№11 Зертханалық жұмыс
Қамырдың тұрғызылу ұзақтығының нан сапасына әсері.
Жұмыстың мақсаты: Бидай қамырын ашытпасыз әдіспен әртүрлі
уақытта тұрғызып, оның дайын өнімнің сапасына әсер етуін анықтау.
Қамыр ашу кезінде қопсып көлемі үлкейеді, ол ашып болған соң пішін
беру үшін бөлшектеу кезінде газдың бәрі сыртқа шығып оның көлемі
кішірейіп, арасы тығыздалып қалады. Сол үшін қамыр дайындамасын көтеру
арнайы жағдайда жетілдіріледі. Қамыр дайындамасының жетілдіруге тұрғызу
уақыты оны, салмағына, құрамына қосылатын рецептуралық қоспаларға,
ұнның қасиетіне, тұрғызу жағдайына және т.б. факторларға байланысты
анықталады. Қамыр дайындамасын тұрғызу уақыты 25 минуттан 150
минутқа дейін созылады. Жалпы қамыр дайындамасының тұрғызылу уақыты
көзмөлшермен анықталады. Көтерілген қамыр дайындамасының шетінен
ақырындап бір саусақпен басқанда ол орнына тез қайтып келсе әлі жетілдіру
аяқталмаған, жайлап орнына келсе жетілдіру аяқталған, ал, басқан жер
орнына келмей қалса жетілдіру уақыты өтіп кеткен болады.
Достарыңызбен бөлісу: