Мақсаты: Жабық тұқымдылар жүйесі, қос және дара жарнақтылар бөлімін, оларға кіретін кластарды білу. Сұрақтар



бет5/16
Дата11.05.2022
өлшемі87 Kb.
#142558
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Дәріс 5 Дендрология

Талшын (Сastaneae) туысында Жерорта теңізінде, Шығыс Азияда және
Солтүстік Америкада өсетін жапырақ түсіретін, бір үйлі ірі ағаштар, сирек
бұталар бар. Барлығы 11-12 түр болса, соның ең кең тарағаны егістік немесе
асыл талшын. (С sativa)-биіктігі 35 м, діңінің диаметрі 2 м –ге дейін болатын
ағаш. Жапырақтары кезектескен, сағақты, ұзынша-қандауырлы, ұзындығы
10-25 см, негізгі жөлкеден анық байқалатын 15-25 жұп бүйірлік жөлкелер
тарамдалады.
Егістік талшын
1- жапырақтанған өркен гүл шоғырымен, 2-аталық гүл, 3- аналықгүл, 4- аналық гүлдердің гүл
серігінің орамының көлденең кескіні, 5- ішінде жеміс- талшыны бар жабық табақша, 6- жеміс.
Талшынның жемістері күзде піседі. Олар диаметрі 4-10 см, көн тәрізді
шарға ұқсас, сыртынан ұзындығы 25 мм біз тәрізді бұтақты қою тікендермен
қапталған табақшамен қоршалған. Жемістері піскеннен кейін табақша 2-4
жармаға жарылады да, көнді жеміс серігі бар 1-3 талшынды жарыққа
шығарады. 1000 данасының массасы 3-кг-нан 9 кг дейін аутқиды.
Жаңғақтың жемісі серігі қызыл қоңыр, жылтыр, жұқа ұзынша сызықты
(дөңес).
Жас шағында талшын өте баяу өседі, бірақ жасы келе өсуі
шапшаңдайды. Ағаш терең бойлайтын кіндік тамыры мен көптеген бүйірлік
тамырлары бар қуатты тамыр жүйесін қалыптастырады. Тұқыммен көбейеді,
еркін өскенде жеміс салуға 20-30 жыл, ал отырғыларда 40-50 жылдан кейін
кіріседі. Өнімді жылдары 1га талшын отырғысынан 5тоннаға дейін жаңғақ
жиналады. Талшын өте жоғары өркен жайғыштыққа және оны ғасырдан
артық сақтауға қабілетті.
Талшын Кавказ тауларында табиғи өседі және өте жақсы өсуі мен жеміс
байлағыштығы теңіз деңгейінен 300-800 м биіктікте байқалады. Бұл ылғалды
климаттың жарық сүйгіш және жылу сүйгіш (мезогигрофит) топырақ
құнарлығына талап қойғыш, (эутроф), әктің жақындығынан қашқақтайтын
(кальцефоб) ағаш.
Асыл талшынның шаруашылық маңызы әралуан. Оның сақиналы түтікті
ағаш сүрегі жоғары физикалық-механикалық қасиеттерімен және әдемі
құрылымымен (текстурасымен) ерекшеленеді, кеме, жиһаз және бөшке жасау
өндірісінде өте жоғары бағаланады. Ағаш сүрегінде, қабығында және
жапырақтарында тері илеуге жарамды танин мол болады, жемістерін тамақ
өнеркәсібінде кеңінен қолданады, оларды шикі күйінде де жеуге болады.
Жемісті ағаш ретінде талшынды 2000 жылдан артық өсіруде, ал Батыс
Еуропада бұл түрдің 500-ге жуық сұрпы белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет