Мамай орта мектебі 2015-2016 оқу жылы бойынша тәрбие жұмысының сараптамасы



бет3/9
Дата15.12.2016
өлшемі2,33 Mb.
#3995
1   2   3   4   5   6   7   8   9
- Қарттар күніне арналған «Біз бабаларды сыйлаған халықпыз!» атты концерт ұйымдастырылып өткізілді. Концертке Мамай ауылы бойынша барлық қарт адамдар шақырылды. Концертке 2, 3-сынып оқушылары тақпақтарын ұсынды. 1-сынып оқушылары Қапаров Нұрмат «Астана», Жексембай Аяулым «Туған өлкем» атты өлең жолдарын оқыды. 5-сынып оқушылары «Асыл әжем» әнін орындап, тақпақтар жолдады. 9-сынып оқушысы Қалмұрат Дана М.Шахановтың «Арман» атты өлеңін мәнерлеп оқыды. Содан кейін «Русский язык» атты өленді Қапарова Р., Мусабаева Д., Картабаева Д. және Саябекова М. мәнерлеп оқыды. М.Шахановтың «Жігіттің екі серпілі» өлеңін 9-сынып оқушысы Кеңшілік Ы. оқыды. Мамай ауылы бойынша «АСКОП» ЖШС-ң демеушілігімен барлық қарт-үлкендерге сыйлықтар берді.

Жоспар бойынша «Алтын күз» мерекесі ұйымдастырылып өткізілді. Сыныптарға алдын-ала үй жұмысы ретінде мынадай тапсырмалар берілді:

1.Топты таныстыру /топтың аты, киімі, реклама/

2. Муз. номер

3. «Күз» тақырыбына үздік плакат байқауы

4. Дастарқан әзірлемесі

5. Әзіл көрініс

Сайыс бастамас бұрын әділ-қазылар сайланды.

Іс-шара сайыс түрде өткізілді.

0-1 сыныптар- «Бидай» тобы өздерін таныстырып, «Алдар көсе» ертегісін қойып, қазіргі заманғы биін биледі. 2,3,4 сыныптар- «Құлпынай» тобы өздерін таныстырып, «Қасқыр мен 7 лақ» атты ертегісін қойып, вальс биін көрсетті. Ал 5,6 сыныптар –«Алтын күз» тобы аттанып, әзіл -көріністерін көрсетіп, би биледі. 7,8 сыныптар –«Сәбіз» тобы аттанып, «Олимпиада 2015» атты көріністерін көрсетіп, флешмоб биін биледі. 9-сынып- «Сары алма» тобы болып, көрініс көрсетіп, ән айтты. Әр кезеңнен кейін топтармен түрлі және қызық ойындар ойнатылды. Сайыс соңында әділ-қазылар қорытындыларын айттып берді. Қорытынды бойынша «Ең белсенді топ»-0,1 сыныптар, «Ең үздік плакат» - 2,3,4 сыныптар, «Өнерлі топ» -5,6 сыныптар, «Үздік дастарқан» - 9-сынып, «Ең жақсы жарнама» - 7,8 сыныптар болды. Барлық қатысқан топтарға мақтау қағаздарымен тәттілер берілді.



7-12 қыркүйек күндер аралығында мектеп бойынша Ұлттық Отбасы күніне орай іс-шаралар өткізілді. Мектеп психологы Нуржанова К.С. 8-11 сынып оқушылар арасында «Менің отбасым» тақырыбына сауалнама жүргізді /12 оқушы/. Бастауыш сыныптарда «Жұлдызды сәт» атты отбасылық музыкалық ұжымдар сайысы ұйымдастырды /17 оқушы/. 5-9 сынып оқушылар арасында Токубаев А.М. «Бақытты сә, тоқтай тұр» атты отбасылық суретке түсу сайысы өткізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет