Ақсұр қандыағаш (A. incana) – жиі түптеніп өсетін, биіктігі 25-20 м
ағаш. Ресей Федерациясының еуропалық ормандық бөлігінде, Батыс Сібірде,
Қазақстанда, кейде тундра ормандарында, орманды далада тараған.
Көгалдандыруда тамыр атпаларымен көбейе алатын, қала жағдайына
төзімді жапырағы қауырсынды-тілімді сұр қандыағаштан дамыған (алынған,
шығарылған, сұрапталған) тілімді сұр қандыағаш. (А. incana «Zaciniata»
өзіндік мәнге ие болады.
Бұтақты қандыағаштық ( Duschеkia frutucosa) биіктігі 6 м жететін
бұтақ.
Қарағаштар (Ulmaceae) тұқымдасы Солтүстік Жарты шардың
қоңыржай белдеуінің тропиктік ормандарында тараған ағаштектес
өсімдіктердің 18 туысын және 200 жуық түрлерін біріктіреді. Қазақстанда
бұл тұқымдастың 2 туысы - шегіршін және таудаған өседі.
Достарыңызбен бөлісу: |