Машанова Алмагуль Сериковна 1997 жылдан бастап осы мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеп, 2000 жылдан бастап тарих мамандығына байланысты тарих пәнінен сабақ



бет7/8
Дата26.05.2022
өлшемі169,23 Kb.
#145159
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
0006aaf4-ab80072c

Жаңа формация мұғалімі
«Жаңа формация мұғалімі кәсіби дағды мен
педагогикалық дарыны қалыптасқан жаңалыққа
құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен
жұмыс істейтін жеке тұлға».
(ҚР жаңа педагогикалық білім беру тұжырымдамасынан)

ХХІ ғасыр ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Жеке тұлға, яғни, дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы.


Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту тәрбиелеудегі ең озық тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» - деген елбасы Н.Назарбаевтың сөзі бекер айтылған жоқ. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік қабілетін ашу және оларды шығармашылыққа баулу туындайды.
Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы - білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәскеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық.
Менің педагогикалық кредом: «Оқушылардың өз бетімен білім алуына, алған білімін кез келген жерде тиімді қолдана алуына жағдай жасау». Мен әрбір оқушына жеке тұлға ретінде қарап, оны не қызықтыратыны, ол оқушының неге бейімді екенін анықтауға тырысамын. Оқушының өз бетімен білімді меңгеруі үшін «Нені оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтар мені мазалайды.
Сондықтан өз сабақтарымда оқушыларды деңгейлік курстан алған білімімді пайдалана отырып, әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді (шаттық шеңбері, топқа бөлу, топпен, жұппен жұмыс, «Ыстық орындық», «ДЖИГСО», «Ақылдың алты шляпасы», постермен жұмыс, «Инсерт», рефлексия) пайдалануға тырысамын. Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға бейімдей отырып, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, диалогтік оқыту, АКТ-ны пайдалану, оқыту үшін және оқуды бағалау сияқты модульдерді әрбір сабақтарыма кіріктіре отырып, қызықты өткізуге ұмтыламын.
Менің алдыма қойған басты міндетім – әдебиет сабағында сын тұрғысынан ойлау жобасын басшылыққа ала отыра, оқушылардың тілін дамытып, сыни тұрғыдан ойлауға жағдай жасау.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:
- сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
- оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
- әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
- үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
- кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға
айналдырмау;
- оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті
болуын талап ету;
- сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Мен өз сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлаудың осындай түрлерін қамтыдым. Бұл модульде сыни тұрғыдан ойлауға мұғалімнің қойған бастапқы сұрақтар ғана емес, оқушылардың жауаптарымен мұқият танысқаннан кейін туындайтын сұрақтардың маңызы зор екенін аңғардым. Оқушыға бағыт-бағдар беруде де мұғалім сұрақтары мен оларға берілген жауаптары, сонымен қатар оқушылардың да сұрақтары маңызды. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін қолдану барысында сөйлемейтін оқушылардың өз ой-пікірін жеткізу үшін маңызы зор болады. Олардың ойлау қабілеті дамиды, көп ізденіс шығармашылықпен жұмыс істеуіне тақырыпты жан-жақты ашуына мүмкіндік тудырады. Осы бағдарламамен оқу кезінде тек оқушы емес оқытушының да өзінің педагогикалық ойлау әрекетіне деген ой әсерлі мотивацияны қалыптастырады. Алда тұрған жұмыстар, міндеттер көп. Соның кейбір жолдарын, түрлерін, әдістерін әр қарай жетілдіріп жасау біздің қолымызда.
«Нағыз ұстаз өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті, сырт пішіні, киген киімімен де шәкіртіне жақсы мағынада қатты әсер етеді», - деген М.Ғабдуллиннің сөзінен көп нәрсе аңғаруға болады. Қазіргі заман мұғалімінің мәртебесі өздігінен келетін нәрсе емес, ол – көп еңбектенуден туындайтын күрделі мәселе. Егер мұғалім білімді де білікті болса, ол мәртебелі де болады. Оның мәртебелі болуына тек білім мен біліктілік қана емес, мінезі мен өз ортасындағы қадір-қасиеті де себепші болмақ. Ұстаздың сыншысы – алдындағы балалар. Көп ізденген, көп еңбектенген адамды олар біліп отырады. Сондықтан әр іске жауапкершілікпен қарау керек. Мұғалімнің алдында «Осы мен парызым мен қарызымды дұрыс атқарып жүрмін бе?» деген сұрақ тұруы заңды. Бұл ұлы сұрақ әрбір сабаққа кірер алдындағы мұғалімнің ойында тұру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет