Тақырып: ОқушОқушылардың сөйлеуіне қойылатын талаптар.
Сөйлеу – оқушылардыОқушылардың сөйлеуіне қойылатын талаптар.
Сөйлеу – оқушылардың ойлауын дамытудың маңызды құралың ойлауын дамытудың маңызды құралы
ылардың сөйлеуіне қойылатын талаптар.
Сөйлеу – оқушылардың ойлауын дамытудың маңызды құралы.
Мамандық – педагогикалық ғылым. ЖОСПАР:
Мамандық – педагогикалық ғылым.
Мамандық пәндердің мақсаты мен міндеттері.
Арнайы ғылымдардың мәселелерін зерттеу
Тәуелсіз елеміздің білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер қоғамның жас ұрапақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктерді пайдалануды көздейді.
Бала – балғын тал, ересек адам- бағбан. Бұл — әр халықты ғасырдан-ғасырға әкеле жатқан қағидасы. Сондықтан баланың ана тіліне деген сүйіспеншелеген тәрбиелеп, бала жанын небір жақсылық нәрімен суару – оны өсіруші тәрбиелеуші әрбір үлкеннің мұраты.
Тіл – ақиқатты танытудың басты құралы.
Психололгиялық әдебиеттерде тілсіз ойдың тумайтыны айтылады.
Сөйтіп келгенде, тіл қоғам мүшелерінің бір-бірімен түсінісу және адамның сезімі мен көңіл-күйін білдіру құралы ретінде маңызды қызмет атқарады.
Сондықтан кіші мектеп жасынан бастап ана тілін, оның әр алуан өмірлік қызметін ғылыми негізде танытудың қажеттілігі мақсатты түрде алға қойылды.
Тілдің тәрбиелік мәні де күшті . Ана тілін жақсы меңгерген оқушының ғана көркем әдебиетімізді қызыға оқуға, көркем өнер үйірмесіне құмарта қатысуға, адамдармен сыпайы қарым-қатынас жасап, тіл табынуға деген бейімділігі қалыптасады, яғни баланың мәдени өрісі қоғам талабына сай бола түседі.
Мұғалім балалардың дүниетанымымен әуел бастан дұрыс қалыптастыруды мақсат тұтуы тиіс. Сондықтан тіл сабығы айнала қоршаған болмысты бақылау негізінде оқытылуы керек.
Ана тілін оқытудағы негізгі мақсат– оқушылардың сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін және жазбаша сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, оларға рухани дүниесін байыту, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы – жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себу. Ол үшін бала айналадағы затты, құбылыс пен болмысты танып білуі тиіс. Соған байланысты оның тіл байлығы да артады. Баланың өмірді көргені, танығаны көп болса, оның тілі де байи түседі. Оқушының тіл байлығы ауызша түрде де жазбаша түрде де қатар дамытылуы тиіс
Ана тілі жас баланың ақыл-ойының дұрыс дамуына білімді еркін және оңай меңгеруіне көп жеңілдік келтіреді. Сол себепті мектепте ана тілін оқыту ісіне ерекше мән береді. ´йткені ана тілін дұрыс меңгермеген оқушы басқа пәндерді де ойдағыдай үйрене алмайды. Білгенін не сөз тауып айтып бере алмай, не ойын қағаз бетіне түсіре алмай, қиналады. Осыдан-ақ ана тілі мектептегі негізгі пәндердің бірі екенін анық байқаймыз. Аса көрнекті педагог К.Д.Ушинский ана тілінің білім берудегі ролі туралы: “Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты, геограОияны, жаратылыс ғылымдарын және математиканы өз сөзімен айтып бере алмайтын күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинастыратын басты, өзекті пән. Сондықтан да қазіргі кезде бастауыш мектепте оқушылардың сөздік қорын молайтып, сол үйренген сөздерін қолдана отырып, айтайын деген ойын анық жеткізіп сөйлеуіне зор көңіл бөлінеді.
· . Тіл адамның қатынас құралы ретінде оның барлық өміріндегі нәрі, азығы екені белгілі.
Бастауыш сыныптағы ана тілі сабығының түбегейлі мақсаты оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға дген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету, кітап оқуға деген мұқтаждығын қалыптастыру.
Ана тілі сабағының алдына мынадай міндеттер жүктеледі:
1-оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;
2-көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту;
3-шығарманың түпкі мазмұны – мәнін түсінуін, Эмоциялық қабылдауын (кейіпкерлердің көңіл-күйіне ортақтасу, күйіну, сүйіну т.б.) қамтамасыз ету;
4-мәтіндеге сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлеу мен сөйлеу үлгілерін үйрете отырып, ана тіліміздегі сөз мағыналарының түрленуіне көңіл аударту;
5-шағырмадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;
6-ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу( дамыту;
7-өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;
8-оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.
Оқулыққа енетін материалдар дәстүрлік-тақырыптық ұстанымға негізделеді.
1-сыныпта оқушылар жыл мезгілдері, жан-жануарлар тіршілігі, адамдардың өмірі мен еңбңгі, отбасы, Отан туралы т.б. қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем шығармалардан оқып біледі.
2-сыныпта оқушылар ауыз әдебиеті үлгілерін (ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаш, аңыз әңгімелер мен шешендік сөздер) оқу арқылы білімдерін кеңейте түседі. Әдеби ертегелерді оқу барысында “тұтас рухани кеңістік” шығады, сонымен қатар әлемнің ұшы-қиырсыз кең, алуан түрлі және тіртұтас екендігін біледі. Әдеби шығармаларды оқу арқылы олардың бойында отансүйгіштік, еңбекқорлық, адалдақ пен мейірімділік, батырлық пен азаматтық, сезімталодық пен адалдық сияқты ізгі қасиеттер қалыптаса бастайды.
3-сыныпта оқушылар халық ауыз әдебиеті үлгілері және балалар әдебиетінің әр түрлі жанрларымен таныса отырып, әдебиет әлеміне бастау алады. Мұнда жанрлық және көркем шығармаларды тиімді үйлестіру ұстанымы іске асырылады.
4-сыныпта оқушылар халық ауыз әдебиеті мен балалар әдебиетінгің озық үлгілерімен танысады. Қазақ балалар әдебиетінің қадыптасу тарихынан: шығармалардың жазылған кезеңі мен мазмұны арасындағы байланыс, автордың көзқарасы т.б. беріледі.
1 – тапсырма.
Қате құрылған мәтінді сөйлемдерді орын-орынына қойып, логикалық жүйелікті сақтап, қайта қарастыру.
Мысалы: Тышқан не айтарын білмейді де жылды кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын деп бір қулық ойлып табыды. Ерте заманда хайуандар жыл басы болуға таласыпты. ´зі түйенің үстіне шығып, өркешіне мініп отырып алыпты. Олырдың әрқайсысы адамға тигізетін пайдасын айтып, өздерін жыл басы болуға лайықпын деп дәләелдейді. Түйе бойына сеніп құр қалыпты. Содан соң тышқан жылды бәрінен бұрын көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты.
Бұл жерде балаларға әдейі сюжеті таныс ертегі беріліп отыр. Мұның себебі, оларға ертегінің қалай басталып, қандай оқиға болатынын, соңы немен аяқталатынын білетіндіктен, сөйлемдерді орын-орнына қойып, жүйелі түрде айтып беру жеңіл болады.
.
2 – тапсырма.
Аяқталмаған мәтінді логикалық ойды бұзбай жалғастырып айту. Мысалы: Қоңырау соғылып, балалар үзіліске шықты. Келесі сабақ математика болатын. Мұғалым үйге қиын тапсырма берген еді. Сыныпта Мұраттан басқа ешкім қалған жоқ. Ол Айдостың отырған партасына барып, сөмкесін ақтара бастады…
Оқиғаны әр бала, бірін-бірі қайталамауға тырысып, өз ойымен аяқтаған дұрыс.
.
3 – тапсыпма.
´з ойынан ертегі құрастырып айту (Ертегіні қалай бастап, немен аяқтар деің?).
….?
Ол биік ағашты таңдайды да, балтасын сермейді. Ағаш қуысынан бір алтын құс шыға келеді.
Құс адамша тіл қатады:
…?
Ертегі құрастырып айту алғашқыда қиындық келтіретіндей болса, тірек сөздер беруге болады. Шал мен кемпір, үш тілік, бәз-баяғы қалпына түсу.
4 – тапсырма.
Негізгі бөлімі жоқ ертегі мәтінін мазмұнына сәйкестендіріп оқиға ойлап жазу.
Бір шалдың ағайынды үш баласы болыпты. Олар ылғи да болмашы нәрсеге керісіп, төбелесіп қала береді екен. Бірде үшеуі ауыл шетіндегі орманға жиде теруге барады. Қайтар кезде басқа жолға түсіп кетеді де, ауылдарынан адасып қалады.
… … …?
… … …?
Осыдан кейін үш ұлы бірін-бірі сыйлап тату-тәтті өмір сүріпті.
5 – тапсырма.
Мазмұнын айту. Мәтіннің негізгі идеясын табу. (екі түрлі вариянт беріледі), (қайсысы тақырып, қайсысы негізді ойды білдіреді?).
Кішкентай құмырсқалар.
Құмырсқа илеуін бұзба!
Мысалы: Құмырсқа — ұйымдасып, жабыла жұмыс істейтін жәндік. Құмырсқалар кішкентай болғанымен өте ұйымшыл келеді. Орманда жүріп адаасып кетсеңіз, құмырсқаның илеуіне қарап, бағыт-бағдарды анықтап алуға болатын көрінеді. ´йткені құмырсқалар өз илеуін тек солтүстікке қаратып салады екен. Олар өлген шыбын-шіркейді, басқа да зиянды заттарды жеп, қоршаған ортаны тазартып, табиғатқа көп пайда келтіреді. Сондықтан олардың илеуін бұзбаған, баспаған дұрыс. Қайда оларды қорғау сауап болады.