Мақұлбек рысдәулет солдат жары ұлы Отан соғысы жылдарында



бет15/23
Дата02.07.2018
өлшемі5,99 Mb.
#45422
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23

1945 ЖЫЛ

Бұл жыл қуаныштарға толы болды. Совет жауынгерлері неміс-фашистерін құзғындар ұясында қиратуға, бүкіл әлемге өзінің қуатын көрсететін жемісті, жеңісті жыл екенін айғақтайтын сәт жақындаған сайын тылдағы еңбек бейбіт күнге ұласқанымен, жаңаша рең, екпін алғанымен әлі де болса қауырт әрі күрделі кезең еді. Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағатының 282-қарының, 1-тізімдемесінің 50-бумасындағы 756-ісінде сарғайған сары қағаздарға жазылған деректер мен дәйектерді оқыған сайын әйелдердің мәртебелі сәті туғанын анық сезінесіз. Тіпті сол жылдары билік партиясының барлық жұмысы әйелдердің саяси және еңбек белсенділігін арттыруға тікелей байланысты болған ба деп те ойлайсыз. Шынында да Ұлы Жеңістен кейін де халық шаруашылығын қалпына келтіру де майданнан қан кешіп келген жауынгерге қарағанда, тылда ерен еңбектің, жанкештіліктің үлгісін көрсеткен әйел - аналарға, әйел – еңбеккерлерге түсетін ауыртпалық азаймайтындығын билік білді. Сондықтан да олардың қоғамдық рөлін көтеруге бағытталған іс одан әрі жалғасын тапты. Сол іс-шаралар туралы қысқаша деректер мен дәйектер келтірейік.

Жылдың алғашқы айының 5-жұлдызында ауыл шаруашылығы жастары озаттарының облыстық слеті өтті. Слетке 130 жас қыздар мен келіншектер қатысты.

20-қаңтарда облыстық партия комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімі мен әйелдермен жұмыс жөніндегі бөлімі бірлесе облыс ауыл шаруашылығы озаттарының слетін өткізді. Бұл слетке 53 әйел қатысты.

Қаңтар-ақпан айларында облыстың барлық колхоздары мен совхоздарында әйелдердің жиналыстары өткізілді. Онда көктемгі дала жұмыстарына дайындық пен мал шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды. Осы жиналыстарды өткізуге колхоздарға ауданның белсенді 129 әйелі жіберілді. Бұл жиналыстар әйелдердің белсенділігін бұрынғыдан да жоғары көтеруге бағытталды.

Свердлов ауданында – 87, Шу ауданында – 31 әйелдер бригадасы жаңадан құрылды.

Ақпан айында облыстың барлық аудандарында әйелдер кеңесінің төрайымдары мен әйел-насихатшылардың, мамандардың, агрономдардың қатысуымен семинарлар өткізілді.

1945 жылдың ақпан-наурыз айларында облыста 7299 бала тәрбиеленетін маусымдық 222 балалар мекемелері ашылды.

Астық жинау науқанында облыстық партия комитеті аудандарға нақты тәжірибелік көмек көрсету үшін 13 белсенді әйел қызметкерлерді жіберді.

26-28 шілде аралығында аудандық партия комитеттерінің әйелдермен жұмыс жөніндегі бөлім меңгерушілерінің облыстық кеңесі болып өтті.

Егіс дала жұмыстары кезінде аудандарда, колхоздар мен совхоздарда әйелдердің алдында әр түрлі тақырыптарда 1290 хабарлама жасалынды.

Колхоздарда еңбек ететін әйелдердің 2173-і үгітші және 429-ы үгіт үйірмелерінің жетекшісі болды.

1945 жылы облыста 12267 сауатсыз және шала сауатты әйелдер болды. Олар үшін 293 мектеп пен 635 топ жұмыс істеді. Мектептерде 647 әйел мұғалімдер еңбек етті. Сонымен бірге топтарда 561 мәдени жауынгерлер қызмет етті. Олардың күшімен 1 жылда 8729 әйел хат танитын болып шықты.

Облыс ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібінде ҚазақССР-ның 25 жылдығын лайықты табыстармен қарсы алу жөніндегі социалистік жарыстарға 32088 әйел қатысты.

1945 жылы коммунистік партияның қатарына 285 әйел қабылданды.

Өнеркәсіп пен көлік кәсіпорындарында еңбек ететін әйелдер 1940 жылы 1229 болса, 1945 жылы олардың саны 5224-ке жетті. Олардың саны ғана емес сапасы да артты. Білікті жұмысшылар мен мамандар шыңдалып өсіп шықты.

Байқайсыз ба, осы жылғы деректерде Ұлы Отан соғысы басталған жылдағыдай майданға азық-түлік, киім – кешек жіберу туралы деректер жоқ. Мұның өзі майданды керек-жарақпен жабдықтауға мемлекеттің әл-ауқаты толық жеткенін көрсетеді.

1945 жылдың 9- мамыры сол кезеңдегі баршаның есінде мәңгі қалғаны анық! Жарқырап, жалындап, жасындай болған Жеңіс күні атты.

Жамбылдық қыз-келіншектер барша совет еліндегі құрбылары сияқты қолына қару алып, майданда Отанды қорғауды өтінгендер қатарыда көп болғанын жоққа шығаруға болмайды. Соғыс жылдарында 270 жамбылдық қыз-келіншек майдан даласында шайқасты. Олардың арасында К.Мешкеди, Р.Гришенко, О.Мошненко, Р.Додник, В.Мусяк, А.Строкова, Е.Дүкебаева, В.Иванова сияқты арулар болды. Сонымен бірге арнайы әскери кадрлар даярлайтын үйірмелерде жаңа мамандық алып, соғысқа кетіп жатқандары да аз болған жоқ. Облыстың біраз қыз-келіншектері жаудан азат етілген Сталинград та, тағы да басқа қалалар да халық шаруашылығы саласын қалпына келтіру жұмыстарына да қатысты. Ауыл әйелдері қауырт, әрі күрделі жұмыстарды атқарды. Бұрын айналыспаған, меңгермеген салаларда жұмыс істеп, мамандық алды. Шын мәнінде қыз-келіншектер Ұлы Жеңістің алаулаған жалауындай тек жақсылыққа бастады.

Есімдері ел есінде
ЕҢБЕК ЕР АТАНДЫРДЫ

Майдангерлерге басты сүйеу болған қыз-келіншектер соғыстың соңғы жылынан бастап мемлекет наградаларына ие болды. Облыстық мұрағаттың 282-қорының 1-тізімдемесінің 756-ісінің 50-бумасында наградталғандардың саны туралы мәлімет бар. Мәлімет бойынша 1945 жылы Қазақ ССР-інің 25 жылдығы қарсаңында облыста 104 әйел Отан наградаларына ие болған. Атап айтқанда, Ленин орденімен бір әйел марапатталса, І-дәрежелі Отан соғысы орденімен- 2, ІІ-дәрежелі Отан соғысы орденімен –1, Еңбек Қызыл Ту оденімен –4, Қызыл Жұлдыз орденімен—1, «Құрмет Белгісі» орденімен –10, «Ерен еңбегі үшін» медалімен - 18, «Үздік еңбегі үшін» медалімен - 8, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Грамотасымен 60 әйел наградталды. Сонымен бірге жүздеген еңбеккер әйел министрліктер мен ведомоствалардың Құрмет Грамоталары мен Алғыс Хаттарына ие болды.Ал Ұлы Отан соғысы жылдары ерлік еңбектері үшін 1947-1950 жылдары елуге жуық әйел-ана, әйел еңбеккер Социалистік Еңбек Ері атағын алды.Төменде олардың есімдерін атап отырмыз.



ОЛАР:



Аты-жөні

Мамандығы

Атақ алған уақыты

Ауданы



Адаменко Галина Андреевна

агроном

28.03.1948

Мерке



Айтжанова Мінай

көкөніс өндіруші

20.05.1949

Байзақ



Алибаева Алтынкүл

жұмысшы

28.03.1948

Жамбыл қаласы



Алиева Сугра

қызылша өндіруші

28.03.1948

Шу



Атабекова Орынкүл

қызылша өсіруші

08.05.1948

Байзақ



Баева Пелагея Прохоронова

қызылша өсіруші

28.03.1948

Мерке



Байдешова Сейдегүл

қызылша өсіруші

28.06.1948

Т.Рысқұлов



Битаева Әлиман

көкөніс өсіруші

20.05.1949

Байзақ



Богунова Екатерина Ивановна

қызылша өсіруші

28.03.1947

Мерке



Божаева Жәмила

қызылша өсіруші

08.05.1948

Жамбыл



Васильенко Зоя Николаевна

қызылша өндіруші

28.03.1948

Байзақ



Дидарбекова Наужан

қызылша өсіруші

28.03.1948

Байзақ



Ероленко Дарья Никоноровна

қызылша өсіруші

28.03.1948

Т.Рысқұлов



Егенбердиева Науат

сауыншы

23.07.1948

Талас



Енькова Мария Тимофеевна

қызылша өсіруші

11.04.1949

Жамбыл



Жанбосынова Күртібай

ферма меңгерушісі

23.07.1948

Талас



Жантоқова Дариха

қызылша өсіруші

28.03.1948

Байзақ



Ибрагимова Мәрзия

қызылша өсіруші

28.03.1948

Байзақ



Иванникова Александра Федоровна

қызылша өсіруші

28.03.1948

Мерке



Коваль Антонина Самойловна

қызылша өсіруші

12.07.1949

Мерке



Колтакова Меланья Ефримовна

қызылша өсіруші

28.03.1948

Мерке



Көкеева Шоқан

картоп өсіруші

15.06.1950

Байзақ



Күтімова Күлімжан

қызылша өсіруші

28.03.1948

Жамбыл



Кубанова Набула

қызылша өсіруші

08.05.1948

Мерке



Лошакова Надежда Корнеевна

дихан

28.03.1948

Жуалы



Мамедова Жамиля

қызылша өндіруші

28.03.1948

Шу



Мун Капиталина Ивановна

жұмысшы

28.03.1948

Шу қаласы



Мурзаева Зара

звено жетекшісі

08.05.1948

Мерке



Мустафаева Зейнекүл

қызылша өндіруші

28.03.1948

Жамбыл



Мырзахметова Мәриям

звено жетекшісі

28.07.1948

Жамбыл



Назаренко Екатерина Александровна

қызылша өсіруші

28.03.1948

Мерке



Николаева Анастасия Фидиновна

қызылша өсіруші

28.07.1948

Мерке



Оңғарбаева Сындыбала

қызылша өсіруші

28.03.1948

Байзақ



Райымқұлова Жамал

қызылша өсіруші

28.03.1948

Шу



Самохвалова Лидия Прохоровна

темекі өсіруші

01.12.1949

Қордай



Сивцева Екатерина Ивановна

қызылша өсіруші

11.04.1949

Мерке



Таркаева Серафима Васильевна

шошқа өсіруші

23.06.1948

Жамбыл



Тортаева Қанымқыз

қызылша өсіруші

28.03.1948

Байзақ



Түнғатарова Күләй

қызылша өсіруші

28.03.1948

Шу



Харусь Мария Иосифовна

қызылша өсіруші

23.03.1948

Мерке



Шарапова Зоя Николаевна

жұмысшы

28.03.1948

Қаратау



Шерімбаева Гүлминие Халиуалқызы

қызылша өсіруші

28.03.1948

Жамбыл



Шидакова Патия

қызылша өсіруші

15.06.1950

Байзақ



Шимашева Бәтима

ауылдық кеңес төрағасы

28.03.1948

Шу



Шмакова Евдокия Васильевна

қызылша өсіруші

28.03.1948

Мерке



Шоманова Жезбала

қызылша өсіруші

28.03.1948

Шу



Юнусова Патыш

қызылша өсіруші

28.03.1948

Жамбыл

Бұл біз анықтаған тұлғалар. Біздің назарымыздан қалып қойған Социалистік Еңбек Ерлері де болуы және аты-жөні дұрыс жазылмауы да мүмкін.



ДАРИҒА

адал еңбектің

қайраткері ретінде мәңгі есте


Жеке өмірдің қызығын өліп, тіріліп еңбек етуге айырбастаған тәуелділікпен партия, Отан үшін еңбек еткендердің соңғы тұяқтарының бірі Дариға Жантоқованың өмірден өткеніне де бірнеше жыл болып қалыпты. Дариға Жантоқованың өмір жолын еске алғанда бір дәуірдің оқиғалары көз алдыңызға келеді. Өткен ғасырдағы қазан революциясы кезінде өмірге келген, балалықтың балдәуренін басынан өткізбеген, қабырғасы қатып, бұғанасы бекімесе де еңбекке ерте араласқан ол - колхоздастыру, аштық, соғыс, саяси-қуғын сүргін кезеңдерін басынан өткізді. Мұндай оқиғаларды замандастары да бастан кешкендері анық. Бас сауғалап, туған жерден үдере көшкен кезді де басынан өткізді. Қарғыс атқыр соғыста ағасы--Кәдірден, күйеуі-- Балатайдан, қайнағасы Қалабайдан айырылды. Бір адамның басынан асар қайғы-қасіретті көрді. Майыспады, сынбады, қайыспады, көтерді. Өзегі өртеніп жасымады. Қайта жарқылдап, жайнай,қайта шыңдала түсті.


Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет