Жұмыс барысы. 1. Бидайық, інжугүл, құртқашаш өсімдіктерінің кеппешөптерінен тамырсабақтың жапырақ қабыршағын, бүршіктерін қосалқы тамырларын табу, тамырмен салыстырып суретін салу.
Інжугүл
Бидайық
Құртқашаш
2. Картоп түйнегінің түбі мен жоғары жағының айырмашылықтарын қарап ажырату. Түйнектің көзшелері қай жағында көбірек орналасқандығына көңіл аудару.
3. Түйнекті көлденеңінен 2-ге бөліп, өркенге тән негізгі бөліктерін алдыңғы өткен сабақтың құрылысымен салыстыру.
Өскін
көзшелері
4. Пияздың сыртқы түріне көңіл аударып, сыртқы, ішкі қабыршақтарының ерекшеліктерін, тамыр жүйесін қарау.
5. Пиязшықты ортасынан (тігінен) қақ жарып, түбіртегін (қысқарған сабағы) бүршіктерін қол әйнегімен қарап ажыратып оқулықтың суретімен салыстыру, суретін салу, аттарын жазу.
түбіртек
Төбе,қолтық бүршіктері
Ішкі шырынды жапырақтары шашақ тамыр
Сыртқы кебу қабыршақтары