I Жоспар бойынша оқу бағдарламасының орындалуы.
Жоспар бойынша жоспарланған сабақтар түгелдей өткізілді:
Өтілмеген сағаттар жоқ.
Күнтізбелік және оқу бағдарламасы бойынша тест жұмыстары орындалды.
ІІ. Оқушылардың үлгерімі мен білім сапасы.
Қазақстан тарихы пәні бойынша білім сапасына салыстырмалы диаграммасы
Дүние жүзі тарихы пәні бойынша
білім сапасына салыстырмалы диаграмма
Пән бойынша тест жұмыстары белгіленген мерзімде, әр тоқсан сайын алынады. Сапасы мен үлгерімі көрсетіліп, мониторинг жүргізіп тұрамын.Оқушылардың жұмастарын салыстырмалы түрде бағалаймын. Кемшіліктерді жою үшін өздік және топтық жұмыстары жасалынады, соған көбірек көңіл бөлемін.
Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері көбеюде. Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін қолданып келемін. Мектептегі сабақ беру кезіндегі оқыту жұмысыма өзгерістер енгізу арқылы, өзімнің және оқушыларымның бойынан өзгерістер байқадым. Сабағыма енгізген өгерісімнің бірі – психологиялық ахуалды реттеуге арналған тренингтер. Тренинг – оқушы назарын сабаққа аударып, қызығушылығын арттыруға тиімді тәсіл.
Топтық жұмысты бұрындары сабақтарымда сирек қолданатынмын. Ал қазір, топтық жұмысты кеңінен қолданып келемін. Оқушыларымның «бүгін топқа қалай бөлесіз», «топпен жұмыс жасайықшы» деген сауалдары мен өтініштерінен оларға топтық жұмыс ұнайтынын түсіндім. Топтық жұмыс оқушыларға бірін-бірі оқытуға, үйретуге себебін тигізді, өз жұмысына деген сенімін арттыра түсті.
Сыни тұрғыдан ойлау әдісін әр сабақта пайдаланып келемін. Сабақтарымда тарихи фактілерді білумен қатар, оқушының оған деген көзқарасын сұраймын. Оқушының өз бетінше ойын еркін жеткізуге, талдауға, салыстыруға дағдыландыру – білім сапасын көтеруге итермелейтін амалдың бір түрі.
Сонымен қоса, сабағыма енгізілген ерекшеліктің бір түрі – рефлексия кезеңі. Бұл әдістің тиімділігі – әр оқушы сабақтағы іс-әрекетіне талдау жасап, өзін-өзі реттеуге мүмкіндігі болады.
Осы мақсатта оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін өз сабағымда пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерден мысалдар келтіріп кетуді жөн көрдім. 5-6 сыныптарда ойын сабақтары, 8-11 сыныптарда сын тұрғысынан дамыту, ұжымдық оқыту, пікірталас, семинар, сынақ, жарыс, өзіндік жұмыс, мәнерлеп оқыту т.б. тәсілдерді қолданамын. Сурет-иллюстрациялар бойынша әңгіме құрастыру, тірек сигналдар, тірек-сызбалар, кластерлер, хронологиялық таблицалар құрастыру, тірек-конспектілер, Венн диаграммасы арқылы жұмыс істеу әдістері де қолданылады. Тағы бір ерекшелік, күнделікті сабақпен салыстырғанда қайталау сабақтарында оқушылардың өз беттерінше ойланып жұмыс істеуіне едәуір мүмкіндік туады. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды өз бетінше талдайды, салыстырады, қорытынды жасайды, баға береді.
Достарыңызбен бөлісу: |