Мамандығы: Жалпы медицина Дисциплина: Қазақстанның қазіргі заман тарихы Кафедра: Қазақстан тарихы мен қоғамдық гуманитарлық пәндер және психология мен педагогика Курс: 1 Тақырыбы: ххғасырдың 20-жж. Қазақстандағы жер-су реформасы



бет7/8
Дата10.12.2021
өлшемі34,07 Kb.
#78649
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жер-су реформасы

Басты жәрмеңкелер: 
1) Семей губерниясында – Қоянды, Баянауыл. 
2) Ақмола губерниясында – Атбасар. 
3) Ақтөбе уезінде – Ойыл, Темір. 
4) Бөкей ордасында – Орда.

Өлкеде тұтыну кооперациясы кеңінен дамыды.



Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері:

1. Күйзелген ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 


2. Өнеркәсіп қалпына келтірілді. 
3. Өркениетті кооператорлар құрылысы (қозғалысы) ел шаруашылығының барлық саласын көтерді. 
4. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді.

Сонымен, жаңа экономикалық саясат шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды (1921 1929 жж.).

Қорытынды бөлім

Адамзат өзінің тарихи эволюциялық даму барысында мәжбүрлеудің тек екі балама жүйесін қалыптастырды. Біріншісі — адам еркіне әкімшілік ықпал ету және екіншісі — өндірушінің құқықтық еркіндігіне кепілдік бере отырып экономикалық мәжбүрлеу жүйесі. Олардың қатар өмір сүруі іс жүзінде мүмкін емес, өйткені әкімшілік жүйе мәжбүрлеудің экономикалық мүддесінің әсерін әлсіретіп шектейді, және керісінше оған экономикалық құралдарды енгізу әкімшілік жүйені билігіне нұқсан келтіреді.

«Әскери коммунизм үшін» саясаты өзінің меншік қатынастары құрылымдарын мемлекет қарауына орталықтандыру және экономиканы іс жүзінде, тіпті, милитарланған директивалық басқару сияқты негізгі принииптері арқылы мәжбүрлеулін басты үлгісін ұстанғанын білдірді. Мұны мемлекеттің бүкіл саясатының арқауына айналдыру халықшаруашылығының босансуы мен тоқырауына әкеп соқтырды.

Дағдарысты жағдайда большевиктер революциялық рухтағы романтиканың утопиялық догмаларынан амалсыз бас тартты. Ленин, партия басшыларының едәуір бөлігінің қарсы тұруына қарамастан, тарихи келісімге барды. Оның астарында меншіктін әр түрлі нысандарына қатысты барынша шыдамды саясат және тауар-ақша, нарықтыққатынастар факторлары мен басқа да экономикалық стимулдарды одан әрі мойындамаудын мүмкін еместігін сезіну бар еді. Қазақстандағы орын алған жағдай бүкіл елді қамтыған экономикалық және саяси дағдарыстың сыңайын танытты. Барлық жердегі сияқты Қазақстанда да халық шаруашылығын жүргізу саясатының мүлдем жаңа принципіне көшу қажеттігі айқын байқалды. Оның негізгі арқауы — «тауарсыздық» утопиясынан — нарықтық-экономикалық, тауарлық-ақшалай қатынасқа көшу идеясы еді.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. "Қазақ Энциклопедиясы"


2. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы
3. Туркестан в начале ХХ века. К истории истоков национальной независимости. Ташкент 2000г. 672

4. ЦГА РУз. Ф 25,оп 1 , д.1704, л 23-31

5. История советского престьянство в пяти томах. Т 1. М, 1986.

6. Рыскулов. Т.Р. Джетысуйские вопросы. ІІ собр. сы в трех томах. Т.2. Алматы. 1997, с. 384



7. www.testten.ru



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет