Манғыстау облысы. Жаңаөзен қаласы. №17 «Балауса» балабақшасы. Утарова Инжу Утемисовна



бет3/4
Дата04.07.2018
өлшемі113,37 Kb.
#46374
1   2   3   4

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Айболит- орман дәрігері екенін

Болуы керек: Хрестоматия,суреттер.

Қолынан келуі: Оқу іс- әрекетін мұқият тыңдап отыру.
Тексерілді әдіскер:_______________Дабытова.Ш.Т

Тәрбиеші:Утарова.И.У



«___»___2015ж. Тексерілді:_______әдіскер:Бекджигитова С.Б.

«___»___2015ж.

3тобында ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Қатынас.Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Сыпайылық сабақтары»( өлең).

Мақсаты:Балаларды адамдардың арасындағы қарым- қатынастың адамгершілік нормаларымен таныстыру.

Дамытушылық:Әлеуметтік ортадағы жүріс тұрыс ережелерімен таныстыруды дамыту.

Тәрбиелік: Сыпайылықты қарапайым дағдыларына тәрбиелеуді жалғастыру.

Жеке жұмыс:Аяжанға тақпағын жаттату.

Билингвальдық компоненты: әдептілік, сыпайлық

Әдіс тәсілдері:Өлеңді оқып беру.

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең

Шаттық шеңбері.

-Балалар,шеңбер бойына тұрып, тәрбиешімен бірге мына өлең жолдарын қайталайды:

Жақсылық көрсең біреуден,

«Мен қандаймын» деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден,

«Мен қандаймын» деп ойла.



Балалар шеңбер бойына тұрады.


Өлең жолдарын қайталап,қимылдар жасайды.

Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Әңгімелеу.

-Балалар, бүгін біз сыпайы, әдепті,жағымды қасиеттер туралы әңгімелейміз.

-Сендер қалай ойлайсыңдар, адамдар неліктен бір бірімен амандасады?

Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші қорытындылайды.

- Дұрыс айтасыңдар! Сәлемдесу, амандасу адамдардың бір- біріне ізет, сый- құрмет көрсетуі. Оның бәрі сыпайылық.

Өлеңді мәнерлеп, түсінікті оқып беру және сұрақ жауап арқылы әңгімелесу.

Сұрақ жауап.

-Балалар, біз қандай болуымыз керек?

-Біздің топта сыпайы, әдепті, арлы балалар бар ма?


Сұрақтарға жауап береді.

Мұқият тыңдайды.

Балалардың жауабы.



Рефлексивті – түзетушілік

-Балалар, біз бүгін сәлемдесудің әдептіліктің, сыпайылықтың бастауы екенін білдік.

Сәлемдесу дегеніміз- құрмет білдіру, яғни әрбір күніміз немесе әңгіменің сәлемдесуден басталатынын түсіндік. Осының бәрі- сыпайлылық сабақтары.

Мақал:

Әдептілік белгісі- иіліп сәлем бергені



Әдепті бала –ата- анасын мақтатар,

Әдепсіз бала - ата- анасын қақсатар.



Балалар тыңдап, өздерінің түсінгендерін айтады.




Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Жағымды қасиеттерді үйрену,өлең арқылы әдептілік ережелерін білу.

Болуы керек: Хрестоматия,суреттер.

Қолынан келуі: Оқу іс- әрекетін мұқият тыңдап отыру.

Тәрбиеші:

«____»________2014ж. Тексерілді:____әдіскер:Бекджигитова С.Б.

« » 04 2014 ж.

3 тобында ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Қызыл телпек қыз»(ертегі)

Мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсінуге, кейіпкерлердің әрекеттеріне баға беруге көмектесу.

Дамытушылық:Ой өрістерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:Қызыл телпекті қыз красная шапочка

Жеке жұмыс: Досбекке дұрыс отыруды үйрету.

Әдіс тәсілдері: түсіндіру, көрсету,сұрақ – жауап,қорыту.

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең

Балалар шеңбер бойына тұрып тәрбиешінің көмегімен өлең жолдарын қайталайды.

Біз көңілді баламыз

Шаттық әнге саламыз

Айгелөк-ау айгөлек

Би билейміз дөңгелеп.

-Міне қандай тамаша! Өнерлі, биші, ақылды балалар екенсіңдер!



Шеңбер бойыеа тұрып, қимыл жасайды.



Ұйымдастырушы-

лық ізденістік

-Бүгінгі іс-әрекетінде «Қызыл телпекті қыз» ертегісін оқып, оның мазмұнын ашып әңгімелейміз ертегіні оқып беру.

Сергіту сәті:

Қорбаңдаған аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп, теріп алайық,

Қалтамызға саламйық!

-Сендерге ертегі ұнадыма?

-Анасы қызыл телпекті қызын қайда жұмсайды?

-Қызыл телпекті қызға кім кездесті?

-Қай жерде?

-Қызыл телпекті қыз не деп жауап береді?

-Қасқырдың қарнын жарған кім?


Ертегіні тыңдайды.


Қимылдар жасайды.

Балалардың жауабы.

Әжесіне.
Қасқыр.
Орманда.

Отыншылар.



Рефлексивті – түзетушілік

Екі-үш баладан ертегінің мазмұнын сұрау. Іс әрекеті қорытындылау.

Мазмұнын айтады.




Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Ертегінің мазмұнын, кейіпкерлердің әрекетіне баға беруді.

Болуы керек: Ертегі кітап, сереттер.

Қолынан келуі: Сұрақ – жауап арқылы оқуды.

Тәрбиеші:

«___»___2015ж. Тексерілді:_______әдіскер:Бекджигитова С.Б.

«___»___2015ж.

3тобында ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Қатынас.Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Жақсы деген немене, жаман деген немене»

Мақсаты:Қоршаған ортада жақсы деген не екенін түсіндіру.

Дамытушылық:Адам бойындағы жақсы қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Сыпайылықты қарапайым дағдыларына тәрбиелеуді жалғастыру.

Жеке жұмыс:Аяжанға тақпағын жаттату.

Билингвальдық компоненты: әдепті қамқор шыншыл тәрбиелі воспитанный

Әдіс тәсілдері:Мазмұнын түсіндіру.

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең

Шаттық шеңбері.

Балалар шеңбер бойына тұрып, тәрбиешімен бірге мына өлең жолдарын қайталайды:

Жақсылық көрсең біреуден,

«Мен қандаймын» деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден,

«Мен қандаймын» деп ойла.



Балалар шеңбер бойына тұрады.


Өлең жолдарын қайталап,қимылдар жасайды.

Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Кіріспе әңгіме.

-Балалар, бүгін біз Владимир Маяковскийдің «Жақсы деген немене, жаман деген немене» өлеңімен танысамыз.

Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

Өлеңнің мазмұнын ашып түсіндіру.


Сұрақтарға жауап береді.

Мұқият тыңдайды.

Балалардың жауабы.



Рефлексивті – түзетушілік

« Мен қандаймын» ойыны.

Мақсаты: Адам бойындағы жақсы қасиеттерді айту.

Ойын барысы: Балалар шеңберге тұрып, бір біріне допты беріп, сол бала жайлы пікірін айтады.

Мысалы:


-Іңкәр, сен әдемісің, мейірімдісің, жақсы қызсын, т.б.

Қорытындылау.

- Бүгін біз оқу іс әрекетімізде ненің жақсы, ненің жаман екенін білдік.

«Жақсы бала» деген атқа лайық болу үшін әдепті, қамқор, шыншыл, тәрбиелі болу керек.


Балалар бір біріне пікірлерін айтады.




Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Жақсы қасиет пен жаман қасиетті ажыратуды.

Болуы керек: Хрестоматия,суреттер.

Қолынан келуі: Оқу іс- әрекетін мұқият тыңдап отыру.

Тәрбиеші:

«___»___2015ж. Тексерілді:_______әдіскер:Бекджигитова С.Б.

«___»___2015ж.

3тобында ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Қатынас.Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Айна »( халық ертегісі).

Мақсаты:Балаларды ертегіні түсініп, мазмұнын мәнерлі айтуға үйрету.

Дамытушылық:Көркем сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды ертегі желісі арқылы адамгершілікке баулу.

Жеке жұмыс:Аяжанға тақпағын жаттату.

Билингвальдық компоненты: кірпі ежик қоян заяц

Әдіс тәсілдері: Ертегінің мазмұнын оқып беру, түсіндіру.

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең

-Балалар, бүгінгі біздің жасалатын жылулық шеңбері өте қызықты өтеді.Сондықтан шеңбер бойына дөңгеленіп тұрайық, үлкен шеңбер құрайық.

Жылулық шеңбері

Алақан арқылы бір бірімізге жылулық лебіз білдіреміз.

Домбырам күмбірлеп,

Күй шерте аламын,

Бұрала би билеп,

Сурет те саламын.

Кіріспе әңгіме.

-Тапсырмада берілген «Айна» ертегісін тыңдай отырып, ертегі кейіпкерлерін есте сақтап қалуға зер салайық.

Мәнерлі дауыс ырғағымен балаларға ертегіні оқылады.

Сұрақ жауап арқылы балалардан мазмұнын сұрап, ертегінің желісін ашу. Сөздік қорларын байыту үшін сөздік жұмысын жүргізу. Мысалы:

- Ертегі сендерге ұнады ма?

-Ертегіде не жайлы айтылған?

-Ертегі кейіпкерлерін естеріңе түсіре аласыңдарма?

-Кейіпкерлердің бір бірінен айырмашылықтары неде?

Шеңбер бойына тұрып орындайды.


Балалар зейін қойып тыңдайды.

Тәрбиешінің жетелеуімен балалардың жауабы.


Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Сергіту сәті (жаттықтыру ойыны арқылы тілдерін жаттықтыру).

Кірпі, керік, қоян сөздерін анық айту үшін тілдің қалай қозғалып, жұмыс жасайтынына көздерін жеткізеді.



Қимылдар жасайды.


Балалардың жауабы.



Рефлексивті – түзетушілік

Қорытындылау:

- Бүгінгі іс әрекетімізде қандай ертегі оқыдық?

- Ертегі сендерге ұнады ма?


Балалардың жауабы.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Ертегінің мазмұны мен жан жануарлардың атауларын.

Болуы керек: Ертегі суреттері, саусақ театрының кейіпкерлері.

Қолынан келуі: Оқу іс- әрекетін мұқият тыңдап отыру.

Тәрбиеші:

«___»___2015ж. Тексерілді:_______әдіскер:Бекджигитова С.Б.

«___»___2015ж.

3тобында ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Қатынас.Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Құлыншақ»( өлең).

Мақсаты:Балалар көркем әдебиетіндегі адамгершілік әлемімен таныстыру.

Дамытушылық:Көркем сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Туынды мағынасын түсінуге, кейіпкерлер іс әрекетін бағалауға,олар жайлы айтуға, кейбір адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Жеке жұмыс:Айгерімге дұрыс отыруды үйрету.

Билингвальдық компоненты: құлыншақ құндыз жұлдыз звезда

Әдіс тәсілдері: Өлеңді оқып беру және оның мазмұнын түсіндіру.

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең

- Ал, балалар, шеңбер бойына тұрып, қимылды жаттығулар жасайық.

Өзен


Өзенге қарай жүгірдік,

Рахаттана жуындық.

Батылдықты растап,

Жүзіп бердік құлаштап.

Жүзе бердік еркіндей,

Су төресі дельфиндей.

Сөйтіп жақсы демалып,

Қайттық үйге оралып.


Бір орында жүгіреді, кеуделерін еңкейтеді, жуынғандарын көрсетеді, жүзеді (қолдарын алға созып, дельфин тәрізді жүзеді) бір орнында тұрады.



Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Кіріспе әңгіме.

-Балалар, бүгінгі оқу іс әрекетінде ерекше бір өлең жолдарымен танысамыз.

Өлеңді оқып беру.

Құлыншақ

Құлын, құлын, құлыншақ,

Желкілдейді тұлымшақ.

Маңдайында жұлдызы,

Құйрығында құндызы.

Сұрақ жауап.

-Оқылған өлең сендерге ұнады ма?

-Авторы кім?

Құлын қай малдың төлі?

Сергіту сәті

Жеті мен сегіз,

Қошақан ғой егіз.

Тоғыз бенен он,

Көгершін боп қон.


Балалардың жауабы.


Қимылдар жасайды, көрсетеді.

Рефлексивті – түзетушілік

Қорытындылау:

«Малдың төлін атау» ойыны

Ойын мақсаты: балаларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, ойлау қабілеттеріне баулу.

Ойын шарты: шеңбер бойына балаларды тұрғызу. Сиқырлы таяқша кімге келіп тоқтайды, сол бала айтылған малдың төлін атайды.


Төлдерді атайды.




Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Өлеңнің мазмұнын.

Болуы керек: Сурет, үнтаспа, хрестоматия.

Қолынан келуі:Ойын арқылы малдың төлін атауды.

Тәрбиеші:

«___»___2015ж. Тексерілді:_______әдіскер:Бекджигитова С.Б.

«___»___2015ж.

3тобында ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Қатынас.Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Ана»( өлең).

Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық:Анаға деген құрметін, балалық сезімдерін сөз арқылы жеткізе білуді дамыту.

Тәрбиелік: Аналар еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.

Жеке жұмыс:Досбекке апта күндерін үйрету.

Билингвальдық компоненты: мейірімді добрая

Әдіс тәсілдері: Өлеңді оқып беру және оның мазмұнын түсіндіру.

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең

Шаттық шеңбері:

Ана- біздің күніміз,

Ананың біз- гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Аман есен жүріңіз.

Балалар шеңбер бойында тұрып, қайталайды.





Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Кіріспе әңгіме.

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

-Көктемнің алғашқы мерекесін білесіңдер ме?

- Бүгінгі оқу іс- әрекетінде ақын ағамыз Өтебай Тұрманжановтың «Ана» өлеңімен танысамыз.

Мәнерлеп оқу.

Ана


Ана әнмен тербетеді,

Күйге бөлеп жаныңды.

Көңіліңді сергітеді,

Балбыратып тәніңді.

Сен ұйықтасаң әнге балқып,

Анаң жаны жайланар.

Аспандағы ай да қалқып,

Ақ бетіңнен аймалар.

Сұрақ- жауап арқылы оқылған өлең шумақтарын әңгімелеу.

Сергіту сәті

«Анашым» әніне жасалады.

Көктем
Қар ериді, жыл құстары келеді, ағаштар бүршік жарады

Аналар мерекесі

Мұқият тыңдайды

Музыка ырғағымен

қимылдар жасайды, көрсетеді.



Рефлексивті – түзетушілік

Қорытындылау:

«Мейірім ұшқыны» ойыны.

Әр бала өз анасы туралы мейірімді сөздер айтады.

Ойынды ойнайды.




Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Аналар мерекесі жайлы.

Болуы керек: Сурет, үнтаспа, хрестоматия.

Қолынан келуі:Наурыз мейрамы туралы түсініктері қалыптасып, салт дәстүрді құрметтеуді.

Тәрбиеші:

«___»___2015ж. Тексерілді:_______әдіскер:Бекджигитова С.Б.

«___»___2015ж.

3тобында ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Қатынас.Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Наурызым, армысың!»( өлең).

Мақсаты:Шығыс күнтізбесі жайлы білімдерін жетілдіруді.

Дамытушылық:Шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл 22 наурыздан басталатынын, күн мен түн теңесетінін түсіндіру.

Тәрбиелік: Наурыз мейрамының басқа мейрамдардан айырмашылығын ажырата білуге үйрету.

Жеке жұмыс:Досбекке апта күндерін үйрету.

Билингвальдық компоненты: наурыз март

Әдіс тәсілдері: Өлеңді оқып беру және оның мазмұнын түсіндіру.

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең

Балалар тәрбиешімен бірге «Наурыз біздің жаңа жыл» әнін қосылып айтады.

Наурыз- біздің жаңа жыл

Наурыз келді, балалар,

Көктеді қыр жағалар.

Наурыз тойын тойлайық,

Жаңа жылда, ағалар.

Наурыз, наурыз,

Келді біздің жаңа жыл.

Көктем келді, балақай

Жасарды жер, алақай.

Наурыз тойын тойлайық,

Қосыл, аққу, көлдегі.


Әнге қосылады.

Балалар шеңбер бойына тұрып, әнді орындайды.


Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Кіріспе әңгіме.

Белгілі ақын Оразақын Асқардың «Наурызым, армысың!» өлеңін мәнерлеп оқып беру.

Наурызым, армысың!

Ата бабам тойлаған,

Наурызым, армысың!

Қызығына тоймаған,

Дарқан дала, қарлы шың.

Қауыша алмай қанша жыл,

Қалдық сенен адасып,

Төрле, есіктің бәрі ашық.

Мерекені байырғы

Алды халқым қабылдап.

Ақ дастарқан жайылды,

Ошақта от жалындап.

Сергіту сәті

Музыка ырғағымен қимылдар жасау.

Сұрақ- жауап арқылы әңгімелеу.

-Мен сендерге оқып берген өлең шумағында не жайлы айтылған?

-Наурыз мейрамын қалай қарсы алады?


Көктем
Қар ериді, жыл құстары келеді, ағаштар бүршік жарады

Аналар мерекесі

Мұқият тыңдайды

Әртүрлі әуенге би қозғалыстарын жасайды.

Балалардың жауабы.



Рефлексивті – түзетушілік

Қорытындылау:

«Гүл құрастыру»ойыны


Ойынды ойнайды.




Күтілетін нәтиже:

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет