Маматали Арай ка-23



Дата06.02.2022
өлшемі21,23 Kb.
#80759
түріНұсқаулар
Байланысты:
Оқушылардың анатомиясы,физиологиясы және гигиенасы пәніне кіріспе


Маматали Арай КА-23
Әдістемелік нұсқаулар

1. Берілген тақырып бойынша материалдарды оқу.


2. Берілген тапсырмаларға жауап беру.
3. Дайындаған мәліметтерді топтау.
4. Қысқаша талдау жасау.

Тақырыбы: Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәніне кіріспе. Онтогенез заңдылықтары.


Сұрақнама


1. Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәннің педагогика мен психология пәндерімен байланысы.


2. Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәннің оқу-тәрбие жұмысы кезіндегі маңызы.
3. Онтогенез заңдылықтары.
1. Жасқа сай физиология және гигиена пәні ғылымның екі саласын қамтиды: адам организмінің организмінің жеке мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа байланысты физиология және адамның денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі ұсыныстар жасайтын гигиена ғылымдары. Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы- жоғары оқу орындарында жеке оқылатын пән, мұның оқытатыны балалар мен жас өспірімдердің физиологиялық ерекшеліктері, олардың жекеше дамуының қалыптасу заңдылықтары және тәрбие жұмысының әсерінен пайда болатын физиологиялық функцияларының ерекшеліктері. Бұл пәннің негіздері адам мен жануарлар анатомиясы және физиологиясы, жалпы гигена мен медициналық гигиена, биохимия, психология, педагогика, цитология, генетика т.б. биологиялық және табиғат тану ғылымдарының табыстарына сүйенеді. Жасқа сай физиология мен гигиена- жас ұрпақтарды тәрбиелеудің, оларға жасына лайық білім берудің ақыл-ойын дамытудың, дені сау, сымбатты етіп өсірудің негізі. Ол балалар мен жастардың денесінің дұрыс өсіп дамуын, ақыл-ойының жетілуін қамтамасыз етіп, оған қажетті жағдайларды ұсыну арқылы түрлі аурулардың алдын алады, еңбек қабілетін күшейтеді, дене шынықтыру жолдарын, күн кестелерінің бала организміне тиімді түрлерін анықтайды.

2. Жасқа байланысты физиология мен гигиена балалар мен жас өспірімдердің өсу-даму заңдылықтарын олардың денесінің құрылысына, яғни анатомиялық ерекшеліктеріне сай қарастырады. Барлық тірі организмдердің құрылысы мен қызметі тығыз байланыста болады. Дененің, оның мүшелерінің, ұлпаларының жеке клеткаларының құрылысын білмей, олардың қызметін дұрыс анықтап, білу мүмкін емес. Сондықтан да жасқа сай физиология мен мектеп гигиена адам анатомиясының, гистология мен цитологиясының ғылыми жетістіктерін кеңінен пайдаланады.




3. Онтогенез – организмнің жеке дамуы
а) эмбриогенез(ұрықтық даму)
Бір қабатты ұрықтың – бластуланың түзілуі. Ұрықтанған жасуша, алдымен, екіге, одан соң төртке бөлінеді. Бұдан кейінгі бөліну көлденең бағытта жүріп, сегізге, одан кейін бойлай бөліну мен көлденең бөліну кезектесіп, нәтижесінде, 16,32,64,128,т.б бластомерлерге айналады. Бір қабатты іші қуыс бластулаға айналады. Гаструла. Үш қабатты ұрықтың пайда болуы Гаструла – іші қуыс екі қабат жасушалардан тұратын ұрық. Бұл екі қабат ұрық жапырақшалары деп те аталады. Гаструла сатысындағы сыртқы қабатты – энтодерма немесе сыртқы ұрық жапырақшасы деп атайды. Энтодерманың ішкі қуысы бірінші реттік ішектің, ал оның сыртқы ашылатын тесігі бірінші реттік ауыздың бастамасы болып есептеледі. Нейрула. Нейрула сатысы кезінде дернәсілдің немесе ересек организмнің жеке мүшелері дами бастайды. Эктодерма қабатынан бірнеше жасушалар бөлініп төмен түседі де, одан жүйке тақташасы түзіліп, ол жүйке түтігіне айналады.

Тапсырмалар


1.Оқушылардың денсаулығын нығайту мен сақтау ерекшелігін көрсетіңіз.


2. Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы пәннің зерттеу әдістерін пайдалану туралы мәліметтер беріңіз.
1. Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты: тұлғаның психологиялық, дене – қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір салтының уәждамаларын, жеке бас тазалығын жете түсіндіру;
Олардың мінез – құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне – өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени – гигиненалық мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. Меніңше, адамның әлеуметтік – психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:
– белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану;
– физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
– жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
– қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету;
– дұрыс жыныстық тәрбие алу;
– зиянды әдеттерден аулақ болу.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары мынаны көздейді:
– Жауапкершілік, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау;
– Табиғи сезімталдық, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;
– Ғылымилық, тек тексерілген ғылыми дәлелденген деректерге ғана
сүйену;
– Экологияландыру, адам организміне қоршаған орта факторларының
әсерін білу;
– Ұлттық аймақтық ерекшеліктерді ескеру, салауатты өмір салты
туралы ұлттық салт-дәстүрлерімен танысып оны ұстана білу;
– Үздіксіз оқыту, салауатты өмір салты дағдыларын үздіксіз
қалыптастырып үнемі пайдалану;
– Әлеуметтендіру, салауатты өмір салтын ұстанған қоғам мүшесін
дайындау.


2. Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні болашақ өсіп келе жатқан оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың оқу және дене процесстерін жақсарту. Студенттерге қоршаған ортаның абиотикалық және биотикалық факторлар әсері туралы ғылыми деректер негізінде жағдай мен өз денсаулығының қиындығын бағалауға мүмкіндік беру. Курста балалар мен жасөспірімдердің организміндегі тіршілік әрекеттерінің сандық және сапалық белгілері қарастырылады. Бұл пәннің негізгі міндеті өсіп отыратын организмнің тіршілік әрекетері процестерінің қалыпты өтуін қамтамасыз ететін жағдайлар мен ауруларды болдырмауға бағытталған гигиеналық шараларды алдын ала жасау. Сонымен қатар зиянды әсер ететін факторларды жою немесе әлсірету және еңбек, оқу, өмір жағдайларын жақсарту, денсаулықты нығайту жөнінде ұсыныстар қарастырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет