Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №10
Тақырыбы: Жапырақтың сыртқы құрылысы. Жапырақтағы лептесіктерді табу.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: жапырақтар
Жұмыс барысы.
1.Жапырақ қандай қызмет атқарады? Жапырақтың сыртқы құрылысы қандай бөлімдерден тұрады? Әр бөлімі қандай қызмет атқарады?
2. Жүйкеленудің түрлері және атқаратын қызметі қандай, суретін салу. Жапырақтардың сабаққа орналасуының түрлерін талдаңдар.
3. Жай жапырақ пен күрделі жапырақтарды ажыратып, мысал келтіріп және суретін салу.
Қорытынды.
Зертханалық жұмыс №11
Тақырыбы: Жапырақтың ішкі құрылысы. Жапырақтың түрөзгерістері.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: кез келген бөлме өсімдігі, өткір ұстара, микроскоп, жабын әйнек пен зат әйнегі, сапты ине, қысқыш (пинцет), су.
Жұмыс барысы.
1.Кез келген бөлме өсімдігінің (традесканция, қазтамақ (герань), т.б. ) жапырағының астыңғы өңінен сылып препарат жасап микроскоппен қарау, жабын ұлпа – өң жасушаларымен (мөлдір) ондағы жанаспалы жасушалардың құрылысы, ерекшелігімен танысу, оқулықтың суретімен салыстыру.
2. Жапырақ тақтасынан өте жұқа көлденең кесіндіден (дайын микропрепараты болса тіпті жақсы) препарат жасап микроскоппен қарау. Өңнің астындағы жұмсақ бөліміндегі бағаналы, борпылдақ жасушаларды көру, хлорофилл дәндерін қарау.
Жапырақтың микроскоптық құрылысы
Үстіңгі өң Жасыл бағаналы Борпылдақ жасушалар
ж асушалар
Сүзгілі түтіктер
Астыңғы өң
Талшық шоқтар (жүйкелер)
Жасанаспалы жасушалар
3. Осы препараттан жасушааралық кеңістік пен жүйкелерін (шоқтар) көру.
Т ыныс саңылауы
жасушааралық қуыс
4. Тікенге айналған жапырақты сояудан қалай ажыратуға болады, өсімдік үшін қандай маңызы бар?
5. Мұртшаға айналған жапырақтар қандай өсімдіктерде кездеседі, маңызын түсіндіріңдер.
6. Өсімдіктер неліктен бунақденелілермен қоректенеді, жапырақтары қалай өзгерген?
7. Қабыршаққа айналған жапырақтар қандай рөл атқарады?
8. Шырынды жапырақты өсімдіктерді атаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |