Байланысты: ҚАЗАҚ ЖУРНАЛАСТИКАСЫНЫҢ ТАРИХЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Ізбасары – постреквизиты:, журналистік шеберлік, отандық және шетелдік баспа ісі. ", "Журналистикаға кіріспе".
Постреквизиттері: "Салалық журналистика", "Журналистік шеб
АЛҒЫ СӨЗ Ұлттық баспасөз тарихы туралы сөз болғанда ежелгі төрүк бітіктастарындағы рухани мұрамызға соқпай өту әсте мүмкін емес. Бүл адамзат қоғамы әлі қағазды ойлап тожірибеде қажетіне түтынбаған дәуірғе дейінгі ежелгі түріктердің бүқаралық ақпарат таратудың әдіс-тәсілдері мен идеясын меңгерген бағзы өркениетінен мағлүмат береді. Тас кітаптардың пішіні мен түрлері, сюжеттік оқиға желісі мен жанрлық белгілері, көркемдік-идеялық мәні мен ақпараттық маңызы, жас мөлшерін анықтау мен жүйелеу үшін палеографиялық, фонетикалық ерекшеліктерінен түсінік беру.
Сондай-ақ, кеңестік дәуірде "пантүркист", "панисламист", "халық жауы" деп, есімін атауға тиым салынған Ысмағұлбек Ғаспрәлінің "Тәржіман" газетінің қазақ халқы үшін де заманында қоғамдық-әлеуметтік, мәдени-рухани маңызы орасан зор болғандығынан дерек беру. Бұл ретте татар мен қазаққа ортақ "Фикир" газеті және түбі бір туыстас татар зиялыларының ұлттық баспасөз мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлесі хакында тарихи құжаттарды сөйлету. Сөйтіп, тарихи ақиқаттың бетін ашу.
Еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты соңғы он жылда қазақ журналистикасының өткен тарихының "ақтаңдақ" тұстары қайта қаралып, кезінде ұлтшыл. Байшыл, алашордашыл деген нақақ жаламен жабылып калған, "зиянды" деп саналғаи "Қазақ", "Алаш", "Сарыарқа". "Ұран", "Бірлік туы", "Жас азамат", "Абай", "Еркін қазақ". "Қазақ мұңы" сияқты газет-журналдар мен онда қызмет істеген, әр жылдары жарияланымдары жарык көрген А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ә.Бөкейхан, М.Шоқай. Х.Досмұхамедұлы, М.Тынышбайұлы, А.Мәметұлы, Х.Ғаббасұлы, Ә.Ермекұлы, Ж.Жәнібекұлы. Е.Омарұлы, М.Есболұлы, Ж.Тілеулин, М.Саматұлы, У.Омарұлы, М.Мурзин, Н.Төреқұлұлы, С.Қожанұлы, Қ.Кемеңгерұлы, М.Жолдыбайұлы, С.Бөкейхан, Т.Шонанұлы сынды қазақ халқының біртуар зиялыларының қыруар мұра-мирасы оқу-оқыту процесіне орай ғылыми айналымға түсіп, өткен қоғамдық ойымыздың тарихын саралауымызға қолайлы мүмкіндік туды.
Сондықтан, біз бүл бағдарламамызды төл баспасөзіміздің ежелгі бастау көзіндегі ілкі үлгілерінен бастап, (тек баспасөзіміздің ғана емес, оның тарихының да) XIX ғасырдың екінші жартысындағы сапалық түрлері ("Түркістан уәлаятының газеті", 1870) мен бүгінгі таңға дейінгі аралықтағы бұралаң, бел-белесі мол даму жолдарына тағы да бір көз салып (бұл пәннен ең соңғы бағдарлама 1972 жылы түзілген екен), әр басылымға өз әділ бағасын беруге тырыстық.