Мақұлбек рысдәулет солдат жары ұлы Отан соғысы жылдарында



бет20/23
Дата02.07.2018
өлшемі5,99 Mb.
#45422
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
СҮТ БҰЛАҒЫН АҒЫЗҒАН

Социалистік Еңбек Ері Науат Егембердиева еңбек жолын 16 жасында бастады. Талас ауданының Ойық аукылында дүниге келген ол 1933 жылы «Кеңестөбе» ауыл шаруашылығы артелінде сауыншы болып еңбек жолын бастады. Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін ол мақташылар звеносын басқарды. Ұйымдатырушылық қабілетімен танылған Науат 1956 жылы осы шаруашылықтың сүт фермасының меңгерушісі болып тағайындалды. Алғашқы жылдан-ақ ол ұжымның береке, ынтымағын қалыптастыра білді. Соның нәтижесінде сүт бұлағын тасытты. Ұлы Отан соғысы жылдары уақытпен санаспай, бел шешпей еңбек еткен ол өзінің жігерлілігімен, қайсарлығымен танылды. Қабырғасы қатпаған, бұғанасы бекімеген бала-шағамен, еңкейгент қартпен жұмыс істеген қыз-келіншектер барлық ауыртпалықты көтере білді. Бала өсірді, қайғы жұтты, тынымсыз жұмыс істеді, шолақ белсенділердің зорлық-зомбылығын көрді. Мойымады. Шыңдалды. Бақтты болашаққа сенді.

1948 жылдың 23-шілдесінде СССР Жоғары Советі Президиумының Жарлығымен оған еңбектегі табыстары үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.



Еңбек Ері 1950 жылдан бастап тұрақты түрде бұзау алу және сүт өндіру жөнінде жоғары көрсеткіштерге жетті. Фермадағы 171 сиырдан осыншама бұзау алуы, әр сиырда 1200 литрден сүт сауу ол жылдары үлкен жетістік еді. 1951-1955 жылдары ол екі рет Қазақ ССР Жоғары Советінің депутаты болып сайланды. Еңбек жолының соңғы кезеңінде ол Жамбыл ауданының «Қызыл Октябрь» колхозында балалар бақшасын басқарды.

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет