1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғары бас қолбасшысы.
- Президент. Н.Ә.Назарбаев.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Қорғаныс министрі кім?
- Әділбек Жақсыбеков
3. Саптың оң(сол) жақ шеті қалай аталады?
- Қаптал
4. Адыммен қозғалыс жасау минутына неше адым?
- 110-120 адым.
5. Жауынгерлерге(матростарға) жаза қолданылғандығы қалай хабарланады?
- Сап алдында
6. 6. Әскери ант қашан бекітілді?
- 1992 жыл 25 тамыз
7. ҚР Қарулы Күштерінің неше әскери жарғысы бар?
- А) 2 Б) 3 В) 4 Г) 5
8. ҚР Қарулы Күштері әскери нышандарында не бейнеленген?
- Бес бұрышты жұлдыз, күн, шарықтаған бүркіт.
9. «Полковник» әскери шені қандай әскери атақ түріне жатады?
- Аға офицерлер.
10.Математика. Cosx =1 Теңдеуді шеш
-Х = 2Пn, n € Z
11. Химия. Өзен, көлдерге қарағанда теңіз, мұхит сулары неге ащы болады?
- Мd мен Са тұздарының көп болуы
12. Қазақ тілі. Сөздердің дұрыс жазылу заңдылығы туралы ережелер жиынтығы қалай аталады?
- Орфография
13. ФИЗИКА. Күштің өлшем бірлігі?
- Ньютон (Н)
14. ОРЫС ТІЛІ. Часть речи, обозначающие действие предмета.
- Глагол
15. Тарих. Екінші дүниежүзілік соғысы қай жылы, қай елден басталды?
- 1939 жыл. Польша.
Ұрыстық жағдайға қорытында жасаймын. «Жауынгерлік тапсырманы» орындай отырып егемендігімізді, елімізді шартты қарсыластан өздерінің білімдерімен қорғап қалған сарбаздарға ерліктерін бағалап, взводтқа алғыс жариялаймын.
Суға батып бара жатқан баланы құтқарамын деп өзі де ерлікпен көз жұмған «Бейнеу лицейі» ММ-нің 10 сынып оқушысы марқұм Нұрмағанбетов Сағат Талғатұлының ерлігі жайында айтып өтемін. «Суға батып бара жатқан баланы көрген Сағат сол бойда балаға көмек қолын соза ұмтылып, өзі де сол жерде көз жұмды. Сын сағатынан сүрінбей өткен Сағаттың бұл ісін үлкен ерлік деп бағаланды. Сағатты еске алуға арналған баскетболдан аудандық турнир ұйымдастырылды. Мектебімізде Сағатқа арналған ерлік сағаттары өткізіледі. Себебі ерлік жасау бұл тек ұрыста қолыңа қару алып қан төгу емес, ерлік- мына біздің күнделікті бейбіт өмірімізде де орын алып жатыр. «Ерлік - аяулы қасиет, онымен адамдар қауіп-қатер үстінде тамаша істер жасайды»-деп Аристотель айтпақшы Сағаттың жасаған ерлігі мәңгілік. Сағаттың жүрегінің соғуы тоқтағаны мен оның жасаған ерлігі мына біздің жүректерімізде мәңгіге соғады».
«Қорытынды». (3 минут).
Сабаққа қорытынды жасаймын. Сабақ тақырыбын және сабақ мақсатын тағы бір рет айтып өтемін. Белсенді қатысқан оқушыларды атап өтемін.
Үйге тапсырма беремін. «Обьектілерді қоршау және постыларды жабдықтау»
Бағалаймын.
Келесі сабақ тақырыбын айтамын. «ХХ ғасырға дейінгі әскери өнер тактикасының дамуы»
Сабақты «Таласқа түссе жан мен ту. Жан емес маған керегі. Көк тудың желбірегені»- деген ән жолдарымен аяқтаймын.
Взвод кезекшісі: Взвод! «Түрегел», «Тіктел».
Сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар-Сарбаздар! «Еркін» Қоңырау.
Запастағы аға лейтенант Малбасов Молдаш. «Бейнеу лицейі» ММ-нің БӘД пәні мұғалімі
Достарыңызбен бөлісу: |