XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындагы қазақ мерзімді баспасөзі
№2 ТАҚЫРЫП. "Тәржіман" газеті .
"Тәржіман" газеті 1883 жылғы көкек айының 10-күнінен бастап 1918 жылдың ортасына дейін Қырымның Бақшасарай қаласында шығып тұрды. Бұл мерзімді баспасөз - Ресей патшалығына қараған төрүк тілдес халықтардың арасында түңғыш жарық көрген ізашар газет болуымен құнды. Басылымның редакторы әрі шығарушысы - әйгілі журналист, жазушы, ғалым, көп қырлы талант иесі Ысмайылбек Ғәспрәлі [Исмайлбей Гаспринский]. Ол "Тәржіманды"' өзі түзген араб графикасындағы әліпбиі негізінде "Тілде, істе, пікірде бірлік!" ұранымен күллі төрүк жұртына ортақ рухани пәрменді құрал деңгейіне көтеруді көздеді. Бұл алдына қойған мақсатына Ы.Ғәспрәлі жетті. "Тәржіман" газетінің географиялық таралу аймағы Ресейге қараған түркі халықтарын былай қойғанда, Түркия, Египет, Иран, Ауғаныстан, Үндістан, Қытай, Монғолия, Франция, Алмания мемлекеттерін камтыды. Сондай-ақ, туыстас төрүк тілдес елдердің бәрінде газет өзінің меншікті тілшілерін ұстады. Мәселен, Мәскеу, Петербор, Қазан, Уфа, Орынбор, Теке, Павлодар, Алматы, Ташкент, Түркістан тағы басқа қалаларда "Тәржіманның" арнаулы тілшілері кызмет етті. Газет редакторының өзі де төрүк тілдес елдерді жиі-жиі аралап, қызмет бабымен іссапарға шығып, қандастарының саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани тыныс-тіршілігін, шаруашылық қарекетін көзімен көріп, алған әсері мен көңілге түйген ойын боямасыз баяндап отырды.
Ағартушы ғалымның сан салалы, көл-көсір еңбегі кең мағынасында оны Ұлығ Ұстаз дәрежесіне көтерді. Қазақ зиялылары да бір ауыздан мұны мойындады.
Үлкен ойшыл Шәкәрім Қажы Құдайбердіұлы "Алдында өткен, тәрбиесін көрген Абайдан соңғы Ұстазым – “Тәржіман” газетінің иесі Ысмағұлбек Гаспринский десем бек дұрыс. Анықтық үшін сол кісінің газетін оқып, бек көп пайдаландым. Алла тағала екі дүниеде мақсатына жеткізсін. Әумин!”, - деп аузынан тастамаса (Қараңыз: "Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі". Орынбор, 1911 жыл.), ана тілін түрлеген Ахаң - Ахмет Байтүрсынұлы ағынан жарылып:
"... Сол күннен бастап өршіп көбейген Россия мүсылмандары арасында бес-алты мыңға жуық тәртібі бастауыш мектептің бәрінің үлгісі Гаспринский мектебі еді. Бұл күнде төте оқу үшін шығарылған неше түрлі әліппе болса, бәрі де үлгіні Гаспринский шығарған әліппеден алған еді. Бұл күнде он мыңға жуық мұғалімдердің бас ұстазы, жолбасшысы Гаспринский жанапылары еді..." ("Қазақ" газеті, 1914 жыл), - десе, Мұхамеджан Сералин Ысмағұлбек Гаспринскийдің жамбасы жерге тиген 1914 жылғы кыркүйектің 12-сі күнгі қаралы хабарды естіп:
"Россия мұсылмандары бірін-бірі танымай, өздерінің де кім екендігіне түсіне алмай ыдырап жатқан, не дүниядан, не ғылымнан, не өнерден қүралған бір халық еді. Бүлардың ел екендігін. жүрт екендігін есіне салған біздің мүсылман дүниясынан басқа дүния барлығын көрсеткен, ол басқа дүниядағы білім-өнердің түбі біздің мұсылман бабаларымыздың қолынан шыққандығын білдірткен, он жыл оқып, бір жыл дүрыс хат жаза білмейтүғын елді бір жылда жазу танытуға мүмкін екендігін үйреткен, "тілсіз жұрт дүнияда тіршілік ете алмайды" деп, жұрттың өз тілінің өзіне қадырлы екендігін аңдатқан марқұм Ысмағұлбек Гаспринский еді.
...Тілсіз жұрт - жансыз жұрт секілді екендігін аңғардық. Біз бұрын жансыз, өлі кеуде едік. Гаспринский бізге жан бітірді, өлі денеге рух кіргізді..." - деп жазды (Жуырда орны толмастай ілім. "Айқап" журналы, 1914, N17)...
Ысмағұлбек талантының бір кыры көп тіл білгендігі. Барша түркі тілдерімен бірге ол араб, парсы, орыс, француз тілдерін жетік меңгерген жан. Сондықтан да ол "Тәржіман" бетінде ғаламның алуан тілдерінен аударып, жедел жариялап отырған не түрлі жаңалық-хабарлар бірінің баспасөзге колы енді жеткен, бірінің қолы мүлдем жетпеген түркі кандастардың қай-қайсысына да орасан зор көмек, шын мәнінде "көз бен құлақ" болды. Дәстүрлі қалыптасқан бұрынғы жүйелеу бойынша қазан төңкерісіне дейін түркі халықтарының баспасөз тарихында "Тәржіманнан" басқа 33 жыл үзбей шығып тұрған басылым болған емес. Жалпы газеттің ғұмыры 35 жылға созылып, 35 жыл тынбастан түркі жұртына адал қызмет етті. Сондықтан да Ахмет Байтұрсынұлы: "Төрт-бес жылдың ішінде шығып тоқтаған һәм осы күнде шығып тұрған түрліше газета-жорналдардың бәрі "Тәржіманның" балалары",, - деп әділ бағасын берген еді. Демек, түркі халықтарының баспасөз саласындағы ілкі тәжірибесі, алғашқы мектебі -"Тәржіман" болғанына бұл дәйексіз куәлік беріп отыр.
№3 ТАҚЫРЫП. Қазақ мерзімді баспасөзінін пайда болуы және қазак тіліндегі алғашқы газеттер. Қазак публицистикасының көшбасылары.
XIX ғасырдың екінші жартысында (1860-1900) Қазақстанда патриархалдық-феодалдық қатынастардың ыдырп, капиталистік қатынастардың дамуы баспасөздің, қоғамдық ойдың дамуына айтарлықтай ықпал жасады. Екіншіден, қазақ мерзімді баспасөзінің пайда болуы орыстың революцияшыл-демократиялық бағыттағы журналистикасының қосқан үлесі де баршылық.
Ал, қазақ публицистикасының ірге тасын қалаушылар, яғни көшбасылары дегенде ең алдымсн Ш.Уәлихановтың хат, мақала, ғылыми мақалалары мен жолсапар очерктері, екіншіден, Ы.Алтынсариннің "'Қазақ газеті"" деп аталған газет үлгісі мен кезенде" Оренбургский листок"' газетінде жарияланған мақала, корреспонденция, очерктері және этнографиялық мақалалары, үшіншіден, А.Қүнанбайұлының еңбек, білім, тәлім-тәрбие тақырыбына арналған өлендеріндегі публицистикалық элементтер мен өзара сөздері еске түседі.
№4 ТАҚЫРЫП. Түркістан уәлаятының газеті
"Түркістан уәлаяты газетінің" (1870-1882 жылдар) жалпы бағыты. Ресми және ресми емес бөлімдеріндегі материалдар. Редакторлары және шығарушылары мен авторлар құрамы. Газеттің елдің ішкі-сыртқы жағдайы, сауда, отырықшылық, мал шаруашылығы, оқу-ағарту мәселелері, әдебиет пен өнер проблемаларына байланысты көтерген мәселелері.
№5 ТАҚЫРЫП. Дала уәлаятының газеті
"Дала уәлаятының ғазетінің " (1888-1902) жалпы бағыты. Ресми жоне ресми емес бөлімдеріндегі материалдар. Ондағы елдің ішкі-сыртқы жағдайы, мал шаруашылығы, коныстану және егіншілік, оқу-ағарту ісі мен әйел теңдігі мәселелері, қоршаған ортаны қорғау тақырыбы. сауда. әдебиет және тіл, жалпы қазақ халқының қоғамдық және әлеуметтік жағдайларының жазылуы.
№6ТАҚЫРЫП. "Фикир" ("Пікір") газеті (1905-1907 жылдар)
"Фикир'1 (""Пікір") газеті 1905 жылы 27 қарашада Орал қаласында жарық көрді. Мерзімді баспасөздің редакторы әрі шығарушысы татар халқының аяулы перзенті Камиль Муттығұлұлы Тухфатуллин болды. "Фикир"' газеті түңғыш санынан бастап бірнеше нөмірін казақ тілінде жариялады. Бүл басылымға казақ оқығандары көптеп тартылды. Оншақты саны шыққан соң ғана газет дәуір тыныс-тіршілігін татар, башқүрт тілдерінде бейнелеуге ойысты. Алайда бұл газет - қазақ, татар, башқұрт халықтарының мұң-мұқтажы мен мұрат-мүддесін көздеген ортақ басылымға айналды. "Фикир" газеті ұлт баспасөзі мен қоғамдық ойдың дамуына, қалыптасуына орасан зор үлес қосты. Бүған дейін бүл мерзімді басылым "қазақ баспасөзінің тарихына ешбір қатысы жоқтай" зерттеушілер назарына ілікпей келген-ді. Қазак баспасөзі тарихынан "Фикир" газетінің лайықты орынын алмауына басты себеп - кеңес өкіметінің түркі тілдес үлт пен үлыс арасын алшақтатуға жүргізген пәрменді идеологиялық ықпал-әсерінен қалыптасқан. Сондықтан өз топырағымызда жарық көрген отандық басылымды тереңірек зерделеуге мүмкіндік туды.
№7 ТАҚЫРЫП. 1905-1907 жылдардағы казақ баспасөзі
1. "Торғай газеті" ("Тургайская газета") 1896-1910 жылдар. Онда жарияланған материалдар. 2. "Қазақ газеті" (1907 жыл). Оны шығарушылар мен авторлар құрамы. 3. "Серке" (1907 жыл) газеті. Шығарушылар мен авторлық кұрамы. Газеттегі М.Дулатұлының мақалалары. 4. "Орал" (1907 жыл) газеті. Саяси бағыты. Ондағы қазақ еңбекшілері атынан жарияланған "Ашық хат".
№8 ТАҚЫРЫП. 1910-1914 жылдардағы қазақ баспасөзі
1. "'Қазақстан" газеті (1911-1913 жылдар). Газеттің бағыт-бағдары. Редакция алқасы мен авторлық құрамы. Ондағы Е.Бұйрин, Ғ.Қарашұлы, Б.Қаратаев, С.Меңдешұлының қызметтері. Газет бетінде көтерілген басты проблемалар. 2. Петербург жұмысшыларының бүкілхалықтық "Правда" газеті (1912-1914 жылдар). Онда жарияланған Қазақстанға қатысты материалдар. "Правда" газетінің тілшісі Ж.Болғанбаевтың қызметі.
№9 ТАҚЫРЫП "Айқап" журналы және оның идеялық бағыты
Қазақстандағы отарлау саясаты туралы. Журнал көтерген саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелер. Білім беру және мәдени, ағарту проблемалары.
№10 ТАҚЫРЫП. "Қазақ" газеті
А.Байтұрсынұлы меы М.Дулатұлының редакторлық, журналистік қызметтері. Газеттің авторлары. Газет көтерген мәселелер. Оның идеялык, саяси бағыты. Қазак халқыныц бүрынғы, сол кездегі жайы. көнелту, сауда, кәсіп, жер-су, егін мен шаруасы жайындағы кеңес. оқу окыту, мектеп, медресе, ғылым, өнер, тіл, әдебиет, білім және т.б. мәселелер туралы газет бетіндегі жарияланған материалдар.
№11 ГАҚЫРЫП. Қолжазба "Садақ" журналы
Б.Майлин мен Ж.Тілепбергенұлының редакторлык, публицистік қызметтері. "Садактығң шығарушылары. "Садактьң" қазақ, татар ақын-жазушыларын тәрбиелеп шығарудағы рөлі. "Садақ"' журналының идеялық-саяси мазмұны мен бағыты. "Садақ" журналы төңірегіндегі қабырға газетгерінің шығарылуы.
№12 ТАҚЫРЫП. Қазақгыи жалпыүлттык бағыттағы демократиялық басылымдары (1917-1918 жылдар). "Сарыарқа" газеті.
Газетті шығарушылар мен авторлар құрамы. Оның бағыт-бағдары. Газет бетіндегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдык мәселелер.
№13 ТАҚЫРЫП. "Бірлік туы" газеті
Газетті шығарушылар мен авторлар кұрамы. Онда жарияланған басты материалдар. М.Шоқайдың хаты.
№14 ТАҚЫРЫП. "Алаш" газеті
"Алаш" газегінің саяси-идеялык бағыты, редакция алқасы. Авторлар құрамы. Газет бетінде жарияланған материалдар.
№15 ТАҚЫРЫП. "Абай" қоғамдық-саяси және әдеби журналы
"Абай" журналының редакция алқасы. Авторлар құрамы. Онда жарияланған материалдар.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
Достарыңызбен бөлісу: |