Керекті құралдар және жабдықтар : бидай ұны, престелген ашытқы,
ас тұзы, су, термометр, таразы, эмальды кострюлдер, жетілдіргіш шкаф,
зертханалық пеш, титрлеу қондырғысы, Чижов аспабы, Журавлев аспабы,
қалыптағы нанның меншікті көлемін анықтайтын құрылғы, домалақ нанның
көлемін анықтайтын сызғыш, пышақ, газет, сүзгі қағазы, бюкса, 250 мл
колбалар, 0,5 мл тығыны бар шыны ыдыс, 1000 мл цилиндрлі өлшегіш.
Зертханалық сынақ жүргізу үшін ашытпасыз әдіспен 2 зертханалық
жұмыста келтірілген әдіс бойынша қамыр дайындалады. Тек қамырды пішін
беріп болған соң тұрғызу жетілдіргіш шкафтың температурасы мен
ауасының салыстырмалы ылғалдығы әртүрлі етіп алынады. Ол үшін мынадай
нұсқалар дайындалады.
1
Нұсқа (бақылау) – 30-35
0
C температурда, ауасының
салыстырмалы ылғалдығы φ=75-80%;
2
Нұсқа – 45
о
C температурада, ауасының салыстырмалы ылғалдығы
φ=75-80%;
3
Нұсқа – зертхана бөлмесінің температурасында;
4
Нұсқа – 35
о
С температурада, ауасын ылғалдамай;
Піскен нанның сапасын суығаннан соң алдындағы 1 және 2
зертханалық жұмыстарда келтірілген әдіс бойынша анықтайды. Алынған
нәтижелерді салыстырмалы түрде қорытындылап жазады.
Жазу үлгісі 1 және 2 жұмыста келтірілгендей орындалады.