Манғыстау облысы. Жаңаөзен қаласы. №17 «Балауса» балабақшасы. Утарова Инжу Утемисовна



бет2/4
Дата04.07.2018
өлшемі113,37 Kb.
#46374
1   2   3   4


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Шығарманың мазмұнын.

Болуы керек: Әртүрлі суреттер, мақал- мәтелдер кітабы.

Қолынан келуі: Оқу іс- әрекетін мұқият тыңдап отыру.

Тәрбиеші:

«___»___2015ж. Тексерілді:_______әдіскер:Бекджигитова С.Б.

«___»___2015ж.

3тобында ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Қатынас.Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Айлакер түлкі»(орыс халық ертегісі).

Мақсаты:Балаларды халық ауыз әдебиетінің шығармаларындағы кейіпкер бейнесі арқылы адамгершілік қарым қатынас әлемімен таныстыру.

Дамытушылық:Көркем сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Адамдарды сыйлауға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс:Аяжанға тақпағын жаттату.

Билингвальдық компоненты: түлкі -лиса, айлакер-хитрый

Әдіс тәсілдері: Ертегінің мазмұнын оқып беру, түсіндіру.

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең

Балалар шеңбер бойына тұрып, Өтебай Тұрманжановтың

«Кел, балалар, күлейік» өлеңін үнтаспаға қосылып, тәрбиешімен бірге орындайды.

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік.

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл айнасы,

Күліп өмір сүрейік.



Балалар шеңбер бойына тұрып, өлең жолдарын қимылдар арқылы орындайды.





Ұйымдастырушылық - ізденушілік

- Балалар, түлкі туралы қандай ертегі білесіңдер?

- Түлкі қандай аң

Олай болса, біз бүгін түлкі туралы ертегімен танысамыз.

«Айлакер түлкі» орыс халық ертегісін оқу, әңгімелеу, мазмұнын ашу.

Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрайық,

Мойнымызды бұрайық,

Қолымызды бұрайық.

Жел сияқты қалықтап
Оңға, солға иіліп,

Денемізді бұрайық.

Сұрақ жауап арқылы әңгімелеу.

- Сендерге ертегі ұнады ма?

-Ертегіде не жайлы айтылған?

-Түлкінің жасаған қылығы қандай ?

-Түлкі Жолбарысты қалай алдады?


Жабайы, қу,т.б.

Қимылдар жасайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.



Рефлексивті – түзетушілік

Жұмбақ жасыру арқылы іс әрекетті аяқтау.

Өзі қу,


Жүрген жері шу.


Балалар сұрақтарға жауап береді.
түлкі


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Түлкінің жабайы, қу, айлакер аң екенін.

Болуы керек: Хрестоматия, түлкінің суреті.

Қолынан келуі: Оқу іс- әрекетін мұқият тыңдап отыру.

Тәрбиеші:

«___»___2015ж. Тексерілді:_______әдіскер:Бекджигитова С.Б.

«___»___2015ж.

3тобында ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Қатынас.Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Маша мен аю»(орыс халық ертегісі).

Мақсаты:Ертегінің мазмұнын түсінуге, кейіпкерлердің әрекеттерін бағалауға көмектесу.

Дамытушылық:Көркем сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Жеке жұмыс:Аяжанға тақпағын жаттату.

Билингвальдық компоненты: аю- медьведь, орман -лес

Әдіс тәсілдері: Ертегінің мазмұнын оқып беру, түсіндіру.

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең

Балалар, бәріміз төмендегі өлең жолдарын бірге қайталайық:

Арым таза, ақ көңіл,

Адамдыққа сенемін.

Абыройлы, ақ ниет,

Адалдыққа сенемін.

Шеңбер бойына тұрып орындайды.




Ұйымдастырушылық - ізденушілік

-Бүгінгі іс-әрекетімізде «Маша мен аю» ертегісін оқимыз.

Ертегіні оқып беру.

Сергіту сәті

Қорбаңдаға аюдың

Құлпынайы көп екен,

Теріп, теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Сұрақ жауап арқылы әңгімелеу.

Атасы мен апасы Машаға не деді

-Олар қайда барды?

-Маша кімнің үйіне кіріп кетті ?

- Маша аюға не деді?

- Маша атасы мен әжесіне не пісірді?

- Бәлішті ата әжесіне қалай жеткізді?



Қимылдар жасайды.


Балалардың жауабы.


Аюдың
Бәліш

Жәшікке кіріп, өзі жеткізді.


Рефлексивті – түзетушілік

Қорытындылау:

- Бүгінгі іс әрекетімізде қандай ертегі оқыдық?

- Ертегі сендерге ұнады ма?


Балалардың жауабы.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Ертегінің мазмұнын.

Болуы керек: Хрестоматия, суреттер.

Қолынан келуі: Оқу іс- әрекетін мұқият тыңдап отыру.

Тәрбиеші:

«___»___2015ж. Тексерілді:_______әдіскер:Бекджигитова С.Б.

«___»___2015ж.

3тобында ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Қатынас.Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ»ертегісі.

Мақсаты: «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін естеріне түсіру, тіл байлықтарын молайту.

Дамытушылық:Ертегінің мазмұнын дауыс ырғағын келтіре айтуға жаттықтыру.

Тәрбиелік: Қиын кезде достарына көмектесе білуге тәрбиелеу.

Жеке жұмыс:Мансурға дұрыс отыруды үйрету.

Билингвальдық компоненты: тоғай-, қасқыр–волк, лақ

Әдіс тәсілдері: Ертегінің мазмұнын оқып беру, түсіндіру.

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең

Балалар, бәріміз төмендегі өлең жолдарын бірге қайталайық:

Арым таза, ақ көңіл,

Адамдыққа сенемін.

Абыройлы, ақ ниет,

Адалдыққа сенемін.

Шеңбер бойына тұрып орындайды.





Ұйымдастырушылық - ізденушілік

-Бүгінгі іс- әрекетімізде «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін оқимыз.

Ертегіні оқып беру.

Сергіту сәті

Қорбаңдаға аюдың

Құлпынайы көп екен,

Теріп, теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Сұрақ жауап арқылы әңгімелеу.

Балалар, сендер қандай ертегілер білесіңдер?

Ертегі оқыған сендерге ұнайды ма

Ешкі мен лақтар қайда тұрады?

Ешкі тоғайға кеткенде кім келді?

Лақтар қасқырға есікті неге ашпады?




Қимылдар жасайды.


Балалардың жауабы.


Мұқият тыңдайды

Балалардың жауабы



Рефлексивті – түзетушілік

Ертегіні екі топқа бөлініп сахналауды ұйымдастыру.



Ертегіні сахналайды




Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Ертегінің мазмұны мен жан жануарлардың атауларын.

Болуы керек: Хрестоматия, суреттер.

Қолынан келуі: Оқу іс- әрекетін мұқият тыңдап отыру.

Тәрбиеші:

«___»___2015ж. Тексерілді:_______әдіскер:Бекджигитова С.Б.

«___»___2015ж.

3тобында ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Қатынас.Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Суретші қыс»(өлең).

Мақсаты:Өлеңді көрнекі құралдар көмегінсіз жатқа айтуға,оны дауыс ырғағымен мәнерлеп оқуға үйрету.

Дамытушылық:Балаларды шығарма мазмұнын өз іс тәжірибесімен салыстыра отырып, өзінің күнделікті өмірімен және қоршаған ортамен байланыстыра білуіне үйрету.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Жеке жұмыс:Аяжанға тақпағын жаттату.

Билингвальдық компоненты: суретші художник ақ мамық белоснежный

Әдіс тәсілдері: Ертегінің мазмұнын оқып беру, түсіндіру.

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең

Ұйымдастыру кезеңі.

Шанамен зырғып желетін,

Шаңғы, коньки тебетін,

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың

Сырғанақ


Жасап қардан үйілген

Дөңге шығып бүгін мен,

Маңайыма бір қарап,

Кеттім төмен сырғанап.

Жерге тимей табаны

Шанам зулап барады,

Қорыққам жоқ сонда да,

Саужүрек деп ойлама.


қыс
Өлең мазмұнына қарай қимылдар жасайды.



Ұйымдастырушылық - ізденушілік

-Балалар, бұл өлең шумағында не туралы айтылған?

Қыс несімен қызықты?

Қандай ойындар ойнаймыз

Олай болса, бүгінгі оқу іс әрекетінде К.Нүсіповтың «Суретші қыс» өлеңін жаттаймыз.

«Суретші қыс» өлеңін мәнерлеп оқып беру.

Өлеңнің мазмұнын ашу.

«Қар жинау» қозғалысты ойыны.

Өлеңді жаттау.



Сұрақтарға жауап береді.


Балалардың жауабы.


Аюдың
Ойын ойнайды.

Өлеңді жаттайды.


Рефлексивті – түзетушілік

Қорытындылау:

- Балалар, біздің жаттаған өлең шумағымызда не туралы айтылған?



3-4 баладан тақпақты жаттау.


Балалардың жауабы.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Өлеңді жатқа айтуды.

Болуы керек: Хрестоматия,суреттер.

Қолынан келуі: Оқу іс- әрекетін мұқият тыңдап отыру.

Тәрбиеші:

«___»___2015ж. Тексерілді:_______әдіскер:Бекджигитова С.Б.

«___»___2015ж.

3тобында ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Қатынас.Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Отан» өлеңі.

Мақсаты:Отан туралы шығармаларды оқып беру арқылы әдебиетке құштарлыққа баулу, өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету.

Дамытушылық:Балалардың ой өрістерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз Отанын сүюге тәрбиелеу.

Жеке жұмыс:Аяжанға тақпағын жаттату.

Билингвальдық компоненты: атамекен- родина

Әдіс тәсілдері: Өлеңді оқып беру,жаттату.

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең

Көк Тудың желбірегені

Жаныма қуат береді.

Таласқа түссе жан мен Ту

Жан емес, маған керегі

Көк Тудың желбірегені.

Шеңбер бойында тұрып қимылдар жасайды.




Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Кіріспе әңгіме.

-Отан деген не?

- Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Біздің ұлтымыз қазақ.

Отанымыз Қазақстан Республикас деп аталады.

Бүгінгі біздің оқу іс- әрекетінде ақын Ермек Өтетілеу ұлының «Отан» өлеңімен танысамыз.

« Отан» өлеңін мәнерлеп оқып беру.

Әңгімелеу.

Отанды біз «атамекен»деп айтамыз, өйткені оны бабамыз бен атамыз мекен еткен.

Отанды әркім анасындай бағалап, қастерлейді. Өйткені Отан бізді баласындай өсіріп, аялайды.

Отан деген атамекен,

Отан деген туған жер,

Отан ана,

Отан үлкен

Қазақстан туған ел.


Сұрақтарға жауап береді.


Балалардың жауабы.


Мұқият тыңдайды.

Қосыла қайталайды.


Рефлексивті – түзетушілік

Отан туралы қандай өлең, тақпақтар білесіңдер.

Өлең, тақпақтар, мақал мәтелдер айтады.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Өлеңді жатқа айтуды.

Болуы керек: Хрестоматия,суреттер,үнтаспа.

Қолынан келуі: Оқу іс- әрекетін мұқият тыңдап отыру.

Тәрбиеші:

№7 «Тұлпар» тобында ұйымдастырылған оқу қызметтің технологиялық картасы.

Күні, айы,жылы_________

Білім беру саласы:Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Әке мен бала» әңгіме.

Мақсаты:Ересектермен қарым қатынас ережелерін сақтауға үйрету.

Дамытушылық: Еңбекке қызығушылықты қалыптасыру және оның нәтижесін құрметтеуге үйрету.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Жеке жұмыс:Айменге тақпағын жаттату.

Билингвальдық компоненты: қанағат-удовлетварение.

Әдіс тәсілдері: Әңгімені оқып беру,сұрақ жауап,мадақтау,қорытындылау.

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең

Шаттық шеңбер.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген. Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.


Шеңбер бойында тұрып қимылдар жасайды.




Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Кіріспе әңгіме.

- Бүгінгі оқу іс қызметінде Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» суреті арқылы сұрақтарға жауап беру.

- Суретті кімдерді көріп тұрсыңдар?

-Олар қалай киінген?

Әкесі мен баласына ат қояйық.

Олай болса, қазір мен сендерге «Әке мен бала» әңгімесін оқып берейін. Әңгімені оқып беру

Сергіту сәті

Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып, керіліп,

Беті қолын жуады.

Сұрақ жауап арқылы әңгімелеу.

-Әкесі мен баласы жолда келе жатып не көрді?

-Әкесі тағаны не істеді?

-Ол ақшаға не сатып алды?

-Әкесі баласына шиені қалай берді?



Сұрақтарға жауап береді.


Әкесі мен баласы


Мұқият тыңдайды.


Қимылдар жасайды.

Қосыла қайталайды.

Таға
Сатты

Шие


Балалардың жауабы.

Рефлексивті – түзетушілік

Отбасы мүшесін ата! Ойыны.

Қорытындылау.



1.Әке 2.Шеше 3.Әже 4. Ата 5.Аға 6.Әпке,т.б.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Шығарманың мазмұнын.

Болуы керек: Хрестоматия,суреттер,үнтаспа.

Қолынан келуі: Оқу іс- әрекетін мұқият тыңдап отыру.

Тексерілді:Әдіскер________ Дабытова.Ш.Т

Тәрбиеші:Утарова.И.У

№7 «Тұлпар» II- кіші тобында ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттің технологиялық картасы

Күні,айы,жылы______________

Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу іс – қызметі:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Дәрігер Айболит»( ертегі).

Мақсаты:Балаларды мейірімділікке, өзге адамдарға, жануарларға қамқорлық қатынас білдіруге талаптандыруды жалғастыру.

Дамытушылық: Еңбекке қызығушылықты қалыптасыру және оның нәтижесін құрметтеуге үйрету.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Жеке жұмыс:Сатейге тақпағын жаттату.

Билингвальдық компоненты: дәрігер доктор

Әдіс тәсілдері: Әңгімені оқып беру,сұрақ жауап,мадақтау,қорытындылау.



Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең

Шаттық шеңбер.

Тәрбиешімен бірге орындайды.

«Ертегілер әні»

Ғажайып түс көрдім

Таң ата мен бүгін.

Ертегі әлемінің қызығында жүрдім,

Нұрына шомылдым мен бүгін,

Жұлдыздай көркем,

Әдемі еткен неткен,

Құстары сөйлейді,

Бұлттары тербейді

Мен оянып кеттім, әттең


Шеңбер бойында тұрып қимылдар жасайды.




Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Кіріспе әңгіме.

- Бүгін біз Корней Иванович Чуковскийдің «Дәрігер Айболит» ертегісімен танысамыз.

Ертегіні мәнерлеп оқып беру және оның мазмұнын ашу.

Сергіту сәті

Алтын айдарлы әтеш оянды,

Тым ерте тұрыпты,

Ойқастап жүріпті,

Жан- жаққа қарапты,

Айдарын тарапты,

Қо- қо -қо!- Депті

Қорада ойранды салыпты,

Секіріп, айқалап

Шарбаққа қоныпты.

-Сұрақ жауап арқылы әңгімелеу.

-Сендерге ертегі ұнады ма?

- Ертегі қандай кейіпкерлерді кездестірдік ?

- Қандай құстарды көрдіңдер?


Сұрақтарға жауап береді.

Қимылдар жасайды.

Балалардың жауабы.



Рефлексивті – түзетушілік

Ертегіні сахналау арқылы оқу іс- әрекетін аяқтау.


Сахналайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет