Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды ауған соғысы туралы және оған қатысқан қазақтардың ерен ерліктері туралы мәліметтермен таныстыру.
Дамытушылығы: Оқушыларды көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, ұялмай сөйлей білуге, өз ойын айта білуге үйрету, өз бетімен тақырыпқа сай мәліметтер іздеп өңдеуге үйрету.
Тәрбиелілігі: Қазақстандық патриотизм сезіміне тәрбиелеу, Отанымыздың таррихына қызы,ушылығын арттыру, достық, ынтымақтастық, жауапкершілік сезімдерін ұялату.
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Ауғанның от жалыны» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер!
Армысыңдар ауғандық жауынгерлер,
Жырым бар жараланған жанымды емдер.
Өлгендердің жәннатта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер-
дей келе, Ауған соғысының ардагері Ербол ағамызды ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: ендігі кезекте оқушылардың ауған соғысы жөнінде дайындаған баяндамаларын тыңдайық.
«Ауған ақиқаты».
Ауғанстан соғысы тарихына қысқаша мәлімет
Ауғанстан жеріндегі соғыс тарих беттерінде өзіндік із қалдырды. Тарих бетінен сызып алып тасталмайтын бұл соғыстың қысқаша тарихын сөз етейік. Алдымыздағы ақпанның 14 - інде КСРО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 23 жыл болады. Ауғанстанға армияны енгізу туралы шешім 1979 жылдың 12 желтоқсанында Кеңестер Одағының Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Саяси бюросының отырысында қабылданып, аса құпия қаулымен бекітілді. Қызыл Армияның шектеулі континенті он жыл бойы ауған халқымен бірге соғыс әрекеттерін жүргізді. Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын атқарған Қызыл Армия жауынгерлерінен басқа да, көптеген қауіпсіздік қызметінің және ішкі істер органдарының қызметкерлері де болды. 1986 жылдың ақпанында болған КОКП ХХҮІІ съезінде М. Горбачев әскерді кезең - кезеңге бөліп, ауған жерінен шығару керектігін мәлімдеді. 1989 жылы ақпанның 14 күні КСРО – ның соңғы әскери бөлімі Кабулдан шықты. «Ауған соғысының табиғаты да тарихы да өзгеше. Ол уақытта 18 бен 20 – ның арасындағы өрімдей жастар, бас - аяғы 22 мың қазақстандық өзге азаматтар мамыражай тіршілік етіп жатқан кезде бөтен елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді. Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз»,- Ауған соғысына КСРО құрамына 22 000 қазақстандық қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты. 21 адам хабар – ошарсыз кетті. КСРО әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шыққанына 24 жыл толуын атап өту қарсаңында «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына қатысты қаз. ақпарат тілшілерімен ой бөліскен Мәжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл жастарды ел үшін еңбек етуге шақырады. «Ең алдымен айтарым, адам баласын жақсылыққа үміттендіріп, жақсылыққа жетелеген лазым. Жамандықтың бір кілті ашылса, адамның да, қоғамның да қалған өмірі күреспен өтеді. Елбасының биылғы Жолдауы Қазақстанның әлемдік деңгейдегі беталысы мен бағытын айқындап берді. Президентіміз Жолдауын жастарға арнады. Шын мәнінде, бүгінгі жастар өзгеше. Тәуелсіз елдің төл перзенттері, санасы тәуелсіз, ойы озық, білімі асқақ азаматтар. Жастар жауапкершілікпен қатар, ауыртпашылықты да сезінуі керек,»- дей келе Ауған соғысының ардагері бүгінгі еңбек майданын кешегі ауған соғысына теңеді.
Жүргізуші:
Жүрегі де алып, өзі де алып арыстан,
Қарулы қол жау жағасында қарысқан.
Батыр ұлымның семсер ұлдары бар әне,
Жаралған биік Рух пе Жігер, Намыстан.
Жүрегі қайсар , қайтпайтын мың сан жаудан да,
Отаны сеніп бұйрық бергенде қалған ба
Ербол сынды қанжардай өткір ұландар
Көрсетті ерлік тау тасы ажал Ауғанда.
Міне, осындай азаматтарымыздың құрметіне, оқушыларымыздың арнайы толғаныстары бар екен. Ендеше соларғы кезек берейік.
1. «Бейбітшілік таңы» - Мұхамеджанова Назым. Оқитын: Т.Арайлым
Ән:_______________________________________________
Күй:_______________________________________________
2: «Тағдырын білем Ауған даласының...»- Азат Әбіқай. Оқитын: Ж. Нұрбағыт
Ән:____________________________________________________
Күй:_________________________________________________________
3. «Соғыс» - С.Селеубай. Оқитын: Қ. Нұрсұлтан
Ән:________________________________________
Күй:_______________________________________
4. «Ардагер Ербол Ағамызға»- Оқитын: Б.Айзада
Жүргізуші: Достарыңды майдандағы сыры үндес,
Бірі білсе ерлігін бірі білмес.
Ербол аға ендігі сөз кезегін сізге берейік.
-Ауған соғысы және сол кездегі достарыңыз, өз өміріңіз жайлы айта кетсеңіз.
-Тұтқында қалғандар көп болды ма?
- Сарбаздарды соғысқа аттандырарда қандай насихат айтылды, не үшін кетіп бара жатсыңдар деді?
- Қазір біз Ауған соғысын әділетсіз соғыс, тарихтың қателігі деп айта бастадық қой. Осындай баға берушілік соғыстың ардагерлерінің көңіліне, жүйкесіне қалай әсер етеді? Мәселен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері сол соғыстың тарихи маңызына шаң жолатқысы келмейді.
- Ауған соғысына қатысқан жауынгерлерді марапаттау мәселесі қалай болды? Ұлы Отан соғысы кезіндегі әділетсіздіктер қайталанды ма?
- Егер Сіздің қолыңызда болса, Ауған соғысына қатысқан қазақстандықтардың қаншасын алтын жұлдызбен марапаттайтын едіңіз?
-Соғыс көріп келген азаматтардың сол кезең жайлы жазылып жатқан шығармалары бар ма?
-Сіз үшін бір есте қалған оқиғаны айтып бересіз бе?
- Болашақ жастарға тілегіңіз.
Жүргізуші: Әңгімеңізге көп рахмет.
Ауған соғысында қаза тапқан жерлестерімізбен таныса кетейік.
Отан үшін от кешіп, қан майданда жанын пида еткен, туған жерінен топырақ бұйырмай, жат елде мүрделері қалған боздақтар рухына бас иіп бір минут еске түсірейік.
Қорған болған елінің елдігіне ,
Батырлардың бас идік ерлігіне.
Ұрпақтары қаһарман бабалардың
Тәуелсіз қамалын көрдік міне!
Қай халықта өзінің батырларын қастерлеп, аттарын асқақтатқан. Жиырмасыншы ғасырдың ерен ер, жұлдызды батырлары, халқымыздың мәңгілік мақтанышы, жастарымыздың өшпес үлгі өнегесі біздің қаһармандарымыздың даңқы арта берсін.
Кешімізді аяқтай келе, сөз кезегін орталық директоры Айзада Мұғиқызына берейік.
Достарыңызбен бөлісу: |