Шегіршін (Ulmus) - туысы жапырақ түсіретін 40 - қа жуық көбінесе
бірінші шамадағы ағаштардан тұрады. Бұл туыс өзінің атауын ағаш сүрегінің
ерекше тұтқырлығына, серіппелілігіне және беріктігіне байланысты алған.
Шегіршіндерді дала және егін қорғау ормандарын өсіруге, жыра-сайларды,
баурайларды, құламаларды және бөгеттерді бекітуге жаратқан. Олар
қалалық жағдайда әжептәуір төзімді, көптеген әсемдік формалары мен
өсірімдері (культиварлары) бар, көгалдандыруда бағалы. Қазақстанда табиғи
жағдайда шегіршін өседі, соның төменде өз сипатын алған, олардың
таралу аймағы қосымшаларда келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |