Мақсаты: Білімділік: Бейінді оқу бағдарын таңдауда көмектесу, кәсіби қызығушылығын анықтау; Дамытушылық



Дата06.07.2018
өлшемі68,5 Kb.
#47422
Тақырыбы: Менің болашақ мамандығым (тренинг) Мақсаты: 1.Білімділік: Бейінді оқу бағдарын таңдауда көмектесу, кәсіби қызығушылығын анықтау; 2.Дамытушылық:Мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы, мамандық туралы көзқарасын дамыту; 3.Тәрбиелік: Нарық заманында мамандық бағытын таңдауда дұрыс шешім қабылдау көзқарасын қалыптастыру. Міндеті: Мамандықты талдай білуге үйрету; Оқушыны өзінің қабілетін, бейімділігін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету; Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру. Көрнекіліктер: «Мамандықтар суреті» бейнеролик, жағдаяттық сұрақтар

Сабақтың әдісі: Пікіралмасу



  1. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Пікіралмасу

  1. Сабақтың жоспары:

1. Кіріспе Мамандық таңдау ережесі

2. Танысу 3. « Әріпке мамандық ойла » сергіту ойыны 4. « Әріптерден басталатын МАМАНДЫҚ » жаттығуы.(бейнеролик) 5. «Ең, ең .....» ойыны

6“Бүгінгі менің ойым” жаттығуы 7. «Сенімділік образы» жаттығуы

8. «Кездескенше» жаттығу



«Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді. » деген Н.Ә.Назарбаев

  1. Мамандықты қалай таңдаймыз?

Мамандық дегеніміз адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиындығы. Мамандық  таңдау жас өспірім  кезеңдегі  ең маңызды  шешімдердің бірі. Әр адам ерте ме , кеш пе  өз өмірінде «Мен қандай  мамандық  иесі  боламын?» деген  сұрақтарға  жауап іздейді. Үлкен  өмірге  қадам  басқан  жас  ұланның алдында  мыңдаған  мамандықтан  өзіне  лайықты  біреуін  таңдау  міндеті  тұрады.   Кейбір  жастар мамандық  таңдау ережесін  білмегендіктен  өзі  қызықпайтын  мамандықты  таңдайды. Осыдан  өз  мамандығына  қанағаттанбаушылық ,  реніш  сезімдері  пайда  болып ,  тіпті  алдарына жоспарда құрғысы  келмейді.   Сондықтан , адам  өзінің жеке  қасиетін, өзін-өзі  тануын және жетістікке  жетудің бір  жолы  өзіңе  сұрақ  қойып  оған  жауап  іздеу  болып  табылады.

Бүгінгі білімді жас егемен елдің ертеңі болу үшін мамандықты дұрыс таңдағаны жөн.Өйткені, ХХI ғасырда жұмыс істейтін мамандар Отанның мақсат мүддесін алдыңғы орынға қоятын мемлекеттік басқару мен өз саласын жетік меңгерген маман болуы қажет.



Мамандық таңдау ережесі: (психологтың сөзі)

  1. Барынша көптеген мамандықтарды зерттеу керек және сіз тіршілік еткен аймақта қандай мамандықтар керектігін анықтау қажет.

  2. Барынша өзіңе ұнамды және ыңғайлы мамандықты таңдауың керек.

  3. Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдай отырып, ойыңды жүзеге асыруда және мамандықты жетік меңгеруде табандылық танытуың керек.        

  4.  Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.

  5. Мамандықтың мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы туралы сұрақтарға жауап бере алғанда ғана сенің  таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек.

  6.  Сән қуып, мамандық таңдаудық қажеті жоқ. Оқуды тәмамдап, жұмыс істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы мүмкін.

  7. Алдағы өмірлік жоспарын қандай болмасын, шетел тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игерген аса пайдалы.

  8. Заманның ағымына қарай кейбір мамандықтар тез өзгеріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандық болу керек.

  9.  Мүмкіндігінше таңдаған мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін- келмейтіндігі жөнінде кеңес алған жөн.

Суреттер слайд

2. Кел танысайық.

Мақсаты: Ойын арқылы көңіл - күйге диагностика жасау.

Ретпен орындау және нұсқау беру. Әрбір бала өзінің атын айтады, ал өзінің үйінде мамасы, аға-апалары қалай атайтындығы және оған қалай атағаны ұнайтындығын айтады. Осыдан кейін жүргізуші қолындағы допты қалаған қатысушылардың біріне лақтырады допты алған ойыншы жүргізуші қойған сұрақтарға жауап береді. Жауап беріп болған соң допты қайта береді. Сенің атың кім? Неге олай қойған?

Мінекей әрбір аталған атқа назар аударсақ белгілі бір кәсіпке арналған екен. Ендеше бүгінгі сабағымызда осы кәсіп, яғни мамандыққа арналады. Тақырыбы: «Менің болашақ мамандығым » «Кәсіп таңдау - тек қана болашаққа үңілу емес, ол өзіңнің ішкі жан-дүниесіне үңілу...»


  1. «Әріпке мамандық ойла » сергіту ойыны (7 мин) Мақсаты: қатынасушылардың мамандық әлемі туралы білімін кеңейту. Нұсқау. Мына әріптерден басталатын К, Р, Ф, П мамандық пен мамандар туралы сөздерді ойла.

«К» — киноартист, краншы, киномеханик, кондуктор, кондитер,күйші, кеңесші, кәсіпкер, көркемдеуші, кітапханашы. «Р» — редактор, репортер, рентгенолог, реттеуші. «Ф» — фигурист, фотограф, фармацевт, фтизиатр, фокусшы, фотомодель. «П» — полиция қызметкері, полиглот, психолог, педиатр.

  1. Мамандықтар туралы бейнеролик

  2. «Кім көбірек мамандықты атайды?» жаттығуы

« Әріптерден басталатын МАМАНДЫҚ » жаттығуы

Барлық қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Олар бір- біріне доп лақтыру арқылы мамандық түрлерін айтады. Кім де кім көп мамандық атаса сол жеңіске жетеді.



Ескерту: Бір ойыншыға қатарынан доп лақтыруға болмайды. Және қолда допты үш секундтан артық ұстамау керек.

А, Д, Ж, И, С, З, Ш, Т, М, Э. Сұрақ: «Қиналған себептеріңіз не?»

Осы кәсіпке алдын ала бейімделу мақсатында бүгінгі таңда бағдарлы оқыту қолға алынып отыр. 10 сынып оқушылары екі бағыт бойынша сыныптарға бөлінеді.


  1. Жаратылыстану–математикалық

  2. Қоғамдық–гуманитарлық бағыт

Ж – математикалық осы және тек осы бағыттағы, мазмұндағы мамандықтар бойынша оқушыларды жоғары оқу орындарына дайындайтын сыныптар болу керек. Сол себепті, мұндай сыныптарда математика, физика, химия, биология, география, информатикапәндері, қ – гуманитарлық сыныптарға қарағанда тереңдетіліп оқытылады. Қ – гуманитарлық бағыт оқушылардан нәзіктік, адамгершілікті, ақын жандылықты, шешендікті талап ететін болғандықтан, әдебиет, қазақ тілі, тарих сабақтары басты назарда болғаны шарт. Бұл саланы тағдағандар болашақ тілші, әдебиет танушы, аудармашы, журналист, лингвист, диктор, т.б. мамандық ала алады Қазір осындай мамандықтар иесі болуымыз үшін не істеуіміз қажет? Сұрақтарға жауап беру үшін экранға назар аударыңыздар. 5. . “Бүгінгі менің ойым” Сұрақ- жауап

  1. Сен қандай мамандық иесі болуды армандайсың?

  2. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?

  3. Адам бірнеше мамандықты меңгерсе,оның өмірі қандай болады ?

  4. Қазіргі таңда біздің мемлекетімізге қандай мамандықтар қажет ?

  5. Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек ? 6. Сен өзіне ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата- анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің? 7. Ата- анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен ата- анаңның шешіміне қарсы боласың ба? . 1. Қазақстанға қажет мамандықтар: металлург,геодизист, орта мәсіптік мамандар, инженер (мұнай), тау кен өнеркәсібі, ұшқыш, дәрігерлер, картограф, механик, мәдениет саласы, биотехнолог. 2.Қазіргі заманның табысты мамандары: Аниматор, витражист, лекоратор, суретші, колорист, клипмейскер, дизайнер, продюсер, көркемдік әрлеуші.

  1. «Ең, ең ... ойыны»
    Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Әрбір командаға мынадай нұсқау беріледі, оқушылар берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек.

Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады.
Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:
Ең ақшасы көп- бухгалтер, экономист, жеке кәсіпкер.
Ең жасыл - эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.
Ең тәтті- аспазшы, кондитер.
Ең күлкілі - клоун, карикатурашы.
Ең жауапты – заңгер, дәрігер (сот, адвокат,прокурор)
Ең салмақты- мұғалім,
Ең қарым-қатынасы күшті- бизнесмен

  1. «Сенімділік образы» жаттығуы

Мақсаты: қатысушыларға өзіне сенімділікті нықтап қалыптастыруға үйрету.

Нұсқау: «көздеріңізді жұмып, өздеріңізді сенімділікке алып келетін қалыпты елестетіңдер. Енді елестеткен бейнелеріңді суретпен , бейнелеңдер»

Жаттығу аяқталғанда, қысқаша баяндама берілуге болады.

Талдау:


  • Қандай жағдай қиын болды немесе жеңіл болды?

  • Бұл символ саған қалай әсер етеді?

  1. Кездескенше” жаттығуы Алдарыңа бір парақ беріледі. Қайшы, қаламсыз бір-біріңізге сыйлық жасаңыздар

  • Сізге тренингте не ұнады?

  • Не ұнаған жоқ?

  • Тренинг- сабақ керек пе, ол мамандық таңдауда көмектесе ме? 
    Шарты: Барлығымыз шеңбер құрып тұрамыз.
    - Менің қолымда кішкентай ғана сиқырлы күн таяқшасы тұр. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды. Сіздер оны бір - бірлеріңізге беріп, тренингтен алған әсерлеріңіз, бүгінгі  күннен өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма? пікірлеріңіз туралы білдіріп, осымен бірге әріптестеріңіздің атына өз тілегіңізді жолдаңыз.
    Ісім оңсын десеңіз,
    Сол істің маманы болыңыз.
    Даңқым шықсын десеңіз,
    Көпшіліктің адамы болыңыз.
    Әл - Фараби
    Қорытынды. Бүгінгі  пікірлесу сабағымызды  мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер

  •  Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.

  • Мақсатыма жеткізер- уақытыма сенемін.

  • Достық іс пен қасты да- жеңеріме сенемін,

  • Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.

  • Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,

  • Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!- 

дегендей ел сеніміне кіретін құрметті  мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде айтылған ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет