«Маркетингтік зерттеулер» пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің тест спецификациясы


Маркетингтік зерттеулердің үрдісі



бет2/6
Дата19.07.2022
өлшемі87,5 Kb.
#147572
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Marketingtik-zertteuler

Маркетингтік зерттеулердің үрдісі.
Маркетингтік зерттеулерді жүргізудің негізгі кезеңдері. Зерттеу тұжырымдамасын әзірлеу. Мәселені сәйкестендіру: мәселені анықтау, негізгі мәліметтер көздері, мәселені анықтаудың тәсілдері мен реттілігі. Маркетингтік мәселелердің түрлері. Маркетингтік зерттеу әдістемесін жоспарлау. Аналитикалық модельдердің формалары және оларды құру. Маркетингтік зерттеулердің объектісі мен пәнін анықтау. Маркетингтік зерттеудің мақсаттарын анықтау және жұмыс гипотезасын құру. Сәйкес сипаттамаларды анықтау және маркетингтік зерттеулердің міндеттерін белгілеу. Маркетингтік зерттеу жоспарын қалыптастыру. Маркетингтік зерттеу жоспарын қалыптастыру. Маркетингтік зерттеу жоспарларының жіктелуі. Маркетингтік зерттеулердің түрлері бойынша зерттеу дизайнының сипаттамасы: анықтамасы, зерттеу мақсаттары, негізгі параметрлері, алынған ақпараттың сипаты, зерттеу нәтижелері, маркетингтік зерттеулердің қолданылатын әдістері. Іріктеу, шкалалауды жоспарлау және бюджетті құрастыру туралы түсінік.
Ақпарат жинау. Далалық зерттеуге қызметкерлерді дайындау. Далалық қызметкерлер жұмысын бақылау формасын таңдау. Ақпарат жинау және далалық қызметкерлердің жұмысын бақылау.
Ақпаратты дайындау, талдау және маркетингтік зерттеулердің нәтижелері бойынша есепті дайындау түсінігі.

2А,
1 В,
1 С

4

4

Маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру және этикасы. Маркетингтік зерттеулерді жүргізудің жалпы әдістері.
Маркетингтік зерттеулерді жүргізудің ұйымдық формалары, олар ұсынатын қызметтердің сипаты. Маркетингтік зерттеулер жүргізу үшін тәуелсіз зерттеу компаниялары мен фирмаларды таңдау критерийлері. Құн өлшемдері, жүргізу тәжірибесі, объектінің ерекшеліктерін білу, нәтижелердің объективтілігі, техникамен және құпиялылықпен қамтамасыз ету бойынша маркетингтік зерттеулерді жүргізудің ұйымдастырушылық нысандарының артықшылықтары мен кемшіліктері. Маркетингтік зерттеулерге қатысушылардың қарым-қатынасы. Маркетингтік зерттеулерге қатысушылардың қарым-қатынасындағы этикалық мәселелер. Маркетингтік зерттеулердің этикалық кодекстері: ESOMAR, Американдық маркетинг қауымдастығы және т.б.
Кабинеттік зерттеу әдісі: анықтамасы, ақпарат көздері, қолдану шарттары, артықшылықтары мен кемшіліктері. Кабинеттік зерттеулер жүргізу кезіндегі ақпаратты талдау түрлері, оларды жүргізу алгоритмі, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері: дәстүрлі (классикалық) және ақпараттық-мақсатты. Нарықтың орнында (далада), сынақ сатылымдарын, жеке іскерлік байланыстарды зерттеу әдістері: мәні, артықшылықтары мен кемшіліктері.

1 А

1

5

Бақылау әдісі.
Бақылау түсінігі және оны қолданудың жағдайлық сипаттамалары. Бақылаудың негізгі формаларының жіктелуі.
Бақылау әдістерінің жіктелуі: тұлғалық, механикалық, мазмұндық талдау, іздерді талдау. Бақылау кезеңдері: дайындық, далалық кезең, талдау кезеңі. Бақылау нәтижелерінің сенімділігін бағалау коэффициенттері. Бақылау әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктері. Бақылау әдістерін салыстырмалы бағалау.

1 В,
1 С

2

6



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет