Мақсаты: Білімділік: геометриялық фигураларды атау және тану, Дамытушылық



Pdf көрінісі
Дата11.03.2020
өлшемі0,65 Mb.
#59872

Білім беру саласы: Таным, шығармашылық,  

Білім беру бөлімі: ҚМТҚ, жапсыру  

Тақырыбы: Сиқырлы  пішіндер 

Мақсаты:  

Білімділік: геометриялық фигураларды атау және тану,  

Дамытушылық: балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін 

дамыту, тілдік қорларын молайту, табиғатқа деген сезімдерін 

қалыптастыру. 

Тәрбиелік: балаларды табиғаттағы әсемдікті бақылауға 

дағдыландыру арқылы эстетикалық тәрбие беру, адамгершілік 

қарым-қатынасқа баулу. 

Шаттық шеңбер: 

Аспанымыз ашық болсын 

Анамыз аман болсын. 

Деніміз сау болсын! 

Балабақшамыз көркее берсін 

Балалар кәне қонақтармен амандасайық Сәлеметсіздер ме! 

Отырыңдар балалар! Кім маған айтады: 

-Қазір жылдың қай мезгілі? 

-Қазір жылдың көктем мезгілі. 

-Көктем мезгілінде неше ай бар? 

-Көктем мезгілінде үш ай бар? 

(Наурыз, сәуір, мамыр) 

-Көктем мезгілінің ерекшеліктерін  атап  жіберейікші? 

-Күн жылынады, қар ериді, құстар жылы жақтан ұшып келеді. 

-Дұрыс айтасындар балалар, көктем мезгілінде күн жылынады, 

айналадағы қар, өзен, көлдердегі мұздар ериді. Жаңбыр  жиі 

жауады, кемпірқосақ шығады. Ағаштар бүршік жара 

бастайды. Көктемнің алғашқы гүлдері бәйшешек, қызғалдақ 

гүлдейді. 

Музыка әуенімен: Маша кіреді. Мені аю мектепке жіберді ал мен 

ештеңе білмеймін. 



Тәрбиеші: кел Маша бізбен бірге отыр  сабағымызға қатыс 

сұрақтарға жауап бересін 



Маша: маған мұнда көп тапсырма берді бірақ мен оларды 

жасамадым? 

Біз саған көмектесеміз. Көмектесеміз ба балалар? Көмектесеміз. 

Кел отыр Маша.  



Тәрбиеші: Балалар кәне машаның көңіл-күйін көтерейік? 

Ойын: «Тамаша» 

-Біздің балабақша қандай? 

Балалар: тамаша. 

-Біздің топ қандай? 

Балалар: тамаша 

-Тәрбиешілерің қандай? 

Балалар:тамаша 

-Бүгінгі күн қандай? 

Балалар:тамаша 

-Біздің көңіл – күйіміз қандай? 

Балалар:тамаша. 

1-ші тапсырма: «Геометриялық пішіндерді  ата» 

(үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.) 



Пішіндерді ауада сыз

Қайсысы көп, қайсысы аз? 

(балалар суреттегі заттардың көп, азын көрсетеді.) 



2-ші тапсырма: 

Қайсысы ұзын? 

(ұзын, қысқа) 

Қайсысы жуан? 

(жуан-жіңішке) 

Қайсысы алыс? 

(алыс, жақын ұғымдарын көрсету.) 

3-ші тапсырма: 

«Ұқсасын табу» 

(тақтаға пішіндердің суреттері ілінеді. Балалар бір суреттен 

алып пішіндердің астына  жабыстырады. Мысалы: алма-

дөңгелектің астына, ал пирамида ұшбұрыштың астына, 

теледидар  төртбұрыштың астына) 

4-ші тапсырма: Мына матрешкаларға геометриялық пішіндерді 

жапстыру. 



 

Сурет 1 


 

Сурет 2 


Сергіту сәті: 

Кәне балалар тұрайық, 

Үлкен шеңбер құрайық 

Оңға қарай бір иіліп, 

Солға қарай бір иіліп. 

Алға қарай бір адым  



Артқа қарай бір адым 

Жоғары төмен қарайық 

Орнымызды табайық. 

Мында балаларға түсіндіру қалай жапстырамыз, желін, қылқалам, 

қиылған жіптер. 

Балалардың жұмыстары тақтаға ілінеді. 



Ойын: «Көңілді доп.» 

Ойынның шарты: балалар мен сендерге  сұрақ қойып, допты 

лақтырамын. Ал сендер қағып алып жауабын айтасыңдар. 

Балалар жауабын жылдам айту керек. Өйткені біздің добымыз 

өте жылдам, сендерді жылдамдыққа үйретеді.  

Тәрбиеші: олай болса бастаймыз! 

Бала:бастаймыз. 

Тәрбиеші:қазір жылдың қай мезгілі? 

Бала:көктем мезгілі 

Тәрбиеші:қандай сабақ болды? 

Бала:математика және жапсыру 

Тәрбиеші:кім қоннақа келді? 

Бала:Маша. 

Тәрбиеші:бір тақпақ айттып бер? 

Бала:тақпақ айтады 

Тәрбиеші:үшбұрышта неше бұрышы бар? 

Бала:үш бұрышы бар. 

Тәрбиеші:төртбұрышта неше бұрышы бар? 

Бала:төртбұрышы бар 

Тәрбиеші:күннің көзі қандай пішінге ұқсайды? 

Бала:шеңберге. 

Жарайсыңдар балалар, өте жақсы, барлықтарыңа рахмет айтамын, 

бүгін белсене жақсы қатысып отырдыңдар. 

Маша: Рахмет сендерге балалар, сендер бүгін көп тапсырмаларды 

орындадыңдар. Мен сендерден бүгін көп үйрендім, сендер өте 

ақылды, балалар екенсіңдер. 

 

 


 

 

 



 

Сурет 3 


 

 

Сурет4 



 

 


 

Сурет 5 


Сурет 6 Ұзын қысқа 

 

 



Сурет 7 Жуан жіңішке 

 

 



 

 


 

Сурет 8 Алыс жақын 

 

 

 



 

 

 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет