Технологиялық схема – процестің технологиялық шартының бейнеленуі, оларды жеке функционалдық элементтерге бөлу және олардың арасындағы қисындық байланысты көрсету.
Оқу кезеңі –оқу уақытының аралығы, оның барысында оқытудың белгілі бір мақсаты орындалады.
Оқытудың бүтін блоктық жүйесі – оқу процесінің ең кіші бірлігі сабақ блоктары болып саналатын оқыту технологиясы.
Коммуникативті іс-әрекет педагогикалық процеске қатысушылармен қарым-қатынас орнатуға бағыттылған іс-әрекет.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі деп педагогикалық іс-әрекетті атқару үшін қажетті теориялық және практикалық дайындық және ол мұғалімнің кәсіби профессионализімін білдіреді. (В.А.Сластенин)
Үздіксіз педагогикалық білім беру – нақты педагогикалық іс-әрекетке дайындау және тұлғаның білім беру қажеттеліктерін өтеу мақсатындағы педагогикалық білім беру мекемелерінің атқаратын іс-әрекеті.