Малбасов Молдаш Султангалиевич БӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы. «Бейнеу лицейі» мемлекеттік мекемесі



бет1/3
Дата08.09.2017
өлшемі226,84 Kb.
#31652
түріСабақ
  1   2   3
Малбасов Молдаш Султангалиевич

БӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы.

«Бейнеу лицейі» мемлекеттік мекемесі,

Бейнеу ауданы, Маңғыстау облысы.

Ашық сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы: Обьектілерді қоршау және постыларды жабдықтау

Сабақ мақсаттары:

  1. Білімділік: Обьектілерді қоршау және постылардың жабдықталуымен таныстыру.

  2. Дамытушылық: Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының ережелерімен, жауынгерлік тапсырманы орындау талаптарымен таныстыруды жетілдіру, дамыту.




  1. Тәрбиелік: Оқушыларды патриотизм мен интернационализм идеяларымен қаруландыру. Жауынгерлік міндет пен әскери антқа адал болуға, Отансүйгіштікке баулу.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, компьютер,слайдтар, тест парақшалары

автомат макеті.



Пәнаралық байланыс: Физика, орыс тілі, тарих, қазақ тілі, химия, математика.

Сабақ уақыты: 45 минут

Сабақ орны: № 9 БӘД кабинеті

Сыныбы: 10 «Б»

Сабақ жүрісі

Ұйымдастыру бөлімі. (5 минут)

Сапталу. Взвод кезекшісінің мәлімдемесі. Сәлемдесу.

Үй тапсырмасын сұрау. Тест жұмысын жүргіземін. Тест парақшларын таратамын және электрондық нұсқасын экраннан көрсетемін.

1. Қарауылдық қызмет бұл...

А) Жауынгерлік тапсырманы орындау.

Б) Обьектілерді қорғау

В) Қазақстан Республикасын қорғау.

Г) Әскери қызметшілердің арнайы міндет

түрі.


2.Қарауылдардың неше түрі бар?

А) 3 Б)2 В) 4 Г) 5



3. Гарнизондық қарауыл дегеніміз бұл...

А) Бір әскери бөлімнің обьектілерін күзету;

Б) Бір-біріне жақын орналасқан әскери бөлімдер обьектілерін күзету;

В) Авиациалық бөлімнің ұшақтарын күзету;

Г) Штабтар мен басқару пунктерін күзету;

4) Ішкі қарауыл дегеніміз бұл...

А) Бір әскери бөлімнің обьектілерін күзету;

Б) Бір-біріне жақын орналасқан әскери бөлімдер

обьектілерін күзету;

В) Авиациалық бөлімнің ұшақтарын күзету;

Г) Штабтар мен басқару пунктерін күзету;



5) Сақшы деп кімді айтамыз?

А) Сақшының өз міндетін орындайтын белгілі бір

орынды немесе учаскені;

Б) Қарауыл құрамын;

В) Өзіне тапсырылған постыны күзету және қорғау

жөніндегі жауынгерлік тапсырманы орындайтын

қаруланған қарауыл;

Г) Постылар мен ауысым саны бойынша

қарауылдар;

6) Пост дегеніміз не?

А) Постылар мен ауысым саны бойынша қарауылдар;

Б) Сақшының өз міндетін орындайтын белгілі бір орын немесе учаске;

В) Авиациалық бөлімнің ұшақтарының орналасқан орны немесе учаске;

Г) Бақылау-өткізу пункті орны немесе учаске ;

7) Сақшыны кім ауыстырады?

А) Постылар мен ауысым бойынша қарауылдар;

Б) Гарнизон бастығы;

В) Штаб бастықтары;

Г) Жұмысқа таратушылар;

Оқушылар жұмыс дәптерлерін ауыстырып өздері тексереді және бағалау шкаласына қарап бағалайды

Интерактивті тақтадан тестің дұрыс жауаптарын, бағалау көрсеткішін көрсетемін.
Дұрыс жауаптары

Сұрақ

1

2

3

4

5

6

7

Жауабы

А

Б

А

В

Б

В

Г


БАҒАЛАУ

Бағалау шкаласына қарап оқушылар өздерін бағалайды.




6 – 7

5”

4 – 5

4”

2 – 3

3”

0 – 1

2”

Жаңа сабақ тақырыбын және сабақ мақсаттарын айтамын.

Сабақ жоспарымен таныстырамын. «Білімділік», «Түсіну», «Ой толғау», «Қолдану» «Қорытынды».

Сабақты Аристотельдің «Ерлік - аяулы қасиет, онымен адамдар қауіп-қатер үстінде тамаша істер жасайды»,



Б.Момышұлының «Ешкім іштей батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады»- деген қанатты сөздерімен бастаймын.

Негізгі бөлім. (22 минут)

«Білімділік» Түсіндіремін. Слайдтан көрсете түсіндіремін.

Күзетілетін обьектілер орналасқан аумақтың сым қоршауларының арасы: төменгі бөлігі 5 см-ден, 15 см-ден аспайтын арақашықтығы биіктігі 2 м-ден кем емес ішкі және сыртқы қоршаулары болуы керек. Сыртқы және ішкі қоршаулардың арақашықтығы жергілікті жағдайға қарай 10 м және одан да көп болуы мүмкін. Қоршаулар арасынан сақшылардың жүруіне арналған сүрлеу (жол) және ені 5 метрден кем емес, қоршаудың сыртқы жағынан өтетін бақылау-қадағалау жолы жабдықталады.

Күзетілетін обьектілерге кіреберісте бақылауға ыңғайлы болу үшін қоршаулардың арасына(сыртқы қоршауда) оқ өткізбейтін қоршауы бар байланыс, дабыл жүйесі құралдарымен, қуатты жарықтандырғыш құралдарымен және найзағайдан сақтану құрылғыларымен жабдықталған бақылау мұнаралары орналастырылады.

Аса маңызды обьектілерде қару-жарақ пен бақылау аспаптары қойылған арнайы инженерлік ғимараттар, сондай-ақ инженерлік бөгеттер(ОБК, «сүріндірме», бағаналар, орлар), оқ өткізбейтін қоршауы және гранатаға қарсы торлары бар бақылау мұнаралары орналастырылуы мүмкін (немесе броньді обьектілер қойылады).

Күзетілетін обьектілері бар аумаққа кіреберісте түнде жақсы көрінетін жазуы бар көрсеткіштер қойылады: Мысалы: «Жүруге (өтуге) тиым салынады,(жол жоқ)». Айналып жүру (айналып өту) көрсеткішкіштер арқылы көрсетіледі.

Жергілікті мемлекеттік үкімет және басқару органдарының келісімімен, заңдарға сәйкес әскери бөлімнің аумағынан тыс орналасқан обьектілер айналасына тыйым салынған аймақтар мен аудандар айқындалады. Тыйым салынған аймақтың (ауданның) шекаралары тұрған жерінде жақсы көрінетін қазақ және орыс тілдерінде жазуы бар көрсеткіштермен «Тыйым салынған аймақ(аудан), жүруге(өтуге) тыйым салынады(жол жоқ)» деп көрсетілуі керек. Тыйым салынған аймақтың(ауданның) шекарасын белгілеу туралы гарнизон бастығы(әскери бөлім командирі, күзетілетін обьектілердің бастығы) жергілікті мемлекеттік үкімет және басқару органдары арқылы жақын орналасқан елді мекеннің халқын дер кезінде құлақтандыруы тиіс. Тыйым салынған аймақ(аудан) шекарасына ортақ пайдаланып жүрген жолдар, тұрғын үйлер және қызметтік құрлыстар, өңделетін алқаптар және т.б. кірмеуі керек.

Пост аумағанда сақшының жергілікті жердің жағдайына қарай 50 метрден кем емес жерді қарауға және атуға жағдай жасалуға тиіс. Сондықтан пост айналасы бұталардан тазартылған, ағаштары кесілген, төменгі бұтақтары 2,5м биіктікке қырқылған, шөптері шабылған, артық заттары жиналған болуы тиіс. Постыға бөтен адамдардыңжақындауына тйым салынатын қашықтықты белгілейтін тйым салынған шекара сақшыға күндіз, түнде және нашар көрінетін жағдайғда көрсеткіштермен көрсетіледі. Бірнеше постылары бар обьектілер аумағандағы әрбір постының шекарасы жергілікті жерде көксеткіштермен көрсетіледі. Мысалы: «№2 постының шекарасы».

Түнгі уақыттарда постыға және қарауыл үй-жайына кіреберіс маңы жарықтандырылуы керек. Жарықтандыру сақшы постыда тұрғанда немесе пост аумағында жүргенде барлық уақытта көлеңкеде болатындай етіп түсірілуі керек.

Ішкі, әсіресе Жауынгерлік ту жанындағы ростының биіктігі 0,7-1 м қоршауы және жарықтандырылған орны болуы керек.

Бақылау-өткізу пунктінде сақшыны күтпеген шабуылдан қорғауды қамтамасыз ететін қоршау болу қажет.

Әрбір сыртқы (қажет болған жағдайларда ішкі) постыларда, күзетілетін қоймаларда, сақтау орындарында және т.б. жерлерде тікелеә өздерінің өртсөндіру құралдары: өртсөндіргіштер, құм салынған жәшіктер, су құйылған бөшкелер, шелектер мен керек- жарақтар (күректер, балталар, сүймендер, ілгекті бақандар)болуы тиіс.



Сыртқы постыларда сырт киімдерін сақтауға арнайы жабдықталған пост «саңырауқұлағы», ал ішкі постыларда киімді ілу үшін шкаф немесе киімілгіш болуы қажет.

Постыдағы сақшының бекітілген сүңгісі бар қаруы болуы керек; белдікке ілінетін қынаптағы сүңгі пышақ: түнгі уақытта-тұрып атуға оңтайлы жағдайда күндізгі уақытта-«белдікке» немесе тұрып атуға оңтайлы жағдайларда; ішкі постыларда және Жауынгерлік ту жанындағы постыда-ағаш дүмді автоматтар – «белдікке» күйінде, жиналмалы дүмді автоматтар – «кеудеге», карабин – «аяқта» болуы керек; жабдықталған оқжатарлар салынған сөмкелердің аузы жабық болуы тиіс.



Өрт сөндіру немесе табиғат апаттарының зардаптарын жою кезінде сақшыға қаруын «арқаға» күйінде ұстауына рұхсат етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет