Қостанай уезінің Обаған болысындағы екі сыныпты орыс мектебіне оқуға түсті
1923 жылы
Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне (рабфакқа) оқуға түсті, орыс және әлем әдебиетінің саңлақтарын, ұлттық сөз өнерінің үлгілерін құмарта оқиды.
1926 жылы
Жұмысшы факультетін бітіріп, бір жыл Омбы қаласындағы ауылшаруашылық академиясында оқиды.
1928 жылы
Мүсіреповке тән шеберлікпен жазылған алғашқы әңгіме – “Қос шалқар”
1928 – 38 жылдары
Баспасөз, әр түрлі орындарда жауапты қызметтер атқарады.
1932 жылы
Ел басына күн туып, етігімен су кешіп елінің жартысын жайратып салған осы жылдың қилы заманда бес азаматтың атынан қылышынан қан тамған жоғары орынға жанын шүберекке түйіп жүріп ашық хат жазған ақберен адам болатын.
1939 жылы
“Қозы Көрпеш – Баян сұлу” трагедиясы ең құнарлы, жемісті дәуірін – үшінші кезеңін бастайды.
1945 жылы
Екінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқанда жазылып, соғыс бітетін жылы “Қазақ батыры” деген атпен жарыққашыққан бұл роман ұлттық әдебиет тарихында айтарлықтай орын алады.