Тақырыбы: Бунақденелілермен және желмен тозаңданатын өсімдіктердің гүлдерін салыстыру.
Мақсаты: Құрал-жабдықтар: Бунақденелілермен және желмен тозаңданатын өсімдіктердің гүлдерінің түрлері.
Жұмыс барысы. 1.Жынысты көбеюге гүлдің қандай бөлімдері қатысады? Тозаңдану деген не, оның қандай түрлерін білесіңдер?
2. Бунақденелілермен тозаңданатын өсімдіктердің негізгі ерекшеліктері қандай?
3. Өсімдіктер жел арқылы айқас тозаңдануға қалай бейімделген?
4. Ұрықтану қай кезде жүреді? Ұрықтану жолын түсіндіріңдер. Суретін салу.
Жұмыс барысы. 1.Алдымен қынагүл (колеус), пеларгония (герань), бальзамин, т.б. өсімдігінен қалемше (бойында 3-4 жапырақтары бар жас өркен) дайындау.
2. Гүл құмырасын дайындау, ол үшін түбіне 3-5 см құм, бетіне қаратопырақ салу.
3. Гүл құмырасындағы топырақты ылғалдап жас өркенді (қалемшені) отырғызу. Топырақтың ылғалы құрғап кетпес үшін өркеннің үстіне шыны банка төңкеріп қоюға да болады, бірақ оны 2-3 күнде алып ауа жіберу керек. Шыны ыдыс төңкермей-ақ мұқият күтімге алса тез өседі.