Бақылау сұрақтары:
1
Сүт сарысуының химиялық құрамы?
2
Нан дайындауда сүт сарысуын қанша мөлшерде қарастыру
қарастырылған?
3
Сүт сарысуы қосылған қамырдың ашу уақыты неге байланысты
төмендейді?
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Байысбаева М.П. Нан өнімдерінің технологиясы. Оқулық. Алматы:
Дәуір баспасы, 2011. – 448бет.
2. Байысбаева М.П. Наубайхана өндірісінде қолданылатын шикізаттар
мен материалдар. ТОО Алейрон. Оқу құралы. Алматы, 2009 - 93 б.
№14 Зертханалық жұмыс
Амилолитикалық және протеолитикалық фермент препаратының,
тотықтырғыш қасиеті бар жақсартқыштардың қамырдың және нанның
сапасына әсері
Жұмыстың мақсаты: Бидай қамырын ашытпасыз әдіспен әртүрлі
мөлшердегі жақсартқыштар қосып, оның қамырдың қасиетіне және дайын
өнімнің сапасына әсер етуін анықтау.
Наубайхана
өндірісінде
көбінесе
мынадай
жақсартқыштар
қолданылады: тотықтырғыштар (бромат калий, аскорбин қышқылы),
фермент препараттары, үстіртін белсенді заттар.
|