Мамандығына арналған «Қазіргі қазақ тілі негіздері»



бет3/6
Дата13.02.2017
өлшемі1,16 Mb.
#9110
1   2   3   4   5   6

Дәрісті қорытындылау: Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. Етіс категогиясы. Шақ категориясы. Есімше. Көсемше

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты

2. Етіс категогиясы

3. Шақ категориясы



Әдебиет: Бектұров Ш.К. Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана:”Фолиант”,

2003, 164-165-беттер.


Дәріс №10 Үстеу. Еліктеу сөздер.

Мақсаты: 1.Үстеу. Үстеудің мағыналық топтары.Үстеудің жасалу жолдары туралы мағлұмат беру

Жоспар:

1.Үстеу. Үстеудің мағыналық топтары.

2.Үстеудің жасалу жолдары

Іс-әрекеттің заттың сынының түрлі белгілерін білдіретін сөздердің лексико-грамматикалық тобы үстеу деп аталады.


Түрлері

Мысалдар

I. Тұлғасына қарай

1. Негізгі

әрең, әзер , әрі , бері , дәл , сәл

2. Туынды

ескіше , мұнша , жаяулап , астыртын

II. Құрамына қарай

1. Дара

ерте , кеш , тым , ерекше , басқаша , қыстай , кешке

III. Мағынасына қарай

2. Күрделі

а) биыл, бүгін , бірталай, біраз

ә) анда-санда , қысы-жазы ,

б) алдын-ала , күні кеше


  1. Мезгіл

қашан? қашаннан?

кеше , бүгін , ертең , қазір , кешке , ертемен, ертесіне , таңертең , түнеугүні , жаздыгүні , биыл , былтыр, анда-санда

  1. Мекен

қайда? Куда?), қайдан?

әрі , бері , жоғары , төмен , алға, ілгері , артқа , ішке , іште , мұнда , сонда

  1. Мөлшер қанша? қаншама? қаншадан?

Сонша, соншама, онша емес , едәуір, бірталай , бір-бірден

4. Сын-бейне қалай? қалайша? , қайтіп?

әрең, әзер, дереу, жедел, шапшаң, тез, жылдам, кенет, түгел, ауызша, өзгеше, осылай , тікелей, бірге, зорға

5. Күшейту қалай? қайтіп? қандай?

аса, нағыз, ең, тым, айырықша, әбден,

6. Мақсат неге?, не үшін? не мақсатпен?

әдейі, біле тұра, жорта, қасақана

7. Себеп-салдар неліктен? не себепті? қалай?

бекерге, босқа, текке, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан

8. Топтау қалай? қаншалап?

Екеулеп, бір-бірлеп, он-ондап, аз-аздан, бас-басына, жұп-жұбымен, рет-ретімен


I. Категориялық мағынасы

Табиғаттағы әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына еліктеуден және табиғи көріністердің бейнеленуінен пайда болған сөздерді еліктеу сөздер деп атайды. Еліктеу сөздер мағынасы жағынан дыбыстық еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер болып екіге бөлінеді.

Жанды, жансыз заттар шығарған түрлі дыбыстарды беру үшін қолданылатын сөздер дыбыстық еліктеуіш сөздер деп аталады. Мысалы: тырс-тырс (тамшы), сылдыр-сылдыр (бұлақ), тарс-тарс (есікті ұру), қарш-қарш (шайнау), пыр-пыр (ұйықтау) т.б.

Заттардың, құбылыстардың түрлі сын-сипатын, қимыл-қозғалыстарын көру арқылы қабылдап бейнелейтін сөздер бейнелеуіш сөздер деп аталады. Мысалы: жалт (қарау), қалт (етті), селк (етті), маң-маң (басу), зып (ету), жалт-жұлт (көріну) т.б.



II. Морфологиялық белгісі

Еліктеу сөздер тұлғасына қарай негізгі және туынды, құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді. Жұрнақтар арқылы туынды еліктеу сөздер жасалады.



III. Синтаксистік қызметі

Еліктеу сөздер сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады

Күрделі мүше құрамында баяндауыш қызметін атқарады

Субстантивтеніп, толықтауыш қызметін атқарады





Дәрісті қорытындылау: Еліктеу сөздер тұлғасына қарай негізгі және туынды, құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді. Жұрнақтар арқылы туынды еліктеу сөздер жасалады.

Еліктеу сөздер сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады

Күрделі мүше құрамында баяндауыш қызметін атқарады

Субстантивтеніп, толықтауыш қызметін атқарады



Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Үстеу. Үстеудің мағыналық топтары.

2.Үстеудің жасалу жолдары

Әдебиет: Бектұров Ш.К. Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы.

Астана:”Фолиант”, 2003, 181-182-беттер.



Дәріс №11. Шылау. Одағай

Мақсаты: 1.Шылау. Оның мағынасы мен қызметі, шылаудың түрлері. Одағай сөздер. Одағайдың сөйлемдегі қызметітуралы білім жетілдіру

Жоспар:

1.Шылау. Оның мағынасы мен қызметі,

2.шылаудың түрлері.

3.Одағай сөздер.

4.Одағайдың сөйлемдегі қызметі

Тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер бар. Ондай көмекші сөздер шылаулар деп аталады.

Шылау сөздер білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай үшке бөленеді:

1. Септеулік шылау; 2. Жалғаулық шылау; 3. Демеулік шылау.

Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулықтар орыс тіліндегі «союзы» ден аталатын көмекші сөздермен сәйкес келеді.

Демеуліктер өзі шылаудан тұрған сөзге я сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық күмән сияқты қосымша мағына үстейді, бірақ септеулік пен жалғаулықтар сияқты сөздерді де, сөйлемдерді де байланыстыра алмайды.

Демеуліктер негізгі сөзге (сөйлемге) үстейтін мағынасына қарай бірнеше түрге бөлінеді.


Демеуліктер

Аудармасы

Мысалдар

1. Күшейткіш-шектік

Ғана (қана), ғой (қой),

әсіресе, -ақ, -ау

только, особенно, же



Ол саяжайға Арланды ғана алды

Мен жемістерді жақсы көремін, әсіресе алмұртты Мынау дәптер ғой



2. Сұраулық

ма, ме, ба, бе, па, пе, ше



ли, а

Ол бара ма?

Сен ше?


Сөйлеушінің шындыққа, болмысқа қатысын, көніл-күйін сезім арқылы білдіретін сөз одағай деп аталады. Одағайдың атап көрсететін қызметі жоқ. Оған арнайы грамматикалық категория тән емес.

Мысалы: Бәрекелді! Өлеңді жақсы айтасың! Ойбай, ауырттың!

Қап, соңғы автобус кетіп қалды-ау! Рақмет, Айбек, рақмет!–Кеш жарық!- деді Аханов



Дәрісті қорытындылау. .Шылау. Оның мағынасы мен қызметі, шылаудың түрлері. Одағай сөздер. Одағайдың сөйлемдегі қызметі

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Шылау. Оның мағынасы мен қызметі,

2.шылаудың түрлері.

3.Одағай сөздер.

4.Одағайдың сөйлемдегі қызметі

Әдебиет: Қазақ тілі(жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған).

Редактор-құрастырушы: В.Ю. Франк. Алматы, 1999, 119-120-беттер.


4-модуль. Синтаксис

Дәріс№12. Синтаксис. Синтаксистің салалары. Түрлері.

Мақсаты. Синтаксис. Синтаксистің салалары. Түрлері туралы білім жетілдіру

Жоспар:

1. Синтаксистің салалары.

2. сөздің және оның формасының синтаксисі

3. Құрмалас сөйлем түрлері

Синтаксис деген термин грек тілінен алынған, құрау, құрастыру немесе ретке келтіру деген мағынаны білдіреді. Грамматикада ол сөздердің басын қосып тіркес жасап, бір-бірімен байланыстырып сөйлем құрауды, сол арқылы адам ойын білдіруді үйретеді. Сонымен бірге синтаксис сойлем түрлерін, олардың құрылымын, жасау жолдарын және сөйлемнің тыныс белгілерін қою ережелерін корсетеді.

Синтаксис төрт салаға бөлінеді: 1) сөздің және оның формасының синтаксисі; 2) сөз тіркесінің синтаксисі; 3) жай сөйлемнің синтаксисі; 4) құрмалас сөйлемнің синтаксисі.



Дәрісті қорытындылау: Грамматикада ол сөздердің басын қосып тіркес жасап, бір-бірімен байланыстырып сөйлем құрауды, сол арқылы адам ойын білдіруді үйретеді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Синтаксис туралы түсінік.

2.Синтаксистің салалары

3. жай сөйлемнің синтаксисі;

4. құрмалас сөйлемнің синтаксисі.

Әдебиет: Ш. Бектұров “Қазақ тілі” Алматы. “Атамұра”, 2006ж. 172-176- беттер; М.Балақаев, Т.Қордабаев “Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис”, Алматы, 1986, 19-82-беттер.
Дәріс №13 Сөз және сөз тіркесі

Мақсаты:

Жоспар:

Сөз тіркесі бағыныңқы және басыңқы бөлімдерден тұрады. Бағыныңқы сөз басыңқы сөзбен мағына арқылы байланысады.

Сөйлем бірнеше сөздерден, сөз тіркестерінен тұрады.

Сөздің және оның формасының синтаксисі.

Сөз формаларының құрамы: синтетикалық формалар және аналитикалық формалар болып екіге бөлінеді.

Компоненттері мағынасы жағынан басыңқы және бағыныңқы болып келіп, баяндауыштары тиянақсыз формада келетін жай сөйлемдердің тіркесін сабақтас құрмалас сөйлем деп атайды.

Сабақтас құрмалас сөйлемдер. Сабақтастардың құрамы: бағыныңқы және басыңқы сыңарлары.

Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлері: шартты, қарсылықты, қимыл-сын, себеп-салдар, мезгіл, мақсат бағыныңқы сабақтастар.

Компоненттері мағына, орын тәртібі, интонация бойынша, ал олардың баяндауыштары шылаулы да, шылаусыз да байланысып келіп, олар тиянақты формада болып, өзара тең дәрежеде келген жай сөйлемдердің тіркесін салалас құрмалас сөйлем деп атайды.



Дәрісті қортындылау: Компоненттері мағына, орын тәртібі, интонация бойынша, ал олардың баяндауыштары шылаулы да, шылаусыз да байланысып келіп, олар тиянақты формада болып, өзара тең дәрежеде келген жай сөйлемдердің тіркесін салалас құрмалас сөйлем деп атайды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Синтаксис туралы түсінік.

2.Синтаксистің салалары

3. жай сөйлемнің синтаксисі;

4. құрмалас сөйлемнің синтаксисі

Әдебиет:

1. Ш.К. Бектұров Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана: “Фолиант” баспасы, 2003, 91-96 - беттер.

2. Ш. Бектұров “Қазақ тілі” Алматы. “Атамұра”, 2006ж. 177-182- беттер; М.Балақаев, Т.Қордабаев “Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис”, Алматы, 1986, 83-190-беттер


Дәріс №14. Жай сөйлем синтаксисі.Сөйлем.

Мақсаты: Жай сөйлем синтаксисі.Сөйлем түрлері, олрдың жасалу жолдары туралы мәлімет беру

Жоспар:

1.Сөйлем құрылысына қарай түрлері

2 Сөйлем мүшелері

3. Айтылу мақсатына қарай түрлері


Сөйлем құрылысына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. Дара және күрделі.

  2. Атаулы.

  3. Жақты және жақсыз.

  4. Толымды және толымсыз.

Интонациясына қарай төрт түрге бөлінеді:

1. Хабарлы.

2. Сұраулы.

3. Бұйрықты.

4. Лепті.

Сөйлем мүшелері




Сөйлем мүшелері

Сұрақтары

Айтылады


Мысалдар


Тұрлау-лы

1. Бастауыш

кім? не? кімдер? нелер?


Сөз таптарының барлығымен

Жолаушылар пойызға отырды.

Он екіге бөлінеді.

Үлкендер залда отыр.

Біз институтта оқимыз.

2. Баяндауыш

не істеді?

не қылды? қайтті?



Әр түрлі сөз таптарымен

Аман кітап оқыды.

Мен инженермін.

Олардың үйі осында.

Тұрлау-сыз





1. Толықтауыш

Атау мен Іліктен басқа септік сұрақтары

Тура толықтауыш табыс септігінде айтылады. Жанама толықтауыш басқа септіктерде айтылады.

Сен айтқан кітапты /нені?/ оқыдым.

Кітаппен /немен?/ жұмыс істедім.


2.Пысықтауыш

қайда? қашан? қалай? не мақсат-пен?

Үстеумен айтылады

Біз жаңа жылды қуанышпен қарсы алдық.

Кеше біз жиналыс өткіздік.

3. Анықтауыш

қандай? кімнің? ненің?

Сын, есіммен айтылады.

Күміс сағат үстелдің үстінде жатыр.

Келетіндердің билеттері осында.

Арманның кітабы.


Дәрісті қорытындылау: Жай сөйлем синтаксисі.Сөйлем түрлері, олрдың жасалу жолдары

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Дара және күрделі сөйлем.

  2. Атаулы сөйлем.

  3. Жақты және жақсыз жақсыз сөйлем.

Толымды және толымсыз сөйлем.

Әдебиет:

1. Қазақ тілі(жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған). Редактор-құрастырушы: В.Ю. Франк. Алматы, 1999, 122-бет.


Дәріс №15. Құрмалас сөйлем синтаксисі

Мақсаты: Құрмалас сөйлем түрлері, жасалу жолдары туралы білім беру

Жоспар:

1.Құрмалас сөйлем синтаксисі

2. Салалас құрмалас сөйлем

3. Сабақтас құрмалас сөйлем

4. Аралас құрмалас сөйлем
Жай сөйлем бір ғана ойды білдірсе, құрмалас сөйлем – екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралады.

Құрмалас сөйлемнің құрамына енген жай сөйлемдер бір-бірімен қосымша, шылау, орын тәртібі, өзіндік интонация арқылы байланысады.

Құрмалас сөйлемнің құрамына енген жай сөйлемдердің баяндауыштарының өз бастауыштарымен қиысу, қиыспау және аралас келуіне орай салалас, сабақтас және аралас болып үшке бөлінеді.

Салалас құрмалас сөйлем

Компоненттері мағына, орын тәртібі, интонация бойынша, ал олардың баяндауыштары шылаулы да, шылаусыз да байланысып келіп, олар тиянақты формада болып, өзара тең дәрежеде келген жай сөйлемдердің тіркесін салалас құрмалас сөйлем деп атайды.

Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлері: ыңғайлас, себеп-салдар, қарсылықты, шартты, салыстырмалы, кезектес, талғаулы, түсіндірмелі салаластар.

1. Ыңғайлас салаластардың жалғаулықтары: және, да, де, та, те, әрі. Ыңғайлас салалас жалғаулықсыз да жасалады. Мысалы: Еркеш ірімшікті мақтай бастады, басқалары бас көтермей жеуге кірісті. Еркеш ірімшікті мақтай бастады да, басқалары бас көтермей жеуге кірісті.

2. Себеп-салдар салаластың жалғаулықтары: өйткені, себебі, сондықтан. Себеп-салдар салалас жалғаулықсыз да жасалады. Мысалы: Шәкенді мен құшақтап сүйіп жатырмын, өйткені ол менен жеті жас кіші інім. Шәкен туралы ешнәрсе айта алмаймын, - жете таныс емеспін. т.б.

3. Қарсылықты салаластың жалғаулықтары: бірақ, алайда, дегенмен, сонда да. Қарсылықты салалас жалғаулықсыз да жасалады. Мысалы: Жау қолында бар құралдың бәрін жұмсағанмен, кейін шегінуге мәжбүр болды. Жау қолында бар құралдың бәрін жұмсады, алайда кейін шегінуге мәжбүр болды.

4. Кезектес салаластың жалғаулықтары: бірде, біресе, кейде. Мысалы: Бірде ол ақтарыла салатындай сондайлық жақын көрінеді, бірде салқын тартып алыстап кетеді.

5. Талғаулы салаластың жалғаулықтары: я, яки, не, әлде, немесе, болмаса, әйтпесе, мейлі, құй. Мысалы: Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.

6. Түсіндірмелі салаластың жалғаулықтары: сол, соншалық, сонша, соншама, сондай. Түсіндірмелі салалас жалғаулықсыз да жасалады. Мысалы: Жұрттың бәрі соған қарай дүрлікті: біреу қолын былғады, біреулері оның атын айғайлады. Жұрттың бәрі соған қарай дүрліккені сонша – біреу қолын былғады, біреулері оның атын айғайлады.

Сабақтас құрмалас сөйлем

Компоненттері мағынасы жағынан басыңқы және бағыныңқы болып келіп, баяндауыштары тиянақсыз формада келетін жай сөйлемдердің тіркесін сабақтас құрмалас сөйлем деп атайды.

Сабақтас құрмалас сөйлемдер. Сабақтастардың құрамы: бағыныңқы және басыңқы сыңарлары.

Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлері: шартты, қарсылықты, қимыл-сын, себеп-салдар, мезгіл, мақсат бағыныңқы сабақтастар.

1. Шартты бағыныңқы сабақтас. Бағыныңқы баяндауышы:

а) Бағыныңқының баяндауышы –са/ -се формалы шартты райлы етістік болады. Мысалы: Біреуге жақсылық істесең, оны біреуге міндет етпе.

ә) Кейде шартты бағыныңқының баяндауышы –қан, -кен, -да, -де, -й, -ынша, -інше формалы етістік болып келеді. Мысалы: Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай.

2. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас. Бағыныңқы баяндауышы:

–са де, -се де; –ған, -ы, -ма –са; –ған, -мен де; –ған -ша, -ген –ше; -ған –ы –на т.б.

Мысалы: Жиналыстың аяқталғанын күтпестен, Ермек шығып кетті.

3. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас. Бағыныңқы баяндауышы:

-ып, -іп, -п, -а, -е, -й, -дай. Мысалы: Әні әлемді шарлап, өз халқының даңқын жайып, Роза өз еліне оралды.

4. Себеп-салдар бағыныңқы сабақтас. Бағыныңқы баяндауышы:

-ған –дық –тан, -қан –ы үшін, -қан соң, -й, -ып, -іп, -п, ашық рай мен деп көсемшесі. Мысалы: Бер жағы қалың ағаш болғандықтан, жолаушыға көрінген жоқ.

5. Мезгіл бағыныңқы сабақтас. Бағыныңқы баяндауышы:

-ған, -да, -па –с –тан, -у –дан, -ғалы, -гелі, -са, -се, ысы, -ісі. Мысалы: Бүгін қара жел басылысымен, қиыршықтап қар да түсе бастады.

6. Мақсат бағыныңқы сабақтас. Бағыныңқы баяндауышы:

үшін; -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пекке болып, ашық райлы етістікке деп көмекші етістігі тіркеседі. Мысалы: Ат аяғының дүбірі естілмесін деп, олар ауылдың ық жағына қарай бұрыла жүрді.

Көп бағыныңқы сабақтаста бір басыңқы, екі не одан да көп бағыныңқы компанент болады. Мысал: Жұмысым өнсін десең, өткеге өкінгің келмесе, уақытыңды ұтымды пайдалана біл.
Аралас құрмалас сөйлем синтаксисі. (1 сағ).

Аралас құрмалас сөйлем

Бір сөйлемнің ішінде әрі салаласқан, әрі сабақтаса байланысып келген сөйлемдердің тіркесін аралас құрмалас сөйлемдеп атайды.

Аралас құрмалас сөйлем жасалу жолдарынын ерекшелігіне орай шылаусыз аралас құрмалас сөйлем, шылаулы аралас құрмалас сөйлем деп екіге бөлінеді.

1. Шылаусыз аралас құрмалас сөйлем. Мысал: Кімде-кім өзін сынаудан қорықса, оның әлсіздігі, кімде-кім өзінің мінін көре алмаса, оның саяздығы.

2. Шылаулы аралас құрмалас сөйлем. Мысал: Биыл қар ерте кетіп еді, бірақ сәуір бойы қара суық болып, жас төлдер далаға жайыла алмады.



Дәрісті қорытындылау: Құрмалас сөйлемнің құрамына енген жай сөйлемдердің баяндауыштарының өз бастауыштарымен қиысу, қиыспау және аралас келуіне орай салалас, сабақтас және аралас болып үшке бөлінеді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Құрмалас сөйлем синтаксисі

2. Салалас құрмалас сөйлем

3. Сабақтас құрмалас сөйлем

4. Аралас құрмалас сөйлем

Әдебиет:

1. Ш. Бектұров “Қазақ тілі” Алматы. “Атамұра”, 2006ж. 219-247- беттер;

2. М.Балақаев, Т.Қордабаев “Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис”, Алматы, 1986, 192-308-беттер;

3. Қ.Есенов “Құрмалас сөйлемнің синтаксисі”, Алматы, 1995

3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
1 модуль. Фонетика
1-тәжірибелік сабақ. Кіріспе. «Қазіргі қазақ тілі » пәнінің зерттеу нысаны. Пәннің мазмұны мен міндеттері

Мақсаты: Кіріспе. «Қазіргі қазақ тілі » пәнінің зерттеу нысаны. Пәннің мазмұны мен міндеттерін айқындау

Әдістемелік нұсқаулық: Пәннің мазмұны мен міндеттерін айқындауда дәріс материалдарын пайдалану, қосымша дерек көздерін пайдалану

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

Лекцияда берілген мәтін бойынша көрсетілген әдебиет және интернет материалдарын пайдаланып жауап беру.



Әдебиет: Болғанбаев Ә., “Қазақ тілінің лексикологиясы”, 3-7 беттер; Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (ана тілі деңгейінде үйрету құралы) Алматы: “Әділет” ЖҚМ, 1998, 6-бет.
2-тәжірибелік сабақ. Үндестік заңы. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі. Екпін тасымал. Графика. Орфография. Орфоэпия.

Мақсаты: Үндестік заңы. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі. Екпін тасымал. Графика. Орфография. Орфоэпия туралы білім жетілдіру

Әдістемелік нұсқаулық: Үндестік заңы. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі. Екпін тасымал. Графика. Орфография. Орфоэпия қосымша дерек көздеріен қарастыру

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:.

Жаттығуларды орындау

1-жаттығу. Сөйлемдерден сөз ішіндегі, сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпалды тауып, оған түсінік беріңіз.

Жол үстінде іштей бір байламға келген жігіт ел жатқанша екі-үш кісіні жан-жаққа шаптырып, бас-аяғы бір күннің ішінде игі жақсыларды жиып алды. Бұл сөзді жүрегіне кек алған ашаң неміс қасындағы солдатқа немісшелеп, дауысын көтере сөйлеп, бірдеңені айтып жатты. Мен Ленинградқа пойызбен келіп түскен күні шүмектеп құйған жауын екен. Біз Торонтодан шығып, АҚШ-пен шекаралықтағы ұлы көлдерге жол тарттық.



2-жаттығу. Сөйлемдерден сөз ішіндегі, сөз аралығындағы дыбыс үндестігін тауып, оның қалай туып тұрғанын анықтаңыз.

Ауылда шеттен келген кісілер бар секілді. Оңашалау тігілген қонақ үйдің сыртындағы кермеде күміс ер-тұрманды бірнеше жарау аттар байлаулы тұр. Жолаушылар күймеден түсіп жатқанда, үлкен ақ үйдің қасында топтанып тұрған үлкендер де бері қарай аяңдады. Ең алдында Керімбайдың өзі, одан сәл кейінірек Ажар бәйбіше мен тағы басқа жақын туыстар. Дәмежан алдымен әкесіне сәлем берген.



Әдебиет.

1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 1993.

2. Бейсенбаева К. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы, 1993


2-Модуль. Лексикология
3-тәжірибелік сабақ. Сөз - лексикалық бірлік. Сөздік қор мен сөздік құрам

Мақсаты: Сөз - лексикалық бірлік. Сөздік қор мен сөздік құрам туралы білім жетілдіру

Әдістемелік нұсқаулық: Сөз - лексикалық бірлік. Сөздік қор мен сөздік құрам дерек көздерінен қарастыру

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

Лексика көне гректің lexikos (сөздік) деген сөзі. Лексика деген сөз- дүние жүзі халықтарына ортақ термин. Бұл термин бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген ұғымды білдіреді, оны сөздік құрам деп атайды. Кейде бұл термин жазушының немесе жеке шығарманың тілі дегенді білдіреді. Мәселен, Сәбит Мұқановтың лексикасы, Абай шығармаларының лексикасы, т.б. сондай-ақ, тілге шебер, тілі орамды адамдарды да лексикасы бай адам екен дейді.

1.Негізгі сөздік қор талай ғасырды басынан кешірген тұрақты сөздер болуы керек.

2. Негізгі сөздік қор сол тілдің ішінде сөз жасауға негіз болуы шарт.

3. Негізгі сөздік қор жалпы халыққа ортақ, түсінікті болуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет