Ғылым дамуының негізгі бағыттары:
Ғылым адамзат қоғамының ерте дәуірінен, адам баласының танымдық және өндірістік қажеттілігінің арасы ажырамай тұрған кезеңнен бастау алады. Ежелгі Шығыста болашақ ғылымға негіз болған білімнің алғашқы нышандары қалыптасты.
Ғылымның “өсу нүктесі” оның ішкі даму логикасы мен қазіргі замандағы адамзат қоғамының көпқырлы әлеуметтік қажеттілігінің ұштасуына байланысты. 20- шы ғасырдың басында жаратылыстану ғылымында алдыңғы қатарға биология шықты.
20 – ғасырда ғылымның даму қарқыны оның түрлі салаларының ұштасып, қазіргі кезеңнің кешенді, ірі мәселелерін жаңа бағдарды шешуге бағытталған мәселелерде ерекше байқалды. 3 – мыңжылдықтағы ғылымның дамуының басым бағыты біздің бүкіл әлемді, оның ішінде, адамның ішкі әлемін жан-жақты, түтас қалыптастыру болмақ.
Ғылымның өз заңдарын ашуға бағытталған қызметі – түсіндіру мен болжау болып табылады. Ғылым деректен басталып, дерекпен аяқталады, бірақ бұл екі дерек бір нәрсе емес, бастапқы дерек – теориялық мазмұнмен “қиындатылмаған”, ал қорытындылаушы дерек – тәжірибеден туған теориялық тұжырымдардың жемісі ( заңдардың ашылуы) болып табылады.
Ғылымның белгілі бір саласында дәстүрлі зерттеулер жүргізумен қатар, пәнаралық, кешенді зерттеулер жүргізу қазіргі ғылымның ерекше даму бағыты болып табылады. Ғылымды іргелі және қолданбалы деп бөлу дәстүрі қалыптасқан.
Іргелі – ғылым саласының міндеті қоғамды, дүниені, табиғатты түсіндіретін заңдарды тану. Бұл заңдар мен құрылымдар “таза күйінде” зерттеледі, оларды тікелей пайдалану мүмкіншілігі шартты емес.
Қолданбалы – ғылымның ашқан жаңалықтарын танымдық әлеуметтік – практикалық мәселелерді шешуге қолдану болып табылады. Яғни оның міндеті – ақиқатты тану ғана емес, әлеуметтік сұранысты қанағаттандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |