Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Мұғалімнің әдіснамаық мәдениеті дегеніміз не?
2. Әдіснамалық сауаттылық дегенімізді қалай түсінесің?
Қолданылған әдебиеттер:
Пробемы метологиипедагогики и методики исседований. Под ред. М.А. Данилова, Н.И. Бодырева (Акад. Пед. Наук СССР НИИ общей педагогики). – М.: Педагогика, 1971.
Краевкский В.В. Повышение кваификации учителя// Педагогика. – 1992.
Гребенюк О.С., Рожков М.И. Общие основы педагогики: Учеб. Для студ.высш. учеб. заведений. – М.: Изд-во ВЛАДОС ПРЕСс, 2003.
5 лекция. Педагогикалық зерттеудің мәселелерінің анықтамасы.
Мақсаты: Педагогикалық зерттеудің мәселелерінің анықтамасын қарастыру.
Жоспар:
1. Ғылым дамуының негігі бағыттары.
2. Ғылыми – педагогикалық зерттеулердің құрылымы
3. Зерттеу бағдарламасы.
4. Зерттеу мақсатының қызметі.
Ғылым деген инемен құдық қазғандай ұшы қиыры көзге шалдырмас терең еңбек дүниесі ғой. Маркс пен Энгельс социализмді утопиядан ғылымға айналдырған.
Ғылым – адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымның ең жоғары пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамның дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызы әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты – ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру.
Достарыңызбен бөлісу: |