Мамандықтар әлеміне жол ашамыз!



Дата17.01.2020
өлшемі0,92 Mb.
#56055
Байланысты:
Мамандық Нұрпейсова А

Мамандықтар әлеміне жол ашамыз!

  • Нұрпейсова Адия «№92 гимназия» КММ

Көрнекті жазушы Жүсіпбек Аймауытов айтқандай: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл – жай күнелту, тамақ асырау жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе». Мектеп бітірген түлектердің бірі қалаған мамандығын таңдаса, енді бірінің өз таңдауын жасауына ата-анасы мүмкіндік бермейді. Ал кейбірі «ҰБТ-дан жинаған баллына сәйкес тегін грант болса, болғаны» деп өз икеміне сәйкес келмейтін мамандықты таңдап жатады. Осындай қателіктердің салдарынан жан-дүниесі қаламайтын, икеміне келмейтін мамандықтың иесі атанатындар көп. Сонша уақытын сарп етіп оқыған мамандығы бойынша жұмыс істемей, мүлдем басқа салаға кететіндері де баршылық. Дәл қазір мектеп түлектері мамандық таңдап жатыр. Соған орай мамандық және оның қажеті, қабілеттер, денсаулық, ықылас деңгейі мен өзін-өзі бағалау, ата-ананың, отбасының көзқарасы талқыланып және жеке кәсіби жоспар жасауға, мамандық таңдаудағы қателіктер жайында өңірімізге белгілі психолог Қаракөз Момбаеваның кеңесін назарға ұсынамыз.

  • Әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласына қызығушылардың да саны артып келеді. Төрт жылда бұл сала мамандықтарына тапсырушылар саны 2000 адамға ұлғайған. Технология мен техникалық мамандықтарда да біршама өсім байқалды (8 мың адам).
  • Ақпараттық жүйе, есептеуіш техника, бағдарламалық қамтамасыздандыру, басқаруды автоматтандыру мамандықтарын ерекше атап өту керек. Бұл салалар бойынша төрт жылдағы өсім – 2,5 мың адам.
  • Мұнай-газ саласы бойынша жағдай тұрақты. Мұнда жыл сайын 2000 түлек қабылданады. Ал бұл уақыт аралығында құрылыстағы өсім 600 адамды құрады.
  • Бүгінгі күнде жақын уақытта өзекті мамандықтардың атауларын білу өте маңызды. Сондықтан да халықаралық дамуға еңбек нарығындағы жaғдай екпіндей ауысады. Сондықтан да қазіргі заманғы экономикалық нарықтың ерекшеліктерін ескеру қажет.
  • Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сай, Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Тез өзгеретін әлемде бейімделе алатын техникалық озық, өнімді жұмыс күшін құру үшін адам капиталына инвестициялар өте қажет. Білімге, дағдыға және тұрғындардың қабілеттеріне инвестициялайтындар болашақтың табысты экономикасы болады. Білімді жай ғана әлеуметтік қажеттіліктерге шығын деп емес, экономикалық инвестициялар деп түсіну қажет.
  • Жоғары оқу орны білімінен кейінгі Бағдарлама бойынша негізгі міндеттердің бірі елдің индустриалды-инновациялық дамуының қажеттіліктеріне сәйкес келетін жоғары және жоғарыдан оқу орны білімінен кейінгі кадрлармен қамтамасыз ету болып табылады.
  • Жоғарыда айтылғандардан қазір ғана емес, болашақта да қажет етілетін мамандықтарды ескеріп, талдау қажеттігі туралы қорытынды шығаруға болады.

Мамандық таңдай білу маңызды

http://youtube.com/watch?v=v_BJXDsiiRE

Қорытындыға келсек қазіргі таңда мамандық өте өзекті мәселе. Сол себепті мамандық таңдай білу маңызды.Қазіргі жастар көбінесе тек каржыға байланысты мамандықты таңдайды деген қорытындыға келдім. Және де мамандақты таңдау ата-ананың сөзі рөл атқарады. Кей жағдаларда бала ата-ананың жолымен барады.

Қорытындыға келсек қазіргі таңда мамандық өте өзекті мәселе. Сол себепті мамандық таңдай білу маңызды.Қазіргі жастар көбінесе тек каржыға байланысты мамандықты таңдайды деген қорытындыға келдім. Және де мамандақты таңдау ата-ананың сөзі рөл атқарады. Кей жағдаларда бала ата-ананың жолымен барады.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет