. Осындай абыройлы еңбек - жазушы Мұхтар Мағауинге де тиесілі. Ол Байжігіт мұрасын ұлттық қазынамыз ретінде алғаш таныған, күйлерінің жарық көруіне көп септігі тиген адам. Шығыс күйшілігіне арнайы ғылыми талдау жасаған – музыкатанушы Пернебек Шегебаев. Оның мақалаларында домбыра күйлерімен қатар сыбызғы күйлері де тарихи дамуы мен құрылымы жағынан жан - жақты зерттелген. Шығыс Қазақстандық күй мектебі туралы этнограф ғалым - Ақселеу Сейдімбек өзінің «Қазақтың күй өнері» монографиясында қазіргі кәсіби күйшілікке әдістемелік бағдар бере алатын терең талдаулар жазды.
Қазіргі кәсіби оқыту тәжірибесінде шығыс күйлері сирек орындалады, бұл оның әлі тыңғылықты зерттеуді керек ететінін көрсетеді, күйлер ішінара (У.Бекенов, Б.Ысқақов, М.Әбуғазин) нотаға түсірілгенмен орындаушылық мәдениетінің ашылуы толық тізгін бере қойған жоқ. Нағыз орындаушылар өз дәуірінде өнерлерін елге ұсынып, тұзы таусылған соң бірінің артынан бірі кетіп жатыр. Олардың көнеден қалған шертпелік мектебі кейінгі ұрпаққа толық жалғасып отыр деп айту қиын.
Алтай күйлерінің өзге мектептерден бөлектігі күйдің сыбызғы мен домбырада қатар орындалатыны. Домбырадағы күйлердің бәрі дерлік сыбызғыда тартыла береді, және ол тақырыбы жағынан да бұзыла қоймайды. Осы дәстүрдің жалғасуын бүгінде шертпе күйдің шебері - С.Тұрысбековтің «Балауса» күйінен көре аламыз. Сазгер бұл шығармасын домбыра мен сыбызғыға тел шығарған. Сыбызғы күйлерін жинақтаушы, кәсіби сыбызғы мектебінің тұңғыш ұстазы - Т.Мұқышев Байөлке күйлерінің ноталық жазбаларын кітапқа кіргізді, онда атақты Кәлек сыбызғышының күйді екі аспапта қатар тартатын шеберлігі айтылады. Бұл Алтай күй мектебінің байырғы мәдениетке жататынын көрсетеді, жалпықазақтық күйшіліктің жерұйығы – Алтай екендігінің бұлтартпас айғағы.

АРҚА КҮЙШІЛІК МЕКТЕБІ

Арқаның күйшілік мектебі - шертпе мәдениетінің алтын қазығы деуге тұрарлық үлкен мектеп. Себебі, Арқа иісі қазақтың тарихи ортақ мекеніне айналған, үш жүздің еншісі бөлінбегенін айғақтап тұрған қасиетті Ұлытау да осында. Домбырасымен «Ақсақ құланды» толғаған күй атасы - Кетбұғы өмір кешкен Жошы ұлысы да Арқа өңірінде дәурендегені шежіреден аян. Нелер балбармақ домбырашылар өмір кешкен Сарыарқа жерінде күй дегенде алдымен аузымызға абыз Кетбұғыдан бөлек керей батыры–Байжігіт, арғынның аты аңызға айналған ақылманы – Тәттімбет сері түседі. Осылардың ішінде Арқа мектебінің басында тұрған тұлға сөз жоқ, Тәттімбет екені даусыз.


Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862) өз заманында теңдесі жоқ өнерпаз болды, ғұмыры келте болса да артына мол мұра қалдырды. Ең маңыздысы – жасампаз мектептің іргетасын қалап кетті, Тәттімбетше күй шалу үрдісі осыдан кейін Тоқа, Дайрабай, Қыздарбек, Сембек, Әбди, Итаяқ, Әбікен, Аққыз, Мағауиялар арқылы дамып, шертпенің даңқы мұқым қазаққа үлгі болды. Арқа күйлерінің музыкалық шығарма ретіндегі маңызды ерекшелігі - өзінше жеке мектеп бола тұра домбыра өнерінде дамыған барлық күйшілік дәстүрді жатсынбауы. Жағырапиялық жағынан Шығыс пен Оңтүстік, Жетісу мен Сырға аралас қонған қоңсылығы бұған септігін тигізгені ақиқат.
Арқа күйлері де ішінара мынадай орындаушылық мектептерге бөлінеді:
Тоқырауын орындаушылық мектебі, өкілдері – Әшімтай Қарымсақұлы, Манарбек Ержанов, Аққыз Ахметова, Сатан, Мұхсин, Мағауия Хамзин, Жақсылық Омашев, Қайрат Айтбаев.
Ақсу-Аюлы орындаушылық мектебі, өкілдері – Итаяқ, Қыздарбек, Мақаш, Сембек, Әбди, Әбікен, Бегімсал Орымбеков, Дәулетбек Садуақасов, Орал Исатаев, Арман Қадірбек, Нұрғаным Жексенбаева.
Жаңа арқа орындаушылық мектебі, өкілдері – Сайдалы сары Тоқа, Дайрабай, Сейфолла (Сәкеннің әкесі), Амантай Бозмағамбетұлы, Мұхит Битенов, Пазыл Тұтқабеков, Мейрам Ұлмағамбетов, Мұхаметжан Тілеуханов, Ахат Байбосынов, Алпысбай Тұрсынбеков, Жанболат Әбілдинов. Бұл аталған орындаушылық мектептердің күй шерту үлгісінде анау айтқан айырмашылық болмағанмен күйдің ішкі интонациялық даму табиғаты әртүрлі қалыпта. Бұл пікірді алғаш қозғап жүйелі зерттеу жүргізген көрнекті ғалымымыз - Ақселеу Сейдімбек.
Арқа күйлерінің басқа шертпе мектептеріне қарағанда саздық құрылымы мен музыкалық күрделілігі жағынан анағұрлым дамығаны айқын көрініп тұрады. Алғаш арқа күйлеріне ғылыми баға беріп, ноталық жазбаларға түсуіне ықпал еткен – академик А.Жұбанов. Қазақ тарихында тұңғыш ұйымдасқан ұлт аспаптары оркестрінің репертуарына Тәттімбеттің «Қосбасар», «Сарыжайлау», «Сылқылдақ» күйлері енгізілді. Арқа күйлерін осы оркестр құрамына он төрт жасында келген талантты домбырашы - Рүстембек Омаров белсенді насихаттады, онымен бір ұжымда қызмет еткен Жаппас Қаламбаев пен Мағауия Хамзин де Арқа шертпесінің үзіліп қалмауына ересен еңбек еткенін айтуға тиіспіз.
Арқа күйлерінің нағыз түпнұсқа түрі Әбікен Хасенов арқылы жетті. Бұл мектептің ертеден дамыған киелі сарынын жаңа заманның ызғарына қарамастан (Кеңес дәуірінде шертпе күй «феодализмнің сарқыншағы» деп танылып, тартылуына қатаң тиым салынған, Арқаның талай күйшілері сол зобалаңның кесірінен атылып та кеткен, бұл нәубетті Әбікен де бастан кешті, Сәкен Сейфуллиннің арашасымен аман қалған болатын) келешектің қолына ұстатқан дарынды күйші қазіргі күні Арқа ғана емес, жалпы шертпе өнерінің шыңы болып саналады. Әбікен Хасенов Тәттімбетті түгел тартып, Әбди, Сембек, Қыздарбек, Айдостардың да мұраларын арттағы ұрпаққа тастап кеткен саңлақ домбырашы. Нағыз балбармақ шебер домбырашы Әбікен атамыз өз жанынан да күй шығарған, оның атышулы «Қоңыры» аспаптық музыкамыз тарихындағы теңдессіз туынды боп саналады. Оның әндерді күйге бергісіз шертетіні де бөлек әңгіме, Жаяу Мұсаның «Ләйлім» әнін ғажайып әсемдікпен орындап, оны күйтабаққа жазып қалдырғаны белгілі.
Арқа мектебінде орындаушылықтың үлкен екі арнасы бар, бірі қоңыр шертпе болса, екіншісі қуатты желдірме күйлер. Осы жағынан қарағанда желдірме күйлерді төкпеге еркін жатқызуға да болғандай, мысалы, Дайрабайдың күйі Арқа мектебіне жатқанмен екпіні мен ырғағы жағынан Атырау мектебінен алыстамайды, мұндай ерекшеліктерді Тоқаның «Бозайғырынан» да аңғару қиын емес.
Арқа мектебінің басқа мектептерден құрық бойы бір озықтығы «Қосбасарлардың» сән құруында жатыр. Ел ішінде «Қырық буын қосбасар» аталатын күйлер жалпы аспаптық музыкамыздағы біртуар жанр деуге ылайық қазына. Қосбасарлар әркезде әртүрлі жағдаяттарға байланысты шыққан, негізінен мұңды, шерлі күйлер. Қосбасарлар тегінде күйді шығарған адам атымен де аталады (Тоқаның «Қосбасары, Аққыздың «Қосбасары т.б.). Тәттімбет өз қосбасарларына әртүрлі жағдаяттарға байланысты ат қойып тартқаны тарихтан белгілі.
Арқа мектебінің дамуына Қазақстанның халық әртісі М.Хамзиннің көп еңбег сіңгенін атап өткеніміз жөн. Ол шертпенің жаңаша тартылу үлгісін жасады, ескі күйлердің жібін үзбей отырып, оның сахналық мәдениетінің дамуын жетілдірді, осы салада өз жанынан да көптеген айшық әуезді шертпелер шығарды.
Арқа күйшілерінің шығармашылығын алғаш зерттеп, ноталық жазбаларын тиянақтаған – Уәли Бекенов, оның «Шертпе күй шеберлері», «Күй табиғаты» атты кітаптары аса құнды ғылыми - әдістемелік еңбектер болып табылады. Зерттеушінің өзі де Арқа күйлерін талдап тартатын сұңғыла шертпеші ретінде қазақтың есінде аты қалды. Тәттімбет күйлерінің жинағы 1988 жылы Е.Үсеновтың құрастыруымен тұңғыш рет жарыққа шықты, 2005 жылы А.Тоқтаған мен М.Әбуғазинның редакциясымен толықтырылып қайта басылды. Тәттімбет тәліміндегі күйлердің толық топтамасын Б.Ысқақов жазып шықты. Бұл еңбекте Тәттімбет күйлерімен қатар оның мектебін құрайтын Арқа күйшілерінің бәрі қамтылған.
Арқа күйлерін таза меңгеру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Себебі, ұзақ жылдар бойы шертпенің насихаты болмады, оны оқыту ісі жүйелі түрде жүргізілген емес, қазіргі музыка мектептерінен бастап консерватория, академияға дейінгі домбыра пәнінің оқытылу үлгісі шертпе күйді толық қамтымайды, негізгі бағыт біржақты төкпе күйдің дамуына бағдарланып отырғаны рас. Соған қарамастан аға буын шертпешілерден үлгі көріп қалған дарынды күйші жастар өсіп келе жатыр, олар мүмкіндігінше түпнұсқаны меңгеруге тырысып бағуда, алайда, саусақ басу, қазақы қоңыржай қағыс дәстүріне тістері батпай жүргені де жасырын емес, оған балалайка мен орыс домрасының жаттығуларымен өскен жат машық кері әсерін тигізген деп түсінеміз.
Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория қабырғасынан Тәттімбет атындағы шертпе күй мектебі ашылды, оның ашылуына ықпал еткен дарынды күйші-педагог – Біләл Ысқақов. Бұл мектеп жалпы шертпе мәдениетінің Отандық алтын қазығы болып отыр, жыл сайын осы мектептен дәріс алған түлектер ата өнердің атын өшірмей, болашаққа жалғап жүр.
Арқа мектебінің жалауын жықпай жүрген көзі тірі шеберлер қатарында дарынды домбырашыларымыз – Мұхаметжан Тілеуханов, Дәулетбек Садуақасов, Пазыл Тұтқабеков, Мейрам Ұлмағамбетов, Ахат Байбосынов, Жалғас Садуақасовтар.


ЖЕТІСУ КҮЙШІЛІК МЕКТЕБІ

Жетісу жері – қазақ халқының тағдыры талай рет талқыға түскен жер, үш жүздің қаны топырағына мәңгі сіңіп қалған тарихи мекен. Мемлекет басына күн туғызған талай құйтұрқы саясатты көрген қасиетті Алатау қазақтың байтақ елін көлеңкесімен қорғағалы нелер заман өтпеді, мұқым Шығысқа ықпалы жүрген Қытай империясы құдайы көршісі – Қазақты бодан қылудың бар айласын жасап бақты, ғасырлар бойы атүсті айқаспен бостандығын сақтап қалған қазақ елі үшін Жетісу жері әрісі - алты алаштың жерұйығы боп саналады.


Жетісу жерінің музыкалық мәдени мұрасы аса бай, домбыра өнеріне келетін болсақ, атадан балаға өзгеше нақыспен жалғасқан күйшілігі де бір ерен мұра. Жетісу жерінің күйлерінде байырғы түркілік сарын мейлінше жақсы сақталған, оған осы өлкеде ғасырлар бойы қазақпен ішек-бауыры араласып кеткен туыстас қырғыз, татар, ұйғыр, дүнген халықтарының да мәдениеті жаймашуақ әсерін бергені ақиқат. Олай дейтініміз – бұл халықтардың музыкалық мұрасы қазақ мәдениетіне жат емес, керісінше, олардың қазақпен жалпытүріктік тамырластығы бар, Жетісу домбырашылығының кемелдігіне мейлінше себепші болатын фактор осы.
Жетісу күйшілік мектебінің негізгі мінездемесін, өзге күй мектептерінен айырмашылығының нақты белгілерін музыкалық даму тұрғысынан тап басып айту едәуір қиындық туғызады. Себебі, бұл мектептің күйлерінде Арқа, Қаратау, Алтай, Сыр сарындары аралас кездесе береді, күй шалу машығында төкпелетіп тарту да бар, солай бола тұра күйдің дамуы шертпе шеңберінен шыға қоймайды. Ладтық тұғыры жағынан алғанда Жетісу шертпесі пентатоникаға бейім, күйдің техникалық орындалуы көрнекі тәсілдерді (қолды ойнатып түрлі қимылдар жасап тарту) көбірек қолдануды керек етеді. Бұл қырғыз қомызшылығынан ауысқан машық екені ақиқат.
Жетісу күйлерінің ортақ үлгісін мысал ретінде көрсету үшін Нұрғиса Тілендиевтің орындаушылық мәнерін алсақ жеткілікті. Н.Тілендиевтің репертуарындағы күйлерде қоңыр сазды шертіс пен қызу қанды төкпе кезектесіп тұрады, екі қолдың еркіндігінде шек жоқ, ал, күй сазына келер болсақ - қазақ пен қырғыздың әуездері бірден құлаққа келеді, асқан сезімшілдік пен виртуоздық тәсілдер қатқабат араласқа түсіп, тыңдаушыны баурап алады. Н.Тілендиев бұл дәстүрді атасы - Тілендіден, Жамбыл мен Кененнен үйренген. Яғни, Жамбылдың заманында гүлденіп тұрған Жетісу шертпесінің дәрежесі мен дәргейі қаншалықты болғанын осыдан –ақ білуге болады. Нағыз Жетісулық шертпе шындығында Жамбыл мен Кенендердің орындауларында талайларды тәнті қылғаны тарихтан белгілі, солай бола тұрса да Кеңес өкіметі кезінде оны іске татитын мектеп екен деп ескерген ешкім болмады. Сол себептен шығар, қырғыз бен қазаққа ақындығымен қатар күйшілігімен аты мәшһүр болып талай күй тартысында олжа салған - Жамбыл Жабаевтың мұрасы дер кезінде таспаға не нотаға жазылып алынбады, артындағы шәкірті – Күшікбайұлы Шаштайдың орындауындағы күйлерді ұқсатып үйрене алған адам болмады. Жетісу күйшілігінің кешенді өнер екенін көпшілік жас ғалым Б.Мүптекеевтің 1998 жылы шыққан «Жетісу күйлері» кітабынан кейін ғана білді. Соның өзінде Жетісудың жібек шертпесі оқыту бағдарламасынан өз төрін таба қойған жоқ. Бұл салқын немқұрайдылық әлі күнге дейін домбырашылар арасында өткізілетін әртүрлі мәдени іс - шараларда білініп қалады.
Алайда, Жетісу күйлерін тану барысында зерттеушілер тарапынан да қателіктерге ұрынып, жаза басу бар екенін айта кетуіміз керек. Жоғарыда тілге тиек еткен Б.Мүптекеевтің «Жетісу күйлері» кітабында Жетісу өңірін күйімен тербеткен небір саңлақтардың аты жоқ, аты Алашқа әйгілі Байсеркенің шәкірттері – Бердібек Мықтыбайұлы, Қожабек Жапбасов, Сатқынбай Өлмесұлы сияқты халық дарындарының үлгісін жалғастырған - Қатшыбай Таубаев, Темірбек Ахметов, Әшірәлі Шынғожаев, Тұраш Әбуовтер Жетісу күйшілік мектебінің мықты өкілдері ғана емес, жалпы шертпе өнерінің ірі тұлғалары болғанын дәлелдеудің өзі артық. Олардың үлгісін мұрат еткен «қазақтың ерке сылқымы» - Әбдімомын Желдібаев та осы мектептің бүгінгі көзі тірі жалғастырушысы екені көпке аян. Жетісу күйлерінің Кеңестік кезеңдегі қаны сорғалаған мұрагерлері ретінде осы өнерпаздардың есімдері кітапқа кірсе керек еді.
Тағы бір айта кететін жағдай, зерттеушілерде Жетісу күйлерін Шығыс Қазақстандық күйлермен шатастыру, ара-жігін ажырата алмау бар. Мұның салдары Шығыс Түркістандық күйшілерді зерделеу барысындағы олқылықтардан туындайды. Қытай қазақтарының домбыра тарту машығы Жетісулық машыққа жатпайды, ол Алтайлық мектептің меншігі (Шығыс Түркістандық күйшіліктің басында Бейсембі Дөненбайұлы тұр), яғни, Жетісу күйінің негізгі ұясы – Шығыс Түркістанда емес, Жетісуда. Дәлдеңкірей айтқанда, Алтай күйлерінде түркі-мұңғұл иірімдері бар, ал, Жетісу күйлерінде қырғыз ырлары басымырақ, қомыздың желдірме-толғаулары емін-еркін екі ұлтқа ортақ қолданысқа түскен. Тілендінің «Аққуындағы» шертпе мен төкпенің алма-кезек ауысу тәсілі қырғыз күйшілерінде (Атай, Тоқтағұл, Қара молда) бұрыннан бар үрдіс. Қырғыз оркестрлерінің репертуарында Қазақ күйі дегенде тек Жетісу күйлері таңдалып орындалатыны мектеп жақындығынан екені сөзсіз. Бұл пікірдің алашапқын жылдарда Жетісудан көшуге мәжбүр болған күйшілерімізден қалған мұраларға қатысы жоқ.
Жетісу күйшілік мектебінде ерекше орындаушылық салт жасаған домбырашы - Қожеке Назарұлы (1823-1881). Оның күйлері Тезек төре заманының куәгері, Шоқан Уәлихановтың осы Тезектің ауылында туысқаншылап жатып зерттеу жұмыстарымен айналысқаны көптеген деректерде бар, Қожеке елдегі атқамінер беделді адам ретінде Тезекпен де таныстығы болған. Қожекенің Біржан мен Сараның айтысына араласып, біршама күйлерін арнағаны А.Сейдімбек зерттеулерінде кездеседі (Қазақтың күй өнері, Астана -2002). Қожеке артына жалпы қазақ күйшілігіне ортақ мол мұра қалдырып кеткен біртуар дарын иесі. Қожеке Назарұлының күйлерін зерттеу кешеуілдеп барып қолға алынды, артындағы ұрпақтарының жеткізуінде нотаға түсірілген күйлер төлтума нұсқасын сақтаған деп айту қиын, бұл саланың зерттеуі мен насихатын бірдей көтеріп жүрген ғалым –Базаралы Мүптекеевтің еңбегі зор. Базаралының ноталық жазбаларының арқасында Рақыш Қожекеұлы, Мергенбай Ерденеұлы сияқты халық дарындары мәдени қазынамызға қайта оралды.
Жетісу күйшілік мектебінің ішінде Шу мен Талас өңірінің орындаушылық мәнері жеке арна ретінде дамыған мектеп, болашақта бұл да үлкен зерттеуді қажет ететін сала. Жетісу шертпесінің толыққанды игерілмеуінің бір себебі де осыған назар аударылмаудан болуы әбден мүмкін. Жетісу мектебінің бағдарын жасауда алтын қазық ретінде Нұрғиса Тілендиев пен Темірбек Ахметовтың шертпелерін басты үлгі етіп алуымыз керек, өйткені, ғасырлар бойы кемелденген Алатау шертпесінің өшпеген ұшқындары бізге осылар арқылы аманатталды.
Қазіргі кезде Жетісу мектебінің дамуына еңбегін аямай жүрген азаматтар қатарында Әбдімомын Желдібаев, Дүйсенбай Шаштайұлы, Талғат Орынтаев, Бақыт Жанұзақов, Нұрлан Бекенов, Ақбота Тұрымбетова, Нүркен Әшіровтар бар.
Жетісу күйшілік мектебін зерттеушілер – Гүлзада Омарова, Базаралы Мүптекеев, Сағатбек Медеубекұлы, Ербол Тұңғышұлы. Н.Тілендиевтің батасын алған шәкірті – Қошқарбек Тасбергенов ұстазының күйлерін күйсандықтың сүйемелімен орындау үшін тамаша музыкалық аудармалар (переложение) жасап, оны жеке жинақ етіп шығарды. Күйлерді оркестрге түсіруде біліктілік жасаған Халық қаһарманы, көрнекті өнер ардагері, композитор - Нұрғиса Тілендиев және дарынды дирижерлар – Жамағат Темірғалиев пен Самат Мәлімбаев.

ҚАРАТАУ КҮЙШІЛІК МЕКТЕБІ

Қарата күйшілік мектебі дегенде домбырашылық пен қобызшылық өнер қатар қанат жайған Созақ жері бірден ауызға оралады. Күйшілік дәстүрге келсек - Қаратау күйлері Арқа орындаушылық үлгісінің өзінше дамыған бір арнасы болып табылады. Арқа күйшілерінің ішінде әуелі Сайдалы сары Тоқа мен Арғын Дайрабайдың (Алшын Дайрабай дейтін де күйші өткен) ықпалы Қаратау күйшілік мәдениетіне көбірек тигені тарихи дәлелді шындық. Осы күні Қаратау мектебін зерттеушілер Сүгірдің Тоқадан бата алғанын айтқанмен, тарту үлгісін бөлекше деп санап жүр. Шындығында, Сүгірдің ұстазы – Ықылас пен Тоқа бір елдің адамдары болған, олардың күй шалу мәдениеттері Тәттімбеттен тарағаны даусыз ақиқат. Қаратау мектебін талдағанда Ықылас пен Сүгірден арғы күйшілерден ешқандай дерек келтіре алмай жүргеніміздің бір шеті осында жатыр, яғни ежелден қоныстас болған Арқа мен Бетпақдаланың әлеуметтік-мәдени шежіресін білмеуіміз қате пайымдар жасауға түрткі болып-ақ жүр.


Қаратау шертпелерінің біз білетін Арқа мектебінен бөлектенетін басты айырмашылығы Тоқаның үлгісімен дамуында. Арқада Тәттімбеттен кейін аты аталатын Сайдалы сары Тоқа күйшілігінің шын ізі Қаратаулық үрдісте ғана сақталған. Кезінде сазгерлігі орта жүзге бедел болған Тоқаның мұрасы Кеңестік дәуірде салтанат құра алмады, қазіргі Тоқа күйлері деп міселеп жүргендеріміз - елдің есінде қалған ұлы сарындардың жұрнағы ғана. Оны орындаушылардың қай-қайсы болса да сол сарындарды тақырып ретінде алғанымен түпнұсқасын түйіндей алмай, өз жандарынан жаңаша тәсілдеп тартуға ұрынды, соның салдарынан Тоқаның күйлері осы мектептің топырағы жағынан ең жақыны - Әбікеннің тартысынан ауылы алыстап-ақ кетті. Тоқаға қоңыржай үнді Әбікен жақын ба, әлде қисыны күмәнді, бірақ оны жедеғабыл төкпелеткен техниканың көмегімен өтемдеген қазіргі тартыс жақын ба? Әрине, Әбікеннің жақындығы даусыз. Қазақ радиосының қорында ескі күйшілердің (Бегімсал Орымбеков) орындауындағы таспалар сақталған, бұл жазбаларда Тоқаның «Сарыжайлауы» бос бұрауда әсем шертіледі. Алайда, мұны үлгіетуге ынталанып жүргендер жоқ. Мұндай жағдайдың Тоқа мұрасына пайдасынан гөрі зияны көп. Солай бола тұра, күй астарындағы Тоқаның өзіндік дара қолтаңбасы шідері шешілмеген аттай екпіндеп-ақ көрінеді. Ал, Сүгір болса Ықыластың қобыздағы күйлерін түгел тартып, Тоқаның тарту мәнерін мейлінше шегіне жеткізе игерген жалғыз дарын. Тоқа күйлері мен Сүгір шығармаларының бір қолдан шыққандай ұқсастығының мәні осында. Ықыластың «Жезкиігін» Тоқа күйлерінің шебері - Мағауия Хамзиннің домбырада тартуы кезінде ешкімді таң қалдырған оқиға болған жоқ, халық оны аспаптың ауыс-түйісі бұрыннан қалыптасқан - Қаратаулық дәстүрдің жалғасы деп қабылдады.
Қаратау қобыз өнері қонған жер. Қобызшы Ықыластан Сүгірге, Сүгірден Жаппасқа жұққан қобыз бен домбыраны бөлмейтін телқоңыр күйшілік тек Созақта салтанат құрған. Сүгір Ықыластың төл шәкірті ретінде осы екі аспапты тең меңгерген. Мұндай феномен Сүгірдің шәкірті - Жаппас Қаламбаевта да болды. Осы күні күйшілікті кәсіп қылған жас дары

Пайдаланған әдебиет
1. К.Ә., Шәмші–Алматы 2002.

2. Қазақ энциклопедиясы. Тарихи тұлғалар.-Алматы: «Кітап» 2006.

З. Қазақ энциклопедиясы.- Алматы: «Кітап» 2002.

4.Г. Ахметова Киелі қобыз, сиқырлы сарын. //Орт.Қазақстан 2005/



5. У.Бекенов Күй көтерер көңілдің көк жиегін.-Алматы: Өнер,1980

6. Әбікен //Қазақ күйлерінің тарихы: оқулық, Алматы-2000.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет