Мамандық: 6B01901 Дефектология



бет16/21
Дата13.12.2021
өлшемі139 Kb.
#100149
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Волевой тапс 19-25окт

Визуалдық сабақ кестесін қолдану манипулятивті айырушылық стимулдарының міндетімен негізделеді. Бұл істе вербалдық нұсқаулар визуалдыққа алмастырылады. Осылайша нақты түрін иеленеді.

Оқыту тәсілі келесідей жүреді:

– сабақтын алдында балаға визуалдық сабақ кестесін көрсетеді, қандай тапсырмаларды орындауын түсіндіреді;

– сонан кейін, балаға карточкада берілген бірінші тапсырманың материалдары беріледі;

– бірінші тапсырманы орындап болған кезде, мұғалім тапсырманың карточкаларын жинауға көмектесіп, келесі карточканы ұсынады;

– бұдан кейін, мұғалім келесі тапсырманың материалдарын ұсынады. Осылайша әрі қарай жалғастырылады.

Сабақта визуалдық сабақ кестесін қолдану оқу әрекетін құрастыруға көмектеседі. Бұл аутист балаға, болып жатқан жағдайларды дұрыс түсінуге, берілген тапсырмаларды тұрақты негізінде орындауға және бір іс-әрекеттен екінші іс-әрекетке көшкенде серіктестендіру тәсілдері көмектеседі.

Прайминг – оқыту стратегияларының бірі, ол баланы инклюзивті ортада күрделі проблемалық жағдайларға дайындау. Прайминг ол алдын-ала қажетті қабілеттерге  үйрету. Мысалы, тәрбиеші ертегі оқығанда бала топтық сабақта қиындықтарға кездессе, бала белсенді болу үшін және сюжетті ойынға қатысу үшін немесе топпен бірге әрекеттену үшін бұл ертегіні күнде жеке сабақта оқуға болады.

Аутизм ауруы бар балалармен жұмыс істеу барысында көптеген әдіс- тісілдер қолданады. Солардың кейбіреулермен танысып жіберейік:

1. Ойын технологиясын қолдану.

Аутизмі бар баламен қарым-қатынас орнату.

«Айналма» ойыны.

Ойын барысы: нұсқаушы балалар арасынан барлық баламен амандасып, əр баламен қол алысып амандасатын баланы таңдайды. Сол бала айналма ортасында болатын баланы таңдайды. Барлық балалар қолдарынан ұстап, шеңбер құрады. Ортадағы баламен амандасады. Ортаға балалар кезекпен тұрады. Сəлемдескен кезде мына сөздер айтылады:



Балақайлар, тұрайық;

Шеңбер құра қалайық;

Сен де менің досым;

Мен де сенің досың;

Барлығымыз доспыз.

Қарым-қатынасты дамыту.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет