Қара немесе жабысқақ қандыағаш (А.glutinosa) –биіктігі 30 метр және
диаметрі 1м асатын қуатты ағаш. Жас ағаштардың қабығы қызыл–қоңыр,
егделерінікі (қандыағаш 200-300 жыл тіршілік етеді) дерлік қара, саяз
сызатты. Жас өркендер үш қырлы, қызғылт-қоңыр, жабысқақ. Бүршіктері ірі,
тұқыл, кері жұмыртқа тәрізді, сағақта орналасады. Жапырақтарының
ұзындығы 4-9 см, ұзын сағақта, домалақша жұмыртқа сияқты, ойықты немесе
дөңгелектелінген ұшты және негізі жалпақ сыналы, шеттері бүтін немесе
иректі-тісті, күңгірт-жасыл, жылтыр реңді, жөлкелерінің бұрышында қоңыр
түкті.
Қандыағаш
а-қара қандыағаш: 1-тозаңдану кезіндегі аталық гүлдердің сырға гүлдері; 2-келесі жыл үшін
байланған, аталық және аналық сырғагүлдері бар жапырақты өркен; 3- бүрі бар өркен; 4-бүрлер; 5- сұр
қандыағаш: 1-келесі жыл үшін байланған аталық және аналық сырға гүлдері бар жапырақты өркен; 2-
жапырақ; 3- гүл шоғыры бар өркеннің бөлігі;
4- бүрлер.
Ашылған кезде жапырақтары жабысқақ, күзде жасыл немесе қарайған
күйінде түседі.
Қандыағаш өте тез өседі, 10-15 жылда есейеді, тұқыммен көбейеді,
түбірінен балапанданып та көбеюі жақсы.
Қандыағаштың таралу аймағы өте кең болғанымен, Ресей
Федерациясының еуропалық бөлігі (солтүстік аудандары мен қиыр
оңтүстіктен басқа), Қырым, Кавказ, Батыс Сібірдің және Солтүстік
Қазақстанда аздап кездеседі, Қызыл кітапқа енгізілген, еш жерде де
айтарлықтай орман құрмайды, құнарлы топырақ талғайды.
Орман құрастырғыш ретінде қара қандыағаш су реттегіш және топырақ
жақсартқыш маңызға ие. Оның ағашы шаруашылықта кеңінен қолданыс
тапқан, әсіресе гидротехникалық құрылыстарда аса бағалы саналады.
Қабығын илегіш ретінде, қандыағаш бүрі медицинада, жас өркендері- қой
мен ешкінің азығы ретінде пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |