Қандай симптом сусызданудың дәрежесін қоюға негіз бола алады?
А) дене салмағының 7%-ға төмендеуі
В)сұйық нәжіс тәулігіне 10 ретке дейін
С)шырышты қабаттың біршама құрғауы
D) әлсіздік, адинамия
Е)тері қабатының сұрлануы
300. Стационарда 1 жас 3 айлық баланың дене қызуы 380С-қа жоғарылады, нәтижесінде жиі сұйық нәжіс пайда болды, 4 рет құсу болған. Дәрігер қарау барысында жедел ішек инфекциясы сусызданудың 2 -дәрежесі диагнозын қойды.
Гиповолемиялық шоктың белгілері жоқ сусызданудың 2-дәрежесінде регидратацияның қандай түрін қолданған дұрыс?
А)8 сағаттың ішінде су мен шәйді үзіліссіз беру
В) глюкозаның тұзды ерітіндісін оральды енгізу
С)глюкозаның тұзды ерітіндісін парентеральды енгізу
D) коллойдты ерітінділерді енгізу
Е)гемодезді көктамырдан жіберу
301. Қалалық балалар емханасына 2айлық ұл бала дәрігердің қабылдауына келді. Бала күз мезгілінде 7айлық мерзімде жетілмей туылған. Баланың салмақ қосуы қалыпты. Рахиттін алдын алу мақсатында профилактикалық щаралар ретінде, педиатр қандай препарат қолданады?
А)Витамин Д3 100 000 – 120 000ХБ
В) Витамин В12
C) Витамин Д3 400 – 500ХБ
D)Оксидевит 0,25мкг
Е)Рокальтрол 0,5мкг
302.Балалар емханасына 3айлық ұл бала аймақтық дәрігерге қаралуға келді. Анасының айтуы бойынша: мазасыз, әлсіз, жарыққа және қатты дыбыстарға өте сезімтал, ұйқысы сергек, терлегіш, әсіресе емізу кезінде. Қарағанда: терісі бозғылт, құрғақ, шүйде шашы «ай тәрізді» түскен және сүйегі бір жақтама қисайған.
Нәрестеде рахиттің қай сатысы?
А) Реконвалесценция сатысы
В) Бастапқы сатысы
С) Өршу сатысы
D) Қайталану сатысы
Е) Айығу сатысы
303.Қалалық балалар емханасына 7айлық қыз бала педиатрдің қабылдауына келді. Антропометриялық көрсеткіштері: салмағы – 5700гр, бой ұзындығы – 69см. Анасының жұмысқа түсуіне байланысты 6 айлығынан бастап нәрестеге сиыр сүтін берген. Нәресте 6 айлығына дейін жасына байланысты қажетті салмақты қоспаған. Туылған кездегі салмағы – 3400гр, бойы - 51см.
Достарыңызбен бөлісу: |