Қайыңдар (Betulaceae) екі туысы бар: қайың мен қандыағаш.
Қайың (Betula) туысында 50-ден артық түрі бар, соның көптеген
түрлері біздің елде кездеседі. Қайыңдар ең бастысы орман құраушы жағынан
бағалы.
Қайыңға жұқа жарғақ, тақташық немесе қауыз түрінде қыртыстанатын
ақ немесе сарғылттау тегіс кейде қызғылт, тіпті қара түсті тегіс қабық тән.
Жемістері-сырғаларына жиналған, екі қанатты тұқымша.
Қайыңдар тұқымнан көбеюге, түбірінен өркен жаюға және көген
сабақпен тамырлануға қабілетті келеді. Бұл туыстың ағаштары әдетте, тез
өсетіндер: 100-300 (400) жылға дейін тіршілік етеді. Бұта тәрізді
қайыңдардың ұзақ өміршендігі шамалы.
Қайыңның барлық түрлері жарық сүйгіштер, олардың ішінде қысқа және
аязға төзімділері басым келеді: топырақ құнарлылығына және
дымқылдығына орташа талап қояды.