Мақсаты: Жабық тұқымдылар жүйесі, қос және дара жарнақтылар бөлімін, оларға кіретін кластарды білу. Сұрақтар


Орман жаңғақтар тұқымдасы - Corylaceae –Семейство Лещиновые



бет14/16
Дата11.05.2022
өлшемі87 Kb.
#142558
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Дәріс 5 Дендрология

Орман жаңғақтар тұқымдасы - Corylaceae –Семейство Лещиновые
Бұл тұқымдасқа 3 туыс кіреді. Граб туысы (Carpinus) солтүстік қалыпты
аймақта өсетін 20 – ға жуық түрді қамтиды, оның ішінде 4 түр – ТМД – да
таралған. Орман жаңғағы туысына 20 – ға тарта түр кіреді. ТМД – да 8 түрі
өседі. Көбінесе олар ірі бұталар. Ең көп таралған және бағалы боп саналатын
түр – ол кәдімгі орман жаңғағы. Кавказда тәжірибелік маңызы бар түр –
ағаштанған орман жаңғағы немесе аю жаңғақ. Қиыр Шығыста өсетіндерден
түрлі жапырақты орман жаңғағын айтуға болады.
Туысы: Орман жаңғағы – Corylus (L.) – Лещина. Түрлерi:
1. Кәдiмгi орман жаңғағы – Corylus avellana (L.) – Лещина
обыкновенная. Жасыл желегi жұ-мыртқа тәрiздес және тегiс, ақшыл қабықты,
биiктiгi 2-5 м - ге жететiн бұта; өркендерi қоңыр-лау - сұр түстi; мамықты;
бүршiктерiнiң ұзындығы 3 мм-ге дейiн, түсi қызғылт - қоңыр. Жапы-рақтары
сопақша немесе дөңгеленген, аталық сырғалары цилиндр тә-рiздес, ілініп
тұрады, ұзындығы 5 см. Жемiс-терi 2-5 данадан топталған, жеке тұра-тыны
сирек; жаңғағы сопақша, қоңыр - сарғыш түсті. 1000 дана тұқымының
салмағы 1 кг-ға жуық. Наурыз - сәуiрде гүлдейдi де, тамыз – қыркүйекте
жемiс бередi. Мезофит өсiмдiк. Құмды, құнарсыз және батпақтанған
топыраққа төзбейдi. Түрлi ауруларға, зиянкестерге көп шалдықпайды.
Көлеңкеде өсетiн түр. Тұқымымен және тамыр атпасымен тез көбейедi.
Таралу аймағы: Ресейдiң Еуропалық бөлiгi, Белоруссия, Украина, Қырым,
Кавказ, Қазақстанда - Орал қаласының шығысында 40 шақырым жердегi
Орал өзенiнiң сол жағалауындағы, Амангелдi аулының маңайындағы
алқапты ормандарда таралған. Жаңғақтарында 65 % - ға дейiн майлар
болады, тамақ және кондитер өнеркәсiбiнде пайдаланылады. Сүрегi ұсақ
заттар жасауға және оқ - дәрi, қарындаш жасау үшiн қолданылатын ағаш
көмiрi дайындалады. Көгалдандыруға және қорғаныш орман алқаптарын
құруға, жыраларды, беткейлердi ормандандыру үшін маңызы зор.
Қазақстанның Қызыл Кiтабына енгiзiлген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет