Малдагулова Динаш Кожахметовна Қысқа мерзімді жоспар Химия 8 сынып сабақ тақырыбы: Оксидтер: құрамы



Дата07.05.2017
өлшемі82,57 Kb.
#15928
түріҚұрамы
Солтүстік Қазақстан обысы

Есіл ауданы

Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев

атындағы №3 Явленка орта мектебі

химия пәні мұғалімі

Малдагулова Динаш Кожахметовна
Қысқа мерзімді жоспар

Химия 8 сынып

Сабақ тақырыбы:

Оксидтер: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы.

Мақсаты:


Оксидтерді басқа заттардан ажырата алуға, ерекшеліктерін түсінуге, атай алуға, реакция теңдеуін құрастырып, есептер шығара алуға, алған білімін өмір тәжірибесінде қолдана алуға ықпал ету

Күтілетін нәтиже

Оқушы - оксидтерді атай алады, ажырата, алады, алыну жолдарын біледі, раекция теңдеулерін мұғалім көмегімен жаза алады, өз білімін бағалай алады, салыстыру, талдау жұмыстарын жасай алады, тақырыпқа байланысты алгоритм бойынша есептер шығарады

Түйінді идеялар

Сын тұрғысынан ойлау, дарынды балалармен жұмыс, АКТ мүмкіндіктерін қолдана отырып оқушының өз бетімен білім алуын қамтамасыз ету, өзін-өзі бағалау

Сабақ барысы:


уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті


бағалау

Ресурстар

Қалыптас-тырушы



жиынтық

Топтарға біріктіру

2 мин

Оқушыларға молекула модельдерін таңдап алуға ұсыныс жасалады

Оқушылар өздері таңдап алған молекулалардың түстеріне сәйкес топтарға бірігеді







Суреті бар парақшалар

Білімдерін тексеру

2 мин

Хлорсутек.Тұз қышқылы тақырыбы бойынша білімдерін тексеру мақсатында сұрақтар қояды:

1. Хлордың маңызды қосылысы?

2. Таза тұз қышқылының физикалық қасиеті

3. Пайдалануына байланысты тұз қышқылының түрлері

4. Тұз қышқылы қайда қолданылады?

5. Ингибитор дегеніміз не?



Оқушылар парақшаға қысқа жауаптар жазады

Бірін-бірі тексереді




Сұрақ жазылған парақша

Ой шақыру

1 мин

Интербелсенді тақтаға формулалар жазылады: СаO, H2S, FeO, СO2, H2O Барлығына ортақ қандай белгі байқап отырсыңдар

Артық формуланы сызып тастап, қалған

формулаларды атаңдар


Оқушылар бинарлы қосылыстар деген жауап береді.

Артық формуланы сызады, қалған заттардың құрамында оттек атомы бар деп жауап береді. Оксидтер деп атауы мүмкін



Мұғалім қолдауы




Флипчарт беті

Тақырыпты анықтау

1мин

Бүгінгі сабақтың тақырыбы анықталады

Оқушылар дәптерлеріне тақырыпты жазады







Оқушы дәптері

Анықтама қорыту

1 мин

Оксидтерге анықтама беру қажет деген тапсырма береді

Оқушылар жұпта талқылап анықтаманы айтады, ортақ анықтама шығарылады, дәптерге жазады

Мұғалімнің түзету енгізуі







Оксидтерді атау 3 минут

Оксидтерді атау жүйесімен таныстырады

Оқушылар қажетті ақпаратты жазып алады







Грекше сандар жазылған парақшалар

Оксидтерді жіктеу 3 мин

Оксидтердің жіктелу схемасын ұсынады

Оқушылар танысып, қандай принцип бойынша бөлінетіні түсіндіруге тырысады

Мұғалім түзету енгізеді




Флипчарт беті

Химиялық қасиеттерімен танысу 6 мин

Оттектің химиялық қасиеттерімен танысу мақсатында оқулықпен жұмыс ұйымдастырады

Химиялық қасиеттерімен танысу мақсатында оқулықпен жұмыс жасайды.

Оқушылар орын-дайды, 1 оқушы тақтада орындайды, бірлесіп тексереді




оқулық

Көрсетілім 2 мин

6.2 көрсетілім кальций оксидінің сумен әрекеттесуі (әкті сөндіру). Мұғалім техника қауіпсіздігі ережелерін сұрайды

Оқушылар ҚЕ еске түсіреді. Оқушы орындайды. Реакция белгілерін айтады.

Мұғалім бағалауы




Кальций оксиді,су, лакмус

Тапсырма орындау

4 мин

Химиялық жаттығу орындау.

Оқушылар жаттығу орындайды







Интербелсенді тақта

Есеп шығару 5 мин

5,4г АІ оттекпен әрекеттескенде түзілген алюминий оксидінің массасын табыңдар

Оқушылар есепті орындайды.

Өзін-өзі бағалауы




эталон

Оксидтердің алыну жолдары

5 мин

Алыну жолдарын көрсетеді.

http://bilimland.kz/kk/content/lesson/10294-oksidter_olardyng_zhiktelui_zhane_qasietteri



Bilimland сайтынан оқушылар оксидтердің алыну жолдарына бейнежазба көріп, сөйлемдерді толықтыруға тапсырмалар орындайды







реактивтер

5 мин

Оксидтердің формуласы жазылған парақ таратады

Оқушылар екі түрлі әдіспен атайды

Оқушылар эталон арқылы тексеріп, өздерін бағалайды

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша білімдерін бағалау парағы бойынша қорытып шығарады

Формула жазылған парақшалар, интербелсенді тақтадағы эталондар

2 мин

Оқушы мүмкіндігіне байланысты оқулықтан, есептер жинағынан тапсырма беріледі

Есеп жинағынан: № 6-71, 6-73, 6-75 Оқулықтан: §58 № 3,4



Оқушылар тапсырманы жазып алады







күнделік

3 мин

Оқушыларға стикерлер таратылады,

Стикерлерге оқушы мен...... білдім, мен......... үйрендім деген екі сөйлем жазады




Мұғалім қорытынды бағаны журналға қояды

Сынып журналы, бағалау парақшалары, стикерлер




«Оксидтердің құрамы, жіктелуі, алынуы»тақырыбына арналған қысқа мерзімді сабақ жоспарының

рефлексивтік есебі
Оксидтер,құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы.
Сабақтың оқыту мақсаты: Оксидтерді басқа заттардан ажырата алуға, ерекшеліктерін түсінуге, атай алуға, реакция теңдеуін құрастырып, есептер шығара алуға, алған білімін өмір тәжірибесінде қолдана алуға ықпал ету.

Сабақтан күтілетін нәтиже  Оқушы - оксидтерді атай алады, ажырата, алады, алыну жолдарын біледі, раекция теңдеулерін мұғалім көмегімен жаза алады, өз білімін бағалай алады, салыстыру, талдау жұмыстарын жасай алады, тақырыпқа байланысты алгоритм бойынша есептер шығарады

  Химия пәнінен 7 модульді кіріктіре отырып, 8 «а» сыныбында сабақ өттім. Жас ерекшеліктері бірдей. Білім стандартына сәйкес бағдарламаны басшылыққа алып,


«Оксидтер,құрамы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы» тақырыбында сабақ өттім.

Жаңа сабақты «Ой шақыру» арқылы сыни тұрғыдан ойландырып, сабақты ашып алдық. Содан кейін, интерактивті тақтаның көмегімен презентация арқылы сабақты толықтырып кеттім. Оксидтердің алынуы туралы «Bilimland» сайтынан видеоролик көрсетіп, оқушыларға бағыт-бағдар бердім. 

Оқушылармен жаңа күнге сәттілік тілей отыра, амандасып, сабаққа қатысымын тексердім. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады. Сондықтан осы сабағымда жаңа сабақты түсіндіру және өздігінше жұмыс істеуде, тест тапсырмаларын орындауда оқытуға қажетті «Bilimland» сайттары мен сілтемелерін пайдаландым. Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар орындау кезінде химиялық диктант жазып «ия» немесе «жоқ» деген сұрақтарға жауап берді және диктант жауабы интербелсенді тақтаға жасырын перде астында тұрды. Тапсырма орындалған соң оқушы өз қателегін бірген табуға көмегін тигізді деп ойлаймын.

Сабақта тапсырма орындамаған бала болған жоқ, себебі топтық берілген тапсырмалар топ мүшелерінің түгелдей жұмыла ақылдасып, ортақ шешім шығару талап етілді.

Сабақта жағымды ахуал қалыптасты, өздерін еркін ұстады, өз ойларын ұялмай айтты, бір-бірімен достық қарым-қатынаста болды. Сабақта мақсатыма жеттім, оқушылар анализ жасауға, мақсат қоя білуге, қорытындылауға бейімделді. Тақырып бойынша өз білімдерін толықтырды, өз беттерінше жұмыс жасауға дағдыланды, бірін-бірі және өзін бақылауға үйренді. Оқушыларымның жетістіктері мені қуантты: 
-оқушылардың білім денгейлері көтерілді; 
-оқушылар өз беттерінше ізденді. 

Алдағы уақытта сабақ жоспарын тиімді ұйымдастырып, курста алған білімімді сабақтарыма мүмкіндігімше қолданып, балалардың білімдерін тереңдете отырып, жақсы жетістікке жетуді мақсат етемін.


Осы бағдарлама аясында әлі де келешекте көп жұмыстар жүргізілсе жақсы нәтиже көруге болады деп сенемін.
Химия пәні мұғалімі: Малдагулова Д.К
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет