Іріктемені жоспарлау.
Іріктемені жоспарлаудың негізгі ұғымдары: бас жиынтық, жиынтық элементтері, іріктеме (іріктеме жиынтығы), іріктеме бірлігі, іріктеменің шеңбері (контуры).
Іріктемені жоспарлау үрдісінің кезеңдері: бас жиынтықты анықтау; іріктеме шеңберін құру; іріктеме әдісін таңдау, іріктеме көлемін анықтау; іріктеменің үрдісін жүзеге асыру.
Іріктеме әдісін таңдау. Іріктемені құру әдістерінің жіктелуі: байес/дәстүрлі тәсіл, қайталанатын (қайтарумен)/қайталанбайтын (қайтарусыз) үлгі, ықтималды (кездейсоқ)/детерминистік (мүмкін емес, кездейсоқ емес) үлгі.
Іріктеме әдістері: ықтималды және ықтималды емес. Іріктеменің ықтималды әдістері: жай кездейсоқ, жүйелік, стратификацияланған, кластерлік және т.б. Іріктеменің ықтималды емес әдістері: репрезентативті емес, беттік, квоталық, «қар кесегі» қағидасы бойынша іріктеу. Іріктеме әдісін таңдауға қолайлы жағдайлар. Іріктеме әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
Іріктеме көлемін есептеу әдістері: ерікті, дәстүрлі және статистикалық. Іріктеме қателері.
|
1 С
|
1
|
9
|
Маркетингтегі сандық және сапалық зерттеулердің жіктелуі. Маркетингтегі фокус-топ әдісі.
Сандық және сапалық зерттеулер: анықтамасы және олардың салыстырмалы сипаттамасы. Маркетингтік зерттеулердің сандық/сапалық әдістерін таңдаудың қолайлы жағдайлары.
Сапалық зерттеу әдістері. Сапалық зерттеу әдістерінің жіктелуі: тікелей (фокус-топтар, тереңдетілген сұхбат), жанама/проекциялық (ассоциация әдістері, жағдайды аяқтау, құру және мәнерлеу).
Фокус-топ: анықтамасы, мақсаты және қолдану саласы. Фокус-топтардың негізгі сипаттамалары: топтың саны, топ құрамы, жүргізу шарттары, ұзақтығы, жазбасы, модераторы. Фокус-топтық зерттеулерді жүргізудің әдістері мен кезеңдері. Фокус-топтық зерттеулердің негізгі бағыттары. Фокус-топтың артықшылықтары мен кемшіліктері.
Тереңдетілген сұхбат: мазмұны мен әдістері («баспалдақ», жасырын нәтижемен сауалнама, символдық талдау).
Проекциялық әдістер: психология мен маркетингте қолданудағы мәні мен айырмашылықтары. Ассоциация әдістері: сөздердің ассоциативті сынағы (вербалды ассоциациялар және ауызша ассоциация әдісі) және ассоциативті әңгімелер (вербалды және вербалды емес ассоциациялар). Жағдайды аяқтау әдістері: сөйлемдер мен әңгімелерді аяқтау және т.б. Құру әдістері: суреттер арқылы жауап, анимациялық тесттер, проективтік сұрақтар және т.б. Мәнерлеу әдістері: рөлдік ойын, үшінші тұлға әдісі және т. б.
Маркетингтегі сапалық зерттеу әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
|
1 С
|
1
|
10
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |