Мамаева Л. А. Байысбаева М. П. Нұрдан Д


Керекті құралдар және жабдықтар



Pdf көрінісі
бет47/48
Дата07.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#95344
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
бидай

Керекті құралдар және жабдықтар
: бидай ұны, престелген ашытқы, 
ас тұзы, су, соя ұны, ақ уыт, термометр, таразы, эмальды кострюлдер, 
жетілдіргіш шкаф, зертханалық пеш, титрлеу қондырғысы, Чижов аспабы, 
Журавлев аспабы, қалыптағы нанның меншікті көлемін анықтайтын құрылғы, 
домалақ нанның көлемін анықтайтын сызғыш, пышақ, газет, сүзгі қағазы, 
бюкса, 250 мл колбалар, 0,5 мл тығыны бар шыны ыдыс, 1000 мл цилиндрлі 
өлшегіш. 
Зертханалық сынақ жүргізу үшін ашытпасыз әдіспен 2 зертханалық 
жұмыста келтірілген әдіс бойынша қамыр дайындалды.
Ол үшін мынадай нұсқалар дайындаймыз.
1
Нұсқа (бақылау) – 2,5 % престелген ашытқы қосылған ашытпасыз 
әдіспен дайындалған бақылау; 
2
Нұсқа – 1,5% престелген ашытқыны белсендендіріп қосу;
3
Нұсқа – 2,5 % престелген ашытқыны белсендендіріп қосу. 
Қамыр дайындау екі сатыда жүргізіледі: престелген ашытқыны алдын 
ала белсендендіру және қамыр дайындау. 
Престелген ашытқыны МТИПП ұсынған әдіс бойынша жүргізуге 
болады. Бұл үдеріс ашытқының белсенуі үшін біркелкі орналасқан қоректік 
орта дайындаудан тұрады.
Қоректік орта дайындау бидай ұнынан, судан ашымал алып, ыстық 
ашымалға (50-60 
о
С) ақ белсенді уыт, қосымша бидай ұны және аздаған соя 
ұнын қосып араластырып, салқын су қосып үздіксіз араластырып 30-32 
0
С 
салқындатудан тұрады. Осы қоректік ортаға үздіксіз араластыру кезінде 
алдын ала ұнтақталған престелген ашытқы қосылады.
Ол үшін қамырдағы 100 бөлік ұнға мына мөлшердегі бөлік қосылады:
Қайнатпа дайындау 
Бидай ұны 2 
Ыстық су (95-98 С) 6 


Ақ уыт 0,3 
Белсендену фазасын дайындау 
Қайнатпа 8,3 (барлығы) 
Суық су 6 
Бидай ұны 2 
Соя ұны 0,5 
Престелген ашытқы 1,5-2,5
Қайнатпаны дайындау ұзақтығы 5-10 мин. Ашытқыны белсендену 
фазада ұстау 60-120 минут.
Қамыр дайындауда технологиялық үдерістің жүруіне, оның қасиетіне, 
тұрғызу және пісірудің соңына дейін қарап, қамырдың және піскен нанның 
сапасын суығаннан соң алдындағы 1 және 2 лабораториялық жұмыстарда 
келтірілген әдіс бойынша анықтайды. Алынған нәтижелерді салыстырмалы 
түрде қорытындылап жазады. 
Жазу үлгісі 1 және 2 жұмыста келтірілгендей орындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет