Мақсаты: а білімдік мақсаты



Дата15.12.2016
өлшемі12,18 Kb.
#3982
  • Сабақтың тақырыбы:
  • Ата-ананы кұрметтеу туралы. Қайқаус
  • Мақсаты:
  • А) Білімдік мақсаты:
  • Мәтінді оқу, талдау, негізгі ойды ашу. Оқушылардың ата-анаға құрмет, қамқорлық сезімін арттыру. Ішкі сезімдері мен тебіреніс толқындарын ояту.
  • Ә) Дамытушылық мақсаты:
  • Байланыстырып сөйлеу дағдысын және қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. Білімге деген оқушының ынтасын ояту, қамқорлық, жанашыр сезімдерін дамыту.
  • Б) Тәрбиелік мақсаты:
  • Әке-шешесін, бауырларын қадірлеп, құрметтей білуге, құрбыларын сыйлай білуге үйрету. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу. Мейірімділікке, парасаттылыққа, адалдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
  • Суретке назар аудару.
  • Ұядан ұшып бара жатқан балапан. Суретке қарап ойымызға не келді?
  • Ұйымдастыру кезеңі.
  • Психологиялық дайындық.
  • «Қызығушылығын ояту»
  • «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің».
  • Үй тапсырмасын сұрау «Ұшқан ұя». Б.Момышұлы.
  • Оқыту, мазмұнын айту.
  • Топтарға тапсырмалар беру.
  • 1 . Б.Момышұлы кім? Ол жайында не білдіңдер?
  • 2. Б.Момышұлының отбасы туралы не білесің?
  • Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24-ші желтоқсанда Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде дүниеге келді. Баруыржан Момышұлы – Екінші дүние жүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы.
  • Бауыржан 7 жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған.
  • 1941 жылы ІІ-ші дүниежүзілік соғыс басталысымен Бауыржан даңқты генерал – майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанды, батальон, полк командирі қызметтерін атқарды. Соғыс кезінде қаһармандық ерлігімен ерекше көзге түседі.         
  • Соғыстан кейін Бауыржан Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмысымен айналысады.
  • Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наград-талады. Кеңестер Одағының батыры атағын алады. Алайда бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.
  • (1910-1982)
  • Сызбаны толтырып келу.
  • Ой қорыту.
  • «Жеті атасын білген ұл,
  • Жеті жұрттың қамын жер»
  • «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», яғни әрбір адам өз отбасынан тәрбие алады.
  • Жеті ата
  • Сенің ата тегің
  • III. Жаңа сабаққа кіріспе. Ой өрбіту, әңгіме-сұхбат
  • «Ол кім?» жұмбақтар шешу.
  • 1) Айтары мол ғұлама, көп жасаған бұл адам.
  • Әкесі ол көкеңнің, білер оны сұраған. Ол кім?
  • 2) Ол - өте мейірімді, ақ шашты. Дәмді тағамдар пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді.
  • Бұл кім?
  • 3) Бала, бала, бала деп, түнде шошып оянған,
  • Түн ұйқысын төрт бөліп, түнде бесік таянған. Бұл кім?
  • 4) Ол - асқар тау. Атаңның баласы. Ол қабағын шытса «байқа, балам» дегені.
  • Отбасын қорғаушы, сақтаушы. Ол кім?
  • Жаңа сабақ
  • «Қабуснама» — парсы тілінде 1082-1083 жылдар ішінде жазылған аса бағалы педагогикалық мәні бар туынды. «Қабуснаманың» авторы — Кайқаус Каспий теңізінің оңтүстік жағалауында мекендейтін Гилан ру-тайпасының ұсақ феодал жанұясында (1021- 1022 жылдарда) дүниеге келеді.
  • Кайқаус 63 жасында «Қабуснаманы» өзінің ұлы Гиланшахқа арнап жазады. Өзінің қартайғанын баяндай келіп: «Менің дүниедегі жиып-терген ең қымбат асыл заттарым — саған арнап жазған осы үгіт-насихат кітабым», - дейді.
  • Қайқаус
  • Оқулықпен жұмыс
  • 1. Мәтінмен танысу
  • 2.Мәтінді талдау.
  • 3.Сөздік жұмысы
  • Тұрсынәлі Айнабеков осы 1973 жылы өзбек тiлiнде шығарған нұсқасы негiзiнде қазақшалап, кейбiр тарауларын 1898 жылы Қазан баспасында басылып шыққан Әбунасыр ұлы Әбдiхайымның (Хайюм-Насрий) татар тiлiндегi нұсқасынан аударып, толықтырған.
  • Бұл басылым 1992 жылы "Балауса " баспасында жарық көрді.
  • Сөздік жұмысы
  • Перзент – бала.
  • Парасат - сана, ақыл-ой.
  • Қаяу – реніш.
  • Мәтінді оқу.
  • -тізбектей оқыту
  • Дәптермен жұмыс
  • 1) Ата-ананы құрметтеу.
  • 2) Ата-аныңды ешқашан ренжітуші болма.
  • 3) Сен ата-анаңа не істесең,саған перзентің де соны жасайды.
  • Мәтінді төмендегідей бөліктерге бөліп,
  • әр бөліктің шегін тауып оқу.
  • Деңгейлік тапсырма
  • Бала-жапырақ
  • 1-топ
  • Мақал айту. Ата-ана, бала туралы.
  • Сәйкес-
  • тендіру
  • тест
  • Анаға қарап қыз өсер
  • Ата - бәйтерек
  • Әкеге қарап ұл өсер
  • Атаңа не істесең
  • Аяулы анам ....
  • Қадірлі әкем....
  • Әлпештеген әжем ....
  • Еркелеткен атам ....
  • 2-топ. Олар қандай?
  • VI Қорытындылау
  • Пікір айту
  • Тұжырымдау
  • «Қарты бар үй қазына»,
  • «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер».
  • VІІ.Үйге: Мәтінді оқу.
  • «Менің отбасым» шығарма.
  • Оқушыларды бағалау.
  • Назар
  • аударғандарыңызға
  • рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет