Мақсаты: Білімділік



Дата11.05.2022
өлшемі1,34 Mb.
#142625
Байланысты:
9 сынып 2804


Мақсаты:
Білімділік:
 Тараудағы негізгі ұғымдарды қайталай отырып, радиактивті изотоптардың ғылым саласындағы қолданылуы, оның қоршаған ортаға және тірі организмге әсері, одан қорғану жолдары туралы ұғымдарды тереңдетеді және тарау бойынша алған білімдерін қорытындылайды, жинақтайды.
Дамытушылық: Оқушының ойлау қабылетін, ізденісін, есте сақтау қабылетін дамыту, ой өрісін кеңейте отырып, Радиактивті элементтердің мәнін, маңызын, танып-білуге дағдыландыру. Табиғаттағы тепе-теңдік, экологиялық баланс туралы ұғымды игерту.
Тәрбиелік: Оқушыны ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс жасауға,ҰБТ-леудің маңызын терең түсініп, оған дайындықты күшейтуді, Алған білім негізінде табиғат сырларын түсіне отырып, оны қорғауға баулу. Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың технологиясы: СТО
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, деңгейлік тапсырма, ,практикалық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, карточка.слайд, есептер жинағы.
Пәнаралық байланыс: Химия,Биология

Тест жұмысы
1.Төменде келтірілген заттардың қайсыларын ядролық реакторларда нейтрондарды жұтқыш ретінде пайдаланылады:
1 – уран, 2 – графит, 3 – кадмий, 4 – ауыр су, 5 – бор, 6 – плутоний.
А) 3 және 5 В) 2 және 3 С) 2 және 6 Д) 3 және 4 Е) 2 және 4
2.Суретте келтірілген өтулердің қайсысында сәуле шығарылады?

3.Атомдық ядросында 3 протон мен 4 нейтроны бар бейтарап атомның электрондық қабықшасындағы электрондар саны:
А) 4 В) 7 С) 6 Д) 3 Е) 1
4.Нейтронның протонға өздігінен айналу нетижесінде атом ядросында жүретін реакция:
А) позитрондық β ыдырау В) ядролық ыдырау С) α ыдырау
Д) электрондық β ыдырау Е) ядролық синтез
5.Неліктен радиоактивті препараттарды қалың қабырғалы қорғасын контейнерлерде сақтайды.
А) Қауіпті сәулелерден сақтану үшін ( қорғасын зарядталған бөлшектерді жұтады)
В) Жарылыстан сақтану үшін
С) Анық жауап беруге болмайды
Д) Дұрыс жауап жоқ
Е) Иістен сақтану үшін
6. реакциясындағы белгісіз бөлшек:
А) γ В) е С) р Д) Е)
7.Бір электронның жоғалтқан гелийдің бейтарап атомы:
А) оң ионға айналады В) теріс ионға айналады
С) топыраққа айналады Д) атом ядросы деп аталады
Е) дене деп аталады
8.Ядролық реакцияның энергетикалық шығуы дегеніміз:
А) ядроның байланыс энергиясы
В) ядролар мен бөлшектердің реакцияға дейінгі және реакциядан кейінгі тыныштық энергиясының айырмашылығы
С) бір нуклонға келетін байланыс энергиясы
Д) ядроның тыныштық энергиясы
Е) ядроның байланыс және тыныштық энергиясы
9.Екі протонның қосылу термоядролық реакциясы нәтижесінде дейтрон және нейтрино түзіледі. Тағы қандай бөлшек пайда болады?
А) позитрон В) электрон С) протон Д) нейтрон Е) атом
10.α бөлшектің жүгіріс ұзындығы қай кезде ұзағырақ. Жер бетінде ме, әлде атмосфераның жоғарғы қабаттарында ма?
А) Атмосфераның төменгі қабаттарында В) Атмосфераның орта қабаттарында
С) Атмосфераның жоғарғы қабаттарында Д) Анық жауап беруге болмайды
Е) Дұрыс жауап жоқ
11. Төменде келтірілген заттардың қайсыларын ядролық реакторларда көбінде нейтрондарды баяулатқыштар ретінде пайдаланылады:
1 – уран, 2 – графит, 3 – кадмий, 4 – ауыр су, 5 – бор, 6 – плутоний.
А) 3 және 5 В) 2 және 3 С) 2 және 6 Д) 3 және 4 Е) 2 және 4
12. Төменде келтірілген заттардың қайсыларын ядролық отын ретінде пайдаланылады:
1 – уран, 2 – графит, 3 – кадмий, 4 – ауыр су, 5 – бор, 6 – плутоний.
А) 3 және 5 В) 2 және 3 С) 1 және 6 Д) 3 және 4 Е) 2 және 4
13. Төменде келтірілген заттардың қайсыларын ядролық реакторларда көбінде жылу тасымалдаушылар ретінде пайдаланылады:
1 – уран, 2 – графит, 3 – кадмий, 4 – кәдімгі су, 5 – сұйық натрий, 6 – плутоний.
А) 3 және 5 В) 4 және 5 С) 2 және 6 Д) 3 және 4 Е) 2 және 4
Тест жұмыс жауаптары












Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет